58
Осы мағыналық топтардың аралығында келтірінді, ауыспалы түрде құрылған сөз тіркестері
бар:
қолдың майы. Бұл сөз тіркесі
май жеке үй шаруасында жасалған деген мағынаны хабарлап
тұр.
5.
Басыңқы сөз мамандык, кәсіп, қызмет атаулары болып, бағыныңқы сөз ол қатысты
мекеме, кәсіп орнын, мекенді анықтайды:
филиалдың инженері, цехтың бастығы т. т.
6. Туыстық қатынасты білдіреді:
Жанардың інісі, aғамның қарындасы. Изафеттің екінші
түріне жатқан сөз тіркесі заттардың арасындағы қатынастық (релятивтік) байланысты
білдіруді негізгі қызметі еткен:
жел лебі, қыс суығы, күн сәулесі т. т. [2, 28-29-б. ].
Сонымен, профессор Р. Әмір сөз тіркестерінің табиғатын айқындауда коммуникативті
синтаксис,
функционалды лингвистика,
когнитивті лингвистика, т. с. с. бүгінгі таңдағы
инновациялық парадигмаларды басшылыққа алған. Ғалым сөз тіркесін жан-жақты сипаттайды,
атап айтқанда:
1) сөз тіркесінің сөзден, сөйлемнен айырмашылығын, ұқсастығын көрсетеді;
2) сөз тіркесінің атауыштық (номинативтік) қызмет атқаратынын айтады;
3) сөз тіркесін сөздерден гөрі күрделі, сөздердің өзара бастапқы байланысқа түсуі арқылы
пайда болған бөлшегі, тұлғасы ретінде сипаттайды;
4) сөздер бейберекет тіркесе бермейтінін, өзара мағыналық, синтаксистік қатынасқа
құрылатынын айтады;
5) сөздер
сөйлемге жеке-дара кірікпей, өзара мағыналық, грамматикалық байланысқа
түсетінін ескерте келіп, сөз тіркесін сөйлем құрайтын материал ретінде көрсетеді;
6) сөз тіркестерін байланысу түріне қарай саралап, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін
көрсетеді.
Профессор сөз тіркестерін тілді байытудың, оның икемділігін молайтудың кайнар көзі
ретінде сипаттайды. Яғни жаңа ұғым (күрделі сөз) сөздердің бірігуі арқылы ғана емес, тіркесуі
арқылы да жасалатынын нақтылап көрсетеді. Сол арқылы сөздердің бірге, бөлек таңбалануына
қатысты ғылыми тұжырымдар жасайды. Сол сияқты сөйлем синтаксисін сөз еткен
еңбектерінде ғалым тыныс белгілердің қойылу ретін де нақтылап береді. Осыған байланысты
бүгінгі таңда күрделі сөздердің жазылуын реттеуде, тыныс белгілердің қойылуын уәждеуде
ғалымның еңбектерін басшылыққа алуымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: