Республикалық референдум туралы


-бап. Республикалық референдумның қорытындыларын шығару



бет14/16
Дата24.05.2022
өлшемі29,13 Kb.
#35512
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
31-бап. Республикалық референдумның қорытындыларын шығару

1. Орталық референдум комиссиясы дауыс берудiң нәтижелерi туралы табыс етiлген хаттамалардың негiзiнде:


1) Қазақстан Республикасының референдумға қатысу құқығы бар азаматтарының жалпы санын;


2) дауыс беруге қатысқан азаматтардың санын;


3) референдумға қойылған мәселенiң оң шешiмiн жақтап дауыс берген, референдумға қойылған мәселенiң терiс шешiмiн жақтап дауыс берген азаматтардың санын және дауыс беруге қойылған жекелеген әрбiр мәселе бойынша жарамсыз деп танылған бюллетеньдердiң санын анықтайды.


2. Егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады.


3. Егер дауыс берудiң нәтижесiнде референдумға қойылған мәселе бойынша оның оң шешiмiн жақтап дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбi дауыс берсе, ол жөнiнде шешiм қабылданды деп саналады.


Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.


4. Дауыс берудiң қорытындылары Орталық референдум комиссиясының мәжiлiсiнде шығарылып, хаттамамен ресiмделедi, оған Орталық референдум комиссиясының Төрағасы, Төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелерi қолдарын қояды және қаулымен бекiтедi.


5. Егер референдум барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды немесе "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын бұзу орын алған болса, Орталық референдум комиссиясы референдум нәтижелерiн шығару кезiнде оның жекелеген учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) өткiзiлуiн жарамсыз деп тани алады.


Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 1999.05.06 № 376, 2008.05.04 № 30-IV Конституциялық заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет