15.3. «Әскери коммунизм» саясаты Кеңес үкіметі билікке келген соң оған қарсы меншевиктер немесе ақтар билікті қолына алуға ұмтылды. Оның соңы азамат соғысына ұласты. Азамат соғысы дегеніміз – мемлекеттегі билік үшін ел азаматтарының өзара соғысы. 1918-1920 жылдары азамат соғысы болды. Азамат соғысы 1918 жылы 25 мамырда Атаман Дутовтың Чехословакта бүлік шығаруымен басталды.
Азамат соғысы жылдарында әскердің және үкіметтің материалды қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Әскери коммунизм саясаты енгізілді. Әскери коммунизм саясаның мәні мынада: шаруалар өнімнің тек күнкөріске қажетті мөлшерін алып қалып, қалған өнімді мемлекетке өткізді. Сөйтіп барлық ауылдарда шаруалардың өнімдері күштеп, артығымен тартып алынып отырды. Бұл азық түлік салғырты деп аталады.
Әскери коммунизм кезінде халықтың өнімі күшпен жиналды. Өнімді жасырып қалғандар 10 жылға дейін сотталды. Жергілікті органдар халықтың өнімін тартып алып, келер жылға себетін тұқымдық өнім де қалмады. Бұл шаруашылыққа үлкен зиянын тигізді. Оның соңы жаппай ашаршылыққа ұласты. Үкіметтің қысымымен қоса ауа райының қолайсыздығы, қыстың ұқаққа созылуы мен келесі жылғы құрғақшылық халықтың жағдайын мүлде ауырлатты. Аштықпен бірге жұқпалы аурулар тарады. Ашаршылықтан халықтың жартысына жуығы қарылды, көп бөлігі басқа жаққа көшіп кетті. 1920 жылы республикада 4,5 млннан аса адам тұрса, 1922 жылы саны 2,5 млннан сәл ақ асатын адам қалды.
Семинар №16 16.1. Біртұтас Түркістан идеясының жеңілуі. Т.Рысқұлов пен М.Сұлтанғалиев Кеңес үкіметі Түркістан автономиясының құрылуын орынсыз деп тапты. Сөйтіп Түркістан автономиясын тарату үшін әскер жіберілді. 1918 жылы қаңтарда Ташкенттегі кеңес әскері Қоқан қаласын қоршауға алды. Қала толығымен кеңестердің қолына өтті. 1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Кеңсетердің төтенше съезі өтті. Съезде Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалисттік Республикасының құрылатыны жарияланды. Ол 1924 жылға дейін өмір сүрді.
16.2. Қазақстандағы жер-су реформасы Кеңес үкіметінің алғашқы шараларының бірі – Қазақстандағы жер-су реформасы болды. Жер су реформасы 1921-1922 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда жүргізілді. Жер су реформасының мәні мынада: бұрынғы байлар мен кедейлердің арасындағы теңсіздікті жою, жерді бір адамның иеленуіне жол бермеу, жер мен суды теңдей бөлу. Жер су реформасын жүргізуге Розыбакиев, Жандосов белсене қатысты. 1921 жылы Қосшы одағы құрылды. Ол кейін Кедейлер одағы болып өзгерді. Қосшы одағы кедейлердің саяси сауаттылығын арттырып, оларды қолдады. Олардың өз жер үлестерін алуына көмектесті.