Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
25
жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді
бүкіл елі болып еске түсіреді, оларды қалай құрметтесе де жарасады.
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің
еренерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз –болашақ
ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға тәрбиелеу.
Қиындықпен келген жеңіс ешқашан ұмытылмайды және ұмытылмақ емес.
Соғыстың құны – кесілген білек,
Соғыс күні – тесілген жүрек.
Соғыс құны – лаулаған орман,
Соғыс күні – уланған арман.
Соғыс құны - өртенген аспан,
Соғыс құны – төгілген жас қан
- демекші, батырлық, ерлік қазақтың қанында бар. Қазақтың ержүрек
батыр қыздар мен балалары елі, жері үшін қаншама қан төкті. «Тегінде бар тек
жатпас» деген, сол халықтың ұрпағы ерліктің небір үлгілерін көрсетті. Сұм
соғыста жеңіске жету жолында жауға қарсы ұмтылған батырларымыздың
есімі мәңгі ұмытылмайды. Жадымызда сақталады мәңгілік өшпес отты
жылдар!
Бөтей Ұлдана
Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы,
Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебі.
10 сынып оқушысы
Жетекшісі: Бейсбаева А.О
МӘҢГІЛІК АЛАУ – ӨШПЕС ЕСІМДЕР
... «Отан» деген бір-ақ ауыз сөз.Бірақ сол
сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ...
Баубек Бұлқышев
Зұлмат соғыс халқымыздың қаншама дарынды ұлдарын дегеніне
жеткізбей, бойларындағын сарқып ұлтына бергізбей, артына ұрпақтарын да
қалдырмай қыршындарынан қиып, өздерімен бірге асыл армандарын арқалап
алып кетті. 1932-нің аштығы, 1937-нің нәубетінен ұлтының небір асыл ұл-
қыздарынан айырылған халық басқыншыларға қарсы соғысқа тағы да
қимастарын аттандырған.
Қазақ жерін қызыл қанға бояп, орны толмас қайғы-қасіретке ұшыратқан
сұрапыл соғыс ешқашан ұмытылмақ емес. Толарсақтан қан кешіп, майданның
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
26
ауыр азабын шеккен батырларымыздың көпшілігі оралмады. Кешегі қан
майданда аспаннан төніп жауының зәре-құтын қашырған батырларымыз
қазақтың бүгінгі бар болмысы, бар бітімі, бар айтары. Жалындаған жастық
шағында көзсіз ерлігімен, ерекше қабілетімен көзге түсіп қан майданда өзінің
ғана емес, күллі қазақ халқының атағын шығарып, даңқын асқақтатқан
ерлеріміздің есімі бүгінде баршамыздың көкейімізде.
Адамзат тарихындағы аса ірі де қасіретті оқиға – екінші дүниежүзілік
соғыс. Ал кешегі алып КСРО мемлекеті құрамындағы халықтар үшін Ұлы
Отан соғысы болды. Адамзат тарихындағы ең жойқын соғысқа аттанған
ерлеріміз Отанын қорғау үшін кеудесін оққа тосқан.
Біз, соғыстан кейін туған ұрпақ, кешегі Ұлы Отан соғыс жылдарындағы
аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек
оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Ұлы
Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің
саяси-тарихи, елдік мәні туралы ойлану, пайымдау – кейінгі буынның
азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер
қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының
антқа адалдығын көрсетті. Отан соғысы майдандарында жау тылындағы
партизандары мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында
шайқасып, фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет, қайсар
қандастарымыздың рухына бас иеміз...
Соғыстың от-майданында жүріп «алты малта ас етіп», «толарсақтан қан
кеше жүріп», елге жеңімпаз ретінде оралған батыр ақын-жазушыларымыз
соғыстың ерлік рухын, адам бойындағы бар қасиетке сын болған алапат
қиыншылықта өзінің азаматтық арына дақ түсірмей, тіпті, дәлірек айтсақ қазақ
ұлты ұландарының ерлігі мен мәрттігі, жанкештілігі мен төзімділігі туралы
бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Олар бүгінгі ортамыздағы қайырымдылық пен
әділдіктің, партиоттың жыршысы һәм күзетшісіндей. Талай ақын-
жазушыларымыздың шығармаларына арқау болып, қайғы мен қасіретке
толған жылдар туралы баяндалған сұрапыл соғыста аналарымыз туған
баласынан, қыздарымыз ағалары мен әкелерінен айырылып, оларды қара
жердің қойнына тапсырған.
Біздің ауылымызда да Ұлы Отан соғысынан аман-есен оралған ардагер
аталарымыз бар. Солардың ішінде Абдрахманов Шұлғаубай, Сүлейменов
Асаубай және басқа да жерлестеріміз соғысқа қатысып, елін қорғауға үлкен
үлес қосқан. Қан майданда тылда жұмыс істеген ата-апаларымыздың да ерен
еңбегі ұмытылмайды. Тылда жұмыс істеген азаматтарымыздың арасында
менің аталарым Сәбденов Бөтей және Зәуірбеков Нұрах болған. Сәбденов
Бөтей – Ленин орденді механизатор. Өмір бойы өз ауылының өсіп-өркендеуіне
зор үлесін қосты. Ең алғашқы ХТЗ, ЧТЗ тракторларынан бастап, К-700
тракторына дейін меңгерді. Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылда істеген зор
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
27
еңбегі үшін Ленин және басқа да медальдармен марапатталды. Ал Зәуірбеков
Нұрах Еңбек майданында Қарағанды қаласындағы шахтада жұмыс істеді. Сол
еңбегін бағалап, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Абахов Кәрібай атам - Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыстан оралған
соң трактор руліне қайта отырды. Жер жыртты, тұқым септі, егін орды.
К.Абаховтың көп жылғы қалтқысыз еңбегі жоғары бағаланып, 1967 жылы
Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені мен Алтын жұлдыз
медалімен қоса марапатталды. Туған ауылымыз Жақсылықтың бір көшесі осы
Кәрібай атамның атында.
Апам Абахова Сәлима Жаманқарақызы - аудан қыз-келіншектері
арасынан Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан жалғыз әйел. Сәлима апам
соғыс кезінде санитар болып жүрген кездегі көзіне жас алып әңгімелейтін
мына бір оқиғасын айта кетейін. Сәлима апамен бірге санитар болып поляк
қызы да қызмет атқарған. Олар жау танкілері мен жауынгерлері жерімізге
баса-көктеп кіріп, біздің әскерімізге оқ боратып талай жауынгерлерімізді
жаралағанда, оларға көмек көрсетіп емдеген. Соғыс алаңында жаралы
жауынгерлерді дәрігерге апара жатқан кезде жау танкісі Сәлима апаның көз
алдында поляк қызын тірідей таптап өтіп, мерт қылған екен. Осы оқиғаны
үлкен қасіретпен еске алғанда, көзіне еріксіз жас келеді.
Осындай ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, артына өшпес із қалдырған ердің
ісін ұмытпай тарихымызды жаңғыртып отыру – бүгінгі ұрпақтың парызы.
Елім деп туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де, жүз ғасыр өтсе де ел есінде
сақталып қалары сөзсіз.
Ерғараева Аружан
Облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған
дарынды балаларға арналған мектептің 8 сынып оқушысы
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Жетекшісі: Сүлейменова Ғалия Ермекбайқызы
Ұлы есімдер ұмытылмайды
Соғыс.Майдан. Қаралы қағаз. Көріп, білмесек те, оқығанымыз бен
естігеніміздің өзі-ақ осы бір ұғымдардың қаншалықты қасіретті, қорқынышты
екенін түсіндіреді. Ата-апаларымыздың да ең бағалы батасы «Еліміз аман
болсын, бейбіт өмір сүріңдер» деп айтылатыны да осыдан.
Ия, ел есінен, әлем тарихынан 1941-1945 жылдары болған екінші
дүниежүзілік соғыс мәңгіге орын алды. Алаңсыз жатқан елінің шетіне кірген
жауға қарсы небір боздақ аға-көкелеріміз, аталарымыз майданға аттанып, ал
аналарымыз болса барлық қиындықты мойындарына артып қала берді.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
28
«Соғыс-құрбандықсыз болмайтыны» дәлелденген заңдылық. Осыдан да бір
кездері сап түзеп майданға аттанған аталарымыздан, аға-көкелерімізден елге
аман оралғаны саусақпен санарлықтай. Ал көбісі шет жерде жау оғынан қаза
тапты.
Міне, осындай сұрапыл соғысты көрген, басынан кешірген ардагер
аталарымыздың айтқандары немесе балалық шағын соғыс ұрлаған жазушы
аталарымыздың жазғандарынан батыр ағаларымыздың елі мен жері үшін
жасаған ерліктері – біз үшін үнемі есімізде ұстап, үлгі алатын ерлік мектебі.
Әсіресе, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова секілді батыр апаларымыздың
ерліктері күн өткен сайын ірілене түсіп, біздерді рухтандырып, бойымызға
ерік-жігер құйып келеді. Сондай-ақ, жау оғынан тайсалмаған Төлеген
Тоқтаров, Талғат Бигелдиновтердің ерліктері, ержүрек Бауыржан
Момышұлының қолбасшылық болмысы мен Қасым Қайсеновтердің майдан
шебіндегі батыл қимылдары ұлттық мақтанышымыз десек болғандай. Қазіргі
кезде соғыстың шынайы қасіреті өзі майданға қатысқан Сырбай Мәуленовтің
жалынды жырларынан, Баубек Бұлқышевтің жазбаларынан, Бауыржан
Момышұлының қанмен жазылған кітаптарынан, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің,
Тахауи Ахтановтың, Шерхан Мұртазаның, т.б. романдарынан таныс. Есіме
өзім оқыған Сайын Мұратбековтің «Жусан иісіндегі» Аянның тағдыры түсіп
отыр. Аяғын сылтып басқан Аян майдандағы көкесіне деген сағынышын
әңгімемен жеткізуші еді. Соғыстың қасіретін тартып, бала болып алаңсыз
ойнап, күле алмаған балалар тағдыры бізді де бей-жай қалдырмайтын. Жүз
жасаған Жамбыл атамыздың «Ленинградтық өренім» өлеңінің өзі
жауынгерлерге өршіл рух сыйлағандығын білеміз. Роза Бағланова секілді
бұлбұл әнші апамыздың танктің үстіне шығып, ән шырқап, қуат бергені де –
соғыстың жайынан хабар етіп қоймай отаншылдық сезімімізді оятуға,
патриоттық рухта тәрбиеленуімізге мол мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Көптеген құрбандықпен, ауылда қалған апаларымыздың таңнан күн
батқанға дейінгі ерен еңбегі арқасында 1945 жылы жау кейін шегініп, жеңіс
туы желбіреді. Үстіміздегі жылы жеңістің 70 жылдығын тойлаймыз. Менің де
атам соғысқа қатысып, бір аяғынан айрылып, елге оралған. Атамның ағаш
аяғын көрген сайын балалық қызығушылықпен көптеген сұрақтар қойып,
атамды мазалайтынмын. Атам терең күрсініп, кейде терең ойға шоматын.
Қазір атам да о дүниелік болған. Осы себепті де, Ұлы Жеңіс мерекесі – әрбір
шаңырақ үшін ұлы мереке екені даусыз. Мен секілді әрбір баланың ата-
апасына деген сағынышы еріксіз өткен күндерге жетелейді. Бүгінгі күні соғыс
ардагерлері тіпті азайып кеткен. Қандай құрметке болмасын әбден лайықты,
бүгінгі тәуелсіздігіміздің арайлы таңы үшін өлшеусіз еңбек еткен, бейбіт өмір
сыйлаған ардагер аталарымызды құрметпен еске алу да біздер үшін зор міндет,
азаматтық борышымыз.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
29
Шығармамды қорыта келе, жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де,
ешбіріміздің есімізден мәңгі кетпейтін, қайғы-қасіретімен ұрпақ санасынан
орын тепкен соғыс туралы жаза беруге де, айта беруге де болады. Ең бастысы,
соғыстың сұрапыл қасіреті мен ел-жер үшін ержүрек ағаларымыздың жасаған
ерліктерінен үлгі-өнеге алып, тәуелсіз еліміздің баянды болашағы үшін
Отанымызды қалтқысыз сүйіп, қадірлеп, қастерлеуіміз қажет.
Ұлылық- ұлы істерден бастау алады. Ұлы істерімен дараланған ұлы ата-
бабаларымыздың есімдері үнемі жадымызда сақталып қала бермек. Соғыс,
Ұлы Жеңіс тақырыбына қалам тартпаған ақын-жазушы жоқ.
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан жарық, сапарларың.
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар, - деген
қызылордалық ақын ағамыз
Махмұтбай Әміреұлының өлең жолдарымен қорытындылағым келеді.
Ескендір Арайлым
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы
Ақтоған орта мектебі 10-сынып оқушысы
ЖЕҢІС –БІЗБЕН МӘҢГІ БОЛСЫН!
Ұлы Отан соғысы миллиондаған боздақтардың өмірін қиып, адамзат
тарихындағы сұрапыл алапатымен есте қалды.Елін, жерін фашизмнен
қорғаған жауынгерлер ерліктің, қаһармандықтың теңдессіз үлгісін көрсетті.
Ұлы Жеңіс- барша Қазақстандықтың жеңісі.. Ұлы Отан соғысының
жеңіспен аяқталғанына да міне 70 жыл өтіпті. «Жеңіспен аяқталды!» - деп біз
мақтанышпен айта аламыз. Біз, қазіргі жастар осы Ұлы Отан соғысы жайында
көп киноленталар мен көп соғыс туралы әдеби кітаптар оқу арқылы сол
кезеңдерді көзімізге елестете аламыз. «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де,
болашақтың дидарын көзге елестету үшін біз өткен тарихымызды, ата-
бабаларымыздың қиыншылықтары мен ерлігін ұмытпауымыз керек. Сол кезде
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
30
ғана қазіргі кезеңді түсініп болашаққа көз жүгірте аламыз» деп Елбасы
Н.Назарбаев ағамыз өте орынды айтқан.
Біздің өткен өміріміз, яғни тарихымыз болып табылатын Ұлы Отан
соғысы майданға барған азаматтарымыз үшін де, Отан қорғаушыларымыз
үшін де, елін қорғау оңай болмағанын білеміз. Ұлы Отан соғысы сол кездегі
кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі
қалатын күн. Ұлы Отан соғысында Ұлы жеңіске ештеңе теңеспейтін ғажап
күшпен жеттік. Ол күш әрине, “бірлік”. Қаншама халық бір тудың астында
бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қазақстандық жауынгерлер, Отан
қорғаушылар Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды. Осы Ұлы Отан
соғысына Көгершін жерінен де бірнеше Отан қорғаушылар барды. Соның
ішінде азаматтық борышым деп білген -Молдаш Амреев атамыз . Молдаш
Амреев 1915 жылы Тұрар Рысқұлов ауданында №97 Жылқы заводында
дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін, ауылда жұмыс істеп майданға
аттанады. Батыс Беларусь майданында, 376-шы артиллерия полкінде әскери
қызметін өтеді. Күрес додасында қолынан жараланды. Сегіз ай госпитальда
емделіп, 1945 жылы туған елге оралған. Соғыстан оралғаннан кейін қазақ
топырағынан шыққан ең алғашқы олимпиада чемпионы Абсентті және текті
тұлпарларды баптап өсіреді. Молдаш Амреев атамыз қонақжай, әрі көкірегі
ояу, көзі ашық, сауатты шежіреші жан болған екен.Көгершін ауылында
қазіргі таңда балалары, немерелері мен шөберелері бақытты ғұмыр кешуде.
Көгершін жерінен барған Отан қорғаушылар туралы біз көп естиміз .Оның
өнегелі ерлігін бүгінгі ұрпаққа барынша үлгі ету үлкендердің парызы. Отан
қорғап елге оралған ардагерлеріміздің қазіргі күнде өкінішке орай саны жыл
санап азайып барады. Ол кісілер қазір тірі болғанда Қазақ елінің,
Қазақстанның қалай дамыған өркениетті, егеменді ел болғанын көретін
еді.Әрине, Тәуелсіз Қазақстан болуға қол жеткізіп отырған сол кездегі Отан
қорғаған ата-бабаларымыздың да үлесі мол деп білемін.
“Ер есімі-ел есінде”-демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр
сыйлаған ата-апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың
қасиетті рухы бүгінгі бейбіт өмірімізге мәңгі шуағын шашпақ. Жеңісіміз-
мәңгі бізбен болсын!- дегім келеді.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
31
Жайлау Мөлдір
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылы
А.Шынасилов атындағы шағын орталықты орта мектебі 11-сынып оқушысы
Жетекші:Мейрманова Клара Сергеевна
Отан үшін от кешкендер
Осы бір зердесі мен зейіні ерен, байыпты да байсалды, сұңғыла да сара
парасатты, қасиетті «Ұлы Жеңіс күні» туралы жазу үшін, қолыма қалам
алғанда, көңілім бір түрлі қанатты құстай көкке көтеріліп кетті.
Ұлы Жеңіс күні! Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.
Халқымыздың зердесінде бұл күн мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы
ұмытылмайды.1945 жылдың 9 мамыры - Ұлы Отан соғысының жеңіспен
аяқталған күні, әлем фашистік құлдық қауіпінен азат етілген күн.Адамзат
тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жыл толып отыр.Бірақ
Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін
қалдырды.Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке
- бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған
жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті
жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін
дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің ата-бабаларымыздың батырлықтары мен жанқиярлықтары,
олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі
жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты
байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің
жоғары адамгершілік пен даңқымыздың мерекесі.Табандылық пен ерлік,
Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.Сол бір сұрапыл
жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін,
ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96
қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар Иван Павлов, Бауыржан
Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Талғат Бегельдинов, Әлия Молдағұлова және
тағы басқалар.
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті.
Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,
тарихта мәңгілік қалатын күн. Ұлы Отан соғысын халқымызға төнген ең ауыр
күндер болды.Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды
талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.
Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды.
Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен
Ленинград үшін болған ұрыстарда өз батырлықтарын, ерліктерін
көрсетті.Украинаны, Кавказды, Беларуссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
32
етті, ал Польша, Венгрия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан
жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің
қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмаған. Қазақ елі
басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық
болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді
жүрегінен алып тастаған. Тіпті арғыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан
соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ,
қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.
Оған мысал ретінде айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың
Кеңестер Одағының Батыры атағын алғаның айтсақ та жетеді. Ердің ері
шыдайтын, жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында
олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың
тырнағына іліккен.
Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен
барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Соғыстың
адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян.
Солардың ішінде ауған – жауынгерлерінің де ерліктерін есімізде мәңгіге
сақтау – қасиетті борышымыз.
Бүгін де біз, XXI ғасыр жастары, елдің болашағына, Елбасы салып
берген жолдың баяндылығына жауаптымыз. Осы ойда, осы мақсатта әрбір
жас көкейінде ұстап, сол жолда тер төгетін болса, тәуелсіздігіміз баянды,
еліміз іргелі болмақ.
Жайлаубай Нұрай
9 сынып. Бірлес орта мектебі.
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы.
Жетекшісі: Байтишов С.
Ұлы Жеңіс жасасын!!!
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да жетпіс жыл өтті.
Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,
тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде
қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер
тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлығымен жеңісті
шыңдаған, егін даласында күні – түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген
жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да
даңқты әйелдеріміз – өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін
көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын
жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл
мейрамды өздерінің әкелері мен ағаларын қанын төгіп, жанын қиып бақытты
|