Реферат тақырыбы: Волейбол ұжымдық рухты тәрбиелеу құралы ретінде. Орындады: Тельман Жанель


I.Кіріспе. Волейбол ойынының шығуы және даму тарихы



бет2/5
Дата27.04.2022
өлшемі0,51 Mb.
#32546
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
дш 11 неделя 2 семестр d034b6f3ec6aa03243eb3ba96c328e2a-2 (копия)

I.Кіріспе. Волейбол ойынының шығуы және даму тарихы.

Волейбол ойынының кіндік кескен ортасы – Американың Гелиоке қаласы. Бұл 1895 жылы болған оқиға еді. Колледж оқытушысы Вильям Морган сабақ кезінде теннис орнын екі сырыққа бойлап жоғары көтеріп қойып, оқушыларға допты екі жаққа допты алма-кезек лақтырып ойнауды көрсетіп, оны оқушылардың да қайталауын талап етеді.



Волейбол — деген сөздің мағынасы “ұшатын доп”.

1896 жылы волейбол ойыны көпшілік назарына ұсынылды, ал 1897 жылы бұл ойынның ережесі жасалынды. Волейбол ойынының Европа мемлекетіне таралуы ХХ ғасырдан басталған. 1967 жылы Чехословакияда тұңғыш рет алғашқы жарыс ұйымдастырылды да, Франция, Румыния, Ауғанстан, Индия, Қытай, Корея, Жапония және Россияда волейбол ойынын қалаушылардың арнайы клубтары ашылды. 1947 жылы халықаралық волейбол федерациясы (ФИВБ) ұйымдастырылды. Европа мемлекеттерінің алғашқы біріншілігі 1948 жылы дүние жүзінің біріншілігі 1949 жылы өткізілді. Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны – бар ұлт үшін ортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген ғой. Волейбол – біздің халқымыз арасында ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын.

Волейбол ойынына тән ерекшелік – оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз.жеке тұлғаның жан — жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады, солардың ішінде спорт ұжымдары шешуші орындардың біріне жатады. Себебі дене тәрбиесі – мәдениет пен спорт, денсаулық кепілі, олай болса ұжымдық іс-әрекетті тез шешуге көмектесетін спорт ойындары, оның ішінде волейбол ойыны және ол ойынға қатысушылар еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету, қоғам дамуының жаңа деңгейін жоғары дәрежеге көтереді. Осы жағдайда барлық жастағы қоғам мүшелері үшін ортақ спорт ойыны волейбол адамның өмірін, оқуын, спорттық жетістіктерін, жасампаздығын, күш қуат мәдениетін ұйымдас-тырудың ең тиімді құралы.

1964 жылы Токио олимпиадасынан бастап волейбол ойыны олимпиадалық спорт түрі ретінде танылды. Ал дүние жүзінің кубогы үшін күрес 1965 жылдан бастап өткізіліп келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет