Реферат Тарих пәні бойынша Тақырыбы: Атқа міну мәдеиетінің генезисі



бет1/2
Дата18.02.2023
өлшемі21,87 Kb.
#69002
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
гохин реферат2


Реферат
Тарих пәні бойынша


Тақырыбы: Атқа міну мәдеиетінің генезисі

Орындаған: Шахмарданова.Г.Е


Тобы:ЭЭ-21-1K
Тексерген: Утешева.А.С

Алматы,2022


Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2. 1.Көшпенділерде мал шаруашылығының рөлі мен маңызы
2.2. Атқа міну мәдениеті
2.3. Археологиялық зерттеулер мәдениеті
3.Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе:
Мал шаруашылығы – көшпенді қазақ халқының негізгі кәсібі саналды. Сондай-ақ азық-түлік және ішіп-жеммен қамтамасыз ететін негізгі тіршілік көзіне айналды десек те болады.Төрт түлік малды жыл бойына өрісте, жайылымда бағу көшпелі мал шаруашылығының басты ерекшелігі болды. Бұл бір жағынан су қоры мен жем-шөптің аздығына байланысты қалыптасты. Сол себепті мал басын сақтау мен көбейту үшін қазақтар жыл мезгілдеріне қарай көшіп-қонуға мәжбүр еді.

Көшпенділерде мал шаруашылығының рөлі мен маңызы


Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі.
Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.
Археологиялық және этнографиялық материалдар Қазақстан жерінде ежелден бастап XX ғасырдың басына дейін мал шаруашылығының үш түрі қалыптасқанын көрсетеді. Көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстау, Батыс, Орталық Қазақстан аймағында басым болған. Бұл аймақтарда қыстаусыз көшпелілермен қатар қыстауы бар көшпелілер де болған. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы деректерге қарағанда, көшпелілік Маңғыстау, Темір уездеріндегі адайларда, Атбасар уезін жайлаған бағаналыларда, ІҚазалы, Ырғыз, Торғай, Қапал уездерін мекендеген кейбір руларда жақсы сақталған. Батыс, Орталық Қазақстанның кейбір жерлерінде тастан, балшықтан, ағаштан салынған қыстауы болмаса да, қыста ұзақ уақыт көшпей, бір жерді паналап отыратын көшпеліліктің түрі болған.
Қола дәуірінің ортаңғы, соңғы кездерінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар шаруашылығында қой түлігі сан жағынан басым болды. Сақ дәуірінде жерімізде осы күнгі құйрықты қазақы қой сияқты қой тұқымы тараған екен.
Ерте темір дәуірі заманында кәдімгі қойлармен қатар биязы жүнді қой, ешкі де өсірілген екен. Алтайдан, Жетісудан табылған ерте темір дәуіріне жататын киіздер осындай биязы жүннен басылған.

Ерте заманнан-ақ көшпелілерде қойдан кейінгі саны жағынан екінші түлік — жылқы. Жылқы мөлшермен б. З. Д. 2-мыңжылдықтан бастап мінуге, жүк артуға, жегуге үйретілген. Арпаөзен, Қойбағар, Берікбай, Хантаудағы тасқа салынған суреттерде жеңіл күймелерге, ауыр арбаларға жегілген аттар бейнеленген.

Сақ дәуірінде Қазақстан жерінде басы үлкен, аяғы қысқалау, тұрқы ұзын, түгі қалың жылқы тұқымы кең таралған. Бұл жылқылар тебіндеп жайылуға үйренген қазақтың қазіргі жабы жылқысы тұқымына жақын
Тасмола мәдениеті – Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. Белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда құдық қола дәуірінде қазыла бастаған. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы қонысынан қазылған құдықтар анықталған. Дәстүрлі қазақ қоғамында табиғи су көздері жоқ шөл және шөлейт өңірлерде құдық көптеп қазылды.
Атқа міну қолайлы болу үшін жылқыға ат – әбзелдерін ойлап табу өткен дәуірдің озық технологиясы болған. Ер – тұрмандарды ойлап табу жылқыны қолға үйрете бастағанмен тікелей байланысты болды. Ат үстінде қолайлы болу үшін ер- тұрман және аяқты орналастыру үшін үзеңкі ойлап тапқан. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді.Ежелгі дәуірде көшпенділер жан серігі ретінде санаған жылқы малын ерекше құрметтеп, қадірлеген. Көшпенділер аттарының кеудесін қорғауға арналған сауытты да алғаш рет мыстан, кейін алтыннан жасаған.
Ер-тұрман дегеніміз – салт атқа мінуге арналған әбзел-жабдықтар жиынтығы. Ерші – ер-тұрман жасайтын шебер, ұста.
Тоқым- ат-көліктің арқасына салынатын, арқасын аман сақтау үшін,салынатын киіз.
Үзеңгі – атқа мінуге, сол сияқты ердің үстінде екі аяқты тіреп, нық отыруға, тебінуге мүмкіндік беретін құрал. Ол, негізінен темірден жасалады.
Жүген – қайыс пен былғарыдан жасалып, жылқының басына кигізілетін айыл-тұрман түрі.
Атқа міну мәдениеті
Атқа мініп-түсу барысында аттың мінер жағы және қамшылар жағы деген оң-терісін ажырататын айырмасы болады. Атқа мінетін, яғни аттың оң жағын – «мінер жағы» дейді де, аттың келесі жағын, яғни аттың теріс жағын «қамшылар жағы» дейді. Кейбір мінезі шәргез жылқылар теріс жағынан мінгізбек түгілі, жақындатпайтыны да болады. Ал осы жылқының мінер жағы мен қамшылар жағының сырын кейбір деректерде былайша түсіндіреді: Бұл жағдай адамдардың көбісі оңқай болуына байланысты. Ертеде жігіттер қылышын оңай суырылу үшін сол жағына таққан. Осылайша сол жағында салақтаған қылышы бар ерлер атқа мінгенде сол аяғын үзеңгіге алдымен салу ыңғайлы келеді. Және де соғыс кезінде көп адам атқа біркелкі мінгенге де ыңғайлы болған. Бұлар қазіргі заманда қажеті шамалы болғанымен үйренісі бойынша сол аяғын алдымен үзеңгіге салады. Қазақ халқында жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланады. Баланың денесін шынықтыратын жаттығудың бір түрі – атқа міну. Аталарымыз да баланы жастайынан атқа мінуге дағдыландырып отырған. Бұл сол кездегі өмірдің ең негізгі қажеттілігі еді. Қаншама батырларымыз да ат үстінде отырып елімізді қорғаған. Атқа міну, бір жағынан, көңіл күйіңді көтеретін болса, екінші жағынан, денсаулыққа пайдалы. Жылқының өз биотогы болады, адам денсаулығына жақсы әсер етеді, қан қысымымен, жүйке жүйесімен ауыратын адамдарға көмегі көп. Атпен баяу серуендегенде, адам денесіне минутына 100 шайқау импульсі беріледі. Ол – массаж, ат үстінде отырған адамның барлық бұлшықеті жұмыс жасайды. Қазіргі таңда дәрігерлер көптеген жүйке ауруларына да қатысты ем ретінде атқа мінуді қолданып келеді. Сонымен қатар атқа міну баланың денесінің шымыр боп өсуіне, әрі бойына батырлық рухын сіңіруде де өзіндік орны бар. Мереке – қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі, айырылмас досы болған. Мысалы: қолбасшы Күлтегіннің Боз аты, Қара қыпшақ Қобыландының Тайбурылы, Алпамыс батырдың Байшұбары, Ер Тарғынның Тарланы.Ақансерінің Құлагері.
Археологиялық зерттеулер мәдениеті
Археологиялық мәдениет — бір уақытқа жататын, жергілікті өзгешеліктерімен ерекшеленетін және белгілі бір аймақта шоғырланған археол. Ескерткіштерді атау үшін пайдаланылатын ұғым. Археол. Ескерткіштер еңбек құралдарының, тұрмыстық заттардың, әшекейлер мен қарулардың, сондай-ақ жерлеу және басқа да құрылыстар мен әдет-ғұрпының ұқсастығына қарай біріктіріледі. Археол. Мәдениет аты ескерткіштердің көп шоғырланған жерінің немесе ең алғаш зерттелген жердің атымен аталады. Мыс., Ақмола облысының Атбасар ауданыда шоғырланған б. З. Б. 6-5 ғ. Тұрақтары аудан атымен Атбасар мәдениеті деп аталса, Торғай облысыдағы неолит дәуірінің Маханжар, Жүзбай, Сор, Бестамақ, Амангелді секілді тұрақтары алғаш зерттелген жердің атымен — Маханжы мәдениеті деп аталады. Археол. Мәдениеттер Қазақстан тарихында өте көп. Олардың ең ірілері Ботай, Андронов, Беғазы-Дәндібай, Тасмола, Келтеминар, Жетіасар, Қауыншы, Отырар, Қаратау мәдениеттері. Археол. Мәдениеттің қалыптасуын, таралуын және жойылуын зерттеу жазба деректер пайда болғанға дейінгі тайпалар мен халықтардың этник. Тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет