Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет13/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   225
Алдымен, биологиялық ұстаным бойынша: ХІХ ғасырдың алғашқы ондығында дүниеге 
келіп, Шымкенттегі педколледжді тәмамдап, Тәшкендегі Орта Азия мемлекеттік 
университетіне түскен, қоғамның ілгерілеуіне айтарлықтай үлес қосқан, өз өңірінде 


31 
ұстаздығымен, қамқор көңілімен, мектеп, балалар үйін ашып, жаңашылдығымен есімі ел 
есінде жүрген Сәт ақсақалдың шаңырағында дүниеге келіп, білім-тәрбие алғандықтан
айырықша «қабылдау органына» ие болған, кейіннен өзі де еліміздің білім беру саласына 
көптің бірі ретінде емес, бірегейі ретінде үлес қосқан ғалым-педагог.
психологиялық ұстаным бойынша: өмір ағысында, қызмет бабында жақсылық пен 
жамандық, өсу мен құлдырау, қуаныш пен күйзеліс сияқты жайттар қатар өріліп жатады ғой. 
Мұндайда ішкі тіні, рухы биік, ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай, ұстаған 
идеясына сенімі мол жандар ғана эмоциясын ұстай біледі. Профессор Р. Әмірдің терең 
байыптылығы мен баянды байсалдылығы туралы тұстастары мен қатар қызмет еткен біздің 
аға буынның, ұстазынан бір рет те ауыр сөз естіп көрмеген Әміров мектебінің бүгінгі кез 
келген шәкіртінің де айтары – осы. Олай болса, профессор Р. Әмір – айырықша психологиялық 
сапаға ие элитарлы топтың өкілі.
Ұйымдастырушылық және функционалды ұстаным бойынша: басшылық қызметі мен 
қоғамдағы, топтағы маңызды міндеттерді атқаруына тоқталар болсақ: Қазақ ССР Ғылым 
академиясы Тіл білімі институты, Шет тілдер институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті сияқты іргелі мекемелерде қызмет ете жүріп, Алматы қаласы халық депутаттары 
кеңесінің депутаты, аудандық партия ұйымының мүшесі, кәсіподақ ұйымының төрағасы, 
партия ұйымының хатшысы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, институт ректоры, 
докторлық диссертация қорғайтын кеңестің төрағасы секілді жауапты жұмыстарды 
абыроймен атқаруы да ғалымды элитарлық топ биігіне көтерді.
Көркем-шығармашылық ұстанымы бойынша: үздіксіз педагогтік қызмет пен ғылыми мәні 
жоғары еңбектер ұсынуы. Р. Сәтұлының элитарлық мәдениет өкілі екендігін айғақтайтын 
жайттың бірі – көтерген проблемасының қалыптасқан стеоротиптен өзгешелігі болса, екіншісі 
– өмірде де, ғылымда да талғампаздығы. Ол – көптің бірі емес. Осыған орай, мәдениет-
танушылар элитарлық мәдениет пен бұқаралық мәдениетті оппозицияда алып салыстырады:
1. Элитарлы мәдениеттің өнімін кәсіби мамандар жасайды, бұқаралық мәдениет жалпы 
мәдениеттің құрамдас бөлігі, жекеленген топтың емес, бүкіл қоғамның даму көрсеткіші.
2. Элитарлы мәдениет айырықша топқа тән, оның өнімінің құндылығын түсіну белгілі бір 
кәсіби дағды мен білікті қажет етеді, ал бұқаралық мәдениет утилитарлы, сансыз көп 
тұтынушылары болады.
3. Элитарлы мәдениетті тудырушылар материалдық пайда көздемейді, ол – шығармашыл 
тұлға. Бұқаралық мәдениет өкілдерінің өнімінің иесі пайдаға кенеледі.
4. Бұқаралық мәдениет бәрін қарапайымдатып, қоғамның барлық қабаттарына түсінікті 
жеткізеді, ал элитарлы мәдениеттің тұтынушылар саны шағын.
5. Бұқаралық мәдениет қоғамда өз бейнесін жоғалтады, ал элитарлы мәдениет керісінше 
жарқын шығармашылық дербестікті дәріптейді.
Осы келтірілген салыстырулар Р. Әмір қаламынан туындаған еңбектері элитарлы мәдениет 
өніміне жататындығын көрсетеді. Алдымен, бұл еңбектердің қай-қайсысы да кәсіби маманның 
ғана емес, сол кәсіби маманның өзінің кез келгені қабылдауы оңай емес тұрпатта жазылуында. 
Сөзіміз дәлелді болу үшін мына жайттарға назар аударайық. Өткен ғасырдың алпысыншы-
жетпісінші жылдары қазақ тіл білімінің грамматикасы, әдеби тіл мәселелері диахронды және 
синхронды аспектіде жан-жақты зерттеліп, одақ, қала берді түркітану әлемінде құнды 
зерттеулер ұсыныла бастаған кез еді. Осы кезде Р. Сәтұлы да одақ көлемінде алғашқылардың 
қатарында, қазақ тіл білімінде коммуникативтік синтаксистің іргетасын қалаушылардың бірі 
ретінде ауызекі сөйлеу тілін зерттеуді қолға алды. «Особенности синтаксиса казахской разго-
ворной речи» деген монографиясын жарыққа шығарып, соның негізінде 1972 жылы док-
торлық диссертация қорғады. Зерттеу қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу тілі синтаксисінің негізгі 
ерекшеліктерін ашып көрсетуімен, қазақ деп аталатын халықтың күнделікті ауызекі сөйлесуде 
қолданылатын тілдік құрыдымдарды басты нысан етіп алып, оның сан қилы қатпарларын 
ғылыми түрде дәйектеп беруімен құнды еді. Жазба тілмен оппозициялық бірлікте қарастыра 
отырып, коммуникативтік талапқа сәйкес ауызекі сөйлеу тіліндегі синтаксистік құрылымның 
басты ерекшелігі ретінде үнемдеу, эмоциялық бояудың қанықтығы, полемикалық қатынас


32 
параллель амалдар сияқты белгілерді көрсете отырып, оның психолингвистикалық қырына 
мән береді. Сөз тіркестері мен жай және құрмалас сөйлемдердегі тек ауызекі тілге ғана тән 
айрықша типтеріне тоқтала келіп, қазақ тіліндегі номинативті сөйлемдер, реплика-сөйлемдер 
сияқты сөйлем типтерінің ұйымдасу ерекшелігіне алғаш рет ғылыми талдау жасалады. Оның 
ғылыми еңбектерінің теориялық тұжырымдамалары кезінде Одаққа түгел тараған «Народы 
Азии и Африки», «Советская тюркология» журналдарында жарияланып, зерттеу 
қорытындылары бүкілодақтық түркологиялық конференцияларда баяндалады.
Жақсы делік, академик Н. Сауранбаев, профессор М. Балақаев індете зерттеген, сол 
кезеңде-ақ қалыптасқан қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші талантты ғалымдар 
шоғырындағы Рақыш Сәтұлының ерекшелігі неде? деген заңды сұрақ туады. Өткен ғасырдағы 
қазақ тіл білімінің барлық саласы құрылымдық лингвистика бағытында өндіріле зерттелді. 
Әсіресе синтаксис саласы форма мен мағынасы үйлескен, құрылымы бірізденген, баяндауы-
шы соңында, басқа сөйлем мүшелері де әскердегі сарбаздай орын-орнында тұрған сөйлемдерді 
зерттеу нысаны етіп алды. Ал Р. Сәтұлының зерттеу объектісі – ауызекі сөйлеу тілі, 
баяндауышы сөйлемнің басына шығып, сөйлемдері финитті тұлғаға аяқталмаған «Баланың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет