дар емес екен. Бұл туралы актер:
қын жандар еді. Әкемнің қолынан
домбыра түспейтін. Керемет күйші-
мы құтты жандар еді. Мен ең алғаш
дың аузынан естідім. Қазақ өнерінің
лыпты. Кейін де әкемнің көзін көр-
жиі естідім. Ал анамның «көрші-
есімде. Бұл да болса қазақ даласын-
болса керек. Осындай ортадан
– дейді өзінің бір сұхбатында. Қа-
даған» дейтіні осы болса керек.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№174 (626) 4.10.2011 жыл, сейсенбі
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Мирмекология
нені зерттейді?
Бір кітаптан «мирмеколог ғалым» деген тіркесті
кездестірдім. Бұл сөз нені білдіреді?
Раушан ЕЛЕСБЕКОВА, Алматы қаласы
Мирмекология – құмырс-
қаларды зерттейтін ғылым.
«Мир мек» түбірі көне грек тілін-
де «құмырсқа» дегенді білдіреді.
Құмырсқалар мен олардың
иле уін зерттеу өте ерте кезден
бас талады. Дегенмен мирмеко-
ло гияның жүйелі түрде дами
бас таған мезгілі – өткен ғасыр-
дың орта шені. 1954 жылы
Фран
цияда зоологияның бұл
саласына арналған ірі энцик-
лопедия жарық көрді. 1963
жылы Мәскеуде Құмырсқа-
ларды орман зиянкестерімен
күреске қолдану жөніндегі І
бүкілодақтық симпозиум өтті.
КСРО-ға танымал мирмеколог-
тердің бірі – қазақстандық Па-
вел Мариковский. 1912-2008
жылдары өмір сүрген ғалым
зооло
гия ғылымында тұңғыш
рет амазонка-құмырсқаларды
аш
қан. Биология ғылымының
докторы, энтомолог-құмырс-
қатанушы, жазушы Павел Мари-
ковский – Ұлы Отан соғысына
қатысқан майдангер. «Мирмеко-
логия» сөзімен түбірлес «мир ме-
коморфия, мирмекофагия, мир-
мекофилия» деген де терминдер
бар. Мирмекоморфия – құмыр с-
қамен ұқсас жәндіктерге қатыс ты
болса, мирмекофагия деп
құмырс қалармен қоректенуді
айтады. Ал құмырсқалармен
бір ге өмір сүруді қалайтын адам-
дарды мирмекофилдер дейді.
Қарбыз өсіруден
кімдер алда?
БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруа-
шы лығы ұйымының мәліметінше, әлем-
дік нарықтағы қарбыз өндіруші ірі ел-
дер мыналар: Қытай, Түркия, Иран,
Бра зилия, АҚШ, Мысыр, Ресей, Мек-
сика және Өзбекстан. Қытай жылына
шамамен 62 млн тоннадан артық
қарбыз өндіреді. Оңтүстіктегі көршіміз
– өзбек елінің жыл сайын өндіретін
қарбызы 840 мың тоннаға жуық.
Мысырда соңғы жылдардағы саяси-
әлеуметтік дағдарыстарға байланысты
қарбыз өндірісі біршама кеміген. Қар-
бызға қатысты қызықты дерек – Гиннес с-
тің рекордтар кітабына салмағы 119
келі болатын қарбыз тіркелген. Әлемдегі
ең алып қарбыз саналатын бұл өнім
Әзірбайжанда өсіріліпті. Бұл көкөніс
қарбыздың каролина-кросс аталатын
сұрпына жатады.
Қарбыз өндіруден көш бастайтын қай елдер? Дүниежүзіндегі ең алып
қарбыз қай елде өсірілген?
Асылбек ҚАСЫМОВ, Ақтөбе қаласы
БАНК ЖҮЙЕСІ
Халықтың «несие сауатын» көтеретін кез жетті
«КӨРПЕҢЕ ҚАРАП КӨСІЛ»
Бес жылдан бері жүргізілген ауқымды
зерттеудің нәтижесінде Гарвард ғалымдары
жұрттың лаңкестіктен емес, қаржы меке-
мелерінен көбірек зардап шегетінін дәлел-
деп шықты. Олардың мәліметінше, осы
мерзім ішінде 40 мыңға жуық адам өз-
өзіне қол жұмсаған. Айталық, соңғы бес
жылда банк жүйесінің құрбанына айнал -
ған елдер арасында бірінші орында АҚШ,
одан кейін Қытай, Германия, Грекия,
Испания, Аргентина, Мексика және Ресей
тұр. Сондықтан мамандар несие мәселе-
сінде жауапкершілікке баулу қажеттігін
айта бастады. Өйткені банктердің жарнама-
сына елтіп, «көрпесіне қарай көсілмеудің»
нәтижесі үрейлі.
Еліміздегі ахуалға келсек, несие қамы-
тын сүйреткендер бізде де көп. Сәйкесінше
зерттеу де жиі жүргізіледі. Мәселен, Саяси
шешімдер институты жуырда мынадай
қызық мәліметті алға тартты: елдегі тұр-
ғын дардың жартысына жуығы, яғни 45,7
пайызы несиеге байланған. Ал аймақ
бойынша сараласа, көрсеткіш әртүрлі.
Алма ты мен Астана халқының үштен бір
бөлігі борышкер болса, солтүстік өңірде 40
пайызға жуығы, басқа облыстарда тұрғын-
дардың жартысынан астамы қарызға
белшеден батқан. Әсіресе шығысқазақ-
стан дықтар несиеге аса құмар болып шық-
ты: мұндағы халықтың 63,1 пайызы бере-
шек. Осындай мәліметке қарағанда, елі-
міз де несиеге тәуелді адамдардың көбейіп
бара жатқаны байқалады. Биылғы жыл-
дың бірінші жартысының қортындысы бо-
йынша, банктердің 79 пайызында кредитке
сұраныс артқан.
Сонда отбасы табысының ай сайынғы
несие төлемі қандай? Тұтас алғанда,
халық тың басым бөлігі (57 пайыз) отбасы
бюд же тінің 40 – 90 пайызына дейін несие
төле міне жұмсайды екен. Қаржы сауаты
жайында ақыл айтуышлар әдетте алдағы
күнге белгілі бір мөлшерде қор жинауға
кеңес береді. Тапқан-таянғанын несие
төлеміне жұмсайтын жұртта ондай қор бар
ма екен? Сөйтсе, елдің тең жартысының
сандығында да, банкте де сақтайтын артық
ақшасы жоқ. Шығыста айлықтан айлыққа
дейін күнелтетіндер 60 пайыздан астам
болса, Астанада әрбір бесінші отбасында,
Алматыда әрбір үшінші отбасы бүгінгі күн-
мен өмір сүреді. Қаржы жағынан, әрине.
Қала тұрғындарының 30 пайызы теңгемен
қор жинауға тырысады. Әрбір алтыншы
тұрғын артық ақшасын доллармен, төрт
пайызы евромен сақтайды. Үш пайызы
ғана алтынның соңына түскен.
НЕСИЕНІҢ «ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ»
Несиені оңай әрі жедел ала салатын
«алтын дәуір» келмеске кетсе де, көп адам
әлі күнге дейін ақшадан тарықса, банкке
жүгіретін әдетін қоя алмай келеді. Оның
үс ті не, есін жинап алған банктер де жарна-
маны үдете бастады. Не керек, тойға сый-
лық апару үшін де несие алып дәндеген
адамдардың басына таяқ тисе де, сабақ
алмаған сыңайлы. Осы жазда сарапшылар
«несие науқасының» екінші толқыны
басталғанын ескерткені еске түседі.
Алайда жарнамамен қызықтырып,
алдына шақырып алатын банктердің өзі
бұрынғыдай көшеден келген көк аттыға
қаржы таратпайды. Әсіресе «қара тізімге»
ілінгендерге олардың есігі тарс жабық.
Сонда олар қайда барады десеңізші.
Банкке жолай алмайтын борышкер басқа
жерден алуға ұмтылады. Мұндайда шағын
несие мекемелері көмекке келеді. Қазір
елімізде 1769 шағын несие мекемесі тір-
кел ген. Одан басқа қаншасы астыртын
жұмыс істейтіні тіпті де белгісіз. Қазақстан
шағын несие ұйымдары қауымдастығының
директоры Анатолий Глуховтың айтуынша,
қолданыстағы заңға сәйкес, шағын несие
ұйымдарының қызметі лицензияланбайды
және реттеліп отырған жоқ.
Анатолий Глухов, Қазақстан шағын
несие ұйымдары қауымдастығының
директоры:
«Шағын несие ұйымдарын құру
және жұмысын жүргізу шарттары либе-
ралдық деуге болады. Сондықтан да
осындай мекемелер елімізде қаптап
кетті. Тіркелгендердің ішінде де алаяқ-
тық пен айналысатындары табылады.
Ең көп таралғаны – халықтың ақшасын
алаяқтық жолмен тартатындар (пира-
ми далар). Шағын несие ұйымдарының
қызметін бақылау қалыс қалды. Оның
үстіне, кейбір ШНҰ қағаз жүзінде ғана
бар, ал олардың немен айналысатынын
ешкім білмейді».
Тіпті қызметін адал жүргізетін шағын
несие ұйымынан қаржы алудың жайы
басқаша екені белгілі. Олардың мөлшер-
лемесі банкке қарағанда жоғары болады.
Әйтсе де ақшаға тарыққан адам келісім-
шарт тағы жазуға да көңіл аудармайды,
мөлшерлеме байыбына да барып жат-
пайды. Әрі тым қымбаттығына қарамастан,
оған ұсыныс көбеймесе, азаяр емес.
Айталық, 2009 жылмен салыстырғанда,
өткен жылғы ұсыныс 36 пайызға көп.
Деген мен банкке қарыз адамның шағын
несие мекемесінен несиені оп-оңай ала
қоюы екіталай. Мұнда да «қара тізімді»
қалт жібермейді.
Сондықтан қысылған жандарға қол
ұшын бергісі келетіндер табыла кетеді. Бірі
жоғарыда айтылған алаяқтықпен айналы-
сатын ұйымдар не болмаса өздерін «кредит
брокері» деп атайтын делдалдар. Бірақ
оларға жүгінудің соңы жақсылыққа апар-
май ды. Қайта сау басына сақина тіле ген-
мен бірдей.
Психологтердің айтуынша, кредитома-
ния психологиялық жағынан ауыр зардап-
тарға әкелетін сырқатпен пара-пар. Қарыз
қамытынан құтыла алмайтынын сезінген-
дер күйзеліске ұшырайды. Бұл жайт айна-
ласындағыларға жаман әсер етері сөзсіз.
Сондықтан көпшіліктің несиеге қатысты
қаржы сауатын арттыратын кез жетті. Егер
қаржы сауаты жоғары болса, несие алуға
келгендер асқан сақтық танытар еді. Әйт-
песе банктер несие алуға шақырған жар-
на маны үйге шейін әкелуді қайта баста-
ды.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ
Гүлнар АХМЕТОВА
Б
АЙЫП
Қор нарығын дамытудың балама жолдары керек
Тіпті сарапшылар «атағы дар
дай
қайсыбір қомпаниялардың құнды
қағаздарының өтімділік көрсеткішінің
төмен деуі 10 пайызға дейін жетуі де ғажап
емес» деседі. Бұл ретте мамандар КASE-
дегі отандық қор нарығындағы инвестор-
лар легінің аздығын, қалың бұқараның
қаржы
лық сауаты мен инвестициялық
мәдение тінің төмен екендігін алға тартуда.
Бір еске ретіні, отандық сарапшылар біздің
елдегі қор нарығындағы сауданың жоғар-
лауы болмаса төмендеуі әлемдік мұнай
бағасы на тікелей тәуелді емес екенін алға
тартты. Мәселен, бұған қатысты экономи-
калық да му және сауда министрі Қайрат
Келім
бе
тов мырза 2011 жылы мұнай
бағасы ның болжамы барреліне 65-тен 90
АҚШ долларына дейін ұлғайғанын атап
өтіп, елдегі қор нарығындағы сауданы
әлем дік мұнай бағамына қатысты болжау-
дың ас қан қажеттілігі жоқ екенін құлаққа-
ғыс жа са ған-ды.
ПЕССИМИСТІК СЦЕНАРИЙДЕН
САҚТАСЫН...
Мәселен, бұған қатысты экономика-
лық даму және интеграция министрі
Жанар АЙТЖАНОВА:
– Біз әлемдік тұрғыда жасалып отырған
қарапайым халықаралық болжамдарға
сүйену арқылы экономикалық ахуалымыз-
ды, қор нарығындағы жағдайды, жалпы
ішкі өнімнің өсу көрсеткішін бажайлап,
бақылап отырамыз, – дейді.
Министрдің айтуынша, ол болжамдар
былай түзіледі:
А) Бірінші, пессимистік сценарий.
Егер 2011-2015 жылдар аралығында
әлемдік нарықтағы мұнай бағамы 35 АҚШ
долларына дейін төмендеп, ахуал қиындай
түсетін болса, бізге мұндай жағдайға да-
йын болу керек. Дағдарыстан даму жолына
бет бұрған біздің еліміз қазір бұл бағыт
бойынша да жоспарлар құрып, біршама
істер атқаруда.
Ә)Екінші, консервативтік базалық
сценарий. Егер 2011-2015 жылдар ара-
лы ғында әлемдік нарықтағы мұнай бағамы
65 АҚШ долларын құрайтын болса, бізге
осы екінші орташа базалық бағытпен жү-
ру ді ойластыру керек. Мұндай сәтте әлем-
дегі шикізат көзінің бағамы 10-15 пайызға
өсім береді деп күтілуде. Әрине, бұл үрдіс
қор нарығындағы саудаға да, экономика-
лық дамуымызға да оң әсер етеді.
Б) Үшіншісі, оптимистік сценарий.
Бұл жағдайда әлемдік нарықта мұнай
бағамы 80 АҚШ долларын құрайды деп
күтілуде. Ал мұндай сценарий орын алса,
біздің экономикалық әлеуетіміз, халықтың
қор нарығына араласуы, нарыққа инвес-
торлардың келуі одан әрі қарқынды бола
түспек. Себебі бұл ретте әлемдік шикізат
көздерінің құны 20-25 пайызға дейін өсім
береді.
...Сөйтіп, министр ханымның пікірінше,
бізге ең оңтайлысы – оптимистік болжам.
Ал экономист ғалымдар бұл ретте пес-
симис тік сценарийден сақтанудың балама
жолдарын да қарастыру қажеттілігін мысал
етіп отыр.
ҚАУІПТЕН САҚТАЙТЫН
БАЛАМА ЖОЛ...
Бір айта кетерлігі – сарапшылар әзірге
Үкіметтің қор нарығын дамыту туралы
бастамасына қуантарлық баға бере алмай
отыр. Жалпы, Қазақстан қор биржасында
бүгінде 130-дай эмитент бар. Бұлар дың
акциялары, негізінен, халыққа қолжетімді.
Әйтсе де халықтың қор нарығына етене
араласуға ықыласы төмен. Өйткені қор
нарығы турасында сауатты насихат жоқ.
Бұл ретте экономист ғалым Қанат
БЕРЕНТАЕВ:
– Бар мәселе акция құнының арзан ды-
ғында жатқан жоқ. Қордың көрігін қыз-
дыру үшін алдымен жұртшы лық тың қар-
жы
лық сауат
тылығын арттыра білген
маңызды. Бұл – бір. Екінші ден, көпшіліктің
бұған жұмсайтын қаржы сы да жоқ. Ал
атал ған нарықтан аз да болса сауаты бар-
лар табысы бірнеше пайызды ғана құрай-
тын құнды қағаздарды сатып алуға аса
құ лық танытпайды. Егер батыста ғы қор
биржаларындай қарбалас алып-сату бізде
де көрініс берсе, бұған қуанар едік. Біле
білсеңіз, бір ғана сауда сессиясында ба-
тыс тың қор нарығындағы құн ды қағаздар
10, тіпті 12 қолдан өтеді екен. Залдағы
саудашылар саны 200-ге же тіп жығылады.
Ал бізде мұндай ойыншылар аз. Сондықтан
бұл жерде қор нарығындағы сауданың
қызуы немесе қызбауы әлемдік мұнай
бағасына қатысты дегеннен гөрі халықтың
қаржылық сауаттылығын арттырған абзал.
Халықтың қаржылық сауатын арттырып,
жұрт қор нарығындағы саудаға араласатын
болса, бұл – жоғарыда аталып өткен пес-
симис тік болжамнан, қауіп-қатерден сақ-
танудың балама жолы, – деді...
КӨГІЛДІР ФИШКАЛАР
КӨМЕККЕ КЕЛЕ АЛА МА?
Сондай-ақ мамандар «қор нарығы
ала ңына көгілдір фишка лардың акция-
ларын орналастыру отан дық экономикаға
дем бере түседі» деседі. Жалпы, қор нары-
ғына көгілдір фишкаларды енгізу үшін
алдымен нақты сектор кәсіп орындарын
қорландыру қажет. Осыдан соң жинақтал-
ған қорларды тарту арқы лы және оны ке-
ңейтуге тиіспіз. Сондай-ақ шетелдік инвес-
тициялар ағынының арқа сында қор ала-
ңын
дағы көгілдір фишкалар саудасын
қыз дыруға болады. Бұл ретте қаржыгер
Ғалым БАЙНАЗАРОВ:
– Көгілдір фишка ( Blue chips) ) — табы-
сы мен төлейтін дивидендтері тұрақты
болатын ірі әрі сенімді компаниялардың
акциялары. «Көгілдір фишка» термині қор
нарығына казинодан ауысқан. Мұндай
түсті фишкалар ойында ең жоғары құнға
ие. Қазірде инвесторлар көгілдір фишка-
лар дың акцияларын – «Самұрық-Қазына»
ұлт тық әл-ауқат қорына кіретін компания-
лар акцияларының қор нарығына шығуын
күтеді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-на 44
еншілес және тәуелді ұйым кіреді. Қор 29
компанияның 100 пайыздық акциясына
ие. Олардың қа тарында «ҚазМұнайгаз»,
KEGOС, «Қаз пошта» Қазақстан даму банкі
сияқты стратегиялық маңызды компания-
лар бар. Демек, аталған компаниялардың
акцияларын қор нарығына шығару керек.
Бұл үрдіс KASE-дегі дағдарысқа жан бітіруі
тиіс, – дейді.
Бүгінде жалпыазиялық нарықта қор нарығындағы сауда тым
бәсеңдеп барады. Міне, осыған байланысты біздің отандық
сарапшыларымыз «әлемдік тұрғыда мұнайдың бағасы төмендеп кетті.
Бұған қоса Лондон, Нью-Йорк қор биржаларындағы жағдай тым
құбылмалы. Сондықтан болашақта еліміздегі ай тулы, ірі
компаниялардың құнды қағаз да рының өтімділік үрдісі 1,5-4 пайызға
дейін төмендеуі де мүмкін» деген болжамдар таратып отыр.
ШЕК
АР
А
Тәуелсіздік жылдары Мемлекеттік
шекара күзетін қамтамасыз етудің заманауи
жүйесі жасақталды. Қазіргі таңда да Шека-
ра қызметі елмен бірге көркейіп, даму үс-
тінде. Елбасы, Үкімет және Ұлттық қауіпсіз-
дік комитетінің басшылығы тарапынан
бөлінген жіті назардың арқасында жыл
сайын республикалық бюджеттен Шекара
қызметіне бөлінетін қаражаттың ұлғаюы,
соңғы жылдары шекара күзетін қамтамасыз
етуге арналған инфрақұрылымдардың
жетілдірілуі – соның дәлелі. Мәселен, өт-
кен жылдары оңтүстік өңірдегі шекарашы-
ларға қажетті ғимараттардың құрылысын
жүргізу, шекараны инженерлік қондыр-
ғалармен қамтамасыз ету, басқа да күш-
құрал, ресурстармен жа сақтау бағытында
бірқатар іргелі жұмыстар жүргізілді.
Өткен аптадағы шекарашыларымыздың
игілігіне бағытталған және бір жағымды
жаңалық: әлемдік стандартқа сай жаңа
кешенді модульді баспанамен қамтамасыз
етілетін болды. Аталған тұрғын нысанда-
рында шекарашылардың қызметі мен
тұрмыс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар то-
лық жасалған. Мұндағы әр модуль әмбебап
қызмет атқарады. Атап айтқанда, бір мо-
дульде асхана болса, екіншісі жатын жайға
лайықталып құрастырылған. Үшіншісі
кеңсе бөлмесінің қызметін атқарады. Бір
сөзбен айтқанда, 18 модульден тұратын
жаңа кешен шекарашыларымыздың ауа
райының қолайсыздығына, жер бедерінің
қиыншылығына қарамай, өз міндеттерін
алаңсыз атқаруына аса қажетті баспана
болып табылады. Аталған тиімді баспана-
лар жасап, пайдалануға енгізу ҰҚК төраға-
сының орынбасары – Шекара қызметінің
директоры, генерал-майор Н.Мырзалиев-
тің бастамасымен қолға алынған болатын.
Биылғы жылы Шекара қызметі «Модуль»
кешенді-өндіріс бірлестігі» акционерлік
қоғамына 150-ге жуық модульді баспана
жасауға тапсырыс берді. Солардың алғаш-
қы легі Шекара қызметі Орталық жөндеу
зауытына жеткізіліп, енді бірер күннен соң
шекара шебіне аттандырылмақ. Жаңа
модуль дік баспаналар алдымен еліміздің
батысындағы әскери бөлімдеріне жіберіле-
ді.
«Модуль» кешенді-өндіріс бірлестігі»
акционерлік қоғамының техникалық
дирек торы А.Тимченко алдағы уақытта
қалған модульдерді жасауды жылдам әрі
сапалы бітіріп, шекарашыларға пайдалану-
ға берілетінін жеткізді.
А.ӘУБӘКІРОВ,
капитан, әскери тілші
Модульді баспана шекара
шебіне жол тартты
Еліміздің өркениетті елдер арасында әлеуметтік-экономика лық және
мәдени тұрғыда толыққанды дамуы, мемлекет аумағының біртұтасты-
ғы ның сақталуы, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі
– осының барлығы да Мемлекеттік шекара ендіктерінің сенімді қорға-
луын да. Осы аса маңызды стратегиялық шараларды жүзеге асыру
міндет тері жүктелген Шекара қызметін жетілдіру мен дамыту – ұлттық
қауіпсіздік саласындағы басымды бағыттардың бірі.
КОМПАНИЯЛАР
Конференция ENRC-дің Қазақстан мен
Ресейдегі кәсіпорындарынан және Украина
мен Белоруссиядан келген жас мамандарды
біріктірді. Форумға қатысушылар кәсіби
тәжірибелерімен алмасып қана қоймай,
өндірісте қолдануға дайын жобаларды да
қатысушылар назарына ұсынды.
– Ең алдымен, бүгінгі конференция –
жігерлендіретін бастама. Бұл шара ENRC
корпорациясының жас мамандаға зор
үмітпен қарап, олардың дамуын жан-
жақты қолдайтындығының айқын дәлелі,
– деп атап өтті конференцияның ашылу
салтанатын
да «ССКӨБ» АҚ президенті
Мұха меджан Турдахунов.
Ғылыми-техникалық конференция жас
мамандардың үздік жобаларын жүзеге
асыруға мұрындық болды. Әділқазылар
алқасы механика, электр энергетикасы,
автокөлік, ақпараттық технологиялар,
автоматтандырылған басқару жүйесі,
қауіпсіздік техникасы мен еңбек қауіпсіздігі,
персоналды басқару салалары бойынша
ең салмақты жұмыстарды таңдап алды.
«Экономикалық эффект», «Енгізу өзектілігі
мен мүмкіндігі», «Үздік зерттеу жұмысы»,
«Зерттеу ерекшелігі», «Үздік презентация»
және «Үздік шетелдік жоба» номинация-
ларында жеңіске жеткендер дипломдар
мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Конференцияға орайластырылып
ұйым дастырылған пресс-тур аясында жур-
налистер ССКӨБ-нің Кадрларды дайын дау
және оқыту орталығын аралады. Мұнда
білікті педагогтер жылына 5000 қызмет-
кер ге сабақ өткізеді. Орталық озық құрал-
жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орта-
лықтың ең басты артықшылығы – өндіріс
пен оқуды байланыстыру. Қызметкерлерді
оқытуға кәсіпорын жылына 200 млн теңге
қаражат бағыттайды. Жалпы, ENRC бойын-
ша жылына 25 мың қызметкер, яғни кор-
пора циядағы барлық қызметкерлердің 30
пайызы, біліктілігін арттыру курстарынан
өтеді. Ал Мәскеу мемлекеттік университе-
тімен бірлескен компанияның басқарушы-
ларды дайындау бағдарламасы соңғы
бес жыл дағы Қазақстандағы «Үздік HR-жо-
ба» аталды.
Сонымен қатар БАҚ өкілдері ССКӨБ
кең ауқымда демеушілік көрсететін Рудный
қаласының өзге де оқу орындарын аралап
көрді. Оқу орындарының басшылығы
түлектердің көпшілігі ССКӨБ-ге жұмысқа
орналасатындарын атап өтті. Пресс-тур
ба ры сында ENRC Қазақстандағы көптеген
білім беру жобасына қолдау көрсететін дігі
айтылды. Мысалы, Ақтөбе, Қараған ды,
Қостанай және Павлодар облыстарының
әкімдіктерімен арасындағы меморандум-
дар аясында білім ошақтарының мате-
риал
дық-техникалық базасын жаңарту,
оқу бөлмелерін жөндеу жұмыстарын жүр-
гізу тағы да басқа мақсаттарға қара жат
бөлінеді. Ағымдағы жылдың бірінші
жартыжылдығында аталған қаржылық
қолдау 500 млн теңгені құрады.
ENRC-дің білім беру жобаларын қол-
дай тындығының тағы бір айрықша дәлелі
ретінде отандық ғылым мен білімнің ор-
дасы Назарбаев университетінің дамуына
бөлінген 100 млн АҚШ доллары көлемін-
дегі демеушілік көмекті де атап өтуге бола-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: