Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет191/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Мотивациялық компоненті – қарым-қатынасқа қызығушылық, практикалық әрекетте өз 
білімдерін, біліктерін және дағдыларын жүзеге асыруға қажеттілігі. Когнитивтiк компонент 
– балалардың қарым-қатынас туралы бiлiмi және оны саналы ұғынуы. Бастауыш сынып 
оқушыларының когнитивтік компоненті бойынша: іс-әрекеттік компонент – қарым-қатынас 
білігі, дағдысы және құзыреттілігі. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасқа 
қызығушылығы, ұмтылысы, түрткісі, сараланған білім негізінде қарым-қатынасқа белсенді 
қатысуына ұмтылысы және дайындығы, коммуникативтік біліктері мен дағдыларының 
қалыптасуы, қарым-қатынас әрекетіндегі мақсатқа жетудегі қиындықтарды жеңу біліктілігі. 
Таңдалған компоненттердің негізінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптастырудың өлшемдерін таңдауды жөн көрдік. Педагогикалық 
әдебиеттерде өлшемдерді жіктеуге байланысты әртүрлі тәсілдер берілген: бірінші тәсіл 
мақсатқа жетудің дәрежесін бағалаумен анықталады.
Р. Беллдің құзыреттілік үлгісінің айырмашылығы коммуникативтік құзыреттілікті 
әлеуметтік құрамға енгізбеу, соңғысын өзінің компоненттерінің бірі ретіндегі құрамға 
енгізген. Әңгімелесушілердің коммуникативтік құзыреттілігі – табысты қарым-қатынастың 
жалғыз ғана факторы емес, тиімді қарым-қатынас жасаудың критерийлерін анықтау өте 
маңызды болып табылады.
Мұнда өлшемдер жалпы (мақсатты құруда тіркелетін талаптарды көрсетеді және соңғы 
нәтижелерді диагностикалау үшін қолданылады) және жеке деп (үдерістің нақты міндеттерін 
көрсетеді және аралық нәтижелерді талдауға қолданылады) бөлінеді. Екінші тәсіл – 
бағыттылығымен, қолдану әдістерімен және орнымен анықталады. Бұл тәсілде сыртқы 
формасына қарай нәтижелердің көрінуімен байланысты өлшемдер (когнитивтілік; әрекеттің 
түрін анықтауға қабілет; әрекеттік өлшем және т. б.) және жасырын түрде нәтижелердің 
көрінуімен байланысты өлшемдер (мотивациялық-қажеттілік; тұлғаның кәсіби маңызды 
сапалары; құндылық бағдарлары және т. б.) анықталады. Психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерде «өлшем» терминінің біртұтас анықтамасы жоқ. Шет елдік сөздікте өлшемдер 
(латын тілінен аударғанда «критериум» – салыстыру) сөзі жеткен нәтижелер салыстырылатын 
эталондық көрсеткіш ретінде беріледі. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік 
құзыреттілігінің құрылымын анықтай алатын өлшемдерді нақтылауға мүмкіндік берді.


292 
Біз өлшемді субъектінің сапалық жағдайын белгілейтін, сандық сипаттамасының қандай 
шкалада екенін белгілеуді салыстыру ретінде, ал көрсеткішті – абсолютті сандық сипаттама 
деп түсінеміз.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің диалогтық, жазбаша, көпшілік алдында 
сөйлеу және топпен қарым-қатынасқа түсу түрткілері арқылы іс-әрекетті орындаса, ал оларға 
деген қызығушылығын өзінің іс-әрекетінде басшылыққа алады.
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін 
қалыптастыруда диалогтық сөйлеуі, көпшілік алдында сөз сөйлеуі, жазбаша сөйлеу тілі, түрлі 
қарым-қатынас құралдарын орнымен пайдалануға, топта өзінің құрбыларымен, ересектермен 
пікірталас тудырып, мәселелерді шешуге деген қызығуы арта түседі. Біз ұсынатын үлгімізде 
аталған компоненттің көрсеткіштері ретінде мыналарды көрсеттік: 
– диалогтық сөйлеуге қызығуы; 
– көпшілік алдында сөз сөйлеуге қызығуы; 
– жазбаша қарым-қатынасқа түсуге ынтасы; 
– түрлі қарым-қатынас құралдарын орнымен пайдалануға түрткісі; 
–топта өзінің құрбыларымен, ересектермен пікірталас тудырып, мәселелерді шешуге деген 
қызығуы.
Коммуникативтік біліктілік мазмұнының сипаттамасын В. А. Кан-Калик, А. В. Мудрик, А. А. 
Леонтьев, Е. И. Пассов, Н. В. Кузьмина, И. С. Батракова, . А. Зязюнь, А. В. Батаршев, И. А. Зимняя, 
Б. М. Теплов, Н. Ф. Радионова, Г. Г. Почепцова зерттеулерінен табуға болады. А. В. Мудриктің [2], 
пікірінше, коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруда бір жағдайдан екінші жағдайға өте білу 
іскерлігі, оны тосыннан қолдана білуге машықтандыру секілді стандарттық дағдыларды меңгеруде 
бірнеше сатылардан өтуі, оларды қарым-қатынасқа дайындаудың ең маңызды аспектісі болып 
табылады делінген. Коммуникативтік біліктілікті қарыптастыру сатысында мынадай өзіндік 
сипаттамалары айқындалады:
а) жаңа жағдайда оқушыға белгілі білім мен дағды, шешім нұсқалары, қарым-қатынас жасай 
білу тәсілін жеткізе (тасымалдай) білу іскерлігі, олардың нақты жағдайдағы ерекшеліктеріне сай 
өзгеріп отыруы; 
ә) оқушыға бұрыннан белгілі ой, білім, дағды, тәсілдер қисындасуындағы (комбинациясында) 
жаңа коммуникативтік жағдайға сай шешім таба білу іскерлігі; 
б) нақты коммуникативтік жағдайларды шешуде жаңа әдістер мен тәсіл жасап, құра білу.
А. Н. Леонтьев [3], коммуникативтік біліктілік топтарын «бағдарлау» деп жалпы аталатын, 
өз кезегінде ұсынылған үш аспектіде: кеңістікте, мерзім бойынша, әлеуметтік қатынас ретінде 
қарастырған: 
1) cеріктестерінің мінез-құлқын бағдарлай білу, оның көңіл күйі; серіктесінің мінезін 
дұрыс түсіну, т. б. адамның мінез-құлқын анықтайды; 
2) қарым-қатынаста серіктес боларлық және олардың өзара, т. б. байланысын бағдарлай 
білу іскерлігі жақындық дәрежесі мен сенім білдіру өлшемдерінде өзінің және серіктестерінің 
жыныстық жас ерекшеліктері мен рөлдік дәрежесіне қатынасын білдіреді; 
3) қарым-қатынас жағдайында бағыт таба білу іскерлігі. Бұл ептіліктің маңыздылығы 
нақты жағайдағы қарым-қатынас ережесінің маңызды бейнесі ретінде анықталады.
Сатылап даму ұстанымына сүйене отырып қазақ тілін оқыту жақсы нәтиже береді. Бұл 
ұстаным бойынша істелетін жұмыстар бірте-бірте қиындай түседі, яғни орындалатын 
жұмыстар жеңілден қиынға қарай күрделене береді. Бағдарламада тақырыптар бірте-бірте 
күрделене беріледі. Біздер соңғысын араластыру ұстанымынан тілдік ойлау әрекетіне 
өзгерттік, оның ерекшелігі барлық оқу пәндерінің материалдары негізінде коммуникативтік 
әрекетті белсендірумен қорытындыланып, коммуникативтік құзыреттілікке қатысты жалпы 
пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға қызмет етеді. Бұл ұстанымды жүзеге асыру 
оқушылардың қарым-қатынасқа қаншалықты бағытталуы мен субъектілік тәжірибиесінің 
қалай ескерілуі, олардың қызығушылығы, бейімділігі, ұмтылысы, жеке маңызды 
құндылықтары ұсынылған коммуникативтік тапсырмаларға байланысты. Бөліп алынған 
ұстанымдарды әдіс-тәсілдерде жүзеге асырамыз: 1) рөлдік қарым-қатынас тәсілі; 2) қарым-


293 
қатынастың пікірталастық тәсілі; 3) өзара коммуникативтік оқыту тәсілі (ақпарат алмасу, 
топпен шешім қабылдау, бірлескен әрекет жұмысын басқару және т. б.); 4) ойын әдісі: 
сюжетті-рөлдік ойындар, режиссерлік ойындар, ойын-викториналар, ойын-конкурстар, 
топтық пікірталастар, аяқталмаған ертегіні жалғастыру, ұжымдық сурет салу, жағдаятты 
ойнау. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы – диалог. Оқушылар оқу іс-әрекетінде 
орындаушы емес, белсенді мүшесі бола алады, ұйымдастыру формасы болып табылады. 
Диссертациялық зерттеуіміз бойынша, психологиялық-педагогикалық дереккөздерді талдау 
нәтижесіне шолу жасауда, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін 
қалыптастырудың кезеңдері анықталып, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптастыру құрамына енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет