Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Оқытуды ұйымдастыру формасы –



Pdf көрінісі
бет188/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы 
мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында 
оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Портфолио – студенттің оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін 
жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу процесінің 
студент үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, студенттермен кері байланыс құру тәсілі 
болып табылады; 
Шарт – объектінің өмір сүруінің немесе әрекет етудің керекті базасы, негізі ретінде 
көрінеді. Педагогика ғылымында шарттарды объективті және субъективті деп ажыратады. 
Философтар шарттарды қажетті және жеткілікті деп бөліп қарастырады. Шарт оқиға 
салдарының, заттар өзгеруінің және әлемнің объективті құбылысын анықтаушы ретінде 
қарастырылады.
Модельдің технологиялық блогы студенттердің бастауыш сынып оқушыларының оқу 
нәтижелерін бағалауға кәсіптік даярлығының технологияларын кіріктіреді және ол үш сатыны 
құрайды: кәсіптік-бағдарлық, теориялық-аналитикалық және кәсіптік-шығармашылдық. 
Болашақ мұғалімнің оқу жетістіктерін бағалауға даярлығы кезінде оқу жұмыстарының әр 
түрлі формалары мен әдістерін пайдалану аса маңызды нәрсе: лекциялар, практикумдар, 
зертханалық жұмыстар, өзіндік жұмыстар, ғылыми-зерттеушілік жұмыстар, педагогикалық 
практикалар, дербес, топтық, ұжымдық кеңес берулер; түсіндірме-иллюстрациялық, 
репродуктивтік, ішінара-іздестірушілік, зерттеушілік және оқытудың шығармашылық 
әдістері, «портфолио» презентациясын жасау технологиялары.
Кәсіптік-педагогикалық қызметке даярлық деңгейін бағалау критерийлер жүйесін жасаған 
бірқатар авторларға (С. А. Осокина, В. Л. Синебрюхова, Е. Л. Перькова, А. П. Тарасова, Е. В. 
Шаталова және т. б.) сүйене отырып, және бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға даярлығының құрылымдық компоненттеріне 
сәйкес біз аталмыш даярлықтың төмендегі критерийлері мен көрсеткіштерін анықтадық: 
бағалаушылық қызметке эмоционалдық-құндылықтық қарым-қатынас (кіші оқушылардың 
дамуы үшін бағалаушылық қызметтің маңызын сезінушілік; бағалаушылық қызметке 
қызығушылық; педагогикалық өзін-өзі жетілдіруе бағдарлық); оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау үшін қажетті білімдердің қалыптасқандығы (саналылық; толықтық; 
танылу тереңдігі; жүйелілік); технологиялық іскерлік (бақылау-бағалау қызметтің тәсілдері 
мен амалдарын меңгеру); рефлексивтік мінез-құлық (рефлексивтік әрекеттерді сезіну; барабар 
өзін-өзі бағалау; рефлексия негізінде өз қызметін түзету).
Көрсетілген критерийлер негізінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға даярлықтың 
қалыптастырылғандығының үш деңгейі айқындалды және сипатталды: жоғары, орта, төмен – 


289 
бұл компоненттердің әрқайсысы (мотивациялық-құндылықтық, когнитивтік, әрекеттік және 
рефлексивтік) дамудың әр түрлі деңгейінде қарастырылады.
Модельдің әрбір компоненті болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқыту нәтижелерін 
бағалауға даярлау үдерісінде өз міндеттерінің бір бөлігін шешеді және олар бұл үдерісті 
бірлікте ғана нәтижелі және тиімді ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет