Реферат тақырып: «Көз ұясы мен мұрын қуысы анатомиясы. Рентгенанатомия»



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі42,01 Kb.
#127155
түріРеферат
1   2
Байланысты:
РЕФЕРАТ (1)

Мұрын қуысы
Мұрын қуысы cavitas nasi, мұрын қуысы мұрын қалқасымен, хаондар choanae арқылы жұтқыншақтың мұрындық бөлігімен, ал танаулар арқылы сыртқы ортамен қатынасатын, салыстырмалы тепе-тең екі бөлікке бөлінген. Мұрын қалқасы, шеміршектік pars cartilaginea және жарғақтық pars membranacea тіндерден құралған қозғалмалы және қозғалыссыз сүйектік бөлімнен pars osseа түзілген. Мұрын қуысында үстінен мұрын қуысының табалдырығымен limen nasi шектелген мұрын кіреберісі vestibulum nasi бар. Мұрын жолдары мұрын қуысының ауқымды бөлігін алып жатыр және олар мұрын жанындағы қойнаулармен sinus paranasales қатынасады. Мұрын қуысында, аттас мұрын қалқандарының астында орналасқан жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдарын айырады. Жоғарғы мұрын қалқанының артында сынатәрізді қойнауға ашылатын сына-торлық ұңғылrecessus sphenoethmoidalis жатыр. Жоғарғы мұрын жолы торлы сүйектің артқы ұяшықтарымен қатынасады. Ортаңғы мұрын жолы торлы сүйек құйғышы infindibulum арқылы маңдай және жоғарғы жақсүйек қойнаулары, алдыңғы және ортаңғы торлы сүйек ұяшықтарымен қатынасады.
Мұрын қуысының: жоғарғы, төменгі, латералді және аралық қабырғалары ажыратылады.
Жоғарғы кабырғасы: сыртқы мұрынның латералді шеміршегінен, cartilago nasi lateralis, мұрын сүйегінен, os nasale, торлы сүйектің торлы табағынан, lamina cribrosa, және сынатәрізді сүйекденесінен, corpus ossis sphenoidalis, тұрады;
Төменгі қабырғасы: катты тандай, palatum durum, мен жұмсақ таңдайдан, palatum molle, тұрады;
Бүйір қабырғасы: сыртқы мұрынның латералді шеміршегінен, жоғарғы жақсүйектің мұрын бетінен, facies nasalis maxillae, тандай сүйектің перпендикулярлы табағының мұрын бетінен, lamina perpendicularis, торлы лабиринттің мұрын бетінен, facies nasalis labyrinthi ethmoidalis, көзжас сүйегінен, os lacrimale, және төменгі мұрын қалқанынан, concha nasalis inferior, тұрады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасындағы үш мұрын қалқанының аралығында: жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары және мұрын жанындағы қойнаулардың мұрын қуысымен жалғасатын тесіктері орналаскан.
1. Жоғарғы мұрын жолы, meatus nasi superior, жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқандарының аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолы сынатәрізді сүйектің қойнауымен, sinus sphenoidalis, және артқы торлы ұяшықпен, cellulae ethmoidalis posterior, байланысқан.


2. Ортанғы мұрын жолы, meatus nasi medius, ортаңғы және төменгі мұрын калқандарының аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолы маңдай койнауымен, sinus frontalis, жоғарғы жақсүйек қойнауымен, sinus maxillaris және алдыңғы, ортаңғы торлы ұяшықтармен, cellulae ethmoidales anterior et medius, байланысқан.
3. Төменгі мұрын жолы, meatus nasi inferior, ол төменгі мұрын қалқаны мен тандайдың аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолына мұрын-көзжас өзегі, canalis nasolacrimalis, ашылады, және күрек тіс өзегі, canalis incisivus, аркылы ауыз куысымен байланысады.
Мұрын қуысынын аралық қабырғасы: желбезек, vomer, пен мұрын қуысының аралық шеміршегінен, cartilago septi nasi, тұрады.


Қолданылған әдебиеттер
1.https://emirsaba.org/1-anatomiya-penijenemaizi-klinikadajene-medicina-praktikasinda.html?page=27
2.https://emirsaba.org/1-anatomiya-penijenemaizi-klinikadajene-medicina-praktikasinda.html?page=115



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет