Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар Семей, 2013



Pdf көрінісі
бет2/55
Дата28.02.2023
өлшемі0,49 Mb.
#70432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
rekomendacii po napisaniju refleksivnykh otchetov

 


4
5
аВТОР жайлы
Хохотва Ольга Ивановна – 2012 жылдан Семей 
қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» 
филиалының тренері. Семей қаласындағы физика-мате-
матика бағытыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 
ағылшын тілі мұғалімі қызметін атқарды. Қазақстан Ре-
спубликасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін артты-
ру курстары, ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістемесі 
мен сын тұрғысынан ойлау курстарынан өткендігі ту-
ралы Кембридж Университеті мен Британ кеңесінің 
халықаралық үздік сертификаттарының иегері.
аВТОРДан
2012 жылдың 4 сәуір мен 23 маусым аралығында Астана қаласында үшінші 
(базалық) деңгейлі курстан өткен №2 топ тыңдаушыларынан мен көп нәрсе үйрендім.
Осы ұсыныстарды жазуға шабыттандырған курс тыңдаушыларына, әріптестер мен
мұғалімдерге рахмет айтқым келеді және берілген ұсыныстар алда өтетін курс 
тыңдаушыларына көмегін тигізеді деп ойлаймын.
Рефлексивті есептердің үзінділерін мысал ретінде қолдануға рұқсат берген 
әріптестеріме алғысымды білдіремін.
аЛҒыСӨз
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 
курстарының Бағдарламасы бойынша үшінші (базалық) деңгейлі курсының тренері 
және тәуелсіз тренері міндетін атқарғанда менің тыңдаушыларым болып еліміз- 
дің тұс-тұсындағы жалпы білім беретін мектептерден келген мұғалімдер болды. 
Олардың ішінде әр-түрлі пәннен сабақ беретін тәжірибелі мұғалімдермен қатар 
жас мамандар де кездесті. Менің тренингтеріме олар жаңа білім алу мен креативті 
ойларын мектептегі тәжірибеде жүзеге асыру мақсатында қатысты. Курс соңында, 
бізде, әріптестердің таныстырылымы мен рефлексивті есептері арқылы олардың 
практикалық жұмысының нәтижесімен танысу мүмкіндігі туды. 
Таныстырылымдарға қатысу барысында, мұғалімдер өздерінің мектептегі 
тәжірибесі туралы бар ынтамен, құлшыныспен және Бағдарламаның жеті модуль 
идеяларын өз тәжірибесіне енгізгені туралы айтқанда, көздері жанып кететінін 
байқадым.
Алайда, көбінесе, мұғалімдердің тамаша, ауызша таныстырылымдары олардың 
рефлексивті есептерді дайындау деңгейлеріне қайшы келіп жатты. Таныстырылым- 
дардың мәнерлілігі мен ойға қонымдылығы, көбінесе, есепті дайындауда «шекті» де-
ген бағамен қосақталды.
Содан сұрақ туындады: мұғалімдер неге өз жұмыстарын ауызша тамаша 
қорғайды, алайда жазбаша түрінде табысты жаза алмайды?
Менің пікірімше, оның себебі біздің мұғалімдерді Еуропа және Батыс елдерінде 
қабылданғандай белгілі бір құрылым бойынша жазуды үйретпеген, яғни өз дәлелдерін 
логикалық ретпен орналастыру, анық дәлелдер келтіру, сол дәлелдерге өз пікірін 
айту, болашаққа қатысты болжамдар құру.
Менің есімде, мектепте шығарма жазғанда, бізден өз ойымызды жазу талап 
етілген жоқ, одан гөрі кітапты оқып, оның мазмұнын білу маңызды болды. Кейін 
институтта оқығанымда, оқытушылардың рефератқа қойылатын талаптары - өткен 
материал бойынша студенттің алған білімі мен пікірі емес, титул бетінің безендірілуі 
мен жазылған мәтіннің көлемі болды. Мұндай жағдай оқу орындарындардың көбінде 
өзекті болғанына сенімдімін. 
Дәстүрлі оқыту адамдардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға, өз 
ойларын жазбаша түрде қисынды баяндауға мүмкіндік туғызбады.
Сондықтан, болашақ курс тыңдаушыларына рефлексивті есептер мен танысты-
рылымда сөйлейтін сөздерді дайындауға көмектесетін осындай ұсыныстар жазудың
қажеттілігі туды. Сонымен қатар, бұл ұсыныстарды «Face to face» кезеңінде тренер-
лер тыңдаушыларға рефлексивті есептің құрылымы мен негізгі талаптарын түсіндіру 
барысында қолдана алады. Одан басқа да, деңгейлік Бағдарламаның «мектептегі 
тәжірибе» кезеңінің нәтижесін көрсететін, таныстырылымды дайындау бойынша 
мұғалімдерге кеңестер ұсыныста берілген. 


6
7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет