«Білім айнасы» 2023 ж.
21
құбылыс көз жетерліктей етіп нақты түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады.
Ұғымдар арсындағы байланыстар мен қатынастар ойлау жолымен ашылады.
Ойлау – танымның жоғары сатысы. Оның айрықша ерекшелігі – сөзбен тығыз
байланыстылығы. Ойлаумен сөйлеу органикалық бірлікте болады. Ой шындығы тіл арқылы
беріледі. Шындықтағы себеп-салдарлық байланыстар тәжірибеде танылып, белгілі тілдік
формалармен аталады. Адам дүние құбылыстарын тани отрып, бұларды бірінші және екінші
сигналдық жүйелер арқылы бейнелеп, түрлі сөздермен өрнектейді. Әрбір қабылданатын зат,
құбылыстың белгісі, қозғалысы, күйі не қатынасын сөзбен атай отырып, адам оларды
жалпылайды. Ойлау арқылы заң, ереже түйінделеді, фактілер қорытылады, электронды
күрделі механизмдерді пайдалана отырып, тікелей қабылдауға болмайтын құбылыстардың
мән-жайын танып біледі. Ойлау шындық жанама жолмен танылады.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы нақтылы болғандықтан, олар көп нәрселерді
өз қалпында түсінуге бой ұрады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесінде психикалық даму дәрежесіне қарай
белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, таным, ойлау, өзін-өзі
тәрбиелеу т.б.
Мұғалімнің міндеті – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушысының ой-әрекетін
қалыптастыру. Осыған орай оқушы оқыту процесінде, әрбір сабақта өзінің оқу іс-әрекетінің
мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдері мен амалдарын
қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға үйренуге тиіс. Оқыту процесіндегі ой-әрекетінің
қалыптасу жолдарында танымдық белсенділіктің мынадай көріністері болатынын білу керек:
— Білуге деген ықыластың, ұмтылыстың, шабыттың жоғары болуы;
— Бастауыш сынып оқушысының өзіндік дербестігі, сұрақ беруге құмарлығы,
пікірталас туғызуға деген ықыласы;
— Бастауыш сынып оқушысының материалды еркіне, өз сөзімен айтып беру мүмкіндігі
және шығармашылық әрекетінің жоғары болуы.
Егер де сабақтарда бастауыш сынып оқушысының бойында танымдық белсенділік
пайда болған жағдайда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды:
зеректілік, зейінділік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі т.б.
Бастауыш сынып оқушысының оқыту процесіндегі өздігінен жасайтын түрлі оқу
жұмыстары ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады. Амалдарды қолдану
арқылы оқушы материалдың мазмұнын еркін меңгеріп, материалды баяндау тәртібін өзінше
өзгертіп айтып беруге шамасы келеді.
Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу,
танымдық белсенділік қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушысының ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі
шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы
тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады.
Таным әрекетінің бірі – қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық
тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру,
сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны
жақсы қабылдауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: