Қорытынды Ғаламдық жылыну проблемасын шешу жолдарын «ғаламдық» және «жергілікті» шараларға бөлуге болады. Әрине, дүниежүзіндегі барлық өркениетті елдер қабылдауға қабілетті «ғаламдық шаралар» шұғыл нәтиже беруі тиіс. Бірақ әзірге елдер арасында экологиялық мәселелер емес, экономикалық, әскери және саяси өзара әрекеттестік мәселелері талқылануда. Әйтсе де экологиялық мәселелерге мүлде мән берілмей жатыр деп айтуға болмайды.
Әрекетті жалпы дүниежүзілік экологиялық шараларға әлемнің көптеген елдері қол қойған Киото хаттамасын (Киото қаласы – Жапонияның ертедегі астанасы) қабылдау жатады. Бұл «Климат бойынша дүниежүзілік келісім» хаттамасы 2005 жылдан бастап күшіне енді. Оған қол қойған елдер атмосфераға көмірқышқыл газын шығаруды өз еркімен шектейді, ол Жер атмосферасының жылыну қаупін азайтады. Көмірқышқыл газының жылыжай эффектісін жасайтыны белгілі. Бірақ АҚШ жақында «Климат бойынша дүниежүзілік келісімнен» шықты. АҚШ экономикасы дүниежүзінде дамыған ең ірі елдердің бірі бола отырып, атмосфераға көмірқышқыл газын шығаратын «көшбасшы мемлекеттердің» бірі болып табылады.
Осыған қарамастан әрбір азамат ғаламдық жылынуды тоқтатуға қолынан келгенінше өз үлесін қоса алады. Бірінші кезекте, кез келген жасыл өсімдікті қатты қажет болмаса жоюға болмайды. Әрбір жапырақ, әрбір тірі жасыл өсімдік жасушасы көмірқышқыл газын «сіңіруші» болып табылатыны естеріңде болсын. Жапырақ беті өзіне қонатын шаңды және басқа қатты бөлшектерді жинайды. Жүрген жерлеріңде, үйде, сыныпта болсын, аулада, үй жанындағы жерде де өсімдікті күтуге, көбейтуге тырысыңдар. Қажет болмаса еш нәрсені жағуға тырыспаңдар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1)Қазақ энциклопедиясы
Synthesis Report of the Sixth Assessment Report — сәуір 2022
[1]
↑ "Ғылым" балалар энциклопедиясы
2)https://www.azattyq.org/a/copenhagen_denmark_un_conference_climate_change_global_warming_obama/1896406.html
3)https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BD%D1%83
4)https://www.ekoloji.com/kk/ekoloji/kuresel-isinma-nedir/
5)https://kozhan-tolganai-global-issues.weebly.com/projects/january-17th-2014