Реферат тақырып: Логистика эволюциясы мен логистика ұғымының түсінігі Орындаған: Жунусов Расул Қабылдаған: Мусабаева. Б. К



бет2/3
Дата21.10.2022
өлшемі28,56 Kb.
#44737
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
расик

1. ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері
1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы
Практикалық логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г.Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде ''логистер'' немесе ''логистиктер'' деген мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VІ Леон (б.з. 865-912 ж. ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақтылы қарайластыру жатады деп есептелген.
Дарынды әскер басшылары қажет уақытта және керекті орыннан табылған қару-жарақтың, отынның, азық-түлік пен әскер жарағының жеңіске жетуде қаншалықты маңызды роль атқаратындығын әр уақытта түсінген. Адамзат тарихындағы бүкіл соғыстар әскерлерді жабдықтаудың ұйымдастырылуына байланысты жеңіліп немесе жеңіске ұшырап отырған
Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе американдық әскерлерде кеңінен қолданылды. Әскери өнеркәсіптің, тылдағы және фронттағы жабдықтау базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық әскерді қажетті мөлшерде қару-жарақпен, жанар-жағар май материалдарымен және азық-түлікпен уақтылы және жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Үлкен ағылшын-орыс сөздігі бүгінгі таңда да “logіstіes” сөзін әскери 1) тыл және жабдықтау; 2) материалды-техникалық қамтамасыз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударып жүр.
Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: “Логистика гректің “logіstіke” сөзінен алынған – есептеу, пайымдау өнері. Ежелгі гректерде есептеу және геометриялық өлшеу өнері, яғни теориялық математикаға қарсы қойылатын практикалық арифметика логистика деп аталады. Осы мағынада бұл термин Батыс Европада XVІІ ғасырға дейін қолданылған. Бірақ Лейбниц (неміс ағартушы-энциклопедисі, философы) логистиканы “calculus ratіocіnator” (ой қорытындыларын есептеу) үшін синоним ретінде қолданған. 1904 жылы Женевадағы Халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгілеу үшін ұсынылды”.
Әдебиеттерде оның басқа да қолданылуы кездеседі: Рассел және оның мектебі ұсынған логика кезеңі басқаша логицизм деп аталған (математиканы оны логикаға қиыстыру арқылы түсіндіруге тырысатын математиканың философиялық проб-лемалар саласындағы бағыты). Логистиканы логикамен, яғни абстрактілі ойлау сатысындағы әлемді танудың заңдары, формалары және тәсілдері туралы ғылыммен шатастыруға болмайды.
Логистика бойынша бірінші ғылыми еңбектерді шығарушы ретінде XІX ғасырдың басындағы француз әскери маманы Джоминиді атауға болады, ол логистикаға мынадай анықтама берген: “логистика - әскерлерді маневрлеудің практикалық өнері”. Ол логистикаға тек тасымалдау ғана емес, сондай-ақ жоспарлау, басқару және жабдықтау мәселелері, әскерлерді орналастыру жерлерін анықтау, сонымен қатар көпір, жол және т.б. салу мәселелері жатады деп пайымдаған. Логистика әскери ғылым ретінде тек XІX ғасырдың ортасында ғана қалыптасты. Логистика дамуының тағы бір бағыты – экономикалық, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-практикалық бағыты, яғни өндіріс және айналым сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағымдарын тиімді басқару түсіндіріледі.
Экономикада логистиканың кең қолданылуы 60-70–ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді. Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті. Логистиканың практикалық потенциалын алғашқы болып американдық мамандар Пол Конверс және Питер Дракер түсінді. Олар оның потенциалды мүмкіндіктерін “шығындарды үнемдеудің соңғы шегі” және “экономиканың танылмаған материгі” ретінде анықтады. Кейіннен олардың көзқарастарын көптеген теоретик-логистиктер бөлісті. М. Потер, Д. Стон және басқа да осылар сияқты американдық зерттеушілердің айтуынша, логистика өзінің дәстүрлі тар анықтамасының шекарасынан шықты және фирманың жоспарлауы мен стратегиялық басқаруында маңызды орын алады.
Логистика түсініктеріндегі белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, олардың екеуі де жалпы және айрықша белгілері: үйлесімділік, рационалдық және дәл есептеуді бөліп көрсетеді.

1.2. Логистиканы қолданудың тиімділігі


Қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Бизнес тұрғысынан қарағанда логистика деген корпоративті мақсатқа барлық ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да (ақпараттық, қаржы, қызмет) ағымдарын тиімді басқару. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізін-де бірікті. Бизнес практикасына логистикалық менеджмент әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпа-ратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір функция сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы – негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты – материалды ағымдарды толассыз басқару. Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функциялары-ның біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.
Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйе-лердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.

1.3. Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі


Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық қызметтерді жетілдіруге тиісті көзқарастар жүйесі болып табылады. Материалды ағымдарды басқару құрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, өндіріс, өткізу және тасымалдауды білдіреді. Экономикадағы материалды ағымдар көптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Егер қатысушылар бірлесіп, басқару объектісін-іштей материалды ағымдарды-рационализациялау мақсатында өз іс-әрекеттерін келісіп жасаса, онда олардың барлығы маңызды экономикалық ұтыс алады. Материалды ағымдарды рационализациялау тек бір кәсіпорын немесе оның бөлімшесінің шеңберінде ғана мүмкін болады. Бірақ максималды әсерді тек шикізаттың алғашқы көзінен соңғы тұтынушыға дейінгі жолда, жиынтық материалды ағымдарды оңтайландыра отырып немесе оның жеке маңызды учаскілерін оңтайландыра отырып алуға болады. Бірақ материал өткізуші тізбектердің барлық звенолары, яғни макрологистикалық және микрологистикалық жүйелердің барлық элементтері бірыңғай құрылған механизм ретінде жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселені шешу үшін техниканы таңдауға, материал жылжитын түрлі учаскілердегі өзара үйлескен технологиялық үрдістерді жобалауға, қарама-қайшы экономикалық мүдделердің үйлесу мәселелеріне және де материалды ағымдарды ұйымдастыруға байланысты басқа мәселелерге жүйелік тұрғыдан қарау қажет.
Материалды ағымдарды басқаруға жүйелік тұрғыдан қарау мәселелері толығынан төменде қарастырылады. Шикізат және жұмыс күші арзан елдердегі өндірістік бөлімшелерді дұрыс орналастыру, қойма шаруашылығының орналасуын және құрылымын оңтайландыру, шикізатты, бөлшектерді және дайын өнімді дұрыс тасымалдау әдістерінің, қосалқы бөлшектермен жабдықтауды және логистикалық сервисті ұйымдастыру есебінен корпорациялардың логистикалық шығындарын төмендету мәселелері қарастырылды.
Соңғы жылдары нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, логистика атты жаңа ғылыми практикалық ағым пайда болып, белсенді түрде даму үстінде. Бұның барлығы логистикалық бағыттың капиталистік елдер экономикасында дамып, елеулі нәтиже беруі арқасында. Логистика көптеген IBM, Proctor&Gamble, General Motors, Ford Motors, Johnson&Johnson атты корпорациялардың бизнес құралына айналды.

Бұл бөлімде логистикалық концепциялардың өндірістік үрдістің рентабельдігін көтеріп, оны оңтайландыру, сонымен қатар, өндірілетін тауарға немесе қызметке бәсекелестер тауарынан артық қасиеттер беру жағдайлары қарастырылады.


Батыс мамандар мен ғалымдар көптеген кәсіпорындарда тиімді, бәсекелестерден артықшылық беретін, әрі кеңінен қолданылатын көптеген логистикалық концепцияларды құрастырған болатын. Төменде келтірілген концепциялар отандық кәсіпорындарға одан әрі өнімді және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

2. Қазақстан Республикасында логистиканы қолдану және оның даму болашағы


2.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму мәселелері және болашағы
Еліміздегі логистиканың даму мәселелеріне тоқтала кетейік. Логистиканың тәжірибелі тәсілдерді және ғылыми көзқарасты талап етуі Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуінің бастауымен сай келді. Шетелдік тәжірибе және жоғарыда қарастырылған шетелдегі логистикалық концепциялардың эволюциясы көрсеткендей, нақты теориялық аппаратта және логистикалық менеджменттің тәжірибелік әдістеріне қажеттілік өндіруші күштердің, технологиялардың, саяси жағдайдың, белгілі тарихи уақытта қалыптасқан нарықтық қатынастардың ересектігіне байланысты болып келеді. Отандық бизнестегі логистикалық көзқарастың мүмкіндіктерін және қарқынын бүгінгі күнгі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдан және экономикалық реформалар қадамының болжамынан бөліп-жарып қарауға болмайды.
Жұмыстың мақсаты болып табылмайтын экономикалық талдауға берілмей-ақ Қазақстандағы логистикалық концепцияның даму жолындағы негізгі проблемаларды қарастырып өтейік:
Біріншіден, қоғамның барлық қабаттарындағы ауыр жалпыэкономикалық жағдай және әлеуметтік қиыншылық көптеген қазақстандық кәсіпкерлер, менеджерлер, инженерлі-техникалық жұмысшылар үшін таңсық логистикалық идеялардың отандық бизнесте өрлеуіне көмегін тигізбейді. Экономиканың стагфляциясы, монополизмің және мемлекеттік меншіктің маңызды салалардағы жоғары дәрежесі, қаржылық дағдарыс және төлемеушіліктері, өндіріс көлемдерінің және өмір сүру деңгейінің төмендеуі, созылмалы негативті экономика реструктуризациясы және инвестиция ашылуы – бұның барлығы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы логистиканы енгізу және дамытудағы толық теріс сипаттамасы емес.
Екіншіден, көп уақыт бойы отандық экономикада логистиканы қолдану саласы (қамтамасыздандыру және өнім өндіру) бағаланбаған, ал Батыста логистика негізгі (фундаменталды) орынды алады. Тарихқа қарасақ, елімізде қолдану саласы өндірістік саладан, соның ішінде, тауарды және қызметті өндіруді ұйымдастырудан біршама артта қалып қойған. Айналым сферасы тауардың өндірушіден тұтынушыға жай жетуімен, қанағаттандырылмаған сұраныс жоғары дәрежесімен, төмен сенімділігімен және тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі сапасының төменділігімен сипатталады. Айналым сферасы қашанда қалдықтық принциппен қаржыландырылады; басқару персоналының жетекшілері экономикадағы айналым саласының рөлін дұрыс бағалай білмеген.
Үшіншіден, бүгінгі таңда Қазақстан экономика инфрақұрылымы даму деңгейінің әлемдік орташа деңгейінен әлдеқайда қалып бара жатыр (ең алдымен өнімді қолдау саласында).
Жоғарыда көрсетілген факторлар мен негативті жағдайлардың Қазақстан экономикасына логистикалық концепцияларды енгізуді біршама дәрежеде тежейді, ал бұл жұмысты қысқа мерзім ішінде орындау мүмкін емес. Дегенмен, 1990-шы жылдардың басында, яғни нарықтық қатынастарға өтудің алғашқы қадамдары жасалып жатқан кезде, Қазақстанда экономиканың әртүрлі салаларында логистикалық идеяларды дамытуға арналған алғашқы нақты қадамдар жасалған болатын. Аталған қадамдарды екі үлкен топқа бөлуге болады: ғылыми-теориялық және өндірістік-техникалық (технологиялық).
Ғылыми-техникалық қадамдар жоғары оқу орындарындағы логистикаға тура немесе жанама қатысы бар пәндерін кең ауқымымен мамандарды дайындаумен байланысты. Шетелде отандық ғалымдарымыздың заманауи логистиканың теориялық базасын құрайтын жүйелік талдау, техникалық және экономикалық кибернетика, операцияларды зерттеу, қорларды басқару теориясы, қоғамдық қызмет көрсету теориясы, байланыс және өзге ғылымдар теориясы салаларындағы жұмыстары кеңінен танымал. Жетекші ғалымдарымыз бен мамандарымыз материалдық-техникалық қамтамасыздандыру және өндірудің түрлі аспектілерінде, өндірісті жылдам түрде басқаруда, материалдық ресурстарда қажеттілікті оңтайлы түрде жоспарлауда, өнімді қолдану саласында көліктің жақсы жұмыс істеуін ұйымдастыруда, қойма қожалығын ұйымдастыруда және т.б. ауқымды ғылыми және тәжірибелік өзіндік үлесін қосты.

Отандық экономист ғалымдарымыздың материалдық ағымдардың қозғалысы туралы ғылымының дамуына қосқан орасан зор үлестерін атап өтпеуге болмайды. Профессор Сухова Л.Ф. өзінің «Қазақстандағы материалдық-техникалық құралдарының қозғалысы» атты кітабында былай дейді:


«Жалпыға белгілі, қоғамдық өндірісте қоғамдық үрдісімен байланысты ауқымды шығындар өз орнын алып отыр. Бұл тауарларды өңдеуді аяқтау, қаптау, тасымалдау, сақтауды тоқтату, мұнда тоқтату дегеніміз – қолдану саласындағы өндіріс үрдісінің созылуынан пайда болған. Қолдану саласындағы тасымалдауға, сақтауға және тауарларды өңдеуге кеткен еңбек өндіруші еңбек болып табылады. Ол тауарға өнімнің шығындалған құралдарының бағасына аударады және тауардың бағасының үстіне жаңа баға қосады .
Сонымен қатар, қоғамдық өндіріс саласында тоқтатудың басқа -өтелмейтін, өндірілмейтін шығындар сияқты түрлері бар. Бұл - көбінесе технологиялық үрдістің жете дамымауынан, еңбектің әлсіз механизациясынан, өндіріс пәнінің төмендігінен пайда болатын өндіріс үрдісінде бейрационалды түрде жұмсалған тірі еңбекті жоғалту; қоғамдық еңбекті жоғалту – матриалдарды, жанармайды және басқа да материалдық құндылықтарды оларды дайындау, эксплуатациялау, сақтау, жеткізу, қолдану үрдісінде шамадан тыс шығындау».
Осылайша, автор бейрационалды тоқтатуды жоюға негізделген логистиканың негізгі концепциясын толығымен түсіндіріп берді. Содан кейін оның айтуынша: «...қамтамасыздандыруды ұйымдастыру сапасы тек тұтынушыларға арналған материалдық ресурстардың санымен ғана емес, сонымен қатар, қамтамасыздандыру жүйесінің өзінің үнемділігімен және оның кәсіпорындардың белгілі уақытқа белгіленген және талап етілген түрлерінде қажеттілігін қанағаттандыру қабілетімен бағалануы керек». Егер осы принципті басқаша түсіндіретін болсақ, онда логистиканың алдыңғы параграфта тоқталып өткен негізгі қағидасы пайда болады. Яғни өнімді қажетті мөлшерде, қажетті уақытта, қажетті жерге, қажетті түрлерінде жеткізу.
Қазіргі кездегі Қазақстанның экономиканың сәтті жағдайы, тұтыну нарығының өсуі, компаниялар жоғары қарқынмен даму үстінде. Бірақ толық бағалық логистикалық қызмет нарығының болмауы, жергілікті компаниялардың өсуіне, халықаралық корпорациялардың келуіне ірку фактор болып табылады.

Клиенттердің тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын компаниялардың нарықта болмауы өзекті мәселелердің бірі.


Қазақстан Республикасы Президенті Н.А Назарбаевтың тапсырысына жүгіне отырып, Қазақстанның үкіметі Қазақстан экономикасын кластерлерді дамыту бойынша диверсификациялаудың жаңа жобасы жүзеге асыра бастады.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі даму бағыттары- бұл «сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу» логистикалық жүйенің негізгі элементінің үйлесімін икемді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету механизімін құрастыру болып табылады. Осы заманғы экономикалық үрдістердің даму шарттарына байланысты –өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа нарық инфрақұрылым кәсіпорындары бір интегралды логистикалық тізбекке бірігуіне жағдай жасау керек.
Қазақстанның нарықтық қатынастарға өте бастауы елдегі логистиканың практикалық және ғылыми ыңғайды талап ете бастады. Экономикалық талдаудан бұрын, Қазақстанда логистикалық концепцияның даму үстіндегі жолда негізгі кедергілерді қарастырайық.
Біріншіден, көп уақытқа дейін отандық экономикада Батыста логистиканың негізгі орнын алатын айналым (тауарды жабдықтау және өткізу) сфераның ролін жете бағаламады. Біздің елде тарихи айналым сферасы өндіріс сферасыдан артта дамыды, әсіресе тауар мен қызметтер өткізуді ұйымдастыру. Айналым сферасы тауардың өндірушіден тұтынушыға ақырын өткізілген, сұраныс қанағаттанбаған, тұтынушыға төмен қызмет сапасымен, төмен сақтықпен ерекшеленеді. Айналым сферасы «қалдық принцип» бойынша қаржыландырылған. Басқарушы мамандар экономикада айналым сферасының ролін түсінбеуі жоғары деңгейде болды.
Екіншіден, Қазақстанның қазіргі кезде экономикалық инфрақұрылымының дамуы дүниежүзілік орта деңгейінен артта қалуда (тауар айналым сферасында). Бұл жердегі жағымсыз жақтар келесідей:
• тауар өткізуші құрылымның рационалды емес дамуы;
• қазіргі заманғы электрондық коммуникацияның, электрондық желілердің, байланыс және телекоммуникация жүйелерінің әлсіз даму деңгейі;
• төмен транспорттық инфрақұрылым, әсіресе автомобиль жолдарында.

Автомобильді, мультимодальды, кедендік терминалдар санының аздығы мен техника-технологияның төмен деңгейі;


• дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін барлық транспорт түрлерінде қазіргі заманғы транспорттық жабдықтардың болмауы. Транспорттың жоғары деңгейде физикалық және моральды тозу;
• өндірістік-техника базалық қойма шаруалардың төмен дамуы;
• тауарды өңдеу қазіргі заманғы техникалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі. Қоймалық жұмыстардың механизация және автоматтандырудың төмен даму деңгейі.
Көрсетілген фактілер мен жағымсыз жақтар Қазақстан экономикасына логистикалық концепцияның ендіруін тежеуде, мәселелерді тез арада шешу мүмкін еместігі. Сонымен жақын арада Қазақстанда логистиканың дамуы транспорттық кешенде және қоймалау жүйесінде қолдануға болады. Отандық транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар бірінші болып, өздерінде қазіргі заманғы тасымалдау және тауарды өңдеудің логистикалық технологияларды енгізді. Интермультимодальды және терминалды жүкті тасымалдау жүйесі дәл уақытта және есіктен-есікке тасымалдау технологиялары және т.с.с. Қазақстанның көптеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындары белсенді түрде өздерінің терминалды желіні, жүкті бөлшектеу және логистикалық орталықтарды, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету логистикалық қызмет көрсету жүйелерін құра бастады.
Осындай кәсіпорындардың бірі «High Tech Logistic» БК ЖШС, кәсіпорын осындай мәселелерді шешіп, Қазақстандағы логистикалық қоймалау нарығының бірден бір көшбасшысына айналды.
Компанияның басты мамандануы-бұл барлық бекітілген шарттар негізінде XXI ғасыр технологиялар талаптарына сай, халықаралық стандарттарға және индустриалды-логистикалық орталықтардың сапалы түрде құру және дамыту. Өзінің құрылу уақытынан бастап компания ірі мегаполис ішінде жүкті ағымдарды басқару бойынша тұтынушының мұқтаждығын қанағаттандыру стратегиясын таңдады. Қалалық магистральдардың транспорттық толуы қоймаларды қаланың сыртына шығару арқылы шешілді. Басында инвестициялар барлық қазіргі заманғы талаптар негізінде жұмсалды. Себебі, Қазақстанда коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыратын логистикалық объектілер болған емес.
1. Жеке меншік нысанында, бұл жоғарыда көрсетілген ұйымдардың құрылуы, бұл кездегі басты шарт-осы басқарушы ұйым біріккен кәсіпорындардың жұмысы тиімділігінің жоғарлауына қызығушылық білдіруі керек, яғни сол кәсіпорын үшін де тиімді болуы керек;
2. Мемлекеттік меншік нысанында, мұнда мемлекет өзінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында салықтарды төлейтін кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау үшін басқарушы орган ретінде бола алады, яғни мемлекеттің де осы саланы дамыту үшін қызығушылы болады.
3. Аралас меншік нысанында басқару ұйымын құру ең тиімді жол болып табылады, себебі жеке кәсіпкерде, мемлекет те өздерінің соңғы мақсаттарына жету үшін мәселелерді тиімді шешуге тырысады, мемлекеттік қолдау да болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет