9
пікірдің құрамына сай қалыптасқанымен, бүгінгі қазақ тілінде ол – тілдік категорияның
элементі болып жұмсалатын синтаксистік тұлға екендігі баса айтылған.
Оқулық сөйлем мүшелерінің формаларын, жасалу жолдарын мол көрсетіп, олардың
коммуникативтік қажеттілікті өтеу диапазонын мол ашып берген. Әсіресе, бастауыш,
баяндауыш мүшелердің сөйлемнің құрамдық, коммуникативтік сипатын қалыптастырудағы
ролін ашуға көп көңіл бөлінген, соған лайық олардың формалары да тәптіштеп көрсетілген.
Ол формалардың коммуникативтік қызметі де талданып отырады. Сөйлем мүшелерін сөз
тіркестері жүйесіндегі заңдылықтардың да қатысатындығын айту – сөйлем синтаксисі үшін
тың мағлұмат болып табылады. Сөйлем мүшелері формаларының арасында ауысулар да
болып тұрады екен. Бұл синтаксистік құбылысты да осы оқулықтан біліп отырмыз.
Жақтық ұғымның қалыптасуы және ондағы негізгі көріністермен қатар сөйлеу мәнеріне
байланысты өзгерістердің болатыны да осы еңбекте алғаш аталған.
Оқулықта жай сөйлем синтаксисі жүйесін кұрайтын негізгі ережелермен қатар, соларға
үстеме болып қалыптасқан екі синтаксистік амал талданады. Олар: қайталау амалы және
шегеру амалы. Қайталау тілде жиі жұмсалатын, орныққан құрылымдық ережесі бар,
қалыптасқан қызметі бар амал ретінде тиянақты баяндалған.
Шегеру амалы да тілде орныққан, бірақ ескерілмей, зерттеуге түспей жүргені анық. Шегеру
амалы екі позицияда жұмсалады екен: біріншісі – бастауыштық позицияда, екіншісі –
баяндауыштық позицияда. Шегеру амалының сипаты, жұмсалысы нақты фактілер арқылы
баяндалған. Бұл амалдар осы оқулықта алғаш аталып, талданып отыр.
Қорыта келе айтарымыз: Р. С. Әміров пен Ж. Р. Әмірованың "Жай сөйлем синтаксисі" атты
окулығы жаңа мазмұнда, мол фактілер негізінде жазылған оқулық. Онда тіл біліміндегі соңғы
теориялық тұжырымдамалар, қазақ тіл біліміндегі соңғы нәтижелер ескерілген.
Оқулық қазақ тілі синтаксистік жүйесінің байлығы мен икемділігін студенттерге жан-
жақты таныстыра келіп, жай сөйлем жүйесі біртұтас құбылыс ретінде көрсетіледі. Бұған дейін
тілде орныққанмен, зерттеушілер назарынан тыс қалып келген синтаксистік амалдар накты
талданады. Оқулық қазақ тілі мамандарын жаңа нарықтық жағдайға сай дайыңдауға, олардың
біліктілігін, практикалық қабілетін жоғары сатыға көтеруге негіз бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: