Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары


С. ЕЛУБАЕВ ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#9675
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

С. ЕЛУБАЕВ ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ 
 
Г. Елемесова, Б.Ш. Құралқанова 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
Смағұл  Елубаев  –  қазақ  прозасының  кәсіби  деңгейінің  өсуіне  үлкен  үлес 
қосқан  жазушы.  Жазушы  қаламынан  туған  көркем  туындылар  идеялық-көркемдік, 
рухани  тұрғыдан  да,  таным  тарапынан  да  маңызды  шығармалар  болып  табылады. 
Сан  алуан  тақырыпты  арқау  еткен  шығармаларының  тіл  кестесі  де  көркем  де 
бейнелі. 
Жазушы  «Ойсыл  қара»,  «Саттар  соқпағы»,  «Білте  шамның  жарығы»,  «Жарық 
дүние»  хикаялар  жинағының  және  «Ақ  боз  үй»,  «Мінәжат»,  «Жалған  дүние» 
романдарының,  «Қызыл  отау»,  «Өтелмеген  парыз»,  «Ай  астындағы  үй»,  «Сұрапыл 
Сұржекей»,  «Батыр  Баян»,  «Кек»  көркемсурет  фильмдер  сценариінің  авторы. 
С. Елубаев  туралы  академик  жазушы  Зейнолла  Қабдолов  жазушы  кітабының  алғы 
сөзінде:  «Талантқа  ең  керегі  екі  нәрсе:  еңбек  және  батылдық.  Смағұл  Елубаевта 
осының  екеуі  де  түгел  тұтас.  Өзге  шығармаларын  өз  алдына  қойғанда,  Смағұл  аз 
жылдар  ішінде  үш  роман  жазды.  Бұлар  –  күн  демей,  түн  демей,  ұзақ  сарылған 
еңбектің жемістері» [1,4], – деп жазады.  
С. Елубаевтың  шығарма  жазудағы  өзіндік  ерекшелігі,  көркемдік  құпияны 
игеруі,  образ  жасау  шеберлігі,  тарихи  деректерді  орайына  келтіріп  қисынды 
қолдануы, жатық та көркем тілі қай кезде де қалың оқырманның ықыласына бөлен- 
бей,  әдеби  ортаның  назарынан  тыс  қалған  жері  жоқ.  «Қоғам  мен  адам  өміріндегі 
жаңалық,  өзгерістерді,  дәуір  тынысын  танытатын  жайттарды  суреттеу  –  негізінен 
повесть  жанрының  табиғатына,  соның  көркемдік  ерекшелігіне  тән  құбылыс»  [2]  – 
деп, сыншы Т. Мәмесейіт айтқандай, С. Елубаевтың прозалық еңбектерінің тақыры- 
бы  өмірді  нанымды  сурттеуімен  құнды.  «Ұлыстың  ұлы  күні»  повесінде  жазушы 
кейіпкерлердің  іс-әрекеттерін,  өзара  қарым-қатынастарын  таныта  отырып,  өмірдің 
күрделілігін,  қайшылықтарға  толы  жақтарын  нанымды  оқиғалар  желісі  арқылы 
суреттейді.  Жазушы  шығармашылығы  өзіндік  дара  қолтаңбасымен  дараланып, 
бәрімізге етене таныс ауыл өмірі мен ондағы кең пейіл, қазақи мінезді адамдардың 
тағдырын,  күнделікті  тұрмыс-тіршілігін  бейнелеу  арқылы  ұлттық  мінез  мен  ұлт 
тағдырын көркем сөзбен кестеледі. 
«Ұлыстың  ұлы  күні»  повесінің  басты  кейіпкерлері  –  Кенелдік  пен  Дәмежан. 
Көп  қиыншылық  көріп,  небір  ауыртпалықты  бастан  кешірсе  де,  ішкі  жан  дүние 
сұлулылығын,  жүрек  жылуын,  биік  парасатын  жоғалтпаған  Дәмежан  тәрізді 
кейіпкердің  болмыс-бітімі  үлкен  ойға  қалдырады.  Шығармадағы  барлық  оқиға, 
жағдайлар осы адамдардың айналасында өсіп, өрбіп отырады. Повесте Кенелдік пен 
Дәмежанның  болмыс-бітімі,  ой-ниеттері  ашыла  түсетін  оқиғалар  шынайылығымен 
ерекшеленеді. Аталмыш повесть оқырманға ой салатын, айтары мол, әлеуметтік жүгі 
салмақты  шығарма  деуге  әбден  лайықты.  Повестің  басында  Дәмежанды  автор 
былайша  бейнелейді:  «Осыдан  төрт  жыл  бұрын  қолға  түскен  жабайы  аңның 
баласындай көзі мөлтілдеп, назарың тіке түссе де ыршып кетуге дайын тұратын бала 
еді  Дәмежан.  Өзі  сіреңкенің  талындай  талдырмаш  сұңғақ  бойлы  қыз.  Тал  бойында 
тазалықтан  басқа,  бұлалықтан  басқа  еш  қылау  жоқ  еді»  [1,17].  Жиырма  беске 
келгенше  Кенелдік  ешбір  қызды  ұната  қоймаса,  Дәмежанды  алғаш  көргеннен-ақ 
Кенелдік  бірден  ғашық  болады.  Байдың  малын  бағатын  әкесі  сырқаттанып  қалып, 

136 
 
Дәмежан  әкесінің  орнына  өріске  мал  бағуға  шыққан  сәтінде  Кенелдікке  жолығады. 
Кенелдік  ауқатты  әкесінің  Дәмежанның  түйешінің  қызы  екендігін  біліп,  аса  тең 
көрмесе  де,  ұлын  бақытты  етуді  ойлап  той  жасап,  екеуін  қосады.  Автор  бұл 
жағдайды  былайша  сипаттайды:  «Әке  дәулетін  шашып  Кенелдік  алдымен  өзіне 
үлкен  үй  жанынан  сәні  бүкіл  елден  өткен  ақ  отау  тіктірді.  Оның  уығын  күмістетіп, 
керегесін  алтын  туына  бояттырды.  Есіктен  төрге  дейін  түрікпен  халы  кілем 
төсеттірді.  Өз  арманын  орындап,  кедей  үйден  шыққан  қалыңдығын  алдымен 
батсайы, жібекке малынта киіндірді. Дәмежан сәнге бөленгеннен кейін еңсе көтеріп 
жаңбырдан соңғы гүлдей жайнады» [1,21].  
Көркем  туындының  бейнелі  құрылымының  өзіндік  ерекшелігін  ашу,  көркем 
мазмұнды  бейнелейтін  тілдік  құралдардың  қызметін  көрсету  жазушының  шебер- 
лігін,  тілінің  құдіреттілігін  таныту  болмақ.  Суреткер  туындыларында  көркемдегіш 
амал-тәсілдерді  қолданудың  өзіндік  ерекшелігі  көз  тартады.  С.Елубаев  өз  ойын 
барынша  көрнекті,  мәнерлі  түрде  беру  жағын  көздейді,  сол  үшін  де  ол  шығарма- 
ларында  көркемдіктің  тамырына  терең  бойлап,  оның  неше  түрлі  амал  тәсілдерін 
қолданған.  Образ,  характер  жоқ  жерде  көркем  шығарманың  елесі  де  жоқ.  Ал, 
образдың  ашылуы  оның  психологиясы  мен  нәзік  сезім  пернелерінің  бейнеленуіне 
тікелей  байланысты.  Ендеше,  кейіпкер  психологиясын  шынайы  өрнектеу  шеберлігі 
суреткердің эстетикалық ерекшелігі ғана емес, оның ерекше талантының айғағы да.  
Жазушының  характер  сомдау  шеберлігі  басқа  да  шығармаларынынан  айқын 
көрініс  табады.  Жазушы  өз  кейіпкерінің  қимылын  жеке-дара  алмай, оның  сөйлеген 
сөзімен ұштастыра суреттеп, оған өзінің авторлық көзқарасын білдіріп, кейіпкердің 
қандай  мінез-құлықтың  адамы  екендігін  тайға  таңбалағандай  білдіреді.  «Ұлыстың 
ұлы күні» повесіндегі басты кейіпкер Кенелдіктің ой топшылауларынан оның бүкіл 
тұлғалық  болмысы,  психологиялық  ахуалы,  барлық  мінез-құлқы  белгілі  болады. 
«Ұлыстың  ұлы  күні»  повесінде  С. Елубаев  Кенелдіктің  портретін  былайша 
сипаттайды:  «Табиғаты  бөлек  туған  Кенелдік!  Уақытынан  озып  туған  Кенелдік! 
Осылай деп бүкіл аймақ ел мойындайды. Бір бойына табиғат көрік пен талантты тел 
пішкен сирек жан емес пе ол. Қара тобырдан жарқырап бөлек тұру үшін жаз болса 
иығына желбірген ақ жбек шапаны жарқырап жетіп барғанда, қалың ел Кенелдіктен 
көз  ала  алмайды»  [1,23].  Жазушының  өзіндік  ерекшелігі  көркемдік  құралдарды 
характер  жасауда  ұтымды  қолдана  білуі.  Жазушының  өзіндік  стилі  де  қарапайым, 
сөз  саптасы  мен  жай  оқиғадан  үлкен  ой  түюге  деген  талабында,  қарапайым 
адамдардың психологиясында болып жатқан өзгерістерді шынайы жеткізе білуінде.  
С. Елубаев  аталмыш  повесте  көркемдік  құралдар  мен  бейнелеу  тәсілдерін 
тиімді  пайдалана  отырып,  шығармадағы  адам  характері,  оның  жан-дүниесін 
барынша терең ашқан. Әр қилы өмірлік кедергілер мен қақтығыстарда өзінің адами 
болмыс-бітіміне  кір  жуытпай  таза  ұстай  алған  Дәмежан  сияқты  кейіпкерді 
нанымдылықпен  сомдаған.  Қиын  жағдайда  Дәмежан  қайғы-қасіреттің  шылауында 
кетпей, қапа-наланың бәрін дала әйелдеріне ежелден тән көнбістікпен, қайсарлықпен 
қарсы алады. 
С. Елубаев  өз  повесінде  қарапайым,  кішкентай  нәрселер  арқылы  түбегейлі 
кесек мәселелер көтеріп, әлеуметтік-көркемдік ірі, күрделі ойлар айтумен бірге, осы 
мақсатта  барша  детальдар  мен  баяндау  формаларын,  монолог,  диалогтарды  шебер 
пайдалана алған. 
Повесте  Тәуіп  шешейдің  ақылынан  кейін  отбасында  береке  орнап,  Кенелдік 
пен  Дәмежанның  қарым-қатынасы  да  жақсара  бастаған  сәтте  Кенелдік  кенеттен 
қатты  сырқатқа  ұшырайды.  «Өмірдің  қай  саласында  болсын  шынайы  суреткер 
өзіндік  орнымен,  нақышымен  көрінеді.  Ақын-жазушы  тек  өзіндік  қолтаңбасымен, 
даралық суреткерлігімен, өз стилімен айқындалады. Онсыз өнер иесі жоқ» [3, 194], – 
дейді Т. Ақшолақов. 

137 
 
С. Елубаев  өмір  шындығын  көркем  шындыққа  айналдыруда  кейіпкер  көңіл-
күйіндегі  күйініш  пен  сүйініш,  т.б.  жүрек  түкпіріндегі  терең  тебіреністерді  тамаша 
суреттей  отырып,  оның  мінез-құлқын,  рухани  болмысын;  қысқасы,  психологиялық 
ішкі  портретін  оның  өз  аузынан  шыққан  сөздері  арқылы,  әсіресе  ішкі  монологпен 
жарқырата  ашып  береді.  Повестен  мысал  келтірелік.  Кенелдік  сырқатқа  ұшырап, 
ауылдың  молдасы  тұтқиылдан  соққан  оба  індеті  басталды  деп,  бүкіл  ауыл  үдере 
көшеді, тек қана жалғыз Кенелдік қана өртке оранған ауылының ортасында қалады. 
Әр  жазушы  үшін  кейіпкер  жанындағы  психологиялық  нәзік  те  сырлы  әрі  күрделі 
құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты 
мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. 
Бұл үдеден шыққан С. Елубаевтың басты кейіпкері де әр қырынан таныла алған.  
Автор осы кездегі Кенелдіктің психологиялық жай-күйін былайша сипаттайды: 
«Осы  уақиға  үстінде  жан  сарайына  бір  кіреуке  түсті.  Түнеріп  көңіл  түкпіріне  бұлт 
шөкті.  Реніш  бұлты.  Ой  сарабына  салып  байқаса,  жұрттың  жан  сақтап  қашқанына 
емес,  бұл  басқа  нәрсеге  ренжіпті.  Бейне  бұдан  құтылуға  асыққандай,  бір  жақыны 
келіп төбе көрсетпей, Кенелдік жұртта шошайып қалып бара жатқанда маңында Әли 
қабасақалдан өзге ешкім көрінбегені жанына батқан екен. Сол арада, ең болмаса, бір 
жанашыры  айналып  келіп:  «Кенелдік,  қош,  бақыл  бол!»  –  деп,  айтуға  жарамағаны 
несі! Ел дәстүрі қайда?  
Профессор  Б. Майтанов:  «Психологизм...  қаһарманның  рухани  әлемін,  жан 
сырын жеткізудің амал-тәсілдерінің жиынтығы» [4,232] десе, Г. Пірәлиева:  «Психо- 
логизм  дегеніміз  –  кейіпкердің  ойы  мен  іс-әрекетінің  кереғарлығы,  сана  қақтығы- 
сынан  тұратын  ерекше  көркемдік  жүйе»  [5,7]  екендігін  айтқан.  С. Елубаев 
кейіпкерлер  бойындағы  жақсы  қасиеттерді  жазушы  кейіпкердің  өз  сөзі,  өз  қимылы 
арқылы  шебер  көрсете  білген.  Оба  басталды  деп  ауыл  дүрліге  көшкенде,  елде 
жалғыз  қалған  Кенелдіктің  жан  қиналысын,  тебіренісін  С. Елубаев  повесте  бас 
кейіпкердің  монологы  арқылы  береді.  Кенелдік:  «Сен,  Қази,  өгейлігіңді  таныттың! 
Сен  Кенелдіктің  қаратабан  күйшіден  туғандығын  таныттың.  Әкем  Сахалин 
түрмесінде шірісе, одан туған Кенелдік жұртта шіруі керек екен ғой. Сеніңше, солай 
екен  ғой!  Кездесерміз  әлі  сенімен!  Кездесерміз!»  [1,72].  Бас  кейіпкердің  жан 
күйзелісі,  жанын  шыдатпай  бара  жатқан  сырқаттан  әбден  мезі  болған  кезеңіндегі 
тебіреністерін  автор  кейіпкердің  өз  атынан  баяндайды.  Сырқаты  меңдеп,  әбден 
шамасынан айырылған шақта Кенелдіктің бүкіл ғұмыры көз алдынан бір сәтке өтіп, 
көп  іс-әрекетіне  өкініш  танытады.  Сымбатты  сұңғақ  тұлғасы,  биязы  нұрлы  өңі, 
толқын  қара  шашы  қазір  топырақ-топырақ  болып,  тірі  жанға  керексіз  болып,  құла 
түзде  жатқан  кезінде  Дәмежанның  қадірін  түсініп,  кезінде  бағалай  алмай,  көп 
ренжіткендігіне  іші  удай  ашиды.  Бұл  жан  тапсырған  бойда-ақ  шуылдап  келіп 
жабылып  талап,  көзін  шұқуды  күтіп  отырған қарғалар  да  кетер  емес.  Осы  қиналыс 
кезеңіндегі бас кейіпкердің жан тебіренісі мынадай ойларымен өріледі: «Жер бетінде 
жасаған  бүкіл  шарапаты  мен  кесепаты  салмақтанар,  таразының  басына  түсер. 
Түбінде  әр  нәрсенің  бір  сұрауы  болғаны  ма?  Сұрауы  жоқ  нәрсе  болушы  ма  еді? 
Бәрінің  де  сұрауы  бар.  шымшықты  нақақ  өлтірдің  бе,  сұрауы  бар.  Әлсізге  қиянат 
жасадың ба, сұрауы бар. Жауап бересің! Неге, ең соңғы рет, құшағын жайып үстіңе 
құлаған Дәмежанды өкпеден тепкендей «кет» дедің екен! Ол пақырдың жазығы сені 
жақсы  көргені  ме  еді?!.  Қасыңда  болғысы  келгені  ме  еді?  Жат  осылай!  Қылмысың 
жалғыз бұл емес! «Теңім» деп бас қосқан жарыңды күңің етіп алдың емес пе? Оның 
бүкіл  тірлігі,  тынысы  сенің  қас-қабағыңда  тұрды  емес  пе?  Сен  қабақ  шытсаң  ол 
күйіп,  қабақ  жылытсаң  ол  күліп  келді  емес  пе?  Жай  жүрген  пақырды  тынышына 
қоймай тиісіп, таралй қиянат жасап жылатқан кезің болды ғой! Неліктен өйттің екен, 
Кенелдік?! Неткен қатыгез едің, Кенелдік! Қатыгез өзің айтқандай аспан емес, мына 
сенің  жүрегің  екен  ғой!  Сенің  шұлғауыңды  жуып,  сағағыңа  оралған  Дәмежанға 

138 
 
көрсеткен  әуселең  әлгі  болса,  қалған  жұртқа  не  жорық!  Қиямет  күні  неңмен 
ақтласың,  Кенелдік!  О,  аспан,  сенді  әділет  бар.  Әділетіңде  шек  жоқ  сенің!  Әділ 
жазаладың  сен!  Жүрегінен  аяушылық  кеткен  екен  бұның.  Жүректерден  аяушылық 
кеткенде Күн сөнеді демеп пе еді! Адам апатқа, зор апатқа ұшырайды демеп пе еті! 
Ұшырады, міне» [1,85].  
Кейіпкердің ішкі әлемі мен сыртқы іс-әрекетінің қабыспай, екіұдайылыққа бой 
ұруын  кейіпкердің  ішкі  монологтары  мен  авторлық  түсініктеме  арқылы  берген. 
Жазушы авторлық баяндау арқылы кейіпкердің еске алу, екіге жарылу, оқиғаларды, 
көріністерді,  басқа  да  кейіпкерлердің  іс-әрекетін  кейіпкердің  қабылдауы  арқылы 
беру  тәсілдерін  сабақтастыра  қолдану  нәтижесінде  кейіпкердің  ішкі  жан  дүниесін, 
психологиясын аша көрсету мақсатына жеткен. 
Автордың  шығармаларындағы  көркемдік  құралдардың  рөлі  ерекше,  өмірлік 
шындықты жан-жақты, терең ашып көрсетуде  септігін тигізетін көркемдік  элемент- 
терді орынды пайдаланған. 
 
Әдебиеттер 
1. Елубаев С. Жарық дүние. Повестер. – Алматы: Жалын, 1998. жыл. – 184 бет. 
2. Мәмесейіт  Т.  Дидар.  Әдеби  сын  (мақалалар,  портреттер  мен  эсселер).  –  Астана:  Елорда, 
2005. – 344 бет. 
3. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын талдау. – Алматы: Рауан, 2005. –224 бет. 
4. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әдемі. – Алматы, 1987. – 232 б. 
5. Пірәлиева  Г.Ж.  Қазақтың  көркем  прозасындағы  психологизм  және  оның  бейнелеу 
құралдары. – Алматы, 2007. – 327 бет. 
 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ 
ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ 
 
А.Е. Жумабекова, А.О. Каримова 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
Қазіргі  кезеңде  білім  берудің  сапасын  жақсарту,  әдістемелік  негізін  өзгерту 
заман  талабына  сәйкес  туындап  отырғаны  сөзсіз.  Өйткені,  мектептің  әр  күні 
көптеген  ғылыми  жаңалықтарға,  терең  әлеуметтік  өзгерістерге  толы.  Бұрын  оқу 
үрдісінде  мұғалім  басты  роль  атқарған  болса,  қазір  оқушының  белсенділік 
көрсететін  кезі  туды.  Сабақ  мұғалімнің  емес,  оқушының  іс-әрекетімен  бағаланады. 
Қазіргі  заманда  нені  оқыту  емес,  қалай  оқыту  маңыздырақ  болып  отыр.  Сабақ 
барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге 
деген  қызығушылықтарын  арттыру  мақсатында  қолданылатын  технологиялар 
баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». 
Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  –  әлемнің  түкпір-түкпірінен 
жиылған  білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Тәжірибені  жүйеге  келтірген 
Д.Л. Стил,  К.С. Мередит,  Ч. Тэмпл.  Жобаның  негізі  Ж. Пиаже,  Л.С. Выготский 
теорияларын басшылыққа алады [1, 138-140 б.]. 
Белгілі  ғалым  Д.  Халперн  «Сыни  ойлау  –  ойлаған  нәтижеге  жету  үшін 
танымдық  техникаларды  пайдалану  арқылы  шығармашылықпен  әрі  қарай  бағыттай 
ойлану.  Сыни  ойлау  –  белгілі  бір  мәселе  туралы  бар  идеяларды  жинақтап  оларды 
қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психология- 
лық үрдіс» екенін атап көрсеткен [2, 21-23 б]. 
Ал  Америка  профессоры  Д. Клустердің  «Сыни  тұрғыдан  ойлау  –  бұл  біздің 
XXI ғасырға жетуімізге мүмкіндік беретін ерекше қабілет», – деген [3, 5–6 б.]. 
Бағдарламаның  мақсаты  барлық  жастағы  оқушыларға  кез  келген  мазмұнға 
сыни  тұрғыдан  қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім 

139 
 
қабылдауға  сабақтарда  үйрету.  Біздің  елімізге  Джордж  Соростың  ашық  қоғамы 
институты,  «Сорос-Қазақстан»  қоры  арқылы  келген  бұл  технологиялар  мектеп 
тәжірибелеріне ене бастады. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан 
айынан бастап жүргізіліп келеді.  
Жаңа  технология  ретінде  ең  озық  әдістерді  дер  кезінде  игеру,  іздену  арқылы 
бала  бойына  дарыту,  одан  өнімді  нәтиже  шығара  білу  –  әрбір  ұстаздың  басты 
міндеті. 
RWCT  бағдарламасы  –  ағылшын  тілінен  аударғанда  «Сын  тұрғысынан  ойлау 
үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегия- 
ларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан 
ойлауды дамыту [4, 284-288 б]. 
Аталмыш  бағдарламаның  ішкі  құрылымында  ерекшелік  бар.  Бұл  құрылым 
3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, 
қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен 
қажеттісін алуға үйретеді. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  қызығушылықты  ояту,  мағынаны  тану, 
ой  толғаныс  кезеңдерінен  түзіледі.  Енді  осы  кезеңдердің  мақсат-міндеттеріне 
толығырақ тоқталып өтейік. 
Қызығушылықты ояту 
Үйрену  процесі  –  бұрынғы  білетін  және  жаңа  білімді  ұштастырудан  тұрады. 
Үйренуші  жаңа  ұғымдарды,  түсініктерді,  өзінің  бұрынғы  білімін  жаңа  ақпаратпен 
толықтырады,  кеңейте  түседі.  Сондықтан  да,  сабақ  қарастырылғалы  тұрған  мәселе 
жайлы оқушы  не  біледі,  не  айта  алатындығын  анықтаудан  басталады.  Осы  арқылы 
ойды  қозғату,  ояту,  ми  қыртысына  тітіркенгіш  арқылы  әсер  ету  жүзеге  асады.  Осы 
кезеңге  қызмет  ететін  «Топтау»,  «Түртіп  алу»,  «Ойлану»,  «Жұпта  талқылау», 
«Болжау»,  «Әлемді  шарлау»  т.б.  деген  аттары  бар  әдістер  (стратегиялар)  жинақ- 
талған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін 
арттыру.  Өйткені,  үйрену  –  енжарлықтан  гөрі  белсенділікті  талап  ететін  іс-әрекет 
екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, 
тобында  талқылайды.  Яғни  айту,  бөлісу,  ортаға  салу  арқылы  оның  ойы  ашылады, 
тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы 
бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.  
Ойлау  мен  үйренуге  бағытталған  бұл  бағдарламаның  екінші  кезеңі  мағынаны 
тану  (түсіне  білу).  Бұл  кезеңде  үйренуші  жаңа  ақпаратпен  танысады,  тақырып 
бойынша  жұмыс  істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оның  өз  бетімен  жұмыс  жасап, 
белсенділік  көрсетуіне  жағдай  жасалады.  Оқушылардың  тақырып  бойынша  жұмыс 
жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша 
оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – «білемін», ― – «мен үшін түсінік- 
сіз»,  +  –  «мен  үшін  жаңа  ақпарат»,  ?  –  «мені  таң  қалдырады»  белгілерін  қойып 
отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, 
ойын  білдіруге  үйрететін  ұтымды  құрал.  Бір  әңгіменің  соңына  тез  жету,  оқығанды 
есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында 
оқуға  жеңіл-желпі  қарау  салдарынан  түсіне  алмау,  өмірмен  ұштастыра  алмау  жиі 
кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді 
болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін 
белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну  үшін  бұрынғы білім 
арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.  
Тақырып  туралы  ой-толғаныс  –  бағдарламаның  үшінші  кезеңі.  Күнделікті 
оқыту  процесінде  оқушының  толғанысын  ұйымдастыру,  өзіне,  басқаға  сын  көзбен 
қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз 
сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, 

140 
 
ой  түйістіру,  өз  үйрену  жолын,  кестесін  жасау  мақсатында  басқалардың  әр  түрлі 
кестесін  біліп  үйренеді.  Бұл  үйрену  сатысы  –  ойды  қайта  түйіп,  жаңа  өзгерістер 
жасайтын  кезең  болып  табылады.  Әр  түрлі  шығармашылықпен  ой  түйістіру 
болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге 
лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық 
карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне 
қарай лайықтала қолданылады [5, 3–4 б]. 
Бүгінгі  таңдағы  оқыту  үрдісі  жаңа  әдіс-тәсілдерді,  жаңаша  идеяларды 
қолдануды  талап  етеді.  Әр  мұғалім  өз  іс-тәжірибесінде  көптеген  қиындықтармен, 
кедергілермен  кездеседі.  Ол  заман  көшіне  ілесу  үшін  өз  білімін  жетілдіріп  отыруы 
қажет.  
Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  бізді  қызықтырғаны  –  баланың  өзі 
ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын 
дәлелдеуші,  ал  мұғалім  осы  әрекетке  бағыттаушы,  ұйымдастырушы.  Оқушылар 
сабаққта  қалай  оқу  керектігін  меңгереді  және  дағдыланады.  Яғни  метатаным  пайда 
болады.  Өздері  ой  қорытады,  нәтижеге  жетуге  ұмтылады.  Мұғалім  оқушыға  қалай 
оқу  керектігін  үйретеді.  Дәстүрлі  оқыту  әдісінде  мұғалім  білімді  беруші  болған 
болса, жаңа оқыту әдісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты 
тұлға,  басты  кейіпкер-  оқушы.  Оқушыны  өз  бетімен  білім  алуға,  ол  үшін  ізденуге, 
терең  ойлауға,  зерттеуге  дағдыларын  қалыптастыру  қажет.  Жаңа  білімді  меңгерту 
үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Топтық жұмыс 
арқылы  оқушы  мен  оқушы  арасында,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  диалогты 
тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алады. Өз ойларын жарыса айтып, 
қызу пікірталас тудыра алады. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алады.  
Сабақ  жоспарын  оқушылардың  өз  беттерімен  меңгеруіне  ыңғайлы  етіп  және 
олардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  құрастыруға  тырысу  қажет.  Бұл 
оқушылардың  жауапкершіліктерін  арттырумен  қатар,  өзін-өзі  бағалаулары  үшін  де 
тиімді болмақ. 
Әр  сабақта  сандық  технологияны  және  оқушылардың  қызығушылықтарын 
арттырудағы  басты  құрал  болып  табылатын  АКТ-ны  қолдануды  ескеру  жөн. 
Алғашқы  сабақта  Блум  таксономиясына  негіздей  отырып,  презентация  түрінде 
өткізілді және семантикалық карта толтыру, инсерт, видеоролик қарау, т.б. әдістерін 
қолданылды.  Мәселен,  5  жолды  өлең,  реферат  жазу,  эссе  жазу,  туған  жер  туралы 
4 жол  өлең  құрастыру,  т.б.  Шығармашылық  тапсырмаларды  сыныпқа  жаппай  бере 
отырып, әр топтан тек қабілетті оқушылар орындап отырды. Бұл дарынды оқушыны 
анықтап  алу  үшін  оңтайлы  болды.  Тапсырманы  жеке  орындаған  оқушы  да  өз 
жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылады. 
«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар әлемі» тақырыпты өтуінде Жигсо – 
ұжымдық оқыту әдісі қолданылды. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. 
Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл  «жанұя» топтар деп ата-
лады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына «жұмыс» 
тобын  құрайды.  Оқуға  ұсынылатын  материалдың  тақырыбы  талқыланған  соң  осы 
мәтінді  түсіну  қажет  екендігі  ескертіледі.  4  логикалық  бөлікке  бөлінген  мәтіннің  
1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2  санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырыла-
ды. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін 
жақсы  меңгеру  қажеттілігін,  өйткені  сол  бөлікті  «жанұя  топ»  оқушыларына 
түсіндіруге  жауапты  екенін,  мәтінді  тұтас  түсіну  әр  оқушының  міндеті  екенін 
түсіндіру  қажет.  Келесі  кезекте  ұжым  мүшелері  бастапқы  топтарымен  қайта  табы-
сып,  өздерінің  үйреніп  келген  бөліктеріндегі  мазмұнды  ортаға  салып,  постер 
құрастырып,қорғады.  Осылайша  ұжым  мүшелері  бірін-бірі  оқытуға,  сол  арқылы 
ойлауға үйренеді.  

141 
 
Қорыта  келгенде,  қолданып  жүрген  жаңа  технология,  яғни  Сын  тұрғысынан 
оқыту  технологиясын  әлі  де  болса  толық  нәтижеге  жету  үшін  дамыту  қажет  деп 
ойлаймыз.  Ағылшын  тілі  сабағында  «Сын  тұрғысынан  оқыту  технологиясын» 
қолдану арқылы оқушылардың дүниетанымы қалыптасып, қазіргі таңда өз ойларын 
еркін  жеткізе  алады,  шығармашылық  жұмыстармен  жиі  айналысып,  білім  сапасы 
артады.  Бұл  арқылы  өз  бетінше  іс  атқаруы  қамтамасыз  етіледі  деп  ойлаймыз.  Сын 
тұрғысынан оқыту технологиялары элементтерін тиімді, әрі дұрыс қолданса, «Ағыл- 
шын тілі» сабағының сапасын арттыруға болатынына толық көз жеткізуге болады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет