Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет22/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#9675
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31

Литература 
1. Томахин  Г.Д.  Реалии  –  американизмы:  Пособие  по  страноведению.  –  М.:  Высшая  школа, 
1988. – 259 с. 
2. Слепович  В.С.  Настольная  книга  переводчика  с  русского  на  английский.  –  Мн.:  Тетраси-
стемс, 2005. – 304 с.  
3. Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание. – М.: Русские словари, 1997. – 282 с. 
4. Гумбольдт В. Язык и философия культуры / Пер. с нем. – М.: Прогресс, 1985. – 276 с. 
5  Виноградов  В.С.  Общие  и  лексические  вопросы  перевода  /  Учебное  пособие.  –  М.:  КДУ, 
2004. – 240 с. 
6 Латышев Л. К. Технология перевода. – М.: НВИ-ТЕЗАУРУС, 2000. – 287 с. 
7 Садиков А.  В. Проблема перевода советских реалий в ее прагматическом аспекте / Тетради 
переводчика, вып. 21. – М.: Высшая школа, 1984. – 82 с. 
 
 

162 
 
О. БӨКЕЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ СИМВОЛДЫҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ 
 
Ж. Өміртай, Б.Ш. Құралқанова 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
Оралхан  Бөкеев  –  барлық  жанрда  қалам  тартқан,  қазақ  әдебиетінің  көркемдік 
әлемінде  ерекше  із  қалдырған  аса  көрнекті  жазушы.  Оралхан  Бөкеев  адамның  ішкі 
әлемін  ашып,  оның  жан  дүниесін  үңіле  зерттеуге  талаптанған.  Оның  шығарма- 
ларында  көтерілген  негізгі  тақырып  –  адам  тағдыры  мен  табиғат,  олардың  тұтас- 
тығы, бірлігі. Әдебиет әлемінде табиғатқа Оралхандай жан бітіруші, Оралхандай өлі 
табиғатты  адамша  түрлендіруші  кемде-кем.  Жазушы  шығармаларының  басты 
ерекшелігі  –  ерекше  сөз  саптауында,  тосын  ажарлау  құралдарын  пайдалануында, 
әсіресе тұспалмен берілген астарлы мағынасында. Әр шығармасында үлкен мағына, 
үлкен  мән  бар.  Сол  себепті  Дулат  Исабеков:  «Оралхан  бір  оқылатын  жазушы  емес. 
Оралхан  қайталап  оқуды  қажет  ететін  жазушы,  түсінгеніңше  оқи  беретін  күрделі 
суреткер» – дейді. Қаламгердің өз шығармаларына берген атауларының өзі – символ. 
Астарлы  мағынамен  ол  сол  қоғамдағы,  яғни  өзі  өмір  сүрген  қоғамдағы  ащы 
шындықты  айқын  көрсетті.  Оралханның  «Кербұғысы»,  «Қар  қызы»,  «Бәрі  де 
майдан», «Атау кере», «Құм мінезі» – қай-қайсысы да символға құрылып жазылған 
шығармалар.  
«Символ – бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір 
нәрсеге,  не  құбылысқа  құпия  теліп,  жасыра жарыстырып,  бүкпелей  бейнелеу,  ойды 
да  ашық  айтпай,  тартымды  тұспалмен  түсіндіру.  Символ  сөз  өнерінде  көркем 
кестеленіп  отырған  шындыққа  әсем  ажар,  байсалды  философиялық  астар  береді, 
шығармаға бір түрлі сыршыл сипат береді» [1, 103].  
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Оралхан шығармаларының басты ерекшелігі – 
табиғат  пен  адам  жанының  тұтастығын  суреттеуі.  Оның  шығармаларында  табиғат 
пен  адам  әрекеті  ажырағысыз  суреттеледі.  Жансыз  әлемге жан  бітіріп  суреттегенде 
алдына  жан  салмайтын  қаламгер  шығармаларының  бар  сыры  астарлы  мағынаға 
айналып,  өз  оқырманын  баурап  алады.  Соның  ішінде  астарлы  мағынаға  құрылған 
жазушының әңгімелеріне тоқталып өтсек. 
«Кербұғы»  –  символ.  Бұл  әңгімеде  аң  дүниесі  мен  адам  дүниесі  астасып, 
тұтасып кетеді. Кербұғы – өлімнің ақиқат екендігіне мойынсұну, өмірді сүю – өлімді 
мойындауға  барып  тірелетін  қорқытшылдық  идеяның  мәңгілігін  байқатады. 
Әдебиетте аң бейнесін сомдау кез-келген жазушының қолынан келе бермейді, себебі 
хайуанаттар әлемін ұғыну оңай емес, оның өз философиясы мен таным-зердесі бар.  
Оралхан  Бөкеев  Кербұғы  арқылы  өмір  философиясын  пайымдағысы  келеді: 
дүниедегі  ең  асыл  қазына  –  бостандық,  еркіндік  болса,  автор  сол  бостандықтың  да 
шектеулі,  ашкөздіктің  құрбандығына  айналған  жалған  кейпін  көрсетеді.  Маралдар- 
дың мүйізін кесіп, қан қылып кесіп алатын адамдардың қылығы бұл әңгімеде астары 
терең символға ұласқан. Сол «Кербұғыдағы» қат-қабат астарды адамзат қоғамына да 
телуге болады. Әңгімедегі маралдарды қоршап ұстау, Кербұғының қоршауды бұзып, 
қарғып  өтіуі,  бостандық  табуы  –  ол  қандай  қоршау,  жазушы  онымен  не  айтқысы 
келеді деген сауал туындайды. 
Кербұғы – дала тағысы, бостандықтың символы. Ол ешқандай тұсауға, қоршау 
мен қамауға көнбейтін жануар. Өзі қандай сұлу болса, оның сол сұлулығы, болмыс-
бітімі де соншалықты өзіне жау болды. Далада бостандықта азат ғұмыр кешкен тағы 
жануардың  жастық  шағы  мен  кәрілік  арасындағы  арпалысты  өмірі  жазушының 
көркем  тілі  арқылы  шебер  суреттелген.  Қоршаудан  асып  көрмеген  Кербұғы 
азаттықты аңсап, өмірдің соңғы секундтарын жалғыздықта өткізді. Қашанда қасында 
жүретін маралдар тобы болсын, бірге тетелес өскен басқа бұғылар болсын барлығы 

163 
 
Кербұғының бар-жоғын елеген де жоқ, бұдан айналасында болып жатқан «тірліктен» 
хабары  жоқ,  оған  жаны  да  ашымайтын  кейбір  адамның  мінез-құлқын  байқауға 
болады.  
Адамзат өмірі  де тар қоршаудан аса алмаған  Кербұғы өміріндей. Жазушының 
ұшқыр  ойы  адамның  осы  дүниеден,  жалғандықтан,  жиылып  болмас  алдамшы 
байлықтан,  көзі  тоймас  ашкөздіктен  тек  о  дүние  есігінен  аттағанда  ғана  бостандық 
алып,  еркіндікке  қол  жеткізетінін  меңзейді.  Кербұғы  да  тар  қоршаудан  секіріп 
шығып  өзі  қалаған  бостандыққа  қол  жеткізгенімен,  Ақшоқының  асқар  шыңын 
бағындырғанымен,  мылтық  оғынан  өлді,  осылайша  өзі  қалаған  бостандыққа  қол 
жеткізеді. Шыныменде тар қоршауды жарып шығып бостандыққа тек өлген сәтінде 
ғана ие болады. «Кербұғы көзінен от шашып, шегіншектеп барып бар қуатымен алға 
атылды, жаңбырдың суына иі  қанып былпылдаған жерге артқы қос тұяқтың  ізін оя 
тастады  да,  зу  етіп,  биік  қорғаннан  асыпақ  түсті.  Өң  мен  түстің  арасында  ес  жия 
алмай, біраз сілейіп тұрып, өз ерлігіне өзі қайран қалғандай секіріп билеп, Ақшоқыға 
қарай артына қайтып қайырылмастай тарта жөнелді» [2, 93].  
Кербұғы  тек  қана  аң  емес,  ол  –  адам.  Жастығы  оралмасқа  кеткен  қарт.  Өмір 
қоршауында  жалғыз  қалыған  өгей  ұл.  Өз  қатарластарынан  айырылып  жапанда  өзі 
ғана қалған қария. 
Оралхан  Бөкеев  реализм  мен  романтизмді  қатар  ұштастыра  білген.  Бір 
шығармасында қиялдан туған дүниеге оқырманын сендірсе, енді  бірде өмірдің ащы 
шындығын,  ақиқатын  айқын  көрсетеді.  Жазушы  шығармаларына  байланысты 
сыншы Т. Тоқбергенов: «Жас жазушының сөз саптауы, ой тастауы бөлек. Өзгеге көп 
ұқсай  бермейді.  Өздігімен  өзгеше  болып  көрінгісі  келеді  екен.  Даттарлығынан 
мақтарлығы  басым.  Қазірдің  өзінде  сыншы  санайтындардың  көбін  елеңдетіп 
отырған жайы бар» [3,14], – дейді.  
«Құм мінезі» – шығармаға арқау болып тұрған тақырыптың өзі символ. Оның 
қаламгерлік  шеберлігінің  бірі  осында.  Ол  шығармаға  тақырыпты  белгілі  бір 
детальмен  алады.  Осы  детальдан  символ  тудырып  шығарманың  өнбойына  арқау 
етеді.  «Құм  мінезі»  жазушының  характер  сомдаудағы  ерекше  бір  қырын  айқын 
көрсете білетін шығармасы. Осы жөнінде  академик С. Қирабаев былай деп жазады: 
«Оралхан  геройлары  –  біздің  бүгінгі  замандастарымыз.  Кәрісі  бар,  жасы  бар  – 
қайсысы болса да қазіргі дәуірдің азаматтық міндеттерін белсенді атқарып жүрген іс 
адамдары.  Жазушы  солардың  әрекеті,  мінез-құлқы,  көзқарасы  арқылы  бүгінгі  өмір 
шындығын, оның алуан сырларын ғана ашып қоймайды, өткенімізге де ой тоқтатып 
қарайды, болашағымызға да көз жібереді. Ол характерлерді шебер ашады, солардың 
көзқарасы,  түсінігі  арқылы  дәуірдің  өзекті  проблемаларын  батыл  көтереді»  [4,1]. 
Шынымен де жазушының әр кейіпкері оқырманын өзіне елітіп, баурап алады. Елден 
сауғалап  жиып,  сауын  айтып  сұраған  жалған  малмен  өз  атағын  шығарғысы  келген 
Сейітқұлдың  «бас-аяғы  бес-ақ  жылда  пайда  болған  ожарлығы»  қанша  көнбіс  болса 
да  ақыры  Барханның  төзімін  шарт  сындырады.  Бархан  асыраған  еліктің  лағын 
Сейітқұлдың итінің жеп кетуі Барханды ызаландырады. Жазушы оқырманды оқиғаға 
қызықтыру  үшін  кейіпкерлер  арасындағы  қайшылықты  үсті-үстіне  дамытып 
отырады. 
Барханның  өзін  қоршаған  ортаға,  адамдарға  деген  назы  монологтар  арқылы 
беріліп  отырады.  Соның  бірі  оның  құмға  қарап  жатып  айтқан  сөздерінен  байқауға 
болады. Олармен тілдеседі, назын айтады. 
– Ей, Қызылқұм, баяғыдай неге көшпейсің? 
– Көше бергеннен көрген пәтуаң қане? 
– Адамдар  үшін  жалғыз  жұтым  суыңды  неге  қимайсың?  Қазған  сайын  қаша 
бересің?  

164 
 
– Қазір  адамдардан  су  ғана  емес,  табиғаттың  орман-тоғайы,  аң-құсы  бәрі-бәрі 
қашып барады. 
– Ей,  Қызылқұм,  сен  неге  күлмейсің?»  –  деп  табиғатпен  сырласа  отырып, 
бойын  ауыр  күрсініс  билейді  [5,  632].  Шынымен  де  қазіргі  уақытта  табиғат  та 
адамнан  қашқандай.  Жанашыр  болып  бауырына  басатын  табиғат  ана  құрсағын 
жарып  шыққан  баласының  мың  құбылған  мінезінен  шошып,  одан  безінгендей. 
Немесе  көшкен  кезде  буырқана  долданып,  алай-дүлей  дүниені  төңкеретін  табиғат- 
тың  тосын  мінезі  адам  бойындағы  мейірімділікті  жұлып  алып  өз  мінезін  соларға 
айырбастағандай  көрінеді.  Ал  адамдар  болса  құм  мінезін  бойларына  сіңіріп  алып 
адамдық  қасиеттер  бастартып  меңіреу  күй  кешіп  жатқандай.  Оралхан  жазушы 
ретінде  адам  мінезінің  құм  сияқты  көшпелі,  ал  дүние  алма  кезек  ауысып 
отыратынын оқырманына нанымды суреттеп көрсете білді. Құм мінезі арқылы адам 
мінезін  көрсетті.  Адамды  тілсіз  табиғатпен  қатарластыра  суреттеді.  Адам  мінезін 
құм  мінезімен  алмастырды.  Осылайша  оқырманына  заман  өткен  сайын,  уақыт 
жылжыған сайын әр кезеңнің өз мықтысы болатынын түсіндіре білді. 
 
Әдебиеттер 
1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, Қазақ университеті, 1992. – 352 б. 
2. Бөкей О. Таңдамалы І том. – Алматы: Жазушы, 1994. – 496 б. 
3. Тоқбергенов Т. Қос қағыс. – Алматы: Жазушы, 1988. – 218 б. 
4. 60. Қирабаев С. 2 томдық шығармалар жинағы. Т.2. – Алматы: Жазушы, 1992. – 544 б. 
5. Бөкеев О. Ән салады шағылдар – Алматы: Жазушы, 1978. – 705 б. 
 
 
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ МЕН МЕҢГЕРУ ӘДІСНАМАСЫНА ШОЛУ 
 
С.Д. Сарсембаева, А.С. Жолдабаева 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
Әлемдік  жаңа  үрдістер  мемлекеттерді,  мектептерді,  отбасыларды  жасөспірім- 
дерге немесе балаларға ағылшын тілін және басқа шет тілдерін оқыту проблемасына 
жаңа  көзқараспен  қарауға  мәжбүрлейді.  Бұл  өз  кезегінде  бүгінгі  ағылшын  тілін 
дәстүрлі оқыту жүйелер мен әдістемелер тиімсіз деп мойындау керек.  
Ағылшын  тілін  дәстүрлі  оқыту  жүйесінің  бір  кемшілігі:  балаларда  коммуни- 
кативтік дағдылардың жеткілікті дәрежеде тиімді дамуына ықпал жасамайды, себебі 
ол  тек  ересектерге  бағытталған.  Осындай  бағдарламалар  ағылшын  тілін  екінші  тіл 
ретінде оқыту принцпинде негізделген. Ағылшын тілінің әлемдік іскерлік тіл болып 
қалыптасқаны,  оның  ересек  іскерлік  топтың  өкілдеріне  бағытталған  деп  айтуға 
болады. 
Нәтижесінде бұның негізгі кемшіліктері болып табылды: 
1. Оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынастың жоқ болуы. 
Ағылшын тілін оқытудың дәстүрлі жүйесінде грамматикалық құрылымдардың 
және  логикалық  ойлауға  негізгі  тірек  жасалғандықтан,  бұл  кішкентай  оқушыларды 
қызықтырмайды,  себебі  олар  белгілі  бір  ұғымдарды  меңгеру  үшін  жеткілікті 
білімдері  жоқ.  Сонымен  қатар,  бұндай  оқу  бағдарламаның  құрылуы  осылайша, оқу 
курсы бірті-бірте ақпарат берудің принциптерін және баланың тілді табиғи меңгеру 
ерекшеліктерін ескермейді. 
2. Грамматикада негізделген құрылым. 
Дәстүрлі  оқыту  бағдарламалары  ерте  жастағы  балаларға  күрделі  грамматика- 
лық  ережелерді  оқытуды  көздейді.  Шынайы  өмірде  балалар  ана  тілін  естіп  қабыл- 
дайды және меңгереді, содан кейін ғана процесті аяқтау үшін қажетті дыбыстармен 
танысады.  Басқаша  айтқанда,  олар  ересектер  сияқты  жүйелі  құрылымға  байланы- 
тырылған сөздер мен сөйлемдерді жаттап тілді меңгермейді.  

165 
 
3. Сөздік қорды толықтыруға бағытталған бағдарламалар. 
Ағылшын  тілін  оқыту  дәстүрлі  жүйесінде  сөздік  қорды  толықтыру  принципі 
жатыр.  Ол  жалған  сан  сапаны  білдіреді  деген  ұғымға  сүйенеді.  Дегенмен,  оқушшы 
мың  жаңа  сөзді  жаттап  алғаны,  оның  өз  ойын  толық  және  еркін  айта  алатынын 
білдірмейді.  Оқыту  принципіне  сәйкес,  оқушылар  жаттаған  сөздерді  дауыстап 
қайталауы оның сол тілде қарым-қатынас жасау қабілетіне мүлдем әсер етпейді. 
4. «Естіп / Қайталау» әдісі. 
Ағылшын тілін дәстүрлі оқыту бағдарламасына сәйкес, «естіп / қайталау» әдісі 
пайдалануы,  мұғалім  белгілі  бір  сөз  тіркесін  айтады,  ал  оқушы  оның  артынан 
қайталауы керек. Бірақ, шын мәнінде, оқушы белгілі бір сөз тіркестерін өзі қолдана 
алатындай, ол сол сөз тіркесін бірнеше рет, әртүрлі контекстерде естуі қажет.  
5. Ағылшын  тілінде  жоғары  сауатшылдықты  талап  ететін  оқуды  үйретеін 
фонетикалық әдіс. 
Дәстүрлі  бағдарламаларда  оқуды  үйрететін  фонетикалық  әдіс  АҚШ-тың 
балабақшаларында  қолданылды.  Бірақ  бұл  әдіс  ағылшын  тілінде  сөйлейтін 
адамдардың  балаларын  оқытқан  кезде  тиімді  емес  болып  табылады.  Өйткені,  олар 
қажетті сауаттылық деңгейін иеленген жоқ. 
6. Оқуға және жазуға дайын болмауы. 
Ағылшын  тілінде  қажетті  коммуникативтік  дағдылары  тудырағанда  және 
жеткілікті сөздік қоры, қабылдау қабілеті иеленгеннен соң, оқушыны оқуға үйретеді. 
Балалар тілді қалай пайдалану керектігін білмегендіктен, оқу мазмұндау формасына 
(жад бойынша дәйексөз) ие болады. Ал жазу тәжірибесі тек айтумен жатқа бойынша 
жазуға оқушының бастамасыз негізделген. 
7. Жеткіліксіз оқу сағаттары. 
Қалаған  нәтижеге  жету  үшін,  оқушылар  күніне  екі  сағат  тілді  оқуға  арнау 
керек. Ағылшын тілінің 75% құрайтын ауызекі 166 сөзді пайдалануды үйрену үшін, 
олар оқу, қайталау және жеткілікті түрде жаттығу жасау керек. Көптеген мектептер 
және ата-аналар күнде ағылшын тілін оқу үшін 2 сағат арнай алмайды.  
Вавилон  мұнарасының  құрысшылары  әр  түрлі  тілде  сөйлей  бастағаннан  бері, 
қоғамға  аудармашылар  қажет  болды.  Тілмаштар  барлық  жерде  бағаланды.  Соңғы 
кездерге  дейін  шет  тілдерін  оқу  қатал  шындықтың  орнына,  әуестік  іс  ретінде 
саналды.  Шет  тілін  білген  адам  белгілі  бір  шеңберге  тиесілі,  эстет  болып  саналған. 
Бірақ заман үнемі өзгеріп жатыр... 
Соңғы  кездерде,  білім  беру  технология  нарығы  ағылшын  тілін  сан  алуан 
тәсілдер  арқылы  үйрену,  деген  көптеген  ұсыныстар  кездеседі.  «Сіз  қандай  әдіс 
бойынша  оқытып  жүрсіз?»  –  деген  сұрақ  аса  көкейкесті  болып,  мәдениет  тұтыну 
зияткерлік  өнімнің  жоғарлауын  айғақтайды.  Абдыраған  студент  немесе  бизнесмен 
жиі лингвистикалық әдебиет, медиа-құралдар кітап сөресінің алдында қатып тұрады 
немесе  жарнамалық  хабарландыру  ұзын  тізімін  мұқият  қарап  отырады.  Таңдау 
белгісінің бірі – баға, ал ең негізгілері: «Ағылшын екі апта ішінде», «Ағылшын тілін 
оқытудың  коммуникативті  әдістемесі»,  «Ағылшын  тілі  тіл  иеленушілерімен 
Астанада»,  «Тиімді  жылдам-әдіс»,  «Ағылшын  соқыр  сезім  деңгейінде»  және  т.б. 
Адам көзінің алдында алуан түрлі жаңа және белгісіз әдістер кездесіп отырады. Ал 
бұл нәтижелер жағынан күмән туғызады. Заманауи технологияларға сенуге бола ма? 
немесе  өзін  жақсы  танытқан  «Бонк»,  «Eckersley»,  «Headway»  сияқты  бірте-бірте 
классика  әдістемелік  қатарына  көшкен  брендтарға  артықшылық  беруге  ме?  –  деген 
сұрақтар туады.  
XX  ғасырдың  аяғында  Ресейде  (сонымен  қатар  Қазақстанда)  шет  тілін, 
ағылшын тілін оқыту әдістерінде  «төңкеріс» болды. Бұрын барлық басымдылықтар 
грамматикаға,  сөздік  қордың  механикалық  меңгеруіне,  кітап  оқу  және  әдеби 
аудармаға  берілді.  Бұл  «ескі  мектеп»  принциптері  өз  жемісін  де  берген.  Бірақ, 

166 
 
қандай  бағамен?  Тілді  меңгеру  ұзақ  кертартпалық  еңбек  арқылы  жүзеге  асырылды. 
Айтарлықтай  бірдей:  мәтінді  оқу,  аудару,  жаңа  сөздерді  жаттау,  мазмұндау,  мәтін 
бойынша  жаттығу  сияқты  тапсырмалар  ұсынылды.  Кейде,  қажетті  іс  ауысым 
ретінде,  шығарма  немесе  диктант,  фонетикалық  жаттығу  тынығу  ретінде 
жасалынды.  Оқу  және  топиктермен  жұмыс  кезінде,  тілдің  тек  бір  функциясныа  – 
ақпатарттық  функциясына  басымдылық  берілді.  Таңданатыны  жоқ,  тілді  жоғары 
деңгейде меңгере алған тек өте талапшыл және еңбекқор аз адамдар болған. Есесіне, 
ондай  адамдар  тілдің  гармаматикасын  меңгеру  деңгейімен  Кембридж  түлектерімен 
батыл бәсекелесе алатын. 
Адамзат  тарихында  әртүрлі  зор  білім  беру  әдістемелері  әзірленді.  Бастапқыда 
барлық  шетел  тілдерін  оқыту  бағдарламалары  грек  және  латын  сияқты  өлі  тілдерді 
оқыту үшін әзірленген бағдарламаларынан алып қолданылған.  
Сол  бағдарламаның  аясында  барлық  білім  беру  процесі  оқу  мен  аударуға 
сайды. Дәл осы тәсіл негіздері ағартушылардың арқасында XVII ғасырдың аяғында 
қаланып,  XX  ғасырдың  ортасында  «Grammar  translational  method»  (грамматикалық-
аударма тәсіл) атпен ресімделді.  
Осы  әдіс  жүзінде,  тілді  меңгеру  –  грамматика  мен  сөздік  қорды  иелену  деген 
ұғым  қалыптастырады.  Жетілдіру  процесі  бір  грамматикалық  схемадан  басқаға 
қозғалыс  ретінде  түсініледі.  Осылайша,  осы  әдіс  бойынша  оқыту  жүйесін  жоспар- 
лайтын  оқытушы,  ең  алдымен  ол  қандай  грамматикалық  схемалардың  мән-жайын 
баяндайтынын  туралы  ойлайды.  Содан  кейін  бұл  тақырыптарға  мәтіндер  таңдалып, 
соның  ішінде  жекелеген  сөйлемдер  бөлініп,  барлығы  аудармамен  аяқталады. 
Алдымен шет тілінен ана тіліне, содан кейін керісінше аударылады. Мәтінді алатын 
болсақ, іс жүзінде мағынасына аса маңызды мән берілмейтін, әдетте, жасанды мәтін 
болып табылады. Мәселен, сенің не айтқаның маңызды емес, маңыздысы сенің оны 
қалай  айтатының.  Кейбір  лайықты  кейітулерге  қарамастан,  бұл  әдістің  бірқатар 
артышылықтары  бар.  Біріншіден,  ол  шын  мәнінде  грамматиканы  жоғары  деңгейде 
меңгеруге  мүмкіндік  береді.  Екіншіден,  бұл  әдіс  логикалық  ойлауы  өте  жақсы 
дамыған, тілді грамматикалық формулалар жиынтығы ретінде қабылдайтын адамдар 
үшін  жақын  келетін  әдістердің  бірі  болған.  Бұл  әдістің  негізгі  кемшіліктердің  бірі, 
тілдік тосқауылдың пайда болуына тамаша алғышарттар жасайды. Себебі, адам оқу 
процесінде  өзіндік  даралығын  көрсетпей,  сөйлеудің  орнына,  кейбір  ережелер 
арқылы сөздерді үйлестіруді бастайды. 50-ші жылдардың соңына дейін, бұндай тілді 
оқу әдістемесі арқылы барлығын оқытқан жалғыз әдістердің бірі болған.  
50-шы  жылдардың  ортасы  әлбеттінде,  бұл  әдіс  сол  уақытта  құрылған 
лингвитика талаптарына сай келген жоқ. Осының нәтижесінде әр түрлі әдістемелер- 
дің  зор  санының  пайда  болуына  әкелді.  Олардың  кейбіреулеріне  егжей-тегжейлі 
тоқталғым еткім келеді. 
60-шы  жылдардың  отрасында  пайда  болған  Silent  way  (үнсіздік  әдіс)  атты 
әдіске  сәйкес,  шет  тілін  оқыту  ұстанымдары  мыналардан  тұрады.  Тілді  білу 
бастапқыда,  тілді  үйренгісі  келетін  адамда  қаланады  және  ең  бастысы  –  оқытушы 
оқушыға бөгет жасамай, өз көзқарасын зорлап міндеттемеу керек. Осы әдіске сүйене 
отырып,  оқытушы  бастапқыда  ештеңе  айтпайды.  Ол  төменгі  деңгейде  сөздің 
айтылуын  үйреткен  кезде,  әрбір  түс  немесе  символ  белгілі  бір  дыбыс  білдіретін, 
түрлі  түсті  күрделі  кестелерді  қолданып,  жаңа  сөздерді  ұсынып,  олармен  таныс- 
тырады.  Мысалы,  «table»  сөзін  айту  үшін,  сізге  алдымен  «т»  дыбысын  білдіретін 
шаршыны  көрсету  керек,  одан  кейін  «эй»  дыбысн  білдіретін  шаршы  көрсету  керек 
және  т.б.  Осылайша,  оқу  барысында  осы  барлық  шаршыларды,  таяқшаларды  және 
оларға  ұқсас  шартты  белгілерді  меңгере  отырып,  оқушы  алда  қойылған  мақсатқа 
жылжып  отырып,  өткен  материалды  өзінің  топтасымен  /  сыныптасымен  пысық- 
тайды.  Бұл  әдістің  артықшылықтары  қандай  десеңіз?  Бәлкім,  оқутышының  тіл  білу 

167 
 
деңгейі  оқушының  тіл  білу  деңгейіне  әсер  етпейді  және  нәтижесінде  оқушы  тілді 
мұғалімнен  жақсы  білуі  мүмкін.  Сонымен  қатар,  оқушы  оқу  процесінде  жеткілікті 
еркін  өз  ойын  білдіру  мәжбүр.  Бұл  әдіс  түрі  жоғары  технологиялар  әуесқойлары 
үшін жақсы деп айта кету керек.  
Тағы  бір  қызықты  әдіс  «Total  physical  response»  (жеке  әрекет  ету  әдісі).  Бұл 
әдістің  негізгі  ережесі  былай  делінген:  сен  өзінен  өткізбеген  нәрсені  түсінуге 
болмайды.  Бұл  теорияға  сәйкес,  студент  оқытудың  бастапқы  сатыларында  ещтеңе 
айтпайды. Алдымен ол жеткілікті білімді пассивті түрде сіңіріп алу керек. Шамамен 
бірінші жиырма сабақта оқушы шет тілін үнемі тыңдайды, бірдеңе оқиды, бірақ сол 
тілде  бірде-бір  сөз  айтпайды.  Содан  соң  оқу  процесінде  ол  естігеніне  немесе 
оқығанына көңіл аударып, әрекет жасауы тиіс мезгіл басталады. Барлығы физикалық 
қозғалысты  білдіретін  іс  әрекеттерден  басталады.  Мысалы,  «тұру»  деген  сөзді 
оқыған кезде барлығы тұру тиіс, «отыру» – отырады және т.б. Осылайша, оқушы көп 
ақпарат  жинағаннан  соң  (тыңдап,  содан  соң  іс  әрекет  жасап)  ол  сөйлеуге  дайын 
болады. Бұл әдістің қолайлығы, ең алдымен, оқушы оқыту процесінде өзін ыңғайлы 
сезінеді.  Алынған  ақпаратты  адам  өзінен  өткізгеннен,  ол  қажетті  әсерге  қол 
жеткізеді. Сондай-ақ маңыздысы, оқушылар бұл әдіс бойынша тілді  тікелей немесе 
жанама үйренген кезде, олар оқытушымен қатар бір-бірімен сөйлеседі.  
Бату  әдісіне  «Sugesto  pedia»  назар  аударсақ,  оның  салтанаты  70-шы  жылдарға 
тура  келді.  Бұл  әдіске  сәйкес  шет  тілін  меңгеру  үшін,  ең  болмағанда  оқу  кезінде, 
мүлдем  басқа  адамға  айналу  керек.  Шет  тілін  үйрене  отырып,  барлық  оқушылар 
өздеріне  жаңа  есімдер  таңдап,  өмір  баяндарын  ойдан  шығарады.  Осының  есебінен 
дәрісханада  олар  мүлдем  басқа  әлемде  –  тіл  оқылатын  әлемде  сияқты  қиял 
құрылады.  Бұның  бәрі  кез  келген  адам  оқу  барысында  толығымен  бойын  еркін 
ұстағандай,  ашылғандай  және  оның  сөйлеуі  барынша  біртумаға  ұқсас  болу  үшін 
жасалады.  Оның,  мысалы,  нағыз  Қайраттың  сөйлегені  емес,  жалған  Джонның 
сөйлгеніндей болуы тиіс. 
Шет тілдерін үйренудің келесі тәсілі, 70-шы жылдардың соңында пайда болды. 
Ол  «audio-lingual-method»  (аудиолингвистикалық  әдіс)  деп  аталады.  Оның  мәні 
мыналардан  тұрады:  оқытудың  бірінші  кезеңінде  оқушы  естігенін  оқытушының 
немесе фонограмманың соңынан қайталайды. Тек екінші кезеңнен бастап қана оған 
бір-екі  сөз  тіркестерін  өз  атынан  айтуға  рұқсат  беріледі,  қалғаны  тағыда  қайталау- 
лардан құралады. 
70-шы  жылдары  коммуникативтік  әдістің  пайда  болуымен  есте  қалды.  Бұл 
әдістің  негізгі  мақсаты  –  адамды  қарым-қатынас  жасауға  үйрету,  оның  сөзі 
серіктестігіне  түсінікті  болғандай  істеу.  Осы  әдістемеге  сәйкес,  адамды  таза  мәнде 
табиғи, жаратылыс жағдайларда оқыту кезінде бұған қол жеткізуге болады. Мысалы, 
оқытушы  үстелге  көрсете  отырып  «Бұл  не?»  деп  сұрайды.  Ол  табиғи  деп  саналады 
егер  де  сол  оқушы  шын  мәнінде  бұл  не  екенін  білмесе.  Коммуникативті  деп 
аталатын  әдіс,  қазіргі  уақытта  іс  жүзінде  олай  аталмайды  да.  Дегенмен,  оның 
мақсаты  –  адамды  қарым-қатынас  жасауға,  сөйлеуге  үйретуді  көздейді.  Қазіргі 
заманғы  коммуникативті  әдіс  бір-бірімен  үйлесетін  көптеген  шетел  тілін  оқыту 
тәсілдері  болып  саналады.  Бәлкім,  коммуникативті  әдіс  түрлі  білім  беру 
әдістемелерінің эволюциялық пирамидалардың төбесінде орналасқан.  
Сонымен,  отандық  әдістемелік  нарығында  әркімнің  өз  талғамына  кез-келген 
өнім  бар,  тек  мақсаттарда,  құралдарда  және  ең  бастысы  әдістемелерде  айқындалу 
керек.  Сол  кезде  ғана  оқыту  бағдарламалар  мен  курстарды  таңдау  онша  қиын 
болмайды және әркім өзі қалайтын әдістеме бойынша жұмыс істей алады.  
 

168 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет