Республикалық студенттік ғылыми конференция «алматы бизнес, білім және мәдениет орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет21/32
Дата06.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7745
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
бірлестіктермен  өзара  іс-қимыл  жүргізу  барысындағы  іс-шаралар  туралы  мәліметтер 
жариялануда. 
БАҚ  беттерінде,  телеарналар  мен  электронды  құралдар  арқылы  дін  саласындағы 
ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.  
«Алматы  ақшамы»  және  «Вечерний  Алматы»  басылымдарында  дін  саласына  арналған 
ақпараттық-түсіндіру  іс-шаралары  туралы,  деструктивті  діни  ағымдар  зияндықтары,    жалпы 
рухани құндылықтар тақырыбы бойынша мақалалар жариялануда. 
Ғаламтор-ресурстарындағы  әлеуметтік  желілерде  дін  тақырыбындағы  ақпараттық 
материалдарға мониторинг жүргізіліп отырады. 
Дін  саласының  маңызды  мәселелері  бойынша  ақпараттық  жұмыстарды  жүргізу 
барысында бұқаралық ақпараттық құралдармен бірлесе отырып іс-шаралар жүргізілуде. 
Алматы  қаласындағы  жоғарғы  оқу  орындары  мен  мектептерінде  «дінтану»  пәні 
бойынша  дәрістер  оқытылады.  Мұның  өзі  көптеген  келеңсіздіктердің  алдын-алуға 
көмектеседі. Италиандық философ  Томазо Компанелла «Дін – магиялық күшке ие, өйткені ол 
адамдардың рухын біріктіреді немесе бүлінушілік пен қирату құралына айналуы да мүмкін» 
деген екен. Сол себептен, еліміз өз азаматтарының дінге келуі табиғи түрде, яғни, өзінің сана 
сезімі  толысып,  өз  еркімен  дінге  келуін  қолдайды,  бірақ,  өз  алдына   азаматтардың  еріксіз 
немесе өзге миссионерлердіің арбауына түсіп қалмауын барынша қадағалап отыруға әлі күнге 
дейін жұмыс жасап  жүр. Қазақта «Ағаш түзу өсу үшін көшет кезінде көмектесуге болады, ал 
үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деген  қанатты  сөзі  бар,  елімізде  діни  жағдай 
ушықпай  тұрғанда,  бірлесіп  жұмыс  жасау  керек.  Ендеше,  Алматы  агломерациясын   қаржы 
орталығы  ретінде  ғана  емес,  діни  мүмкіндіктері  артқан,  адамадарды   еңбек  нарығында  
камтамасыз етіп, қанағаттандыратын рухани азық бола алатын  агломерациялық аумақ ретінде 
қарастырып,  ондағы  діни  жағдайға  аса  ұқыптылықпен  мән  берілу  керек.  Агломерацияны 
келешекте дамытып, жетілдіре алатын мынандай негізгі факторлардың бірін  атауға болады ол 
-  Республикадағы  саяси  және  діни  тұрақтылық.  Еліміз  өз  құрылымы  бойынша  зайырлы 
мемлекет. Сондықтан, агломерацияға кіретен әрбір аудан ішінде  болып жатқан діни үрдістер 
бақылау  жүргізу  арқылы,  ұлттың діни  факторларын  ұйлестіре  отырып,  рухани  діңгегі  берік, 
діни бірлестіктер арасындағы қарым қатынастарды нығайтып, қуатты, саясатымыздың дұрыс 
бағытта  дамуына  негіз  бола  алатындай  Қазақстан  Республикасының  толерантты  бағытта 
дамуына үлес қоса алады деген үміттеміз. 
 
Әдебиеттер тізімі 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
128 
 
1.  Байтенова Н.Ж., Бейсенов Б. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай // Егемен Қазақстан, 
2006. – 18 қараша, 6 бет.  
2.  Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы // Қазақстан Республикасының Заңы 2011 
ж. 11 қазан, 3 тарау. ҚР – ғы діни қызмет. 8 бап 5 тармақ. 
3.  М.А.  Әзілханов.  Конфессиялық  келісім  –  ел  дамуы  кепілдіктерінің  бірі  //  Дін  және 
қазіргі заман.– Алматы, 2013.- 140 б. 
4.  Айталы  А. Мемлекет және дін // Ақтөбе газеті, 2011. – 13 қыркүйек, 6 бет.  
5.  2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп //zhetysu.gov.kz. 
 
 
ӘӨЖ 1:125:1 
 
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ КУЛЬТТЕР 
 
Конырова Н.Ж. - «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі – филос.ғ.к., қауымдастырылған профессор Шубаева У.К. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 
Дәстүрлі  емес  діни  қозғалыстардың  Қазақстанға  тұрақтану  үрдісін  екі  кезеңге  бөлуге 
болады.  Бірінші  кезеңі  ХХ  ғасырдың  30-50  жылдары  еліміздің  аумағына  жер  аудырылып 
келген басқа ұлт өкілдері (оның ішінде Иегова куәгерлері, Адвентистер, Пятидесятниктердің 
көптеген  ағымдары және т.б. конфессиялардың мүшелері болған)  алып келсе, екінші кезеңі 
Кеңестер Одағы тұсында  идеялогиялық тоқырау кезінде яғни, өткен ғасырдың 80- жылдары 
зиялы  қауым  өкілдері  арқылы  Неоориенталистік  және  окульттік  бағыттағы  діни  культтер 
келген.    Бірақ  өкінішке  орай  бұл  діни  культтер  мен  ағымдар  біздің  халқымыздың  мәдени 
құндылықтарына  қызмет  еткен  жоқ.  Керісінше  мемлекетіміздің  идеялогиялық  даму 
структуралары мен еліміздегі  дәстүрлі діндерге қарсы қысым көрсете бастады.  
Елімізде  діни  құндылықтарға  деген  талпыныс  ескірген  кеңестік  идеологияның 
салдарынан  болды.  Бұл  процесс  өзіндік  мәнге  ие.  Дінге  деген  құлшыныста  ең  алдымен 
интелегенция  мен  зиялы  қауым    өкілдері  белсенділік  танытты.  Осы  кезге  дейін  дәстүрлі 
діндер  мен  дәстүрлі  емес  діндер  мемлекетімізде  ірі  рухани-  мәдени  орталықтарға  айналуда. 
Соның көпшілігі Алматы, Қарағанды қалалары мен республикамыздың басқада аймақтарында 
шоғырланған. Бұл көрсеткіш дәстүрлі емес діни  қозғалыстардың еліміздің аумағына жаппай 
таралуын білдіреді. 
Өткен ғасырдың 90-жылдарында осы Кришна санасы қауымдастығынан бөлініп шыққан 
діни  ағымдары  мен  ілімдері  Сатья  Сай  Баба,  Шри  Чиньмония  және  т.б.мемлекетіміздің 
территориясына орналаса бастады. Бұл бірлестіктер   Алматы, Батыс Қазақстан облысы мен 
Атырау  облыстарының  және  еліміздің  басқада  өңірлерінде  өз  ілімдерін,  ежелгі  үнділердің 
рухани- мәдени құндылықтары, қасиетті Веда мәтіндері мен философиясын насихаттауда. 
Тоқырау  кезеңі  мен  дінсіз  қоғамның  нәтижесінде  діни,  жартылай  діни  және  діни 
ұйымдардың  еліміздің  территориясына  жаппай  келіп  орналасуына  жағдай  жасады.  Осындай 
саясаттың арқасында көптеген діни бірлестіктер заңды түрде өздерін діни емес ұйым ретінде 
тіркеуден  өткізіп  алған.  Қазіргі  таңда  Алматы  қаласының  өзінде  мұндай  ұйымдардың 
жиырмадан  астамы  бар,  мүшелерінің  көпшілігі  ұлтымыздың  зиялы  қауым  өкілдері,  ғылым 
докторлары мен кандидаттары да бар.  
Олардың  қатарын  кейде  шығармашылық  ізденіспен  жүрген  жазушылар,    журналистер 
мен  суретшілер  де  толықтырып  отырады,  мысалға:  «Әлем  раушандары»,  «Әлем  нұры», 
«Акрезон  Археев»  және  басқа  діни  бірлестіктердің  мүшелерінің  дені  интелигенттерден 
құралған.  Сонымен  қатар  республика  аумағында  мүшелері  жиырма  адамнан  аспайтын  
оринталистік  және  неоринталистік  бағыттағы:  (олар  саны  төртеуден  аспайды) 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
129 
 
