Эпифиз иннервациясы Мойын ганглийінен бастаушы эпифиздің паренхимасына (пинеалоциттер өндірілуші) келуші симпатикалық нерв талшықтарына импулстары эпивиздегі сиротониннің мелотонинге өзгеруін күшейтеді.
Жастық ерекшеліктері Жас шамасы өзгеруіне қарай мысалы, адамда 5-6 жаста эпифиз жақсы қалыптасады, оның қызметі жас ұлғаюына қарай (ерлерде 60 жас, әйелдерде 60-65 жас) инвалюцияға ұшырайды, яғни: стромасы ұлғаяды, фосфатты және карбонатты тұздар көбейеді, олар қатпар-қатпар түйіршік түрінде болады ми құмы (топырақ) түйіршігі деп аталады.
Қалқанша бездің дамуы Адам эмбрионында 3-4-ші аптада түтікшелі кезеңде жабралы қалтаның 1-ші және 2-ші жұбы аралығында өңеш қабырғасының бөртуінен қалқанды без бастамасы құралады. Бұл бастама (бөртпе-бүршік) эпителиалдық тұтам күйінде өңеш ішегін бойлай өседі (ұлғаяды), жабралық қаттаның III-IV-жұбында эпителиалды тұтам ұлғайып қалқанды бездің оң және сол бөліктерінің қалыптасуына бастама болады. Алғашқы эпителиалды тұтам шығарушы түтікке сәйкес келуші құрылым жойылып (атрофиялану) қалқанды бездің екі бөлігін жалғастырушы жіпше ретінде, сондай-ақ тіл түбірінде шұқыр күйіндегі проксималды бөлім болып сақталып қалады.
Басқа сүт қоректілерде эпителиалды тұтамның дисталды ұшы да атрофиланады, сол үшін қалқанды бездің екі бөлігі тұтаспайды (жалғану байланысуы жоқ) бөлек-бөлек күйінде сақталады. Бөліктер бастамасы ұлғайып эпителиалды трабекуланың тармақталған сирек торын құрайды, олардың фолликулы дамиды, аралықтарына қан тамыры мен нервтері бар мезенхима орналасады (дамып өнеді). Сондай-ақ адам және сүт қоректілерде нейропастаттарданбастама алушы нейроэндрокринді нарафоллнулярлық хұжайралары болады.
Қалқанша без құрылысы Қалқанды без дәнекер тоқыма кансуласымен қоршалған, капсула тармақтары безді көптеген бөліктерге тілімдейді, олар қалқанды бездің құрылымдық функционалдық бірлігі – фолликулалар (аденомерлері) болып есептеледі, созылыңқы шар тәріздес көпіршікті құрылым. Бездің функционалдық активтілігі күшейген кезде көптеген тармақты қатпарлар құрайды, фолликула жұлдызды пішінге өзгереді, фолликула кеңістігінде коллоидты – секреторларды эпителиалды хұжайраларжинақталады, олар фолликула қабырғасын қаптайды.
Функционалдық қызметті орындауда өндірілетін коллоидтар – тироглобулиннанқұралған кілегейлі – қоймалжың сұйықтық зат. Фолликулаларды, құрамында: қан тамыры мен лимфакапиллялары бар дәнекер тоқымалар талшықтары бөліктерге тілімдейді, қан тамыры мен лимфа капиллялары және нерв талшықтары фолликуланы орайды. Бұл қабаттарда тироиды эпителиалды хұжайралар шоғыры жинақталған болады, сондай-ақ фолликулалар аралық дәнекер тоқымалы қабаттарда: лимфоциттер, плазматикалық хұжайралар және тоқымалы базофилдері болады.