Әдебиеттер: 1. Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым
министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы.
2. «Кәсіптік мектеп» журналы
3. К.С.Құдайбергенова «Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары»
«Білім айнасы» 2023 ж.
9
Әділбекова Роза Өтегенқызы Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылы
"Балдырған" бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
«Көкөністер айтысы» ертегісі Білім беру саласы: «Қатынас»
Білім бөлімі: Көркем әдебиет
Мақсаты: Ертегінің мағынасын түсінеді,көкөністердің адам ағзасына пайдасы туралы
біледі.
Әдіс-тәсілдері:көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ертегі тыңдау, бейнебаян
көру,сергіту сәті, дидактикалық ойын
Ресурстары: Күз
мезгілінің,
көкөністер
суреттері,
үлестірмелі
материалдар, атрибуттар
Оқу қызметінің барысы: балаларды ұйымдастыру
Шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз!
Сәлеметсіздер ме!
Здраствуйте!
Hello!
Дидактикалық ойын: «Жалғастыр»
Ойын шарты: Тәрбиеші сөйлемнің басын айтады,балалар сөйлемді
жалғастырады
Күзде күн суытады
Жаңбыр жауады
Жапырақтар жерге түседі
Ағаштар сарғаяды
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді
Жемістер піседі
Көкөністер піседі
Тәрбиеші: Армысыздар қонақтар
Бармысыңдар балалар
Күз мезгілін жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық
«Білім айнасы» 2023 ж.
10
(Музыка ырғағымен ғажайып сандықшасы бар Күз мезгілі келеді, қасында үш айымен)
Күз ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Менімен ойын ойнағыларың келе ме?