Трансцендентальді  медитация,  Әлемдік  бірігу  шіркеуі  және  т.б.да  діни  ұйымдар  қызмет 
атқаруда[4, 29 б]. 
Қазақстанда  жастар  арасында  кейінгі  кезде  орын  алған  шайтанға  табынушы  культтері 
пайда  болуда.  90-  жылдары  Қарағанды  облысының  Саран  қаласында  олар  мемлекеттік 
тіркеуден өткізуге өтініш  білдірген.  
Үстіміздегі ғасырдың 80-жылдары елімізде жаңа пұтқа табынушылардың неофиттер деп 
аталатын  ағымы  пайда  болған.  Неофиттер  90-  жылдардың  басында  еліміздің  басқада 
аймақтарына  тарала  бастады.  Жаңа  діни  қозғалыстардың    протестант  бағытындағы 
Қазақстанда  бұрын  кездеспеген  секталары  отанымыздың  территориясына  жаппай  таралу 
белсенділігі тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1994-96 жылдары орын алды. 
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар дәстүрлі діндердің бейқамдығын  мен қорғансыздығын, 
заң  олқылықтарын,  тұрмыс  қиыншылығы  мен  жұмыссыздықты  пайдаланып,  рухани 
экспанция  жүргізіп  жатыр.  Бұл  еңбектері  жеміссіз  де  емес.  Шетел  инвестициясы  тек  мұнай 
және  газ  саласына  құйылып  жатқан  жоқ,  рухани  өріске  де ауыз  салуда.  Секталар  кәсіпорын 
ашып, оған өз дініне енген Қазақстан азаматтарын ғана жұмысқа қабылдайды[2, 29 б].  
Қазақстанда  Евангелдік  христиандар  ретінде  1990  жылдан  бастап  «Грейс-Благодать-
Рахым»  шіркеуі,  «Новая  жизнь»,  «Жаңа  өмір»,«Агапе»  қауымдары  миссионерлік  қызметпен 
айналысады.  Әсіресе  Грейс-Благодать  Рахым»  шіркеуінің  жұмысын  Германиядан  арнайы 
білім  алған  пастор  Ким  Сам  Сон  жүргізеді.1991жылдың  шілде  айынан  бастап  шікеу  Библия 
мектебін  ашып,  10  адам  дайындайды.  Осы  дайындықтан  өткендер  бөлімшелер  құрып, 
Библияны уағыздауды бастайды [3, 13 б].  
Орталығы  Лос-  Анжелес  (АҚШ)  қаласындағы  Евангелистер  сектасының  «Благодать» 
шіркеуі  бағдарламасында  былай  делінген  (сөйлемнің  мағынасын  бұзбау  үшін  орысша 
қалпымен  келтірейік):  «Видение:  Словом  Божиим  изменим  мышление  народов  Казахстана. 
Цели:  Устоновить  «Центр  по  подготовке  лидеров»  чтобы  к  2005  году  поднять  и  воспитать 
мощных  и  опытных  лидеров  в  Средней  Азии  и  Казахстане  для  практического  служения  в 
церкви.  Открыть  молитвенный  центр  в  Средней  Азии  и  Казахстане,  чтобы  мобилизовать 
молитвенных воинов для защиты  и пробуждения в окне 40-70. Достич полной Евангелизации 
в стране к концу 2010  года. Стратегия: 1.Поднять мощных духовных лидеров через ячечное 
служение и к концу 2005 года поставить не менее 4000 ячеек. 2. Донести Царство Божие  В 
этом  обществе  разрушая  духовные  твердыни  этого  региона  через  духовное 
картографирование 
и 
ходатайственное 
молитвенное 
служение»[4]. 
Міне 
бұл 
республикамыздағы барлық діни секталардың көздеген түпкі мақсаты. 
Алматы  және  Қазақстанның  басқа  да  аймақтарында  жыл  сайын  Иеговашылардың 
конгрестері өтіп тұрады. 2005 жылы наурыз айында өткен конгрестеріне 3703 адам қатысып, 
88  адам  шоқынып  діндерін  қабылдаған.  Олар  үшін  бұл  соңғы  уақыттағы  ең  төменгі  
көрсеткіш болған. 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Иванов Я.Ф., Трафимов В.А.  Христианство в Казахстане.  - Караганда  2006 г.  
2.  М.  Мырзахметов.  «Қазақ  қалай  орыстандырылды?»  //  Түркістан  газеті.  -    Алматы, 
2007. – 10 қараша. 
3.  Ивоненко С. О людях, никогда не расстающихся с Библией. – Москва, 1999 г. 
4.  Борбасова  Қ.М.  Қазақстандағы  Евангелшіл  христиандар  (массихшілдер)  және 
олардың миссионерлік қызметі // ҚазҰУ Хабаршысы. – Алматы.   – 2009.  – №2 (33). 
– 212 б. 
5.  Атабекова  Жанна.  Жаңа  өмір  діни  бірлестігінің  зиянды  әрекеті  //  Діни-танымдық 
сайт. –Алматы, 2009. – 31 тамыз. 
 
 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
130 
 
 
 
УДК 321.1(574) 
 
МЕЖКОНФЕССИОНАЛЬНЫЕ ТРАДИЦИИ В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСТАНСКОМ 
ОБЩЕСТВЕ 
 
Комарова Н.С. - студент 2 курса специальности «Педагогика и методика начального 
обучения» 
научный руководитель – ст.преподаватель Джумашева А.Б. 
Евразийский технологический университет, г.Алматы 
 
Казахстан – страна, мира и благополучия, которой является результатом согласия народа 
на пути к достижению единых целей к процветанию.             
В 
Казахстане 
создана 
проверенная 
временем 
модель 
межэтнического 
и 
межрелигиозного  согласия.  Опыт  нашей  страны  по  взаимодействию  различных  конфессий 
изучают международные организации и зарубежные партнеры, в том числе ООН, ЮНЕСКО и 
ОБСЕ.  На  международной  арене  Казахстан  воспринимается  как  территория  мира,  площадка 
для диалога и сближения культур и религий. 
Если  к  началу  90-х  г.  в  республике  насчитывалось  около  700  религиозных  общин, 
принадлежащих  к  5-7  религиозным  направлениям,  то  к  настоящему  времени  их  количество 
увеличилось  до  двух  с  половиной  тысяч.  По  некоторым  оценкам,  они  относятся  к  46 
конфессиям, представляющим не только мировые вероучения (ислам, христианство, буддизм, 
иудаизм), но древние полиэтнистические культы и современные новообразования. 
В  тесной  взаимосвязи  с  трансформацией  конфессионального  пространства  активно 
возрождаются  культовые  сооружения  –  мечети,  храмы,  молитвенные  дома  и  синагоги.  В 
настоящее время количество подобных зданий и сооружений составляет более 3 тысяч, в том 
числе  около  2228  мечетей,  свыше  200  православных  храмов,  церквей,  около  1  тысячи 
католических, протестантских и иудаистских храмов, молитвенных домов и синагог. 
В центре сложной модели межрелигиозной конфигурации «находятся наиболее крупные 
религии Казахстана – ислам и православие, которые в своем взаимодействии и обеспечивают, 
по существу, межрелигиозную стабильность в стране». 
Сегодняшний  Казахстан  —  государство  с  полиэтническим  составом  населения.  По 
данным переписи населения 2009 года казахи составляют  63,1 % населения, русские — 23,7 
%, другие — 13,2 %,по официальным оценкам на начало 2016 года — соответственно 66,48 %; 
20,61 % и 12,91 %. 
По состоянию на 25 октября 2012 года на религиозном поле Казахстана осталось 3088 
религиозных  объединений  и  их  филиалов,  представляющих  17  конфессий.  Из  них  2229 
исламского  направления,  859  не  исламского,  то  есть  другие  религиозные  объединения. 
Количество религиозных объединений сократилось на 32% или на одну треть. 
Важным  элементом  политической  системы  Казахстана,  скрепившим  интересы  всех 
этносов,  обеспечивающим  неукоснительное  соблюдение  прав  и  свобод  граждан  независимо 
от их национальной принадлежности стала Ассамблея народа Казахстана, созданная 1 марта 
1995 года по инициативе Президента страны Н.А. Назарбаева. 
Сама идея создания была озвучена Президентом Казахстана еще в 1992 году на первом 
Форуме  народа  Казахстана.  Деятельность  Ассамблеи  народа  Казахстана  направлена  на 
реализацию  государственной  национальной  политики,  обеспечение  общественно-
политической  стабильности  в  республике  и  повышение  эффективности  взаимодействия 
государственных и гражданских институтов общества в сфере межэтнических отношений. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
131 
 
Ассамблея  сегодня  является  конституционным  органом,  возглавляемым  ее 
Председателем  –  Президентом  страны,  гарантом  Конституции.  Этим  определен  ее  особый 
высокий  статус.  Правовой  статус  Ассамблеи  определен  специальным  Законом  РК  «Об 
Ассамблее  народа  Казахстана»,  «Положением  об  Ассамблее  народа  Казахстана»,  где 
регламентированы порядок формирования, структура и органы управления, определены цели, 
основные  задачи,  направления  деятельности  полномочия  АНК,  а  также  особенности 
организации 
взаимодействия 
с 
государственными 
органами 
и 
общественными 
объединениями, механизмы участия в разработке и реализации государственной политики  в 
сфере межэтнических отношений. 
Деятельность  Ассамблеи  способствует  росту  международного  авторитета  Республики 
Казахстан как страны эффективно решающей проблемы межнациональных отношений.  
Основные  законы  Республики  Казахстан  утверждают  равенство  всех  граждан 
независимо  от  их  национальной  принадлежности.    Культура  всех  наций,  народностей  и 
этнических  групп  рассматривается  как  общенациональное  достояние.  Всем  гражданам 
гарантируются равные права в отстаивании и реализации своих этнокультурных интересов.  
 
Список литературы 
1.  Конституция Республики Казахстан. Алматы, 2007 
2.  Закон  Республики  Казахстан  от  15  января  1992  года  №  1128-XII  «О  свободе 
вероисповедания и религиозных объединениях». Алматы, 2005 
3.  В  Казахстане  резко  возросла  численность  религиозных  объединений//  Интернет 
портал Нур- adal-kz.info/news 
4.  US  Government  Reports.  Kazakhstan.  International  Religious  Freedom  Report  2008/  In: 
usembassy.gov/irf-2008.html 
5.  Н.А.Назарбаев  –  основоположник  казахстанской  модели  межэтнического  и 
межконфессионального согласия./ Сост.: А.Н.  Нысанбаев, А.Г. Косиченко. Алматы, 
2010 
6.  Агентство  Республики  Казахстан  по  делам  религий.  Религиозные  объединения  в 
Республике Казахстан, Астана, 2012 
7. 
https://ru.wikipedia.org/wiki/Население_Казахстана
 
 
 
УДК 811 
 
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ 
 
Әбу А.- «Электр энергетикасы» мамандығының 3 курс студенті. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Абылкаирова Р.Т. 
 
«Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды»  дегендей,  жас  ұрпаққа 
саналы,  мағыналы,  өнегелі  тәрбие  мен  білім  беру  бүгінгі  күннің  талабы.  Тілдің  адам 
өміріндегі ең шешуші рөль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың 
құралы. 
Әлемде екінші ұстаз,ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби өмірінде 76 ұлттың тілін  білсе, 
өр  рухты  дауылпаз  ақын  Махамбет  пен  қазақтың  бір  туар  ұлы   Шоқан  да  бірнеше  тіл  білсе 
керек. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта 
жастан  асып  барып,  кеш  меңгерген.Қазақ  тілі   еш  уақытта   өзімен  көршілес  халықтың  
тілдерінен  сорлы  болып,  қатардан  қалып  өмір  сүрмегендігі,  өз  сыбағасын  ешкімге 
бермегендігі  мыңдаған  жыл  тарихынан  айқын. Намысын  найзаға  шаншып,күре  тамыры  Көк 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
132 
 
бөріден  нәр  алған,көк  Тәңірге  табынған  Күлтегіннің  ұрпағына  бүгінгі  таңда  ағылшын  тілін 
меңгеру  қиындық  тудыра қоймас.  Иә,  көп  тіл білу ــ әрине,  мақтаныш.  Әйтсе  де  өз  ана  тілін 
аяқ асты ету тексіздің ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе ــ бұл сүйініш, 
мақтаныш; ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе ــ бұл күйініш, өкініш.  Президентіміз 
Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Қазақ  тілі  үш  тілдің  біреуі  болып  қалмайды.  Үш  тілдің    біріншісі, 
негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деген ескерту айтқан болатын. 
Біздің  елімізде  «Үш  тұғырлы  тіл»  саясатынан  бөлек,  еліміздегі  әрбір  ұлыс  өз  тілдерін 
еркін меңгеріп, өз тілдерінде сөйлей алады. Бірақ, Үш тұғырдың қатарына төртінші, я болмаса 
бесінші  болып  орналаса  алмайды.  Әрбір  ұлттың  өзінің  ана  тілдерінде  еркін  сөйлеуі 
Қазақстандық  демократияның  айқын  көрінісі.  Біз  осындай  демократияның  арқасында  ғана 
әлемге танылып, жер жүзінде бейбітшілік үстемдігін жасай    аламыз. Билік үш тілді үйрену, 
қолдану аясын бір сызықтың бойына емес, үш сызыққа, әрқайсысының өз  орнын  көрсететін 
саясат  жүргізіп,  мемлекеттік  тілдің  бірінші  болып  дамуын  қадағалайды.  Бұған  ешқандай 
күмән болмауы керек. Үш тұғырлы тіл арқылы ғана Қазақстан тілдік саясаттың оң нәтижесі 
көре  алады.  Мемлекеттік  тіл  -  мемлекеттік  қызметте  жұмыс  бабында  қолданылатын  тілге, 
басшының  сөйлеу  тіліне  айналуы  үшін  билік  аянбай  еңбек  етіп  келеді.  Мемлекеттік  тілдің 
қоғамдық  қызметі  қоғамдық  өмірдің  аса  маңызды  мынадай  салаларында  жүзеге  аса  береді: 
басқару,  ақпарат,  білім  беру  мен  тәрбие  ісі,  ғылым  мен  техника;  қоғамдық  ғылымдар, 
жаратылыстану  мен  нақты  ғылымдар,  техникалық  және  қолданбалы  ғылым,  экономика 
салаларында,  ғылымның  жалпыға  ортақ  салаларында,  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
саласында,  іс  жүргізу  саласында;  мемлекеттік,  қоғамдық-саяси,  мәдени  мекемелер  мен 
ұйымдарда;  дене  тәрбиесі,  спорт,  туризм,  денсаулық  сақтау  мен  емдеу  мекемелерінде; 
қоғамдық  тамақтандыру  орындарында;  өнер  мекемелерінде  (театр,  кино);  дипломатиялық 
қарым-қатынаста;  әскери-патриоттық  тәрбие  және  білім  беру  ісінде;  шаруашылық  жүргізу 
және  ұйымдастыруда;  өндіріс  және  өнеркәсіп  орындарында;  Қазақстан  Республикасында 
өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б.  
Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары 
сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтеріліп, мәңгілік тілге айналады. Тағы 
қайталап  айту  керек,  «Үш  тұғырлы  тіл»  саясаты  мемлекеттік  тілді  өшіруді  емес,  өсіруді, 
дамытуды көздейді. 
Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстан-2050:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси  бағыты»  атты  халыққа  жолдауында  «Біз  ел  иесі  ретінде  биік  бола  білсек,  өзгелерге 
сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық 
салада  белсенді  пайдалана  отырып  дамыту.  Біз  ұрпақтарымызға  бабаларымыздың  сандаған 
буынының  тәжірибесінен  өтіп,  біздің  де  үйлесімді  үлесімізбен  толыға  түсетін  қазіргі  тілді 
мұраға  қалдыруға  тиіспіз.  Бұл  -  өзін  қадірлейтін  әрбір  адам  дербес  шешуге  тиіс  міндет. 
Мемлекет  өз  тарапынан  мемлекеттік  тілдің  позициясын  нығайту  үшін  көп  жұмыс  атқарып 
келеді.  Қазақ  тілін  кеңінен  қолдану  жөніндегі  кешенді  шараларды  жүзеге  асыруды 
жалғастыру  керек.  Тіл  туралы  жауапкершілігі  жоғары  саясат  біздің  қоғамымызды  одан  әрі 
ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту 
жөніндегі  кешенді  шараларды  жүзеге  асыруды  табандылықпен  жалғастыра  береміз.  Кез 
келген  тіл  өзге  тілмен  қарым-қатынасқа  түскенде  ғана  өсіп,  өркен  жаятынын  әрдайым  есте 
сақтаған  жөн.  Біз  қазақ  тілін  жаңғыртуды  жүргізуге  тиіспіз.  Тілді  заманға  сай  үйлестіріп, 
терминология мәселесінен  негізін іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық 
және  шет  тілінен  енген  сөздерді  қазақ  тіліне  аудару  мәселесін  біржола  шешу  қажет.  Бұл 
мәселе  оқшауланған  қайраткерлердің  ортасында  шешілмеуге  тиіс.  Үкімет  мұны  реттегені 
жөн» - мемлекетіміздің мемлекеттік тілі болып отырған қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді ең 
бірінші  орынға  қойып  дамыта  беретінін,  оның  болашағы  үшін  алаңдамау  керек  екенін  баса 
айтады. Президентіміздің бұл айтқандарына назар салатын болсақ, расында, мемлекеттік тіл – 
қазақ тілі үш тілдің бірі болып қалмайды, ағылшын мен орыс тілін өзінің көлеңкесінде ұстап, 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
133 
 
ығына  ығыстырып,  үш  тұғырдың  ең  үстінде  тұрады.  Демек,  қазақ  тілінің  болашағына 
қауіптенетіндер  алаңдамаса  да  болады.  Себебі,  мемлекеттік  тіліміздің  ары  қарай  дамуына 
президентіміздің, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі кепілдік беріп отыр. 
Ойымды  қорыта  келе,  Елбасының  мына  бір  сөзімен  аяқтағым  келеді:  «Дауға   салса 
алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің 
кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – 
Ана  тіліміз». 
 
Әдебиеттер тізімі 
1. 
Назарбаев  Н.Ә.  «  Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру-  мемлекттік  саясаттың 
басты мақсаты» / Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 6 ақпан, 2015 жыл
 
2. 
Рысбаева  Г.К.  «Шетел  тілін  білу-жас  ұрпақтың  бәсекеге  қабілеттігінің  кепілі», 
«Мектептегі шет тілі» журналы 2012, № 3, 3-6 б.
 
3. 
Кунанбаева  С.С.  Современное  иноязычное  образование:  методологии  и  теории  А., 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет