Қарағанды Медицина Университеті
Морфология және физиология кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырып:«Тыныс алу жүйесінің жас ерекшелігіне байланысты гистологиясы»
Орындаған: Жақыпбеков Дамир 2-006 ОМ
Текскрген: Кушербаев Сұлтан Асанбайұлы
Қарағанды-2023
Жоспар
1.Тыныс алу жүйесінің құрылысы
2. Сыртқы тыныс алу ерекшеліктері
3.Ағзалардың морфологиялық ерекшеліктері
4. Тыныс алу жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тыныс алу жүйесі-деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газын денеден бөлінуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттын бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады.
Тыныс алу жүйесі: мұрын қуысы,мұрын-жұтқыншақ,көмекей,кеңірдек,өкпеден тыс орналасқан бронхтар және өкпенің өзінен тұрады.
Сыртқы тыныс алу - жұтылған ауадан оттегінің канға сінірілуі, сондай-ақ, ағзадан көмір
қышқыл газын шығару-тыныс алу жуйесінін негізгі кызметі.Тынысалу өкпе арқылы жүзеге асады.
Басқа да көптеген кызметтердің ішіндегі ең маңыздысына жататындары:жұтылған ауаны жылыту,
жане ылғалдау, ауаны шаң-тозаңмен микроорганизмдерден тазалау,
кан тамырлар жүйесіндегі қанды оттегімен жабдықтау. Зат алмасупроцесінд,су-туз жане липидті
алмасудары керекті бірқатар гормондарды синтездеп, бұлармен қоса иіс сезуге және иммундық қорғаныс қызметтерін атқарады.
Тыныс алу жүйесі- 2 бөлімнен тұрады:
1)Aуa өткізу жолдары:мұрын қуысы,мұрын-жұтқыншақ, көмей, кенірдек, бронх тармақтары;
2)Респираторлық бөлім: респираторлық бронхиолалар, альвеолярлы жолдар мен альвеолярлы қапшықтар;
Мұрын қуысы- 2 бөліктен тұрады:
кіреберіс және тыныс алу.
Мұрынның кіреберісінде-тыныс алу мен иіс сезу қызметін қамтитын бөліктерді ажыратады.Мұрын қуысының кіреберісі құрамында көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий болады.Мұның астындағы дәнекер тінінде май бездері мен түктің тубірлері орналасады.Түктер жұтқан ауаның құрамындағы шаң-тозаңды ұстап қалады.Мұрынның сүйек бөлігінің ішкі бетінде кілегейлі қабығы көп қатпарлы, бұл кілегейлі эпителийдін құрамында бірнеше жасушалары болады. Олар: кірпікшелі, және базальды мембранаға бекінген базальды және бокал тәрізді секреторлы эпителиоциттері бар.Бокал тәрізді жасушалар-кірпікшелі жасушалардың бетіне секрет бөлетін жасушалы бездер болып саналады.
Көмекей-тек тыныс алуға ғана емес сондай-ақ дыбыс шығаруғақатысатын, тыныс алу жуйесінің ауа жолындағы мүше.Кемекейдің қабырғасы 3 қабықпен қоршалған. Олар: шырышты, фиброзды-шеміршекті жане адвентициялды. Шырышты қабықтың эпителийі көп қатарлы кірпікшелі болады. меншікті пластинкасында ретсіз орналасқан, кұрамында көптеген иілгіш талшықтары болады.Кемекейдің ортаңғы бөлігінде жалған және шынайы дыбыс байламы деп аталатын перделерін кұрайтын шырышты қабықтың қатпарлары болады. Фиброзды-шеміршекті қабық- тығыз талшықты дәнекер тінімен қоршалған гиалинді және иілгіш-эластинді шеміршектерден тұрады. Бұлар кемекейде корғаныс және тіректік қанқа қызметтерін атқарады. Адвентициялды қабық-талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінен тұратын сыртқы қабыты. Бұл қабықта қатпарлар болмайды.
Кеңірдек-құрамында: шырышты, шырыш асты негізі, талшықты-бұлшықеті-шеміршекті және адвентициалды қабықтары бар шеміршекті қабықпен байланысады, сондықтан шырышты кірпікшелі, призмалы эпителиймен тысталған түтікті мүше.
1.Шырышты қабық-өте жұқа.эпителийі бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі, құрамында:кірпікшелі,бокал тәрізді, эндокринді жане базальды жасушалары бар. Ауамен келіп түсетін көптеген микроорганизмдерді залалсыздандыратын шырышты қабықтың құрамында призмалы жасушалардан бөлінетін иммуноглобулиндер болады.мұндағы эндокриноциттердің цитоплазмасында кептеген горманальды түйіршіктері болады, бұлар қанға біраз гормондар беледі. Олардың көбі липидті гормондар мен биогенді аминдерді: норадреналин, серотонин,дофаминдер, ал бұлар болса ауа жолдарындағы бұлшықеттердің жиырылуын реттейді.
2.Кеңірдектің шырыш асты негізі-борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіннен тұрады. Бұл негізде шырышты қабықтың бетіне ашылатын өзектері кең,аралас белокты-шырышты бездер орналасады.
3.Кеңірдектің талшыкты-бұлшықетті-шеміршекті қабаты кеңірдектің өңешке қараған қабырғасында тұйықталған,құрамында 16-20 гиалинді шеміршек шеңберінен тұратын кұрылым. Осындай кұрылысы арқасында кенірдектің артқы беті жұмсақ, икемді иіледі де, тағамды жұту кезінде өнешті қажамай, оңай өтеді.
4.Кеңірдектің сыртқы адвентициалды қабығы құрамында қалыптаспаған борпылдақ талшықты дәнекер тіні бар кұрылым.
Өкпе-ол көкірек куысының көп бөлігін алып жатқан және тыныс алу кезеңінде ұдайы өз пішінін өзгертіп отыратын мүше. Өкпенің беті серозды кабық- висцеральды өкпеқаппен капталган.
Өкпе-ауа жолдары, бронхтар мен өкпе көпіршіктер жүйесі немесе альвеолалардан тұрады.Альвеолалар өкпенің респираторлы бөлімі болып табылады. Өкпенін бронхтары-оң және сол жактаны бронхылар жуйелерінен турады. Бұл бронхылар өкпе ішінде ауа жолдарын түзіп, бірнеше тармақтарға бөлінеді.Диаметріне байланысты, ірі бронхылар, орташа және майда бронхтар болып жіктеледі. Ал, бұдан соң соңғы бөлігі-терминальды бронхиолаларға айналады.Бронхиолалар тыныс алу қызметін атқаратын респираторлық бөлім болып табылады.
Бронх - қабырғасы 4 қабықтан тұрады.Олар:шырышты,шырыш асты, фиброзды-шеміршекті және адвентициялы. Шырышты қабығының эпителиінін құрамында:кірпікшелі,бокал тарізді,эндокринді, базальды жасушаларымен қоса бронхтардың дистаьды бөліктернде секреторлы, жиекті және кірпікшесіз жасушалары болады.Кірпікшесіз жасушалар-бронхиолаларда кездеседі, пішіні призматарізді.Цитоплазмасында гликоген косындылары кездеседі.Шырышты қабықтың меншікті пластинкасында эластин талшықтары, көбінесе бронхтар кабырғасына серпімділік касиет береді.Фиброзды-шеміршек қабыты-бронхының диаметрі кішірейген сайын, шеміршек сақиналары біртіндеп пластинкаға, одан біртіндеп бронхиолаларда тіпті шеміршек жойылады.Сыртқы адвентициалды қабыты өкпеспаренхимасындағыдай бөлік аралык және бөлік ішіндегі дәнекер тінінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |