Руководитель практики: Карасаев Т.А.
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП
Мен, Оразова Гульмира Маратовна, 30.05.2022 ж. - 29.06.2022 ж. аралығында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар комитеті "ӨС және АҚЖҚ" ММ-де өндірістік тәжірибеден өттім.
Тәжірибе барысында мына міндеттерді орындадым:
- жұмыс орындарында қызмет ететін жұмыс тәртібін ұстандым, тапсырылған жұмыстарды өз бетімен орындадым, оның нәтижелеріне жауапты болдым;
- қызмет етуші ішкі тәртібін және еңбек ету тәртібін қатаң сақтадым. - бекітілген форма бойынша күнделік жүргізу, оны тексеру мен қол қою үшін күн сайын тәжірибе жетекшісіне ұсындым;
Тәжірибені өту кезіндегі міндеттерім:
- кәсіпорындағы ішкі ережені сақтадым;
- орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарадым;
- жұмыс орындарында өзіндік жұмыс бойынша біліктілікті игердім;
yақытында және толық көлемде тәжірибені өтудің календарлық жоспарын орындадым;
- бекітілген формада күнделікті жүргіздім;
-тәжірибе орнында әріптестері жүргізген қоғамдық іс-шараларға белсенді қатыстым.
Менің үйренгенім:
кәсіпорын құрылымымен және жұмысшылардың функционалдық міндеттерімен таныстым;
- кәсіп орынның өнімді дайындау процесін уйрендім;
- инвестициялық жобалау тиімділігін бағаладым;
шығындарды басқаруды, пайданы көбейту, кәсіпкерлік тәуекелділікті (операциялық леверидж) төмендетуді үйрендім;
Дайындаған: Оразова Г.М.
«Стандарт» деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі, эталон, модель дегенді білдіреді, яғни басқа ұқсас объектілердің эталондарымен салыстыруға арналған.
Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын, стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану – бұның бәрі сол заманда стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел.
Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, «стандартты» өлшемі бар кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады.
Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері – дүниежүзіне танымал болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған.
Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен әдістерін сол кезден бастап қолданған.
Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды.
1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын – 50 данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері. Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала берді.
Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13,9 мм тең болды.
19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.
Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды.
3 1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті құралдары бірыңғайланды.
1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді.
1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты өлшемдері орнатылды.
1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты.
Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады. Ұлттық және халықаралық стандарттаудың бұл алғашқы жетістіктері өндірістік күштің дамуына үлкен тәжірибелік әсерін тигізді.
19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айнала бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды.
Англияда 1901 жылы стандарттар Комитеті құрылды, оның басты мақсаты – Британ империясының экономикалық күшін шикізатқа, өнеркәсіптік бұйымдарға және әскери техникаға стандарттарды дайындап, енгізу арқылы күшейту болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін көптеген мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды, мысалы, Бельгияда (1912 ж.), Голландияда (1916 ж.), Германияда (1917 ж.), Францияда, Швайцарияда, Америка Құрама Штатында (1918 ж.), Австрилияда, Швецияда, Чехословакияда (1922 ж.), Норвегияда (1923 ж.), Финляндияда, Польшада (1924 ж.), Данияда (1926 ж.) және Румынияда (1928 ж.).
4 Халықаралық тауаралмасу және ғылым мен техника салаларында тығыз байланыстардың кеңейту салдарынан стандарттау жөніндегі Халықаралық ассоциация (ИСА) құрылды, бірақ оның жұмысы екінші дүниежүзілік соғыстың басталысымен тоқтатылды.
1943 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шегінде стандарттау жөніндегі мәселелермен шұғылданатын Координационды комитет құрылды, оның бюросы Лондонда және Нью-Йоркте орналасты.
1946 жылы Лондонда стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) құрылды, оның құрамына 33 ел қатысты. Қазіргі кезде ИСО ірі халықаралық техникалық ұйымдардың құрамына кіреді (оның мүшелері болып 146 ел саналады).
ИСО басқа стандарттау жөніндегі жұмыстар көптеген халықаралық және өңірлік ұйымдарда жүргізіледі.
Мысалы, Еуропалық көмір және болат бірлестігінің шегінде 1953 жылы болат бойынша Координационды комиссия құрылды, ол бірлестіктің құрамына кіретін мүшелер үшін, яғни Германия, Франция, Бельгия, Италия, Голландия және Люксембург сияқты мемлекеттерге еуропалық стандарттарды дайындап шығаруға уәкілетті болды.
5 Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихы Кеңес одағы кезінде басталды. 1923 жылы Семейде Омбылық өлшемдер және таразылардың салыстырып-тексеру палатасының бөлімшесі ашылды. 1925 жылы Алматыда Семейлік өлшемдер және таразылар салыстырып-тексеру палатасының Алматылық бөлімшесі ашылды.
1931 жылы Алматыда стандарттау жөніндегі Қазақ өңірлік бюросы құрылып, 1938 жылы ол өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен шұғылданатын уәкілетті комитет Басқармасына өзгертілді.
Достарыңызбен бөлісу: |