Курcтың постреквизиті: «Дискреттік математика» базалық курсының мазмұны интеллектуалдық ақпараттық жүйелер, программалар мен жүйелерді проекциялау әдістері, жүйелік программалау, программалаудың алгоритмдік тілі сияқты ақпараттық технологиялар бойынша өтетін жалпы техникалық және жеке пәндерді студенттердің меңгеруі мен кабылдауына мүмкіндік беретін теориялық білім негізін қалыптастырады.
Мақсаты:
- ақпараттық технология облысында туындайтын есептерді шешуге бағытталған математикалық әдістер мен моделдерді студенттердің меңгеруі.
- «Дискреттік математика» пәні бойынша әдебиеттерді студенттердің өздігінен қолдана білуі.
Мазмұны: Бұл пәнді оқудағы мақсат – болашақ инженер мамандарды математикалық ақпараттармен қаруландыру, ал дәл осы математикалық ақпарат олардың жұмыс барысында туындайтын ақпараттық технологиялар облысындағы мәселелерді шешуіне мүмкіндік береді. Бұл пән сонымен қатар студенттерде информатика төңірегіндегі программалар мен алгоритмдер құрудағы мақсат пен шектеулерді меңгерудегі және де информатика облысындағы басқа да проблемаларды шешуге қажет білімнің теориялық негізін қалыптастыратын бірден-бір пән болып табылады.
Құзыреттілігі:
- меңгерілген білімдерді программаның дұрыстығын дәлелдеуде, программалаудың есептерін шешуде қолдана алу.
- ойларын қорытудың негізгі әдістерін меңгеру.
|