Реферат тақырып: Д. Бейсенбекұлының "Қылтұсау" романына талдау



Дата14.02.2023
өлшемі10,3 Kb.
#67844
түріРеферат
Байланысты:
Д.Бейсенбеков Қылтұсау


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырып: Д.Бейсенбекұлының “Қылтұсау” романына талдау
Пәні: Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм
Мамандық: 7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистрант: Құдайберген Гүләйім Даурбекқызы
Оқытушы: ф.ғ.к., Сатемирова Д.А
Алматы, 2022 ж
Дархан Бейсенбекұлының «Қыл­тұ­сау» романы 134 беттен тұратын шығарма. Жал-құйрығы кү­зел­ген роман жанры бүгінгі күні жастар­дың қаламынан сирек шығады. Әр кезеңдерде романдардың түрі мен формасы өзгеріп отырған. Соған сәйкес кө­лем­дері де әр түрлі еді. Дилогия, трилогия болып жазылып келген роман көлемі бүгінгі күні күрт қысқарған. Оған ең алдымен модернистік, постмодернистік ағымдар­дың әсері болса, екінші жағынан оқыр­ман талғамы мен талабы да ықпал еткендей.
«Қылтұсау» – жастар өмірінің лаби­рин­ті, жастық шақтың тұсалуы, жас өмір­дің қыл үстінде тұруы» деп жазы­лып­ты кітап аннотациясында. Шығарма формасы екі-үш көріністі кезек-кезек баяндау арқылы жүзеге асады. Амери­ка­дағы Бадди мен Фрэнктің, қазақ дала­сындағы Әмір, Ғабит сияқты жастардың өмірін қатар суреттеу арқылы жастық кезеңнің ауыртпалығын жазады. Жазушы Ғабит арқылы қоғамдағы бай-манап балаларының еркін өмір сүріп, ойына келген істі жүзеге асыру мен оңай ақша табудың жолына түскен әдеттерін әшке­ре­лейді. Әмір керісінше әділетті, ең­бекқор адамның рөлінде. Ата-анасы­нан ерте айырылған Әмір балалар үйін­де өскен. Інісі Батырды америкалық от­басы асырап алған. Ата-анасынан, бауырынан айырылған Әмірдің бар сенері – еңбегі. Оған Ғабит те адал дос емес. Ал Ғабит байдың баласы. Әкесі бар жағ­дай­ды жасағанмен, Ғабит өмірін өзі сүргісі келеді. Қарындасы Айару Франкфуртта оқиды. Америкадағы Бадди – Қазақс­тан­дағы Әмір – шетелде оқитын Айару – Әмірдің «досы» Ғабит байланысы шығармада шашаусыз берілген. Оқи­ға­лар­дың қиюы, реті жұмыр. Есірткімен айналысатын Джош, Фрэнк өмірі де се­німді жазылған. Америкада есірткіні пиццаға салып сататын наркобарондар, енді Қазақстандағы Шу алқабынан тауар тасымалдамақ. Ол үшін Баддиге қазақша үйреніп, Алматыға келу керек. Бадди қазақша үйрену үшін сонда оқып жүрген қазақ жастарын іздейді. Әрине, қыздарды. Онда ол алдымен Диана, содан кейін Айару деген қыздармен танысады. Баддидің өңі азиаттықтарға қатты ұқсағаннан кейін оны Фрэнк «азиат» деп атайды. Бадди бокспен шұғылданып жүргенде туыстарының үйіне қонаққа кеткен ата-анасы сондағы табиғат апатынан қайтыс болады. Екі айда есін жи­ған Бадди боксын тастап, күн көру қамына кіріседі. Фрэнк досына хабарласып, пицца сатуға жұмысқа тұрады. Тап­сырысты белгілі мекенге уақытында жеткізіп тұру керек. Аппақ-Фрэнк ақы­рын-ақырын Баддиге саудаларының сырын ашады. Ол кезде Қазақстандағы Ғабит те марихуана пайдаланып, есірт­кімен айналысатын Мараттардың ортасына түседі. Оқиға осылай ширай келіп, Ғабит пен Баддидің жолдары әуежайда түйіседі. Роман соңында Бадди Әмірдің сатылып кеткен бауыры – Батыр болып шығады. Ғабит– Баддидің Америкада тіл үйренген оқытушысы Айарудың ағасы. Бадди-Батырдың америкадағы досы Фрэнк те өзінің атамекені Кенияға кетеді. Шығарманың қысқаша фабуласы осындай. Бір жағынан жазушы «ер туған жеріне» деген идеяны ұстанғандай. Оның кейіпкерлері бұзық жолға түс­кен­дерімен, түбімен құрыған, рухы әлсіз жандар емес. Егер дұрыс насихат айтып, жақсы жолдастарға жолықса, тәп-тәуір адам қатарына қосылады. Бірақ келген ортасы қандай болса, адамның да солар­дан онша алысқа кетпейтіндігін жазушы анық көрсеткен.
Роман желісі америкалық сценарийлерге ұқсайды. Ондағы Ричард пен Мариянаның өлімі, Фрэнк пен Баддидің жолығуы, шығарма соңында кейіпкер­лер­дің туыс болып шығуы да схематизм­нің көрінісі сияқты. Әу бастан-ақ оқыр­ман Баддидің асыранды бала екені, Әмірдің ауруханада тәрбиешісінің әңгі­ме­сінен кейін Баддидің Батыр екендігі белгілі. Сафура мен Тамшының тағдыры да өмірде жиі кездесетін тағдырлар. Бұл шығарманы оқып отырған кезде өмірде жоқ, болмауы мүмкін жағдайды кездес­тіре алмайсыз. Өмірде болғандай етіп жазады. Жас жазушының қаламынан туған шағын роман – жастар өмірінің айнасы іспеттес. Романда оқиға желісі Америка мен Қазақ жеріндегі жастардың өмірлерінен бастау алып, олардың сезімдері, жастық шаққа тəн қиыншылық пен тəуекелге бас тігер тайғақ кешулері һəм тағдырлары бір-бірімен байланысып, бір ортада қабысады. Қылтұсау – жастар өмірінің лабиринті, жастық шақтың тұсалуы, жас ғұмырдың қыл үстінде тұруы. Кітап əдебиет сүйер қауымға арналған.
Роман классикалық үлгіде басталып, жартылай детективтік сипатқа ие болған. Бұл жазушының өзіндік ерекшелігі деп қарауымызға болады.
Романда оқиғалар әртүрлі сипатта өрілгенімен, жүйелілік бар. Әртүрлі оқиғаларды қиюластыру, оларды соңына дейін жеткізе білу оңай шаруа емес. Қаламгер шиеленісті оқиғаларды жақсы аша білген. Жалпы, қазір детективті көркем шығармаларға қоса білудің өзі кәсібилікті білдіреді. Әлемде көп оқылатын кез келген шығармада детектив, қызықты оқиғалар жүреді.
«Бұл роман – киноға сұранып тұрғандығымен тартымды. Бұрын әдебиеттен экранға айналдырсақ, қазір экраннан әдебиетке айналдыру үрдісі бар әлемде. Бұл романнан да соны байқауға болады», – деді ақын Ырысбек Дәбей.
Қазіргі әлем әдебиетінде экрандық сипат басым екені жасырын емес. Яғни, кез келген роман мен повест, әңгімелер экранға лайықталып жазылады. Аталған романнан да сол үрдісті байқауға болады. Өйткені, қазіргі қоғамның талабы да осыған әкеле жатыр. Сондай-ақ, Дархан Бейсенбековтың романы жалпы көпшілікке арналған, жеңіл оқылатын шығарма.
Романда басы артық суреттеулер мен кейіпкерге мінездеме беру жоқ. Кейіпкерлердің характеристикасы оқиғаның өрбу барысында, нақты іс-әрекеттер үстінде көрініп отырады. Оқиғалар барысы камера алдында кезектесіп өтіп жатқан көріністер тізбегі іспеттес. Бұл еңбек роман гөрі жақсы жазылған киносценарийге ұқсас.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет