Реферат Тақырыбы: XIX ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы Тексерген: Хамытхожаева Динара



бет2/4
Дата24.11.2023
өлшемі22,19 Kb.
#125627
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат Тақырыбы XIX ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этно-emirsaba.org

Негізі бөлім
Соңғы жылдары туудың азаюы,өлім көрсеткішінің жоғары болуы және көші-қондық процестердің өсуіне байланысты елімізде халықтардың табиғи жолмен өсуі күрт төмендеп, ауыр демографиялық ахуал қалыптасып отыр. Қазақстан халқы тек ішкі факторлар ғана емес, сонымен қатар сыртқы күштер әсерінен де дамыды. Ол этнодемографиялық және әлеуметтік жағдайларды түбірімен өзгерістерді толық білу үшін оның жекелеген аймақтарын қарастыруымыз керек .
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Қазақстан халқының әлеуметтік демографиясына қатысты ірі зерттеулер қатарына Н.В.Алексенконың «Население до революционного Казахстана размещение, состав 1870-1917г.г.» атты монографиясы жатады. Онда Қазақстанның Ресей құрамасына енгенннен кейінгі тарихындағы ерекше кезең қарастырылды, автордың пікірі бойынша бұл халықтардың келешектегі дамуына жол ашып берген кез болды.
XIX ғасырдың 50-60 жылдары Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстанның сонымен қатар Орта Азияның патшалық Ресейдің отарына айналу процесі аяқталды. Алып империяның жаңадан қосылған бұл өңірлерін патша үкіметі тез қарқынмен метрополияның арзан шикі зат көзі мен өз тауарларын қымбат бағамен өткізетін рыногына айналдырды. Қазақстан мен Орта Азияның бүкіл Ресейдің отарына айналуы еді .
Түркістан генерал губернаторының құрамындағы Сырдария облысының 1887 жылғы 1 қаңтарда құрылды. Әкімшілік территориялық тұрғыдан Ташакент, Чернияев, Әулиеата, Перовск және Қазалы уездерінен тұратын облыстың жер көлемі 459 мың км тең ұлан-ғайыр территорияны алып жатыр. Бұл жердің басым көпшілік бөлігі бағзы замандардағы қазақтардың атақонысының құрамына енді. Облыс тұрғындарының құрамы көп ұлтты болғанымен қазақтар басым көпшілігін құрады.
Осыған қарамастан Сырдария облысының 1918 жылғы мамырдағы 1924 жылға дейін алғашында Түркістан генерал-губернаторының кейін Түркістан өлкесінің құрамында болып келіп, тек қана 1924 жылы Орта Азияны ұлттық территорияны межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-іне қосылды. Ресейдің отарына айналысымен әсіресе ХІХ-ХХ ғасырдың тоғысында Түркістанға капиталистік қатынастардың енуімен бірге отарлық езгі күшейе түсті. Патша үкіметінің жаңадан қосылған өңірдің отарлық сипатын түпкілікті анықтауды орнықтыруды ойластырды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін патша үкіметі Қазақстан мен Түркістан өлкесінде оның ішінде Сырдария өлкесінде бар жүйелі түрде ХІХ ғасырдың 60 жылдары көп салалы реформаларды әкімшілік территориялық сот және діни реформаларды жүзеге асырды. Олардың нәтижесінде Қазақстан мен Түркістан өлкесін мекендеген халықтардың этникалық территориясы бөлшектенді. Сот жүйесі жалпы республикалық сот жүйесіне сәйкес қайта құрылды, жергілікті халықтардың жергілікті мемлекеттік меншік деп жариялады .
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік демографиялық жағдайдағы болып отырған өзгерістер ол дүние жүзінің барлық халықтарының дамуына сай келетін индустрияландыруға тікелей байланысты. Оған жататындар туудың азаюы, өлім санының артуы, халықтық жастағы кәрілік. XXI ғасырда өмір сүріп отырған халықтардың негізгі мақсатының, міндеттерінің өзі халықтың жеке басы мен және оны тез арада жүзеге асыру болып табылады.
Қазіргі кездегі уақыт ұттырмай шешімін күтетін мәселелер қатарына жататын ол жұқпалы аурулардан адам өлімінің көбеюін тоқтату, ана мен баланың жалпы отбасының құқығын сақтау, бала туатын жастағы әйелдердің денсаулығын жақсарту болып отыр.
Сырдария өңіріндегі әлеуметтік демографиялық даму тарихына тоқтала отырып мынадай қорытындылар мен тұжырымдар жасауға болады.
Ресей империясының аймағындағы отаршылық саясаты мен оның зардаптары елдегі территорияның экономикалық жағынан қайта құрулар мен аймақтағы жүргізілген экономикалық реформалар, аймағындағы саяси басқару жүйесі түрлерімен жергілікті халықты отарлыққа ұстауға негізделе отырып жүргізілді. Аймақтағы шешімін таппаған жер мәселесіндегі шиеленіс жергілікті халықтары ұлт-азаттық көтеріліс жасауға өздерінің тәуелсіздік үшін күрес жолына әкелді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет