55
тіркес құрай алатынын ескертеді. Р. Әмірдің осы тұжырымына екі түрлі қағидатты аңғаруға
болады:
1) бүгінде
бір сан есімімен бірге жазылып жүрген күрделі атаулардың бәрі де сөз тіркесі
ретінде бөлек таңбалануы керек;
2) А. Байтұрсынұлы ұстанымымен үндескен ғалым тұжырымына сәйкес жинақтық сан
есімдердің өзіндік ерекшелігі көрсетілген.
Ахмет Байтұрсынұлы есептік сан есімдерді
өз ішінен жай есептік, жадағай есептік деп
жіктегені белгілі. Бүгінгі таңда «жинақтық сан есім» атауы сан есімдердің бұл тобының
ерекшелігін айқындап бере алмайды. Себебі қазақ тіліндегі сан есімдер жеті сөзбен (біреу,
екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу) ғана шектелмейді. Әрі бір сөзі жинақтық мәнді білдіре
алмайды. Атау дұрыс болмағандықтан, оқушылар көп ретте жинақтық сан есімдерді топтау
сан есімдерімен (атауларын) шатастырып жатады. Бұл орайда Ахмет Байтұрсынұлының атауы
әлдеқайда дәл берілген, сан есімнің осы тобының ерекшелігін ашып бере алады.
Қазақ тілінде «жадағай» сөзі «жалаң» деген мәнде де қолданылады. Профессор Р. Әмір
айтқандай, тіркеске сан ecімнің «жинақтық» деп аталатын түрінен басқасы түгел
қатыса
алатындықтан (
екі концерт, екінші қатар), ал жетіге дейінгі сан есімдер (біреу, ... жетеу)
өзінен кейін сөздерді тіркестіре алмайтынына байланысты сан есімдердің бұл тобына
жинақтық дегеннен гөрі
жадағай деген атау әлдеқайда дұрыс, уәжді болар еді.
2013 жылы жарық көрген «Орфографиялық сөздікте»
бір сан есімімен келген атаулардың
бірге жазылған. Алайда күнделікті тұрмыста ондай бірліктер әрдайым
бір сан есімімен тіркесе
бермейді:
бірасым ет – екі асым, үш асым; бірауыз сөз – екі ауыз сөз, үш ауыз сөз; біраттам
Достарыңызбен бөлісу: