Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет185/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Жанпейісова М. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы //Модульдік оқытудың құрылымы, 2018. – №3.
2. Айтжанова Қ. Оқытудың алдын ала болжау ұстанымы. ҚТмӘ, 2012. –№47.
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас:теориясы мен әдістемесі. – А., 2000.


283 
4. Аванесов В. С. Форма тестовых заданий. – М.: Исследовательский центр, 2006.
5. Аванесов В. С. «Композиция тестовых заданий. – М: Исследовательский центр, 2002.
6. Аванесов В. С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. – М.: МГТА, 1995, 2001.
7. Никандров Н. Д. Понятийный аппарат педагогика и образования: перспектива исследования // 
Педагогика, 1997.
 
 
Қарабаева Х.Ә.
 «Лингвоарна» Ғылыми зерттеу және 
оқу-әдістеме орталығының директоры,
филология ғылымдарының кандидаты 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ, ОНЛАЙН ОҚЫТУ– УАҚЫТ ТАЛАБЫ 
 
Түйін сөздер: қашықтықтан білім беру, онлай оқыту, қазақ тілі, жоғары оқу орындары, цифрлы 
Қазақстан.
Бүгінде барша адамзат баласы сындарлы кезеңді бастан кешуде. Күн сайын, ай сайын 
құбылып, өзгеріп тұрған індет қаупімен бетпе-бет келіп, қатерден қорғанып, тығырықтан 
шығу жолдарын үйренуде. Үйреншікті жұмыс, іс-әрекет, дағдыларды ерекше жағдайға 
бейімдеп, өмірдің күнгейінде жиған білік, тәжірибелерге сүйеніп, жаңа талап үдесінен шығуға 
тырысуда.
Ағымдағы жағдай білім беру саласының да қызметіне елеулі ықпал еткені аян. Күн тәртібі 
қашықтан білім беру, онлайн оқыту жүйесін жаппай қолдану ережелерін талап етті.
Алайда қашықтан білім беру технологиясының Қазақстанның жоғары оқу орындарында 
қолданысқа ене бастауы күні кеше ғана емес, бірнеше жыл бұрын «Ақпараттық Қазақстан-
2020», 2017 жылғы «Цифрлы Қазақстан» және т. б. стратегиялық маңызы бар мемлекеттік 
бағдарламаларды білім беру саласында іске асырумен байланысты мақсат-міндеттер негізінде 
басталған-ды. Мысалы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ел экономикасының 
даму қарқынын жеделдетіп, цифрлы технологияларды пайдалану арқылы халықтың әл-
ауқатын, өмір сүру деңгейін сапалық тұрғыда жақсартуға жағдай жасау деп көрсетілген 
болатын. Бағдарламада белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін білім беру жүйесінде 
цифрлық сауаттылықты арттыруға мән беріліп, жаңа цифрлық технологиялар бойынша 
болашақ мамандардың, оларға білім беретін оқытушылардың біліктілігін тұрақты түрде 
арттыруды қамтамасыз ету талабы күн тәртібіне қойылған еді.
2013 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қашықтан оқыту 
бағдарламасы жасалып, оның мақсаты мен міндеті, қолданылу аясы, талаптары белгіленді. 
2014-2015 оқу жылы аталған бағдарлама оқу үдерісіне енгізілді. Арнайы департамент 
құрылып, оқыту МУДЛ (www. dl. kaznu. kz) деп аталатын қашықтықтан басқару жүйесінің 
қызметі негізінде екінші жоғары білім алушылар, қысқартылған білім беру бағдарламасы 
бойынша білім алушылар, шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім 
алушы 2-ші, 3-ші, 4-ші курстың бакалавр, магистранттары мен мүмкіндіктері шектеулі білім 
алушылардың сұраныстарын қамтамасыз етумен айналысты. Университет мамандары 
халықаралық тәжірибелер негізінде алғаш рет Жаппай ашық онлай курс (МООК) деп аталатын 
отандық төл бағдарламасын іске қосты. Бүгінде Әл-Фараби университетінің Жаппай ашық 
онлайн курстар орталығы, Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институты, 
Жаңа білім беру технологиялары институты деп аталатын құрылымдары уақыт пен кеңістік 
аясын кеңейтіп, виртуалды аймақта қашықтықтан білім беру мен онлай оқытуды іс жүзінде 
сапалы орындауды ұйымдастырып, іске асыруға бекем бел буып, бет алған. Ал, 16 наурызда 
Әл-Фараби университетінің ресми түрде жаппай қашықтан білім беруге көшуі оқу үдерісіне 
тың серпін берді. Жаһанда цифрлық революцияның басталғаны туралы естіп, оқып жүрсек те, 
оны шынайы сезініп, түйсінуіміз дәл осы тарихи кезеңнен басталғандай. Қиындықтарды біріге 


284 
еңсеріп, жаңа жүйені игеруге жаппай кірістік. Нәтижесінде қашықтықтан білім беру, онлайн 
оқуды қамтамасыз ететін компьютерлік технология, қолданысқа икемді интернет желі, 
платформа, бағдарлама, қосымшалар, олармен байланысты терминқолданыс жүйеленіп, білік, 
тәжірибе толыға түсті.
Университет басшылығы, ІТ-саласының мамандары мен инженер-бағдарламашылар 
оқытушыларға күні-түні кеңес, нұсқаулық жолдап, оқу үдерісінің мейлінше сапалы 
ұйымдастырылуы үшін бағыт-бағдар беріп, арнайы біліктілікті жетілдіру семинар, 
тренигтерін өткізді. Әрине, ешкімге оңай болмады, алайда әркім өз міндеттін атқарып, жаңа 
бағытта жұмыс істеудің маңызын, жауапкершілігін түсініп, жаңа дағдыларды игеруге кірісті. 
Арада 2-3 ай өткенде, компьютерлік технологиялар негізінде өз ісін дамытуды ойлап, 
шығармашылық істі жоспарлай бастағандар саны артты емес пе? Осының бәрі індетті және 
сонымен қалыптасқан дәрменсіз күйді ойлай жүйкеге салмақ түсіріп, стрестік жағдайға душар 
болудан қорғап тұрған күштердің бірі сынды көрінеді.
Дағдарыстар мәңгілік емес. Қалай болғанда да қашықтықтан оқыту, онлайн білім беру 
қоғам өмірінен өз орнын тапты. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жүйе өз жалғасын табары 
сөзсіз. Олай болса, жақын болашақта не істеу керек деген сұрақтың туары да заңдылық.
Бұл ретте, ең азы, мультимедиялық (сурет, дыбыс, бейне, анимация) технологиялар негізде 
жасалған бейнелекция, бейнесабақ ЖОО-ның дәрісханаларында да жаппай қолданысқа енуі 
үшін, аудиторияларды 1 компьютер + 1 проектор + 1 демонстрация экраны немесе қысқаша 
«3 бірлік» қағидатымен жабдықтау шешімін табуы тиіс. Бұл ретте шетелдік оқу орындарының 
тәжірибесі негізге алынып отыр. Адамның бірнеше сезім мүшелеріне әсер ету арқылы, оның 
айту, жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кенжелеп жатуымыздың бір 
себебі дәрісханалардың аса қажетті техникалық құрылғылармен жабдықталмауы, осымен 
байланысты мамандардың қазақ тілін үйретудегі әдістемелік негізінің әлсіз болуы немесе әлсіз 
сияқты көрінетінін жоққа шығара алмаймыз. Әрине, қарапайым техникалық құрылғылармен 
жұмыс істей алу да өнер. Сондықтан үйренетіні бардың ғана үйретері болады демекші, білім 
беру саласы, оның ішінде тіл мамандары компьютермен жұмыс істеумен байланысты 
білімдерін жетілдіріп отыруы шарт.
Бұл ретте «Лингвоарна» Ғылыми зерттеу және оқу-әдістеме орталығының қызметі маман 
әлеуетін бекемдейтін мультимедиаға негізделген заманауи қашықтықтан білім беру, онлайн 
оқу жүйесін игеру мақсатында соңғы 3 жылдан бері тұрақты түрде арнайы онлайн семинарлар 
ұйымдастырып келеді. Орталық «Смарт-білім беру: әдістеме және технологиялар ресурстары» 
деген атпен республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн-семинарына отандық ЖОО-ның 
оқытушылары қатысып, «Қашықтан оқыту және онлайн сабақ өткізу ерекшеліктері, «Тест 
жасауға арналған қосымшалар», «Бейнесабақ әзірлеу әдістері» «Видеомонтаж жасау 
тәсілдері» және т. б. дәрістер өткізді.
Бүгінде шарасыздықтан қашықтан білім беруге, онлайн оқытуға барғандай 
болғанымызбен, үлкен мүмкіндікке жол ашылып, үйренеріміз көбейіп, шығармашылық 
ізденіске жол ашылды. Сондықтан қолжеткен жаңа білік, жаңа дағдыдан бас тартуға әсте 
болмайды. Керісінше оның қажетті жерінде жалғасын табуына пейілдіміз. Егер пандемия 
барысында әр оқушының, әр оқытушының техникалық құрылғылармен жабдықталуына 
қандай мән беріліп, қамтамасыз етілуі ойластырылса, жақын болашақта аудиториялардың да 
ең кемі жоғарыда айтылған 3 бірлік қағидаты бойынша жабдықталуына қол жеткізу де аса 
өзекті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет