4. Хромосомадан тыс тұқымқуалаушылық факторлары ДНҚ молекулалары болып табылады.Олардың бір-бірінен мынадай ерешеліктері бойынша ажыратамыз:
Молекулалық массасы
Автономды репликациялануға қабілеттілігі
Оларда кодталған генетикалық информацияның көлемі
Тұқымқуалаушылықтың хромосомадан тыс факторлары көптеген микроорганизмдердің, әсіресе бактериялардың құрамында болады. плазмидалар, транспозондар және IS – тіркесімдер (ағылшын тілінде insertion –вставки, seguence – тіркесімдер) түрінде болады, олар ДНҚ молекуласынан құралған. Оларды молекулярлық массасы онда кодталған ақпарат көлемді, автономды репликациялану қабілеттілігі және т.б. белгілері бойынша бір – бірінен ажыратуға болады.Плазмидалар, транспозондар және Is- тіркеімдер пластикалық және энергетикалық метаболизмге қатысатын ферменттер синтезі бойынша ақпарат тасымалдамайтын болғандықтан бактерия жасушасының тіршілігіне қажетті генетикалық элемент болып табылмайды. Олар бактерияға селективті артықшылық қасиет қызмет атқарады, мысалы антибиотикке төзімділік қасиетін береді. Плазмидалар хромосомамен байлансыпаған (автономды) немесе оның құрамына тіркескен (интеграцияланған) жағдайда болады. Автономды жағдайда олар өзінше репликацияланады. Транспозондар мен Is – тіркесімдер өзінше ретликациялануға қабілетсіз, әрқашанда хромосомамен байланысқан жағдайда болады. Т Қорытындылай келе, бактериялар мен вирустардың генетикасына сүйеніп,олардың неге белгілі бір аурулардың қоздырғышы екенін біле аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Медициналық микробиология, вирусология және иммунология: оқулық. 2 томдық. 1 том / қазақ тіліне ауд. Қ. Құдайбергенұлы; ред. В. В. Зверев. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2016. - 416бет с. 2. Медициналық микробиология. Б.А.Рамазанованың және Қ.Құдайбергенұлының редакциялауымен шығарылған.Алматы 2013. 31-63 бет.с. 3. Жеке микробиология. 1 бөлім. Медициналық бактериология : оқу құралы / Ғ. Т. Алимжанова [ж/б.]. - Алматы: Эверо, 2016. - 380 бет. с. 4. Медициналық микробиология, вирусология және иммунология: оқулық. 2 томдық. 1 том / қазақ тіліне ауд. Қ. Құдайбергенұлы; ред. В. В. Зверев. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2016. – 356 бет с