Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ХХ ғасыр басындағы қазақ тіліне қатысты зерттеулер. – Алматы: Қазығұрт, 2013. – 640 б.
2. http://kk. encyclopedia. kz/index. php
3. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1971. –170 б.
99
4. Мамырбекова Г. XVIII-XIX ғғ. араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық
ерекшеліктері: фил. ғыл. канд. автореф. Алматы, 2006. –130 б.
5. Жүнісбеков Ә. Әліпби ауыстыруды жазу реформасына айналдыру керек. Орал, 2007. – 32 бет
6. Жұбаева О. Қ. Кеменгерұлының тілтанымдық мұрасы мен лингвистикалық тұжырымдамалары. фил. ғыл.
канд... дисс.: 10. 02. 02. – Алматы, 2002. – 150 б.
7. Ахмет Ә. ХХ ғасырдың басындағы терминжасам ұстанымдары// Тілтаным, 2019. – №2. 40-46 б.
8. Атабаев Қ. Мерзімді басылым ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының
дерегі ретінде: монография. – Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1998. – 192 б.
Әбдіразақова А.Қ.
баспа ісінің магистрі
Қорқыт Ата атындағы ҚУ
АЙМАҚТЫҚ ТҰҢҒЫШ ТӘУЕЛСІЗ «АҚМЕШІТ АПТАЛЫҒЫ»
БАСЫЛЫМЫНА ТӘН ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері баспасөздегі материалдар тақырыбында,
мазмұнында, берілу пішіні мен жанрында түбегейлі өзгешеліктер, жаңалықтар пайда бола
бастады. Сөз бостандығы, жариялылық, демократия, егемендік, тәуелсіздік баспасөздің
бұрынғыға қарағанда барынша еркін сөйлеп, батыл ой айтуына, жабық тақырыптарды көтеріп,
ұлттық мүдде тұрғысынан баға беруге зор ықпалын тигізді. «Газет – жұртқа қызмет ететін
нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп
адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып
тұрады», - деген А. Байтұрсынов пікірі шындыққа айналды [1]. Газеттің түрлі қоғамдық
қызметтерін саралап берген журналистика саласының майталманының бұл пікірі бүгінгі түрлі
бағыттағы газеттер қызметі арқылы айқындала түсетіні шындық. Қоғамда болып жатқан әр
алуан, ірілі-ұсақты уақиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет жеткізу міндетін
атқаратын мерзімді басылым, уақыт өте келе баға жетпес құнды деректер көзіне айналды.
Жаңа қолданыстарды көпшілік арасында таратып, насихаттап, орнықтыру, тұрақтандыру
ісінде газеттің жетекші орынды иемденетіні ешбір дау тудырмайды. Осыған қатысты пікірге
ғалым Ш. Сарыбаев: «Әдеби тілімізде, оның ішінде, әсіресе, лексиканы, сөздік қорымызды
байытуда ақпарат құралдарының маңызы ерекше... жаңа қолданыстарды дүниеге келтіруде
көркем әдебиет емес, мерзімді баспасөз, ақпарат құралдарын бірінші орынға қояр едік», - деді
[2].
Қызылорда облысында жарық көрген ең алғашқы тәуелсіз газет – «Ақмешіт апталығы».
Басылым алғашында Қызылорда облыстық тіл басқармасының танымдық, ақпараттық-
жарнамалық басылымы ретінде 1994 жылдың 14 сәуірінен бастап жарыққа шыққан. Газет
Қазақстан Республикасының баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде тіркеліп, №890
куәлігі берілген. Құрылтайшысы: «Сырдария» және «Әділжол» шағын кәсіпорындары.
Сыр елінің тарихи-танымдық, әдеби басылымының оқырмандар арасына тез тарап,
танымал болуына газет редакторы Әділхан Бәйменов көп еңбек сіңірді.
Газет материалдарының өз оқырмандарының жүрегіне жол табуы жарық көрген
жарияланымның қандай айдар аясында, қандай тақырыппен жарық көргендігіне де тікелей
байланысты. Айдар(рубрика) – басылымның ішкі құрылымынан ақпарат беретін және оны
танытатын басты компоненттердің бірі болып табылады. Бұл мәселе туралы газет
лексикасының құрылымын зерттеген Б. Момынова айдарлар қызметі жағынан негізгі және
арнаулы болып бөлінетіндігі жөнінде «Газет лексикасы(жүйесі мен құрылымы)» атты зерттеу
еңбегінде біршама мәліметтер берген[3]. Сонымен бірге зерттеуші газет типтеріне ортақ
жалпылама және бір ғана газет типіне тән, соған ғана лайық арнайы айдарлардың
ұшырасатынынан да хабардар етеді. Біз зерттеу нысаны етіп алып отырған аймақтағы тұңғыш
тәуелсіз «Ақмешіт апталығы» басылымының өзге ақпарат құралдарынан өзгешелігі
егемендікпен ере келген тақырыптарды ұтымды көтере білгендігі болып табылады.
100
Бейтараптанған лексикалық элементтердің қатысуымен жасалған айдарларда жиі жарық
көрген. Бейтараптанған лексикалық элементтер туралы М. Белбаева: «Барлық стильде бірдей
қолданыла беретін стильдік бейтарап сөздердің тобына негізгі сөздік қордағы сөздер енеді.
Стильдік бейтарап сөздер күнделікті өмірде жиі және жалпылама қолдану қасиетімен
сипатталады» дейді[4]. Яғни, бейтараптанған айдарлардың құрамы қарапайым сөз, сөз тіркесі
түрінде болатындығын айтады. «Ақмешіт апталығы» газетінде де осы тектес айдарлар жиі
болмаса да кездеседі. Мысалы: «Дүбір», «АП хабарлайды», «Салт, дәстүр, әдет, ғұрып»(1994-
2000), «2 ақпан – «Қазақ» газетінің жарық көрген күні»(2005ж), «Дерек пен дәйек», «Тәртіптік
кеңес», «Комиссия отырысы», «Форум», «Рәміздерге – 20 жыл!», «Сайлау -2012»(2012ж) атты
айдарларда баға беру жоқ, тек ақпарат ғана беріліп тұр. Ал мемлекеттік деңгейде көтерілген
саяси, тарихи, әлеуметтік мәселелердің насихатталуынан хабардар ететін «Ой-тамызық», «Ер
еңбегі ұрпаққа үлгі», «Қоғамның теріс жақтары», «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры», «Білгенім –
бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз», «Би болып өткен бабалар», «Кейіпкер кейпіне енгенде»,
«Халық қазынасы», «Жария-жаһан», «Әр елдің салты басқа», «Сөз қазына», «Бұралқы сөз»,
«Ақтаңдақтар ақиқаты», «Ұлттық мәселе» сынды айдарлар бағалауыштық қасиетке ие.
Жалпы газеттердегі айдарлар тілінің синтаксистік құрылысы аса күрделі болмайды. Себебі
айдарлар оқуға жеңіл, есте тез қалатын сипатта болып келуі міндетті. Айдарлар аясында
жарияланатын материалдар тақырыбымен үндесе жарық көруі тиіс. Аталмыш басылымдағы
жиі жарық көрген айдарларға талдау жасап көрелік:
1. Атау тұлғада және абстрактілі ұғымға құрылған айдарлар: «Дін – тәлім», «Тәуелсіздік –
тұғырым», «Жемқорлық – желім», «Сыбайластық – сорың», «Туған жер – алтын бесік»,
«Ойтүрткі», «Ойталқы»;
2. Атаулық тіркес түрінде келетін айдарлар: «Бұралқы сөз», « Иман иірімдері», «Ұлықты
ұлт боламыз десек...», «Той үстіндегі ой», «Ұят екен!»;
3. Қос сөз түріндегі айдарлар: «Жұлдыз-жорамал», «Әзіл-сықақ», «Жария-жаһан», «Салт-
сана», «Ой-пікір», «Семинар-тренинг»;
4. Септік жалғауларымен жасалған айдарлар: «Тәрбие – тал бесіктен», «Штаб отыры-
сынан», «Ел аузынан» (Шығыс септігінің жалғауымен); «Жазылған жайдың жаңғырығы»,
«Бүгінгінің әңгімесі», «Бизнестің жол картасы – 2020», (ілік септігінің жалғауымен); «Баспа-
сөз – баршаға», «Қазақстан қарулы күштеріне – 20 жыл», «Дәстүрлі жолдау – дамуға арқау»,
«Жазылған жайға жауап» (барыс септігінің жалғауымен). «Жоғымызды түгендейік» (табыс
септігінің жалғауымен).
Сонымен бірге аяқталған ойды білдіретін сөйлем түріндегі айдарлар да жиі болмаса да
жарық көреді. Мысалы «Әкім есеп берді, ісін ел бағалады», «Қуғын-сүргін құрбандарын еске
алды», «1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні» т. б.
Десекте газет журналистерінің мәтіндегі айтылатын ойдың жиынтығы тақырып арқылы
көрінеді. Басылымдар жарық көрген материал тақырыбы мен айдарларын тілдік тұрғыдан
талдау газеттің хабар жеткізу мен оқырманға әсер ету қызметтері ескеріле отырып жүргізіледі.
Газет тақырып жағынан өте ұнамды, ал мазмұны тұрғысынан оқырмандарға мейлінше
түсінікті болу қажет. Тақырып – өмірдің өзі ұсынатын идея. Саяси мәні мен мазмұны бар,
кезең қойып отырған міндеттерге жауап беретін, көпшіліктің назарын аударатын тақырыпты
таңдай білу аса қажетті шарт. Тақырыптар құрылысы жағынан қарапайым немесе күрделі
құрылымды болып келеді. Мәселен «Су неге сарғаяды?», «Мектептер мұң шағады...», «Жарық
айналасындағы жаңалықтар», «Көлік қорлығын көріп...», «Қаланың бас санитар дәрігері неге
ренішті?», «Көптен күткен күрделі жөндеу», «Қысқа дайындаламыз деп тазалықты
ұмытпайық»(2002ж) сынды әр түрлі жанрда материалдар жарияланған.
«Ұлттық мәселе» айдары аясында жарық көрген «Қазақ тілінің тағдырын қазақтың жоқтай
алмағаны ма?» атты проблемалық мақалада:« Шынында Елбасымыз өз сөзінде мемлекеттік
тілді білмейтіндерге қысым көрсетпей, орыс тілінде сөйлей берулеріне, мемлекеттік тілді
кейін үйренулеріне жағдай жасауға кеңес берген еді. Оның үстіне Ата заңымыздың 7-бабында
орыс тіліне ресми тіл деген лауазым берілгені белгілі. Осындай ұрымтал тұстарымызды
ұтымды пайдалана білген өзге тілділер сабаққа қатысуды мүлде тоқтатқан еді. Бір қарағанда
101
елеусіздеу боп көрінетін осы мысалдан мемлекеттік тілге деген көзқарастың қай деңгейде
екенін сезіну аса қиын емес сияқты», -деп қынжылады ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Қабір Арыстанғалиев. Мақалада мемлекеттік тіліміздің мәртебесі өсіп, өркен жаюына,
халықаралық қарым-қатынаста, саясат пен саудада кең қолдануына жол ашу үшін Ата
заңымызға өзгеріс енгізу қажеттігін айтады.
2006 жылдардағы санында «Жастардың отаншылдығы – болашақтың жарқын бейнесі»,
«Ақиық ақынға құрмет», «Аралдың мәселесі бір жобамен бітпейді», «Тәлім табалдырықтан
басталуы тиіс», «Жастық шағым сарғаймаса екен», «Маскүнем ұлдың әкесі болғаныма
өкінемін», «Мәнсіз махаббат» сынды материалдар жарық көрген.
2010 жылы «Түнгі судың хикаясы», «Әкімшілік қабырғаның құлағанын күтіп отыр екен»,
«Кері кеткендер «Келінді» түсірді немесе қазағым қайда барасың?», «Майдангерге зейнетақы
өз дәрежесінде төленуде», «Тұжырымдама Мәсімовті жұмыссыз қалдыруы мүмкін», «Өнегелі
өмір», «Қайыршыны қайыршы түсінеді», «Аға буын кімге сенбек?», «Сынақтан сүрінгендер
түрмемен қауышады» атты материалдар жарық көрген.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жаңалықтың жаршысындай ақпарат айдынына
шыққан Сыр өңіріндегі, қала берді еліміздегі тұңғыш тәуелсіз басылым ретінде газеттің
көтерер жүгі ауыр болды. Ұлттық болмыс, тіл, дін, діл мәселелерін көтеруі, ғасырдың
басындағы алашордашылардың, ұлт зиялыларының еңбегі мен тұтастығы, қазақ салты мен
дәстүрлері туралы ел ауызындағы әңгімелермен таныстырды.
Газет Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат министрлігінде 2011 жылы 27 сәуір-
де қайта тіркеліп, қазіргі уақытта бұл басылым қаланың тыныс-тіршілігінен ақпараттандыра-
тын қалалық басылым болып табылады. Қоғамдық-саяси қалалық басылымның директор-бас
редактор міндетін атқарушы – Кенжалы Ерімбетов. Жауапты хатшы – Ақтолқын Нұрлы-
байқызы. Тілшілер: А. Айтжанова, Г. Мақаджан, Г. Қожахметова, Мейрамгүл Дауылбайқызы.
«Аялаймын сені, Қызылорда!» ұранымен шығатын газеттің екінші беті «Билік», үшінші беті
«Руханият», төртінші беті «Ақтаңдақтар ақиқаты», жетінші беті «Қоғам», тоғызыншы беті
«Әлеумет» деп аталады. Сонымен бірге «Күн тәртібіндегі күрделі мәселе», «Мерей»,
«Ғибрат», «Ақпараттар ағыны» айдарлары да тұрақты болмаса да жарияланып тұрады.
Мысалы, «Конференция» айдары аясында Г. Қожахметованың «Әлем мойындаған Әуезов»[5]
тақырыбындағы есебі жарық көрген. Материалда А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде
қазақ халқының ұлы жазушысы М. О. Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына орай «М. Әуезов
шығармасындағы азаттық идеясы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция
өткендігі, шараның өткізілу деңгейі, қатысқан қонақтар туралы, жазушы шығармаларынан
сахналық қойылым көрсетілгендігі тураы жан-жақты мәлімет берілген. Сонымен бірге «Дін –
тыныштық пен ізгіліктің бастауы»[6] тақырыбында А. Нұрлыбайқызының «Руханият» бетінде
есебі жарық көрген. Аймағымызда діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен діни экстре-
мизмнің алдын алуға жергілікті атқару органдары тарапынан тұрақты жұмыстар жасала-
тындығы, осы бағытта құрылған республикалық ақпараттық-насихаттық топ өкілдерінің қала
тұрғындарымен кездесуі жөнінде хабарлайды. Жиын барысында қойылған сұрақтар мен
кездесуге мұрындық болғандардың пікірлері жөнінде толыққанды мәлімет берілген.
«Амбулаторияның жай-күйі алаңдатады» тақырыбындағы гауһар Қожахметованың
проблемалық мақаласында әлеуметтік салада күрмеуі шешілмеген жағдайлардың әлі де көп
екендігін, Қызылжарма елді мекеніндегі халық денсаулығын қадағалайтын, жанын
сауықтыратын өркениетке лайық емдек ғимаратының керек екендігі айтылады. Материалда
қазіргі емдеу ғимаратының тозығы жеткендігін растайтын фотосурет берілген. «... «Жорғаң
қатты болса, төске сал, ісің қатты болса көпке сал» дегенді ескеріп, біздің мақсатымыз – осы
күрделі мәселені кеңесіп, ел ағалары мен билік назарына ұсыну. «Болар істің басына, жақсы
келер қасына» дегендей, халық қалаулысының бастамасы шешімін тапса «нұр үстіне -нұр»
болар еді», -деген пікір білдіреді [7].
А. Батырбайқызының «Қоғамдық көліктің жолақысы көтерілуі мүмкін» тақырыбындағы
мақаласы жарық көрген. Талапқа сай жолаушыларға жағдай жасамаса да жол ақысының тағы
да қымбаттайтынын, ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелері мен
102
зейнеткерлердің қалтасына ауыр соғатыны жөнінде мәселе көтереді. «... Әрине, халыққа
қажетті қоғамдық көліктің бір жүйеге түскені. Тұрғындардың сапалы қызмет көрсетіп,
аялдамада күту азайса, адамды лық толтырып алу тыйылса, халықтың қуанары анық. Яғни,
жолақыны көтеру арқылы қызмет сапасы артса, өздеріне жағдай жасап отырған қоғамдық
көлікке халық та дән риза болар еді дейміз» деп қорытындылайды[8].
Мейрамгүл Дауылбайқызының «Айбынымыз бен айбарымызды айшықтаған күн»
тақырыбында орталық алаңда өткен «Менің Қазақстаным» тақырыбындағы патриоттар
акциясынан репортажы жарияланған[9].
Мысалға келтірілген материалдардың басым бөлігі әсер ету лексикасымен берілген. Газет
тақырыптарының синтаксистік құрылысы: жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлемшелер, сондай-ақ
сөйлем түрінде келетінін аңғардық.
1994-2012 жылдар аралығында қалалық басылым тіл, дін, ұлттық тәрбие, салт-дәстүр,
тарих мәселелерінің барлық қырлары, әлеуметтік мәселелер, жұмыссыздық, қылмыс,
экономика, ауылшаруашылық мәселелері, білім, саясат тақырыптарын жиі көтерген.
Алғашқы
тәуелсіздік
алған
жылдардағыдай 2011-2012 жылдардағы
газет
материалдарының сапалық тұрғыдан жақсарғанын айқындау қиын емес. Тіл, жер, нарық және
білім салалары жөнінде танымдық материалдары жарық көрген. Ұлттық тарих, мемлекеттік
тіл мәртебесі, жұмыссыздық мәселесі, нарықтық экономика, әлеуметтік мәселелер,
демография ахуалы, ұлттық рух мәселелері, қаладағы білім орындарының жағдайы, мәдениет,
өнер тақырыптары басылымда айрықша орын алған.
Достарыңызбен бөлісу: |