16.3. ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1917 жылғы революциялыр, азамат соғысы мен әскери коммунизм саясаты шаруашлықты әбден әлсіретті. Өнеркәсіпте өнім өндіру біршама қысқарды. Шаруашылықта өнім тапшылығы, тұқым қорының жетіспеуі орын алды. Бал басының саны кеміді. Осыған байланысты халық арасында нарзылық күшейе бастады. Осының барлығы экономикалық саясатты өзгертуге алып келді.
1921 жылы Компартияның 10-съезі өтті. Осы съезде Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қбылданды.
ЖЭС мақсаты: шаруашылық пен өндірістегі мәселелерді шешіп, жұмысшылардың жағдайын жақсарту, социализмді түбегейлі орнату.
ЖЭС мәні: Азық түлік салғыртын азық түлік салығымен ауыстыру.
Одан бөлек жерді жалға беруге, жалға алуға рұқсат берілді. Жалдамалы жұмысшыларды пайдалануға рұқсат берді. Экономикаға нарықтық қатынастар енгізіліп, тауарларды ақшалай сатуға рұқсат берілді.
ЖЭС экономика мен шаруашылықта үлкен табыстар алып келді. Шаруалардың жағдайы жақсарды, өнеркәсіптерде өнім көлемі артты. Бірақ бұл жүйе партия басшылығына ұнамады. Олар социалисттік мемлекетке нарықтық экономиканың сипаты тән емес деген шешім қабылдады. ЖЭС жалғаса берсе социализм жойылады деп қауіптенді. 1925-1927 жылдарға қарай ЖЭС тоқтатьылды. Оның соңы ұжымдастыру, индустрияландыру саясаттарымен жалғасты.