Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет20/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#9675
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31

Әдебиеттер 
1. Аркен Сеитов. Триединство языков // Журнал «Байтерек».  
2. Америка  ғалымының  көзқарасы.  Идея  триединства  языков  в  Казахстане  правильна  и  будет 
способствовать развитию страны // Казинформ. – 15 мамыр. – 2008 жыл.  
3. Кузьмин  С.С.,  Шадрин  Н.Л.  Русско-английский  словарь  пословиц  и  поговорок.  –  М.:  Рус-
ский язык, 1989.  
4. Колпакчи М.А. Дружеские встречи с английским языком. – Ленинград, 1978.  
5. Тен Т. Трудности перевода // «Карав» газеті.  
6. Президенттің  Қазақстан  халқына  жолдауы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан».  Астана,  28 
сәуір. – 2007 жыл.  
7. Қалиев Ж., Мальцев В.С., Очаковская З.Н.. English – Ағылшын тілі. «Мектеп» баспасы, 1981.  
8. Мәдениет  және  ақпарат  министрі  Ермухамет  Ертысбаевтың  сұхбатынан.  «Чем  успешнее 
станет страна, тем больше людей заговорит по-казахски». 

147 
 
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІНДЕ РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
Ә.Н. Иқсат, А.К. Акылбекова 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
«Үштұғырлы  тіл»  туралы  идеяны  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  2006  жылдың 
қазанында  өткен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XII  құрылтайында  жария  еткен 
болатын. Ал 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында 
«Тілдердің  үштұғырлығы»  атты  саяси-әлеуметтік,  рухани-мәдени  жобаны  кезең-
кезеңмен  іске  асыруды  ұсынды.  Бұл  идея  –  менің  пікірімше,  елдің  болашағына 
бағытталған, зор үміт күттіретін, бүгінгі әлемдік қоғамдық қозғалыс ырғағының түп 
тамырын  дөп  баса  білген  көрегендіктің  жемісі,  еліміздің  адағы  уақытта  ұлы 
мақсаттарға қол жеткізудің стратегиялы бағдарламасы. 
Сондықтан  осы  қоғамға  бейімделген  көп  тілді  меңгерген  мәдениетті  тұлға 
қалыптастыру – өзекті мәселелердің бірі. Мектеп қабырғасында меңгерілген білімнің 
іргетасы берік әрі мықты болмақ. 
Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім. 
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту 
мақсатында  тіл  үйрету  саласында  әлемдік  озық  тәжірибелерді,  жаңа  технологиялар 
мен ойындырды барынша қолдануда. 
Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, 
ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылық- 
ты,  ізденіпаздықты,  іскерлікті,  дүниетаным  өрісінің  көлемділігінің,  көп  білуді, 
сондай-ақ,  басқа  да  толып  жатқан  сапалылық  қасиеттердің  қалыптастыруға  үлкен 
мүмкіндігі  бар  педагогикалық,  тиімді  әдістерінің  бipi.Ойын  кезінде  баланың  мінез-
құлқын,  білімін,  ой-өрісінің  кеңдігін  анықтауға  болады  және  осы  қасиеттер  ойын 
кезінде қалыптасады. [6, 171 б.] 
Жалпы ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс: 
Әліпбиді дұрыс меңгерту; 
Орфографияны дұрыс оқыту; 
Оқу дағдысын қалыптасыру; 
Лексиканы меңгерту; [3, 96 б.] 
Яғни  оқушының  ойын  дамыту,  дұрыс  жазу,  дұрыс  айту,  дұрыс  оқи  білу 
дағдыларын қалыптастыру. 
Ойын  түрлері  көп.  Соның  ішінде  бастауыш  және  орта  буын  сыныптарда 
пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсат- 
тағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, рөлдік ойындар т.б. Осылардың 
ішінде рөлдік ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзірет- 
тіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады. 
Рөлдік  ойындар  –  ойын  кезіндегі  басқа  адамдардың  іс  әрекеттеріне  тіл 
үйренушінің  жауап  ретінде  беретін  күтпеген  реакциясы.  (Revell  J.,  Taylor  J., 
Walford R.) 
Рөлдік  ойындар  –  тіл  үйренушінің  ойынға  қатысушылардың  бірі  ретінде 
берілген жағдайдың төңірегінде еркін импровизация жасауы. (Byrne D.) 
Рөлдік ойындар тілдік әрекеттің басты себепкері, өйткені тіл үйренушілер, бір 
нәрсені айту, сұрау, дәлелдеу, ойымен бөлісу қажеттілігін туындататын жағдайларда 
болады. 
Рөлдік  ойындардың  қалай  айту  керек  екендігіне  үйрететін  диалогтан 
айырмашылығы,  бір  нәрсенінеге  (не  себепті)  және  не  үшін  (не  мақсатпен)  айтуы 
керек  деген  сұрақтарға  жауап  береді.  Ендеше  ойындағы  әріптесіміздің  барлық 
назары әңгіменің мазмұнында болады. 

148 
 
Рөлдік  ойындар  оқушылардың  бір-бірімен,  оқытушымен  байланысқа  түсуін 
жандандырады, тілдік байланыста екі жақтың тең екендігін көрсетеді, оқытушы мен 
оқушының арасындағы кедергіні жояды. 
Рөлдік  ойындар  ұялшақ,  өз-өзіне  сенбейтін  оқушыларды  сөйлеуге  және 
сенімсіздіктен  арылуға  көмектеседі.  Әдеттегі  талқылауларда  көшбасшы-оқушылар 
белсенді  болып,  ұяң  оқушылар  сөйлемей  қала  береді.  Рөлдік  ойындарда  әр  оқушы 
рөл  алады  және  тілдік  байланыста  белсенді  әріптес  болуы  керек.  Ойын  барысында 
оқушылар тілдесудің мынадай түрлерін меңгереді: әңгімені бастау,  әңгімені  қолдап 
отыру, әріптесін қажетті жерінде тоқтатып қойып, оның ойымен келісу немесе жоққа 
шығару, әріптесін тыңдай білу, нақтылайтын сұрақтар қою т.б. 
Рөлдік  ойындар  оқушылардың  танымдық  қызығушылықтарына  жақсы  әсер 
етеді,  шетел  тілін  саналы  түрде  меңгеруге  септігін  тигізеді.  Ойынды  орындау 
барысында  жеке  оқушылардың  қабілеті,  оның  іскерлігі  көрінеді.  Оқушының  жеке 
тұлға  ретінде  дамуы  үшін  ойын  ерекше  орын  алады.  Оқытушы  әр  оқушының 
жұмысын  бағалауға  мүмкіндік  алады.  Ойын  студенттерге  бірігіп  жұмыс  істеуге 
бағыт  береді,  сондай-ақ  іздендіру,  іздену  дағдысын  қалыптастырады.  Ойынға 
қатысушылар  белсенді  жұмыс  істейді,  бір-біріне  көмектеседі,  бірін-бірі  мұқият 
тыңдайды, оқытушы тек оқу әрекетін басқарып отырады. 
Рөлдік ойындардың дайындығы төмендегідей кезеңдерден тұрады: 
1) ойын барысында пайдаланылатын тілдік материал мен мақсатын анықтау, 
2) ойынның сценарийін құрастыру, 
3) рөлдерді бөлу, 
4) тіл үйренушілерді психологиялық жағынан дайындау [1,86 б.]. 
Рөлдік ойындардың бірінші тобы ең қарапайым дайындық кезеңдерінің бірінші 
және  төртінші  кезеңдері-нен  тұрады,  екінші  тобы  барлық  төрт  кезеңнен  тұрады. 
Әсіресе бірінші ойынды өткізу барысында міндетті түрде психологиялық дайындық 
жасау керек, себебі студенттер өздерінің тек ойын ережесіне бағынатын-дығын және 
мақсатқа  жету  үшін  құралдарды  таңдауда  өздерін  еркін  сезінулері  керек  екендігін 
түсінулері  керек.  Рөлдік  ойындар  кезінде  оқытушының  да  рөлі  түпкілікті  өзгереді. 
Оқытушы  үйретуші  мен  бақылаушы-дан  ойынға  қатысушылардың  бір  мүшесіне 
немесе  көрерменге  айналады.  Ол  ойынды  байқатпай  қажетті  бағытқа  бағыттап 
отыруы  керек.  Ойын  барысында  оқытушы  қатені  жөндеу,  аудару  және  ұмытып 
қалған сөздерді айтып жіберу сияқты «зиянды» әдеттерді ұмытуы керек. 
Шетел  методистерінің  бірі  (Littlwood  W.)  рөлдік  ойындардың  төмендегідей 
басты ережелерін ұсынады: 
– тіл  үйренушіденөзін  аудиториядан  тыс  жерде,  нағыз  өмірде  болатындай 
жағдайғақоюын  өтінеді.  Бұл  кез  келген  нәрсе  болуы  мүмкін:  яғни  таныс  адамын 
көшеде кездестіруден бастап іскер келіссөздер, конференциялар және т.б.; 
– тіл үйренуші осындай жағдайлардағы белгілі бір рөлдеріне икемделуі  керек. 
Бір  жағдайларда  ол  өзін  ойнауы  мүмкін,  енді  бірінде  басқа  бір  кейіпкердің  рөліне 
енуі мүмкін; 
– рөлдік  ойынға  қатысушылар  өздерін  барлық  нәрсе  нағыз  өмірде  болып 
жатқандай  ұстауы  керек;  олардың  өзін-өзі  ұстауы  да  олардың  орындайтын  рөліне 
сәйкес келуі керек. 
– рөлдік  ойынға  қатысушылар  барлық  назарын,  тілдік  бірліктерді  тәжірибе 
жүзінде  тілде  әдеттегідей  бекітуге  емес,  коммуникативтік  бағытта  қолдана  білуге 
аударулары керек. 
Рөлдік ойындарға қойылатын басты талаптарды атап өтейік: 
– ойын  шетел  тілін  түсінуге  жағдай  жасауы  керек,  студенттердің  қызығу- 
шылығы мен берілген тапсырманы жақсы орындауға деген ынтасын оята білуі керек, 
ойынды нағыз өмірдегі тілдесу жағдайларына парапаретіп өткізу керек; 

149 
 
– мазмұны  мен  түрі  жағынан  рөлдік  ойындар  дұрыс  таңдалып,  ұйымдас- 
тырылуы қажет; 
– рөлдік ойынға топтың барлық студенттері қатысуы керек; 
– рөлдік  ойын  шығармашылық  тұрғыда  өтілуі  керек,  студенттердің  ойынға 
қанағаттанушылық сезімдерін оятуы керек. Студент ойын барысында өзін неғұрлым 
еркін  ұстаса,  тілдесу  барысында  соғұрлым  белсенді  жұмыс  жүргізеді.  Бірте-бірте 
студенттердің  бойында  әртүрлі  рөлдерді  ойнай  алатындай  өз  күшіне  сену  сезімдері 
оянады; 
– рөлдік  ойын  сабақ  барысында  алынып  жатқан  тілдік  материалдарды 
пайдалана  алатындай,  студенттер  белсенді  түрде  тілдік  байланысқа  түсе  алатындай 
етіп ұйымдастырылуы қажет; 
– оқытушы  рөлдік  ойындардың  нәтижелі  болатындығына  өзі  сенген  кезде 
барып, жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады. Рөлдік ойындарды өткізу  барысында 
оқытушының рөлі үнемі өзгеріп отырады. Жұмыстың алғашқы сатысында оқытушы 
студенттердің  әрекеттерін  тексеріп  отырады,  кейін  бірте-біртебақылаушыға 
айналады; 
– оқытушы мен студенттің арасында жақсы қарым қатынас орнауы қажет. 
Рөлдік  ойындарды  қолдана  бастаған  оқытушы  кей  кездерде  ойынның 
ойлағандай  болып  шықпайтын-дығын  білуі  керек.  Ойынның  жемісті  болуы 
студентке  де,  оқытушыға  да  байланысты. Рөлдік  ойындарды  ұйымдастыра отырып, 
оқытушы мыналарды есінде ұстауға тиіс: 
– студенттің  орнына  рөлдің  сөздерін  ойлап  табуға,  содан  кейін  оны  оларға 
қойылымдарға дайындалғандай жаттап алуға беруге болмайды; 
– рөлдерді  ойнау  барысында  қолданатын  сөздерді  сыбырлап  айтып  отыруға 
болмайды; 
– рөлдерді  бөлген  кезде  топтағы  қыздар  мен  ұлдардың  санын  ескеру  керек: 
ұлдарға  қыздардың  рөлін  ойнауға  болмайды  және  керісінше.  Ал  мүмкін  болмаған 
жағдайда ойынның сюжетін сәл өзгертіп, ұлдардың рөлін қыздар ойнайтындай етіп 
өзгерту керек; 
– міндетті  түрде  әрбір  рөл  үшін  қолданылатын  сөз  тіркестерінің  ең  төменгі 
санын анықтау керек; 
– оқытушы  студенттергесыбырлап  көмектеспеуі  керек  деген  оларға  көмек 
бермеу  керек  деген  сөз  емес.  Әрбір  ойын  үшін  қажетті  сөздерден  «шпаргалка» 
құрастырылады.  «Шпаргалканы»  плакаттың  көлеміндей  етіп  әзірлеп,  көрінетін 
жерге ілу керек. 
Келешекте  жаппай  12  жылдық  білімге  көшетіндіктен  12  жылдық  білім  беру 
бойынша  мемлекеттік  стандарт  жобасын  алып  қарасақ  та  оқытудың  ойын 
технологиясына  үлкен  мән  берілген.  Пәндік,  пәнаралық  сипаттағы  дидактикалық 
және  сюжеттік,  рөлдік  ойындар  білім  алушыға  өзін  танытуға,  жолдастарының 
пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін 
көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Рөлдік,  сюжеттік  ойындардың  көмегімен  білім 
алушылардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыратын  оқу  міндеттерін 
шешуге болады. 
 
Әдебиеттер 
1. Аренова  Т.В.  Практические  рекомендации  по  организации  и  проведению  ролевых  игр  на 
уроке иностранного языка. 
2. Иностранные языки в школе. – 1988. – №3.  
3. Рақымжанова С.Қ. Шетел тілін оқыту әдістемесі. – 2007. – №5. 
4. Сақтағанова М.С., Алиева Н.Қ., Айтбаева Н.Қ. Ағылшын тілін оқытудың әдістері // Білім. – 
2006. – №3. – 43-бет. 
5. Шетел тілін оқыту әдістемесі. – 2007. – №3.  
6. Шетел тілін оқыту әдістемесі. – 2007. – №5. 

150 
 
7. Шетел тілін оқыту әдістемесі. – 2008. – №4.  
8. Амандықова  Г.,  Мұхтарова  Ш.,  Баймұқанова  Б.,  Бисенғалиева  А.  Шетел  тілін  оқыту 
әдістемесі. – 2007. 
 
 
КЕЙС СТАДИ ӘДІСІН АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ 
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ 
 
А.С. Кайролла, А.О. Каримова 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
Кейс стади әдісі білім саласында жиырмасыншы жылдары бастау алады. 
Ол  нақты  жағдаят  анализінің  әдісі  болып  аталуы  мүмкін.  Әдістің  мәні 
қарапайым:  оқытуды  ұйымдастыру  үшін  нақты  жағдайлардың  (ағылшыннан 
аударғанда «case» – жағдай) сипаттамалары қолданылады. Оқушыларға шын өмірлік 
жағдаятты  түсіну  ұсынылады,  бұл  жағдайдың  сипаттамасы  тек  қандай  да  бір 
тәжірибелік мәселені көрсетпей, сонымен қатар бұл мәселені шешудегі қажет белгілі 
білім кешенін жаңғыртады. Осылайша мәселеде бір мағыналық шешім болмайды. 
Интерактивті әдіс бола тұрып, бұл әдіс өзінің ынталарын көрсетуге, теориялық 
ахуалды  түсіну  мен  тәжірибелік  машықты  меңгеруде  дербестігін,  тәуелсіздігін 
сезінуге  мүмкіндік  беретін  әдіс  ретінде  қарайтын  студенттердің  арасында  оң  баға 
алады.  Сонымен  қатар,  жағдаятты  талдау  студенттердің  кәсіптілігіне  қатты  әсер 
тигізеды,  олардың  есеюіне  әкеледі,  қызығушылықтары  мен  оқуға  оң  ынтасын 
қалыптастырады. 
Кейс  стади  әдісі  оқытушының  ойлауының  бейнесі,  өзгеше  ойлау  мен  әрекет 
етуге,  шығармашылық  потенциалын  дамытуға  мүмкіндік  беретін  оның  ерекше 
парадигмасы  ретінде  көрінеді.  Бұған  оқу  процессінің  кең  түрде  демократизация- 
лануы  мен  модернизациялануы  да,  оқытушылардың  ашықтылығы  да,  оларда  педа- 
гогикалық  қызметті  ынталандыруы,  этикасы,  ойлау  стилінің  қалыптасуына  жағдай 
жасайды. 
Жағдайдағы  әрекеттер  сипаттамада  берілуі  мүмкін,  ол  жағдайда  оларды 
(зардаптарын,  тиімділігін)  түсінуді  керек  етеді,  немесе  ол  әрекеттер  мәселені 
шешудің амалдары ретінде ұсынылуы мүмкін. Кез-келген жағдайда да, тәжірибелік 
іс-әрекеттің  үлгісін  қалыптастыру  оқушылардың  кәсіптік  қасиеттерін  қалыптас- 
тырудың тиімді құралы болып танылады. 
Кейс  стади  технологиясы  білім  саласында  1920  жылдары  Америка  Құрама 
штаттарындағы  Гарвард  университетінің  бизнес  мектебінде  пайда  болды.  Ол  өзінің 
инновацияларымен  белгілі  Гарвард  бизнес  мектебінде  басқарма  пәндерін  оқыту 
кезінде  алғаш  рет  қолданылған  болатын.  «Жағдаят»  термині  алғашында  медицина 
және құқықтану салаларында қолданылған болса, кейін бұл термин білім саласында 
жаңа мағынаға ие болды [1, 326-329б]. 
ХХ  ғасырдың  басында  Гарвард  университетінің  оқытушылары  дәріске 
қосымша  ретінде  студенттік  талқылау  ұйымдастыра  бастады.  Оқытушы  «мәселені 
ұсынды»,  оқушылардың  алдына  міндет  қойылып,  бұл  мәселені  шешу  амалдары 
қарастырылды.  Жағдаятты  тапсырмалары  жазылған  алғашқы  оқулықты  Коупленд 
1921 жылы Гарвард бизнес мектебінің деканы Волас Донамның (Wallace B. Donham) 
белсенді  қатысуымен  жариялады.  Бұл  әдісті  әлемде  бар  жерге  тарату  70–80-ші 
жылдары  басталып,  сол  кезден  бастап-ақ  бұл  әдіс  КСРО-да  да  таныла  бастады. 
Жағдаяттарды  талдау-анализы  басқарма  мүшелерін  оқытуда,  көбінесе  жоғарғы  оқу 
орындарының экономикалық мамандықтарында пайдалана бастады, ең алдымен, бұл 
шешім қабылдауға үйретудің әдісі ретінде оқытылған болатын. Бұл әдісті енгізу мен 
дамуына  Г.А. Брянский,  Ю.Ю. Екатеринославский,  О.В. Козлова,  Ю.Д. Красовский, 

151 
 
В.Я. Платов, Д.А. Поспелов, О.А. Овсянников, В.С. Рапоппорт және тағы басқалары 
елеулі үлес қосты.  
Қазіргі уақытта бұл әдіс кең таралған, әсіресе экономика, басқармаға үйретуде 
және  бизнес-білімде  қолданылады.  Қазір  кейс-стади  амал-тәсілін  педагогикалық 
оқыту  үрдісіне  енгізу  әдіс-тәсілдерін:  Л. Барис,  В.А. Ясвин,  К. Кристенсен,  Э. Хан- 
сен,  М.В. Коротков,  М.В. Кларин,  А.И. Наумова,  А.М. Зобина,  М.С. Керимбаева, 
В.А. Канн-калик,  Н.Д. Никандров,  Б.Н. Киселева,  И.В. Липсина,  Г.А. Полонский, 
Д. Экинсон, И. Уилсондар қарастыруда. 
Кейс-стади  әдісін  пайдалану  енді  тек  оқытумен  шектелмейді,  сонымен  қатар 
бұл әдіс зерттемелік әдіс ретінде белсенді түрде қолданылады. Мысалы, 2003 жылы 
Томск  қаласында  «Ашық  білім  беру  кеңістігіне  көшу  құбылыстары  мен  үрдістерін 
зерттеу»  атты  зерттемелік  бағдарламаны  жүзеге  асыру  басталды,  бұл  бағдарлама 
кезінде  кейс  стади  әдісі  зерттемелік  әдіс  ретінде  қолданылды.  Бұл  бағдарламаны 
жүзеге  асыруының  бірінші  қадамы  Г.Н. Прозументованың  «Білім  беретін  мекеме- 
лерде  өзгеріс:  кейс-стади  әдісі  арқылы  зерттеудің  тәжірибесі»  атты  кейс  жинақ- 
тарының шығуымен аяқталды [2, 1-14б]. 
Кейспен жұмысты ұйымдастыру 
Нұсқалар  өте  көп,  бұл  оқытушының  шығармашылығы  үшін  мүмкіндік.  Біз 
осындай жұмыс ұйымдастыруға болатын қарапайым сабақтың үлгісін ұсынамыз. 
Сабақтың ұйымдастыру кезеңдері: 
1. Бірлескен қызметке енудің кезеңі. 
Бұл  кезеңнің  басты  міндеті:  талқылау  мүшелерінің  бірлескен  қызметке  уәжді 
қалыптастыру, ынтасын көтеру. Осы кезеңде жұмыстың келесі нұсқалары мүмкін.  
Мәтін сабақ басталмас бұрын оқушыларға өздігінен меңгеруге және сұрақтарға 
алдын ала жауап дайындауы үшін таратылуы мүмкін. Сабақ басында оқушылардың 
мәтін  жайлы  білімдері  мен  талқылауда  қызығушылықтары  білінеді.  Мәтіннің 
негізінде жатқан бір мәселе анықталып, сәйкес тиісті бөлімге сәйкестеледі.  
1. Бірлескен  қызметті  ұйымдастыру  кезеңі.  Бұл  кезеңнің  басты  міндеті- 
мәселені  шешу  бойынша  қызметті  ұйымдастыру.  Қызмет  шағын  топтарда  немесе 
жеке  дара  ұйымдастырылуы  мүмкін.  Тыңдаушылар  уақытша  шағын  топтарға 
бөлініп,  мұғалім  бөліп  берген  уақытта  сұрақтарға  жауапты  ұжымдық  дайындайды. 
Әрбір  шағын  топта  (басқа  топтардан  тәуелсіз)  дара  жауаптарды  салыстырып,  оны 
өңдейді,  презентация  үшін  ортақ  бір  ұстанымға  келеді.  Әрбір  топта  шешімді 
таныстыратын  «спикер»  таңдалады  немесе  тағайындалады.  Егер  кейс  дұрыс 
жасалған  болса,  топтардың  шешімдері  ұқсас  болмайды.  Спикерлер  топтың 
шешімімен таныстырып, сұрақтарға жауап береді (шешіммен таныстыру барысында 
жағдаятты  теориялық  курстың  сәйкесінше  әдісті  қолдану  арқылы  талдауды  қамту 
керек;  шешімнің  мазмұнымен  қатар,  оны  таныстырудың  және  техникалық 
құралдарды  қолданудың  тиімділігі  де  бағаланады).  Оқытушы  ортақ  талқылауды 
бағыттайды және ұйымдастырады.  
1. Бірлескен  қызметті  талдау  және  рефлексия  жасау.  Бұл  кезеңнің  басты 
міндеті – кейспен жұмыстың білімдік және оқу нәтижелерін көрсету.  
Сонымен  қатар,  бұл  кезеңде  сабақ  ұйымдастырудың  тиімділігі  талданады, 
бірлескен қызметті ұйымдастырудағы мәселелер анықталады, болашақ жұмыс үшін 
алға міндеттер қойылады. Оқытушының келесі  іс-әрекеттері мұндай  болуы мүмкін: 
Оқытушы  талдауды  аяқтайды,  барлық  топтардың  жұмысы  мен  талқылау  үдерісін 
талдайды, оқиға барысын әңгімелейді, қорытынды шығарады [3, 16-18б]. 
 
Әдебиеттер 
1. Утегенова  Д.И.  Метод  case  study  как  современная  технология  обучения  студентов  /  ҚазҰУ 
хабаршысы. – Филология сериясы. – 2011. – №2(132). – 326–329 б. 

152 
 
2. Грузкова  С.Ю.,  Камалеева  А.Р.  Кейс-метод:  история  разработки  и  использования  метода  в 
образовании / Современные исследования социальных проблем. – 2013. – №6(26). – 1-14 б. 
3. Вагина  М.В.  Использование  метода  кейс-стади  как  образовательной  технологии  /  Вестник 
северо-западного отделения Росийской академии образования. – 16-18 б. 
4. http://www.casemethod.ru 
 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨПТІЛДІЛІКТІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ 
 
Д.Е. Капанова 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 
Х.С. Омарова 
Қазақ гуманитарлық-заң университеті, Астана қаласы 
 
Қазіргі  қазақ  қоғамында  болып  жатқан  ең  маңызды  аспектілердін  бірі  тіл 
саясаты  болып  табылады.  Тілдердің  үштұғырлылығы  [1]  –  бұл  біздің  еліміздегі 
мемлекет  басшысының  бастамасымен  бірегей  жоба  арқылы  іске  асырылып  жатыр, 
өйткені мемлекеттік саясаттың осы бөлігі ұлт көшбасшысының назар аударуына өте 
лайық.  Көптілді  білім  беру  мен  көптілді  игеру  қазіргі  уақытта  маңыздылығы  және 
өзектілігі  жоғары  мәселе.  Инновациялық  үдеріс  ғылым  салаларының  тоғысуы  мен 
бірігуіне  ғана  емес,  сонымен  қатар  тың  ғылыми  салалардың  қалыптасуы  мен 
дамуына  да  әсерін  тигізуде.  Тіл  білімі  ғылымы  соңғы  кездері  көптеген  жаңа 
бағыттарды  қамтып,  ғылыми-теориялық  және практикалық  жағынан  кең  өріс  алып, 
қарыштап  дамып  келеді.  Бұл  бағыттардың  пайда  болып  отырғаны  қазіргі  өмір 
талабы  мен  уақыт  сұранысына  сәйкес  екені  баршамызға  белгілі  нәрсе.  Біз  осы 
уақытқа дейін тек қазақ тілі мен орыс тілдеріне ғана көңіл бөліп келсек, қазір заман 
талабына сай жаңа салаға, жаңа бағытқа – когнитивтік лингвистикаға айрықша көңіл 
аударудамыз. Бұл сала қазақ, орыс, ағылшын тілдерін бір-бірімен салыстыра отырып 
үйрету принципіне негізделген.  
Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған 
көкейтесті  мәселелердің  бірі,  себебі,  жаһандандыру  және  кибер  кеңестікке  шыққан 
заман тілдерді білуді талап етеді. Қазір көптілді білім беру – мектептегі оқу пәндерін 
екі немесе одан да көп тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына 
жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік 
беретін  қажеттілік.  Көптілділік  біздің  қоғам  үшін  Елбасының  «үш  тұғырлы  тіл» 
тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім.  
Социолингвистикалық  тұрғыдан  тілші  ғалым  Б. Хасанұлы  қостілділік  мәселе- 
сіне  көп  назар  аударып  жүр.  Б. Хасанұлы  мына  мәселеге  ерекше  көзқарас  білдірді: 
«Ана  тілінің  дамуы  жанұядан  бастау  алады.  Алайда  кейбір  қазақ  жанұясында  ана 
тілінің  қолданылуы  көңіл  көншітпейді.  Мемлекеттік  қамқорлыққа  алынған  орыс 
тілінің  арқасында  көптеген  өз  тілін  білмейтін  қала  қазағы  бақуатты,  ана  тілін 
білмегендіктен, ұлттық мәдениеттен мақрұм, сондықтан да ондайлар ұлттық патрио- 
тизмнен  ада  болады.  Оның  жанұясында  балалары  мен  немерелері  басы  біріккенде 
ана  тілінде  сөйлесе  алмаса,  оларда  отансүйгіштік  те  болмауы,  керек  десеңіз, 
көзқамандық  орын  алуы  мүмкін.  Сондықтан  да  Қазақстанның  облыстары  мен  қала, 
аудандарында «Мемлекеттік тілдің тұрмыста, үй жағдайында қолданылуы» айрықша 
зерттеу  жобасы  нысанына  айналуы  керек.  Нәтижесінде  бесік  жыры,  ауыз  әдебиеті, 
қазақ  халқының  бай  мәдениетінен,  тарихы  мен  салт-дәстүрінен  мағлұмат  беретін 
эпикалық туындылар жалғасын тауып, қазақ төрінен орын алары хақ» [2]. 
Көптілділік  ауызекі  сөйлеу  тілінің  даму  кезеңінде  қалыптасады.  Себебі  бала 
отбасында  бір  тілде  сөйлесе,  балабақшада  немесе  аулада  бірнеше  тілдерді  игеруі 
мүмкін. Мәселен, қазір өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілді балабақшаларға, мектептерге 

153 
 
өз  балаларын  беру  жағдайын  көптеп  кездес.  Көп  балабақшаларда  қазақ,  орыс  және 
ағылшын  тілі  сабақтары  жүргізіледі.  Сонда  бала  мектепке  дейінгі  жасында-ақ 
бірнеше тілді қатар үйрене бастайды. 
Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасында  көп  тілді  білім  беру  орта  және 
жоғары  білім  беру  жүйесінің  негізгі  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Атап 
айтқанда  білім  беру  процесі  адам  өміріндегі  мәдени  құндылықтардың  қалыптасуы 
мен  дамуының  негізгі  кезеңдері.  Көптілділік  студентті  ұлттық  мәдени,  этникалық 
қажеттіліктерін жүзеге асыратын қолайлы ортамен қамтамасыз етеді. 
Қазіргі  замандағы  жағдайларға  байланысты  адам  өмірінде  көптеген  ұлттық 
ерекшеліктер  жойылып,  алдыңғы  ұрпақтардың  тәжірибелері  өз  бағасын  жоғалтып 
жататынын атап өткен жөн. 
Сондықтан қазіргі таңда осы мәселелерді шешу үшін оқытушылардың алдында 
мынындый маңызды міндеттер тұр: 
– қолайлы  білім  беру  ортасын  құруда  өзінің  бірегей  тәжірибесімен  қатар 
халықтар мен этностардың мәдени дәстүрлерін және әлемдік мәдениетті қолдану;  
– рухани-адамгершілік дәстүрлерін сақтай отырып, азаматтық құндылықтарды 
қалыптастыруға ықпал ету; 
– туған  халқына  деген  құрмет,  сүйіспеншілік,  мақтаныш  сезімдерің  ұялату, 
ұлттық  рухын  дамыту,  Отанын  құрметтеуге,  патриоттік  сезімге  және  өзінің  оқу 
орнын мақтан тұтуға тәрбиелеу; 
– толераннтық пен ұлтаралық мәдениеттке тәрбиелеу; 
– әлемдік  көркем  әдебиеттіоқыта  отырып  қазақстандық  қоғамның  мәдени 
құндылықтарына оң көзқарасты дамыту. 
Отбасында  компьютердің  болуы  мен  интернет  желісінің  үнемі  пайдаланылу 
жайы да бірнеше тілді игеруге және қолдануға жағдай жасайды. Бірақ тілдерді игеру 
адамдардың қызығушылығы мен қажеттілігіне қарай әр түрлі жүреді. 
Көптілділік үш тілде, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қарым- қатынасқа 
түсудің қажеттілігін тудырып отыр. Ұзақ уақыт бойына бірнеше табиғи тілдік ортада 
өмір  сүру  көптілділікке  әкеледі  және  оның  ұзақ  уақыт  есте  қалуына  әсер  етеді. 
Мұндай жағдайда адамдардың барлығы көптілді болып шығады. 
Көрнекті  ғалым  Э.Д. Сулейменованың  пікірі  бойынша  көптілділік  Қазақстан- 
дағы  тілдік  жағдайдың  бізге  тән  сипаты  екені  даусыз.  Яғни,  қазақ,  орыс,  ағылшын 
және басқа тілдердің белсенді қатысуымен жасалады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдері- 
нің  құзіреттілігі  әлеуметтік  және  кәсіби  ортада  мәртебелі  орынға  ие  болуының 
шынайы мүмкіндігін көрсетеді, бірнеше тілді практикада және кәсіби деңгейде білу 
бүгінгі  күннің  қажеттілігіне  айналып  отыр  [3].  Табиғи  көптілділіктің  ерте 
қалыптасуы балалық шағындағы сөйлеуді  бастау  кезеңімен тығыз байланысты. Бұл 
кезеңде  ата-ананың  әсері  жоғары  болып  келеді.  Қостілді  немесе  интернационалды 
отбасының  ата-аналарын  мына  сұрақтар  толғандырады:  екі  тілді  де  балаға  игерту, 
баланы  көптілді  азамат  ретінде  тәрбиелеу,  оқытуда  олар  «бір  адам  –  бір  тіл»  деген 
қағиданы қолданады. 
Көптілділікте  бала  тілдік  қатынас  жағдайына  қарай  нақты  бір  тілді  қолдану 
мүмкіндігіне ие болады. Көптілді бала үшін туыс емес бір тілден екінші тілге көшу 
қиындық тудырмайды. 
Еліміздің  қазіргі  заман  талабына  сай  ҚР  «Білім  туралы»  заңының  5-бабында 
«Барлық  оқу  орындары  мемлекеттік  жалпы  міндетті  стандартқа  сәйкес  мемлекеттік 
тіл  ретінде  қазақ  тілін  білу  мен  дамытуды,  орыс  тілі  және  бір  шетел  тілін  оқып 
үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген. 
Қазақстан  –  көпэтносты  ел,  сондықтан  да  бұл  елде  үштілділік  кең  тараған 
құбылыс. «Үш тіл» мен «үштілділік»-екі басқа, – деп Б. Хасанұлы айтқандай: үш тіл 
деген: 

154 
 
1) Әр түрлі этностың үш түрлі төл туындысы; 
2) Үш этносқа тән әлеуметтік тіршілік иесінің қатынас құралдары; 
3) Сөйлермендері әлемді үш түрлі тілдік тұрғыдан бейнелейтін тілдер; 
4) Мәдениетаралық тілдік қатынаста бір-бірін төзбейтін тілдер. 
Ал «Үштілділік» жайлы Қазақстанның тұңғыш социолингвист-ғалым Б. Хасан- 
ұлы  мынадай  анықтама  берген:  «Үштілділік»  –  үш  тілдің  тұтастығын  құрайтын 
біріңғай тілдік үдеріс. Бұл – әртүрлі тұлға, әлеуметтік топ не ұжым сөйлейтін үш тіл 
қолданысы емес, бір тұлға не бір әлеуметтік топ немесе бір ұжым, нақты бір  қоғам 
сөйлейтін үшем сөйленім [4] 
Қазақстандағы  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінен  тұратын  үштілділік  иесі  – 
қазақ, орыс, ағылшын ұлттарының өкілдері. Қазақтың қазақ, орыс, ағылшын үштіл- 
ділігі  дегенде  бұл  үштілділіктің  сөйлерменнің  ұлты  негізге  алынған.  Бұл  әлемдік 
тәжірибеге сәйкес келеді. Алайда үш тіл білгеннің бәрі бірдей үштілділікке енбейді. 
Ендігі  мақсат  үш  біртілділікті  тұлға  деңгейіндегі,  әлеуметтік  топ  деңгейіндегі, 
үштілділік құбылысына айналдыру болмақ. 
Көптілділік – заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру 
арқылы  ғана,  әлем  суретін  әр  алуан  әрі  тұтас  көруге  мүмкіндік  беретін  ұлттық 
мәдениеттің  барлық  ерекшеліктерін  және  құндылықтарын  сезінуге  болады. 
Көптілділік  адамдардарың  өзара  түсінісуіне  жол  ашады.  Ұғынысу  тікелей  жолмен 
емес,  сырттай  болуы  да  мүмкін,  бәрібір  адамның  белгілі  бір  хабарды  ұғып,  соған 
қатысты  іс-әрекет  жасауына  мүмкіндік  туады.  Алайда,  көптілділік  адамдардың  бір-
бірімен  ұғынысуында,  ойын  еркін,  толық  жеткізуінде  ерекше  қызмет  атқарады. 
Көптілділік  қоғамда  да,  өмірде  де  өзіндік  орын  алады.  Көптілділік  –  тек  адамзатқа 
ғана  тән  әрекет;  тек  адамдар  ғана  тіл  арқылы  сөйлей  алады,  ұғыныса  алады. 
Көптілділік адамзаттың ойлау, пайымдау процесімен бірге жүзеге аса отырып, тілдік 
қатынастың  негізі,  басты  құралы  болып  табылады.  Осы  қарым-қатынас  құралы 
болып табылатын көптілділікті ғалымдар әрқилы ерекшеліктеріне қарай жан-жақты 
зерттеп  келеді.  Көптілділік  әлемдегі  өркениет  пен  білім  жүйесіне  сәйкес 
тыңдаушылардың  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыратын,  ой-пікірін  дұрыс,  сауатты 
жеткізуге ықпал ететін, адам мен адамның қай тілде болса да түсінісуіне мүмкіндік 
беретін  сала  ретінде  оқу  жүйесіне  енгізілді.  Бұл  сала  қоғамдық  әлеуметтік  өмірді 
және  ғылым  мен  білімді  ұштастыра  келіп,  болашақ  маманның  дүниетанымын 
жетілдіріп, өзінше ой пікір түйіндеуге үйретеді. 
«Қазақстан  халқы  дүние  жүзінде  үш  тілді  бірдей  пайдаланатын  ел  ретінде 
көрінуі  тиіс.  Бұлар  –  қазақ  тілі,  яғни  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  –  ұлтаралық 
қатынастар  тілі  және  ағылшын  тілі  –  әлемдік  экономиканың  сәтті  қолданысындағы 
тілі»  делінген  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауында [5]. 
Қазіргі  әлем  –  жаңалықтар  мен  өзгеше  технологиялар,  өзгерістер  заманы. 
Заманның ендігі тетігі бүгінгі күнмен тірлік ететін адамды емес, болашақты кеңінен 
ой  елегінен  өткізетін  тұлғаны,  келешекті  кемел  ойлай  білетін,  дүние  өзгерістерінің 
себеп-салдарын жекелік талғаммен емес, жалпы адамзаттық өлшеммен қабылдайтын 
жандарды қажет етеді. 
Нарықтық  экономика  еңбек  нарығында  бәсекеге  қабілетті  мамандарды  қажет 
ететіні  белгілі.  Бұл  оқу  орындарының  барлық салаларына  жаңа  талап, жаңа  міндет, 
жаңа  мақсаттар  жүктейді.  Осыған  орай  білім  беру  жүйесінде  оқытушыларға 
қойылатын басты талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-
қатынаста  өзін  еркін  ұстап,  кез-келген  ортаға  тез  бейімделетін,  белгілі  бір  ғылым 
саласынан  білімі  мен  білігін  көрсете  алатын,  өз  ойы  мен  пікірін  айта  білетін 
полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. 

155 
 
Бүгінгі  күні  біздің қоғамымыздағы қостілділік біртіндеп көптілділікке ауысып 
келеді. Бул көптілділіктің негізгі басымдығы ана тіліне беріледі, өйткені, қазақ тілін 
мемлекеттік  тіл  ретінде  меңгеру  азаматтардың  бірігуіне  ықпал  етеді,  орыс  тілі 
ғылыми-техникалық  ақпарат  көзі  болып  табылса,  шет  тілі  адамдардың  өзін-өзі 
әлемдік қоғамдастыққа сәйкестендіру қабілеттерін дамыту үшін қажет.  
Көптілді  оқыту  –  жас  ұрпақтың  білім  кеңестігінде  еркін  самғауына  жол 
ашатын,  әлемнің  ғылым  құпияларына  үңіліп,  өз  қабілетін  танытуына  мүмкіншілік 
беретін  бүгінгі  күнгі  ең  басты  қажеттілік.  Әр  адамның  рухани-адамгершілігін 
арттыру  үшін,  бүгінгі  тез  өзгеріп  жатқан  дүниеде  өмір  сүріп,  еңбек  ету  үшін  жан-
жақты  болу  қажет.  Осыған орай,  бүгінгі  таңда  Қазақстанға  ақпараттық-технология- 
лық,  ғылыми,  медициналық,  оқу-әдістемелік  т.б.  салаларда  жаңалықтарды,  әлемдік 
ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының 
игілігіне  пайдалану  үшін  халықаралық  байланыстарды  нығайтып,  әлем  аренасына 
шығу  үшін  көп  тіл  білетін  мамандар  қажет.  Осы  бағытта  балабақшалар,  мектептер, 
ЖОО-дары  өз  үлесін  қосуда.  Нарықтық  экономика  еңбек  нарығында  бәсекеге 
қабілетті  мамандарды  қажет  ететіні  белгілі.  Бұл  оқу  орындарының  барлық  сала- 
ларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім  беру 
жүйесінде  қойылатын  басты  талаптардың  бірі  –  өмірден  өз  орнын  таңдай  алатын, 
өзара  қарым-қатынаста  өзін  еркін  ұстап,  кез-келген ортаға  тез  бейімделетін,  белгілі 
бір  ғылым  саласынан  білімі  мен  білігін  көрсете  алатын,  өз  ойы  мен  пікірін  айта 
білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.  
Бүгінгі  Қазақстанға  технологиялық  ғылыми,  медициналық  және  басқа  да 
салаларда  жаңалықтарды  өзінің  ана  тілінде  халқының  игілігіне  пайдалану  үшің 
халықаралық  байланыстарды  нығайтып,  әлем аренасына  шығу  үшін  көп  тіл  білетін 
мамандар  даярлау  қажеттілігі  туындап  отыр.  Замана  ағымына  лайықты  қазіргі 
алдымызда тұрған міндет  халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді 
өркениетті  елдер  қатарына  қосу.  Сол  өркениетті  елдер  санатына  қосылуына  ықпал 
жасайтын  еліміздің  ертеңгі  болашағы  жастарға  білім  мен  тәрбие  беретін-  мектеп. 
Болашақ  Қазақстанның  азаматтары  ескінің  көзіндей  жаңаның  ізіндей  болып 
дүниежүзілік  мәдениетті  танитын,  өзінің  төл  мәдениетін  сыйлайтын,  басқаға  өзін 
таныта,  сыйлата  алатын  рухани  дүниесі  бай,  білімді,  білікті  болуы  шарт.  Қазіргі 
заманда  оқыған  зиялы  азаматтардың  бірнеше  тілде  сөйлеуі  Қазақстанның  болаша- 
ғынан  елес  беріп  тұрғандай.  Сол  жас  өскіннің  өз  болмысын  тануға  ұмтылысына 
көмектесіп,  тереңде  жатқан  талап-  тілегін,  қабілеттерін  дамыту,  сол  арқылы  оған 
толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру- бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Бұл 
мақсаттың  орындалуы  үшін  оқыту  мазмұнының  жаңартылуы,  әдіс-тәсілдің  озығы 
өмірге  келуі,  ол  тәсілдер  әрбір  оқушының  қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытып, 
шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет