291
бір мезгілде оның үлгісі ретінде көрініп, жүйелі бейнедегі байланыс жөніндегі пікірлер оның
аналогтары мен деңгейлері және қырлары арасындағы пікірлердің байланысуын білдіреді.
Т. А. Грошева халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларының коммуника-
тивтік құзыреттілігін қалыптастыруды бір адамның қажеттілігі мен қызығушылығы қарым-
қатынасқа бастамашылдығын тудырады. Қарым-қатынастың екі серіктестігінің қажеттілігі
мен қызығушылығы қарым-қатынасқа түсуге ықпал етеді деп анықтаған [1]. Ал, В. Г.
Гаджиагаева интегративтік тұғыр негізінде шет тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыла-
рының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың үлгісін мотивациялық,
ұйымдастырушылық, мазмұндық, үдерістік, бағалау-нәтижелілік компоненттердің бірлігінде
қарастырып, педагогикалық шарттарының жүйесін көрсеткен.
Коммуникативті құзыреттіліктің кейбір алуан түрлі түсіндірмелеріне қарамастан, барлық
авторлар оның құрылымындағы жалпы үш компонентті бөліп қарастырады: теориялық,
практикалық, тұлғалық. Авторлардың тұлғалық компонент сипаттамасына қатысты айтқан
пікірлерінің әртүрлі болуы, педагогикалық біліктілік мәселесіне қатысты сұрақтарды зерттеп
жүрген және тұлғаға бағдарланған, кәсібіне мотивациялық мақсаттың қатынасы ретінде
әртүрлі түсіндіріледі. Р. Беллдің құзыреттілік үлгісінің айырмашылығы коммуникативтік
құзыреттілікті әлеуметтік құрамға енгізбеу, соңғысын өзінің компоненттерінің бірі ретіндегі
құрамға енгізген. Әңгімелесушілердің коммуникативтік құзыреттілігі – табысты қарым-
қатынастың жалғыз ғана факторы емес, тиімді қарым-қатынас жасаудың критерийлерін
анықтау өте маңызды болып табылады. Осы аталған қағидалар мен түсіндірмелерді ескере
отырып, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың
деңгейлері, өлшемдері мен көрсеткіштеріне сипаттама берейік.
Достарыңызбен бөлісу: