Режиссура өнерінің ұлттық кескін-келбетті ұстап тұрудағы рөлі сараланды



бет6/7
Дата22.04.2022
өлшемі35,59 Kb.
#31875
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КІРІСПЕ (1)

Қорытынды 1 Қазақ режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері анықталып, режиссура өнеріне қатысты отандық және шетелдік тұжырымдарды талдау барысында зерттеу тақырыбының дүниетанымдық және әдіснамалық негіздері айқындалды.

2 Қазақ театр режиссурасы 1915 жылы кеңес төңкерісі орнамай тұрғанда дүниеге келіп, кеңес үкіметінің алғашқы кезеңінде қалыптасты. Ж.Аймауытов қазақ топырағына еуропа үлгісіндегі театр өнерін әкелген алғашқы режиссер. Ол сахна ерекшелігін терең ұғып, алғашқылардың бірі болып пьеса жазған драматург. Режиссура өнерінің тууымен бірге, қазақ қоғамында мәдени дамудың жаңа кезеңі басталды. Халық бойындағы өнердің қайнар көзі ашылып, сахна өнерінің белгілері, театрлық элементтері жаңа заманда жылдам дамып, кәсіби өнерге негіз болды. Алғашқы кездегі режиссурада этнографиялық дәлдікпен бірге, халық өнерінің сипаттамалары басым болды. Спектакльдерде халық музыкасы мен әндері, кейбір тұрмыс-салттық элементтер қолданылды. Орындаушылар халық өнерінің сипаты мен дәстүріне сүйенді.

3 Қазақ режиссурасының туып, қалыптасуына ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының ролі айрықша болды. Олар әртүрлі мамандық иелері бола тұра, театр өнерінің еліміздің мәдени өмірінде атқарар жүгі мен халқымыздың рухани өркендеп өсуіне айрықша әсерін дұрыс түсініп, қазақ топырағында жаңадан дүниеге келген театр өнерінің даму бағыттарына жол сілтеді. Олар халық шығармашылығының бай мұрасын игерудің озық үлгісін көрсетті. Бұған М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», Ж.Шаниннің «Арқалық батыр кейінірек жазылған Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян 18 сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты» пьесалары дәлел. Аталмыш туындылар актерлік орындау өнеріне ұлттық, табиғилық бояу беріп, сахнада өмір болмысының нанымды бейнеленуіне мүмкіндік берді.

4 Қазақ кәсіби режиссурасының негізін қалаған Ж.Шаниннің көп салалы қызметінің мааңызы зор. Пьеса жазып, спектакль қою, репертуарды жасаудан тыс актерлермен сабақ жүргізу, театрға көрермендерді ұйымдастыру, гастрольдік сапарлардың кестесін жасау тәрізді театрдың қыруар жұмысын білгірлікпен атқарды. Ж.Шанин қазақ актерлік өнерінің кәсіби бағытын қалыптастырған педагог-режиссер. Ол қойылатын пьесаны талдауды, жекелеген кейіпкерлердің сахналық мақсатын анықтауды, көріністердегі айрықша көңіл бөлетін тұстарды пысықтауды, сыбыршыға сүйенбей (суфлерге), актердің кейіпкер сөзін өзінің толық меңгеруін шығармашылық жұмыс үрдісіне айналдырды. Актерлер режиссермен бірге әдеби-тарихи деректерді, мәліметтерді қарастырып, қойылар шығарманы игеру, бойға сіңіру жұмыстарын атқарды.

5 Қазақ актерлерінің театрдың сахна сырын меңгеріп, кәсіби бағыт алуына орыс режиссерлері М.А.Соколовтың, Я.П.Танеевтің, И.Г.Боровтың, М.Г.Насоновтың, М.В.Соколовскийдің шығармашылық қызметтерінің біршама ықпалы тиді. Ұлттық туындылармен бірге сахнаға орыс және батыс классиктерінің, кеңес драматургиясының үздік үлгілері қойылды. 1930-шы жылдарға дейін тек ұлттық мәдениет аясындағы шығармаларда ойнаған актерлер енді басқа ұлттар өмірінен алынған пьесалардағы рольдерді меңгере бастады. Аударма пьесалардағы кейіпкерлерді сомдауда режиссерлік түсіндірме мен басқа ұлттардың мінез-құлқын игеру, драмалық және комедиялық ерекшеліктерін қимылмен, сөзбен, бет-әлпет құбылыстарымен 19 бейнелеуді, сахнадағы жүріс-тұрысты, көруді, естуді, бағалауды, сөйлеуді және өзге ұлтқа тән пластикалық қимыл-қозғалыстарды ойнауда актерлеріміз көптеген жаңалықтарды игерді. Қазақ және орыс театр мәдениетінің өзара қарым-қатынасы соғыс (1941-45) және соғыстан кейінгі жылдары да нығая түсті.

6 Қоғамда үстемдік еткен идеологиялық-саяси қысымдар қазақ режиссурасына да кері әсерін тигізді. Барлық театрлар қазан төңкерісінің тарихи рөлі мен социалистік өндірісті, халықтар достығы туралы спектакльдер қоюға мәжбүр болды. Дегенмен, қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениетіне қатысты тақырыптар ұлттық классикалық және тарихи пьесалар арқылы көтеріліп халықтың ұлттық келбетін сақтап қалуға мұрындық болып отырды. 1940 жылы А.Тоқпановтың режиссурасымен қойылған М.Әуезов пен Л.Собольевтің «Абай» трагедиясы режиссурадағы жеңіс деп бағаланды.

7 Қазақ режиссурасы кеңестік дәуір кезеңінде ұлттық тарихи-генетикалық ойлау негіздері мен халқымыздың өзіне тән мінез ерекшеліктерін, салт дәстүрі мен тілін, ділін сақтап қалуға барынша ат салысты. Өз спектакльдері арқылы көрермендердің жүрегін тербеп, ұлттық жадымыздан айрылмауға күштерін салды. 8 Қазақ театрындағы айқын режиссерлік кезең Ә.Мәмбетов режиссурасымен тығыз байланысты. Оның шығармашылығы белсенді қойылымдық режиссураның жаңа көркем идеясының көрінісіне айналды. Ол қазақ сахнасы жинақтаған тәжірибелерге сүйене отырып, актерлік мектептің күш-қуатын тиімді пайдалана алды. Режиссер спектакльдеріне пьесаның ішкі.

20 көркемдік әлемін терең ашу, айқын құрылым, тұтастық, толыққандылық тән болды. Ә.Мәмбетов қазақ театр өнерінің жаңа бағытын жасап берді

9 1961-90 жылдардың аралығындағы қазақ режиссурасының эволюциялық өсуі, қазақ театр тарихындағы режиссураның қалыптасуы мен дамуының этномәдени және этноәлеуметтік компоненттері театртану аясында қарастырылды. Бұл кезеңде қазақ режиссерлері дәуір тынысын терең сезініп, күнделікті өмір талабына жауап беретін өзекті спектакльдер жасауға ұмтылды. Қазақ халқының азаттық күресін, республика жерінде болып жатқан елеулі өзгерістерді суреттейтін спектакльдер шығаруды мақсат тұтты. Өз спектакльдерінде халқының ұлттық сана-сезімін үнемі бейнелеп отырды. Қазақстанның облыстық театрларының өсуіне де режиссерлер тікелей ықпал етті. Олар театр репертуарын кеңейте отырып, өз халқының рухы мен тарихи тәжірибесіне сәйкес келетін шығармаларды іріктеп алу ісіне баса назар аударды. Жаңа сахналық тіл мен жаңа пішіндерді дамыту жолындағы ізденістерін жалғастыра берді.

10 Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары ұлттық классикалық шығармаларды режиссерлер бүгінгі көзқараста танып-білуге ұмтылыс танытып, режиссерлік концепция өз ұлтының бостандығының, азаттығының әлем аренасынан алар орнының бағытын жасап берді. Бүгінгі қоғам мен тарихи танымға үлкен әсерін тигізіп отырған ғаламдық өзгерістер мен әлеуметтік үдерістердің қазақ режиссурасына тигізген ықпалы талдаудан өткізілді. Рухани құндылықтар мен мәдени мұралардың төрінен орын алар хандар мен билердің, батырлар мен ағартушы ғұламалардың халқы мен ел-жұрты үшін жасаған істері мәңгі жадында сақталуы тиістігін қазақ режиссерлері көрсетіп берді. 21 Өзге халықтардың ділін танып-білу, батыс-орыс драматургтерінің күрделі шығармаларында өздерін шыңдау үрдісі режиссурада жалғасын тапты.Әрине, қазақ режиссураның барлық мәселелерін бір диссертацияда тұтас қамту мүмкін емес. Аталмыш тақырып алдағы уақытта талай зерттеулердің нысанына айналары сөзсіз. 22

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет