Рене Декарт
Рене Декарт 1596 жылы 31 наурызда Лаэ қаласында дүниеге келді. Кейіннен бұл қаланың атауы «Декарт» деп өзгертілді. Француз философы Рене де Карт (1596-1650 жж.) — Жаңа дәуір философиясына өз үлесін қосып, негізін қалаған ірі тұлға. Уақытында өз заманының жақсы оқу орындарында оқып білім алған. Егер біз оны Ф.Бэконмен салыстырсақ, ол — бүкіл өмірін ғылым жолына арнаған тұлға. Кішкентай кезінен бастап Рене білімге деген қызығушылығын көрсетті. Бірақ оның денсаулығы нашар болатын. Рене алғашқы білімін «Ла Флеш» Иезуиттік колледжінде алды. Бұл оқу орны қатаң режиммен ерекшеленді. Бала Декарттың денсаулығын ескере отырып,кейбір жеңілдіктер жасады. Көптеген колледждердегідей, «Ла Флеш-те» білім беруі діни сипатта болды. Оған қарамастан жас Декартқа басқа философиялық идеяларға сыни көзқараспен қарауға үйретті.
2
+
2
+
2
+
Колледжде оқуын аяқтаған соң, Рене заң негізі туралы бакалавр дәрежесін алды. Содан кейін Парижде бірнеше уақыт өткізді. Ал 1617 жылы әскери қызметке түсті. Математик Нидерланды аумағында соғыс қимылдарына қатысқан. Сондай-ақ Прага үшін қысқы шайқаста болған. Голландияда Декарт физик Исаак Бекманмен дос болды. Содан кейін Рене біраз уақыт Парижде тұрды. Оның ойларын иезуиттер білгеннен кейін, ғалым Голландияға кетіп қалады. Онда 20 жыл тұрған. Ғалым өзінің прогрессивті идеялар үшін қудалауға ұшырады.
философиясы Рене Декарттың философиялық көзқарасы дуализммен сипатталды. Ол дегеніміз идеалды зат немесе материяның бар болуы. Және бір және басқа қағидаттар оны тәуелсіз деп таныды. Рене Декарт тұжырымдамасы бойынша материализм мен идеализмнің қосындысы ретінде дуализм пайда болды. Және Құдай әлемді белгілі бір механизм ретінде жаратып іске қосты деп есептеді. Ол дегеніміз Құдай субстанция мен қозғалыстың жаратушысы және оны құраушысы болды. Сонымен қатар ғалым рационализм философиялық идеясын қолдады. Бұл жағдайда ғалымның білімі адамның табиғат күштеріне үстемдік ететініне байланысты алғышарт болып табылды. Рененің ғылыми еңбектері көбінесе рационализм идеясын көрсетеді.
Рене Декарттың философия саласындағы ізденістерінің көпшілігінің бастапқы нүктесі жалпыға бірдей қабылданған білімдердің дұрыстығына, ауытқуларына күмән тудыру болды. Ғалымның танымал афоризмі «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін»(я мыслю – следовательно я существую) осыған дәлел.
Негізгі еңбектері: «Диоптрика» күн сәулесін зерттеуге арналған, «Метеорлар» метеорологиялық мәселелерге арналған, «Геометрия», «Философияның бастаулары», «Әдістемелер жөніндегі ойлар» т. с.с.
Болмыс жөніндегі көзқарасында Р.Декарт дуалистік (екілік) көзқараста болды. Оның ойынша, жалпы дүние жөнінде екі субстанцияны мойындауға тура келеді. Олардың біреуі — материалдық, заттық, денелік субстанция. Оның негізгі атрибуты (қасиеті) — созылу, кеңістікте белгілі бір орын алу. Екінші субстанция — pyx. Оның негізгі атрибуты — ойлау. Жан-дүние бір сәт те тоқтамай, тұрақты ойлайды.
Онтологиялық (болмыс) мәселелер
Рационалдық әдіс
Егер Ф.Бэкон сезімдік, тәжірибелік білімді арқа тұтып, ғылымдағы негізгі әдістемені индукциядан көрсе, Р.Декарт керісінше, сезімдік білімнің құндылығын теріске шығарып дедуктивті әдісті негізгі тану жолына айналдырды. Дедуктивті әдістің негізгі талаптары — ол, біріншіден, туа біткен интуиция арқылы ақиқатқа тек өте анық шынайы ой елегінен көрініп тұрғанды ғана алу; зерттелетін мәселені ой өрісі арқылы барынша ұсақ, тұрпайы бөлшектерге бөлу, содан кейін ғана жоғарыға қарай күрделілікке өрлеу;
Өзінің философиясының мықты негіздерін жасау үшін Р.Декарт «бәріне де күмәндану керек» деген шешімге келеді. Осы тұрғыдан сезімдік танымға келсек, ол көбіне бізге дүние жөнінде жалған пікір тудырады. Төртбұрышты нәрсегс алыстан қарасак, дөңгелек сияқты болып көрінеді. Суға салынған таяқ сынған сияқты, күн кішкентай және жылы зат сияқты көрінеді. Кейбір кезде көзбен көргенді ұйқыдағы түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де күмәндануға болады. Сонымен, ең ақырында, біздің жан-дүниеміз толығынан күмәнға толады, онда бір күмәнданбайтын ақиқат қалмайды…
Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма? Өзінің шашынан ұстап, өзін судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарт бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы күмәндану дейді өйткені барлығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмәндана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады: «Ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» (cogito ergo sum). Р.Декарттың ойынша, бұл тұжырым жөнінде ешкім күмәндана алмайды.
Бұл тұжырымнан шығатын бірінші қағида: адам, негізінен алғанда ойлай алатын пенде. Біздің ойымыз өзімізге тікелей берілген Ал сезім арқылы берілетін адамның денесі және айнала қоршаған заттардың қасиеттері ой елегінен өткенде, тек қана бұл дүниеде болуы мүмкін сияқты беріледі. Мысалы, егер мен ойлау қабілетінен айырылсам, онда менің өмір сүріп жатқанымның дәлел дереу жойылар еді. «Ойлаймын, олай болса өмір сүремін» қағидасының тағы бір ғажаптығы — ол түсінікті, ашық және мөлдір.
Дүниетану мәселелері. Күмәндану принципі.
Достарыңызбен бөлісу: |