Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
169 
Жетпісінші жыл  толды Ұлы жеңіске, 
Елім  тыныш, ілгерілеу төл істе. 
Тәуелсіздік туын көкке көтердім
Тұман, түнек баспасын деп жер бетін, 
-  деген  ақын  өлеңі  барша  жұрттың  тілегі    екені  күмәнсіз,  менің  де  
жүрегім «Жеңіс» деген сөзден жылу алады, көңілім аталар ісіне, ерлігіне деген 
мақтаныш  сезімімен  нұрлана  түскендей    болады.  Жеңіс  –  ата-бабамыздың  
аңсаған  бейбіт  өмірі,  үміттерді  жалғаған  ұрпақтар  ұраны,  аталар  аманаты. 
Ендеше,  жер  жүзі    халықтарына  бейбітшілік  әкелген  жеңіс  күнінің  мерейі 
үстем болып, ұрпақтан˗ ұрпаққа аманат болып тарала бергей! 
Елбасы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты  жолдауында 
болашағымыздың айқын бағыттары мен бағдарын анықтап берді. Бұл әрине, 
нұрлы  өміріміздің,  бейбітшіліктің  кепілі  десек  артық  болмас.  Нұрлы  жолға 
үлес қосушы қазақ перзенті ретінде ұлттық мүддені ұлықтау жолында ісіміз 
елеулі,  ортақ  Отанды  гүлдендіру  жолында  еңбегіміз  өнімді,  жеңістеріміз 
молынан болғай! Текті тұлғаларымыздың рухымен келген егемендігіміз мәңгі, 
тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! 
         Мырзағалиұлы Қайсар 
6 сынып, №29 мектеп,Тұрмағамбет ауылы, 
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Бектасова Р. 
   
Өмірі ұрпағына ұлағат 
Келер  көктемде  Кеңес  әскерлерінің    неміс  фашистерін    жеңгендеріне 
жетпіс  жыл  толады.  Миллиондаған    адамның  өмірін  жалмаған  сол  сұрапыл 
соғыстан елге аман-есен оралғандардың қатары да күн санап азайып барады.   
Менің атам да осы соғыс майдангері. Он сегіз жасында осынау қасіретті 
қырғынға қатысып, қарша бораған оқ пен оттың ортасынан аман оралған. Ол 
қазіргі  Қызылорда  облысы,  Қармақшы  ауданы,  Тұрмағамбет  ауылынан  
аттанған.  Атамның  толық  аты-жөні  Әлиев  Нұрғали.  Мен  атам  жөнінде  тек 
әжемнің  айтуынан  білемін.  Әжем  Жалиева  Шахар  қазір  84  жаста.  Менің 
дүниеге келген және тұсау кесу тойымда атам болған.   
Менің атам – Әлиев Нұрғали 1924 жылы №10 ауылдық кеңесіне  қарасты 
«Өндіріс» ұжымшарының жерінде кедей шаруа жанұясында  дүниеге келген. 
7 сыныптық мектепті 1942 жылы бітірген. Соғысқа аттанарда 18 жаста болған. 
1942 жылы наурыз айында әске қатарына алынып,  Аягөз  қаласына  барып,  
соғыс өнерін  үйренген.  Сол  Аягөз  қаласынан  Смолекск  қаласына барып, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
170 
бірден  соғысқа    қатысқан.  Ол  жаяу    әскер  сапында  болған.  1943  жылдың 
маусымына дейін  Смоленск  майданында   ұрыстарға  қатысып,  сол жерде 
жараланған. Бір айдай госпитальда жатып емделген.  Госпитальдан  шыққан 
бойдан  оны  №94  дивизия  қарамағына  жібереді.  Майдан  қолбасшысы    сол 
кезде  армия  генералы  Малиновский  болған.  Сол  дивизияның  №3 
батальонының 8 ротасының қатарында соғысқан. 1945 жылдың  3 тамызында  
шығыс  шекараға  барып,  Жапонияға    қарсы    ұрысқа    қатысқан.    Мукиеден,  
Цицикар, Жэкэ, Дайран,  Порт –Артур  қалаларын  жапон басқыншыларынан  
азат еткен.  1945 жылы  Жапониямен  бітім  шартын  жасасқаннан  кейін  сол 
жерде  1947 жылдың  наурыз  айының  аяғына  дейін  болып,  ауылға оралған. 
Соғыс  кезінде  «Ерлігі  үшін»  медалін  алған.  Бұл  медаль  оған  
Смоленскіде  барлауға  барып,   тапсырманы  ойдағыдай  орындағаны  үшін  
берілген.  Соғыс  аяқталған  соң  «Германияны  женген  соң»,  «Жапонияны  
женген соң» медальдарымен  наградталған. 
Ауылға  келгеннен кейін  «Өндіріс»  колхозында  есепші, шаруашылық  
меңгерушісі,  1965-1984 жылдары кеңшарда  бригада  есепшісі  болған.  1984 
жылы зейнет  демалысына шыққан.  
Әжемнің айтуынша атам соғыстан қайтып келе жатқанда поезда балгер 
оған 25 жасыңда ауырасың, одан аман қалсаң 80 жас жасайсың депті. Соғыстан 
оралған соң 1949 жылы қатты науқастаныпты, бірақ аман-есен жазылыпты. 
80 жасында  2004 жылы дүниеден өтті. 
Мен өз атаммен мақтанғым келеді. Майдангер атамның өмірі, жеңіске 
жету үшін көрсеткен ерлігі – мен үшін өнеге. Ұлы Жеңіс күні – бәрімізге ортақ 
мұра болғандықтан, атамды еске алу – менің парызым деп есептеймін.   
Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңіс  күні,  сол  сұрапылда  ерлік  көрсеткен 
ерлер  есімі  мәңгілік  аталып  өтілуі,  жылма-жыл  естеліктермен  жаңартылып 
отырылуы кейінгі ұрпаққа парыз. 
Нұрланова Сәния 
11 сынып, №29 мектебі Тұрмағамбет ауылы 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Алдамұратова Р. 
   
Жүрекпен жазылған хаттар 
Адамзат  тарихында  теңдесі  жоқ,  1418  күн  мен  түнге  созылған  ең 
қаһарлы  қанды  қырғын  болған  екінші  дүниежүзілік  соғыс  бүкіл  әлемге 
қисапсыз  қайғы-қасірет  әкелді.  Жер  бетіндегі  бейбіт  өмір  мен  тыныш 
тіршіліктің  тағдыры қыл үстінде тұрды. Ел басына күн туған қатерлі шақта 
кеуделерін  от  пен  оққа  тосқан  миллиондаған  ержүрек  ерлеріміз  ортақ 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
171 
отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қаһармандықпен қорғады.Сол бір 
соғыс кезеңі әдебиетке де өз талабын қойды, өз тақырыбын әкелді.Сол кездегі 
әдебиет  тақырыбы  –  соғыс  туралы  болатын.  Сол  үлкен  алапат  соғыс 
әдебиеттің  де  көркемдік  болмысына  әсер  еткені  даусыз.  Проза, 
драма,публицистика, баллада т.б. көптеген жанрлар дамып, өз арнасының бет-
бұрыстары өзгерді.  
Сол  қиын  кезеңдердегі  дамыған,  маңызы  күшейген  сала  –  хат  жазысу 
еді.  Ол  –  соғыс  алаңындағы  жауынгерлер  мен  ауылда  қалған  жандардың 
жалғыз байланыс құралы.Соғыс жылдарындағы хаттың өз сағынышын, қайғы-
мұңын,  хал-ахуалын,  қуанышын,  жаңалықтарын  бөлісетін  ең  маңызды,  рөлі 
жоғары, мәні өте үлкен болатын. Сол арқылы аға-апаларымыз бір – бірімен 
тілдесіп  отырған.  Ол  кісілердің  хат  алғандағы  қуанышын  айтсаңшы!..  Олар 
үшін ол – керемет сезім еді. Кеңес кезінде хат-хабар үлкен роль атқарды. Қыз 
жігітінен,  жігіт  қызынан,  ана баласынан,  бала  әке-шешесінен  дегендей...  Ол 
уақытта хат – шаттық пен мұңды, қуаныш пен қайғыны бөлісуде үлкен мәні 
бар  жанр  еді.  Әрине,  хатты  тек  сауаты  бар  азаматтар  ғана  жаза  алатын. 
Білмейтіндері  сауаты  барларға  жаздыратын.  Әрбір  жауынгерден  хат  алған 
ауыл қуанып, оның тірі екеніне де қуанатын. Хат келмей қалса, көңіл күйлері 
түсіп, үлкен үмітпен күтіп жүретін. Ол кезеңде хат арқылы естірту де, көңіл 
айту  да,  қуану  да  болған  еді.    Сол  хаттар  легін  бір  шолып  өтер  болсақ,  өз 
ауылым,  туған  жерім  –  Тұрмағамбет  ауылынан  шыққан  жауынгер 
Нұрмағамбет  Жаңаевты  көзге  ілмей  кету  мүмкін  емес.  Ол  соғыста  аянбай 
жаумен айқасып, қалайда ұрпағыма, Отаныма жеңіс әкелемін деген мақсатпен 
күрескен, даңқты командир. Халық үшін, ел үшін, ұрпағы үшін өз өмірін жауға 
қиған жауынгер Нұрмағамбет 1944 жылы ерлікпен қаза тапқан болатын. Сол 
Нұрмағамбеттің  қанды  көйлек  майдандас  достарының  бірі  Жезқазғандық 
Ертай  Бабасов  1986  жылы  13  наурызда  Іздібаев  Шәрибекке  хат  жазып, 
майдандас досын еске алған еді.  
Амандық хабар! 13.03.1986 жыл 
«Шәке!  Сіздің  22.02.1986  жылғы  хатыңызды  алдым.  Аман  сау 
жүргеніңізбен  және  балалар  ер  жетті  деген  сөзіңізді  оқығанда  өте  қуанып 
қалдым. Маратыңыз ғұмырлы болсын. Екі жыл екі күндей емес пе? Тек ашық 
аспанды тілейік. Мен өз басым армияға 5 бала жібергем. Төртеуі келді, біреуі 
биыл келеді. Біреуін дайындап отырмын. Майдандас деген сөзіңізді оқығанда, 
сіздің 1944.08 Қарпат түбінде жараланып кеткеніңіз есіме оралды. Туыстан да 
гөрі  сол  кездегі  үзім  нанды  бөле  жеу,  сіз  бен  біздің  есімізден  кете  қоймас. 
Хаттағы сәлеміңізді отбасы мүшелеріне түгел жеткіздім.  
«Рахметімді  жеткіз»  -  деп  келініңіз  жанымда  отыр.  Біз  де  аманбыз. 
Хатыңызға жауап аздап кешеуілдеп қалды, науқастанып кеше ғана басымды 
көтердім.  «Көз  көруге,  құлақ  естуге,  көңіл  сұлуды  сүюге  тоймас»  дегендей 
хатта  да  жаза  алмадым.  Жеңгеміздің  ныспысы  кім  еді?  Мұнан  соң:  Тілеген 
қайда,  денсаулығы  жақсы  ма,  сіз  арқылы  адресін  ала  алар  ма  екем? 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
172 
Қаймақпайдың кенжесі деген досым бар еді, ол қайда? Нұрмағамбеттің Нұриы 
қайда, аман ба?  
Шәке?  Сізден  тілек:  Өткенді  есімізден  шығармас  үшін,  кешегі  соғыс 
кезіндегі  өзіңіздің,  Нұрмағамбеттің,  Тілегеннің  бір  –  бірлеріңізге  өлеңмен 
жазылған  хаттарыңыз  болса  жазып  жіберіп  отырсаңыз.  Бұл  менің  де  ендігі 
жерде балаларыма қалдыруға арнап жүрген қызыл дәптерімде қалар еді. Өзіңіз 
пенсияда  щығарсыз.  Дегенмен  ермек  бар  ма?  Сіз  мені      23.02  мен 
құттықтасаңыз,  мен  сізді  алдыңыз  ба,  алмасаңыз  алатын  орденіңізбен 
құттықтауға  ұлықсат  етіңіз.  Ізгілік  тілектестікпен  майдандас  інің  Ертай 
Бабасұлы» 
Жезқазған облысы 
Жезді ауданы, Қарсақбай ауылы , Осровский көшесі №13-7 
Іздібаев Шәрибектен сұратып отырған хатының мәтіні 
«Қармақшы  таңы»  газетінің  1994  жылы  2  шілдедегі  санында 
жарияланды. 
Майдандас ініме 
(Майдандас інім Ертай Бабасовқа) 
Ертайжан, келді өлеңің ағалаған, 
Ағаңды тас бауыр деп бағалаған. 
Нұрекең ойына алмайды деп айтыпсың 
Бұл сөзің артығырақ болар маған. 
Қол тимейді күн – түн занатиден 
Баруға рұқсат жоқ және маған
Солдатқа самоволный үлкен қылмыс, 
Сондықтан өкпелеме дана маған 
Күнара сәлем беріп тұрғанымда, 
Бұл түрлі жабылмас еді жала маған. 
Үлкендік ойымда жоқ шынымды айтсам, 
Пәлденің ісім еді қаламаған. 
Өзіңмен анда – санда бір сөйлессем 
Ауылдай көрінеді дала маған. 
Әскерлік өкімдікті міндет қылып 
Жас жөнін Ертай ақын санамаған. 
Шәрибек күнде барып тұрғандай – ақ 
Айрықша айтып мені алалаған. 
Күлкі үшін жай отырып жаза салдым, 
Деп жүрме ағайды қамалаған. 
Екінші хат туралы қапаланба, 
Алды артын жазар достар шамалаған 
Дұшпандар бізге сәлем неге жазсын, 
Келмейді деп қол шапаттап табалаған... 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
173 
Майдан  жыры  –  сол  сұрапыл  кездің  шындығы.  Ол  –  от  оранған 
солдаттың  жүрек  лүпілі,  жан  дірілі.  Бұл  жауынгерлердің  қарбаласта, 
жөпелдемеде  жазған  жырлары.  Әрине,  шығармашылық  асығыстықты 
сүймейді. Алайда, соғыс уақытының қатал заңы осындай. Біз үшін Отан деп 
соққан  әр  жүректің  отты  лүпілі,  әр  тәулігі  жеңісті  жақындатқан  майданның 
тынысын  бейнелейтін  рухани  қазынаның  бәрі  де  қымбат.  Өйткені,  ол 
жырлардың қалқасында елін сүйген азаматтың ерлік бейнесі тұр. Әр өлеңде 
кеңес  жауынгеріне  тән  қаһарандық,  патриоттық  рух  бар.  Демек,  майданда 
туған жырлардың өзіндік тарихы, тағдыры бар екен.  
Нұрмағанбет  ақынның  1943  жылы  «Ауыл  ақсақалдарына»  деген 
өлеңінің  өзіндік  тарихы  бар.  Майдандас  досы  Шәрибек  Іздібаевтың  анасы 
қайтыс  болғанда,жары  Үбіштің  сіңлісі  хат  арқылы  майданда  жүрген 
Шәрибекке анасының қайтыс болғандығын хабарлайды. Тосын келген қаралы 
хабардан жауынгердің жаны жасып, жүрегі езіледі. Жан жолдасының жай  – 
күйін  түсінген  Нұрмағанбет  ақын  «Ауыл  ақсақалдарына»    деген  арнау 
өлеңінде «қаралы хабарды өзінің жол – жоралғысымен естіртпедіңіздер» деп 
назын өлеңмен білдіріпті. 
Ауыл ақсақалдарына 
Райкүл, Үбекең, Жылқыбай аға, Тынжібек 
Ақсақалдары құлыстың 
Зияны бар қаншалық амандық, жағдай білістің 
Тәуірбаев Нұрпейіс елге еге болып ең
Себебіменен жұмыстың. 
Өліге айтпай салауат, тіріге жазбай сәлем хат 
Мәнісі қалай тұрыстың. 
Ерлері едің ізгілік,жыласа жетіп жұбатқан, 
Айтуға өкпе кірістім. 
Өлді деп шешең Шәрибекке елеусіз 
Балдар жазады, 
Ренжиміз еріксіз есебін таппай күлістің, 
Кеуіл айту өлгенге емес пе сауап Үбеке, 
Атқарып ең басыңнан талайын мұндай ірі істің. 
Қораш па сонша Шәрибек кеуіл айтса болмайтын 
Шеше алмадым шешуін ойлап қанша бұл істің. 
Суық хабар сөлекет естідік және ауылдан, 
Жеті жігіт сотталып мәнісі қалай құрыстың? 
Обалы жоқ өлсе де, Отанға қастық етсе олар 
Басында тұрып бір істің. 
Сотталған жоқ па бір күнде қамқоршы әділ табылмай 
Ашылмаса арасы дұрыс пенен бұрыстың. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
174 
Ер көтерер назыңды дейтін ең өзің, Үбеке 
Нақылына сүйіндім, демеңдер бізге ұрыстың. 
Мен осы соғыс жылдарындағы ең бір ерекше есімде қалатыны – ағамыз 
Баубек  Бұлқышевтың  отты  сөздері,  болашақ  ұрпаққа  арнау  сөздері, 
жасөспірім буынға хаты десемде болады. «Менің жастығым адам баласының 
қызметіне берілді. Мүмкін,мен жастығымды қайтара алмаспын. Бірақ ол босқа 
кетпейді, менен кіші інілерімнің еншісіне тиеді. Кейінгі жастар, жас інілерім, 
сендер  бақытты  жандарсыңдар.  Сендер  соғыс  дегенді  білмей  өтетін 
боласыңдар.  Біз  жастығымызды  сендердің  бақыттарыңның  жолына  құрбан 
еттік. Сендер тыныш өмірде бақытты жасайтын боласыңдар». Бұл жолдар  – 
Баубектің  1942  жылғы  сәуірдегі  толғанысы  еді.  Қарап  отырсақ,  бұл  отты 
сөздердің астарында үлкен мән-мағына жатыр. Осы сөздердің мән-мағынасын 
ұққанда  жүрегің  елжіреп,  сұрапыл  соғыста  біз  үшін,  ел  үшін  өз  жандарын 
қиған азаматтарға еріксіз бас иіп, үлкен рахметіңді айтасың! 
 Әлі  де  сол  кездегі  соғыстан  оралмаған  жандардың  жақындарының 
кеудесінде  үлкен  сағыныш  бар.  Үлкен  мағына  ие  хаттар,  естеліктер  бар. 
«Қазына  халықта, жинап  теріп  анықта»  деген  аталы  сөз бар.   Майдангердің 
қойын дәптері, хаттары сақталған үйлер де аз болмаса керек. Олардың өлеңін 
де,  жай  сөзін  де  көшіріп  алып,  мектептің  мұражайына  тапсыру  керек.  Бізге 
баянды  бейбітшілік,  тыныш  өмір  сыйлаған  адамдардың  шығармашылығы  – 
бүгінгі  ұрпақ  пен  келер  ұрпаққа  арналған  өсиет,  өткенді  болашақпен 
жалғастыратын  дәнекер.  Сондықтан  оларды  тірнектеп  жинап,  қастерлеп 
сақтау  –  қасиетті  борыш.  Бұл  игілікті  істі  жүзеге  асыру  –  біздің 
жұмысымыз.Ол естеліктер, хаттар,отты өлеңдер ешқашан да ұмытылмайды. 
Әкеден  не  бауырдан,  ұлынан  қалған  үлкен  мұра  іспеттес  үлкен  қазынадай 
сақтаулы екені айдан анық.  
Оқ  пен  жыр.  Екеуі  де  фашизммен  тізе  қоса  шайқасты.  Жеңіске  бірге 
жетті. Оқ жоғалды. Жыр қалды. Оқ құрысын, жыр жасай берсін! 
Нұрлыбекқызы Мөлдір 
 5 сынып, №112 орта мектеп, Қызылорда қаласы 
       Жетекші: Нұржанова А. З. 
    
Сұрапыл соғыс жалмады қанша жаранды, 
Бала жетім,ана жесір атанды 
Фашистердің құрсауында қамалып, 
Талай марқұм жермен – жексен тапалды. 
Жоғалып кетті қаншама ата – бабамыз, 
Ұрпақсыздарды тарихтан ғана табамыз 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
175 
Отан үшін қарсы тұрып ажалға 
Қару ұстап майданға түсті анамыз. 
Ұлы Жеңіске – 70 жыл. Иә, кешегі 20 жастағы жас бала бүгін 90 жаста. 
Аяқ  астынан  басталған  сұм  соғыс  жастарды  ерте  есейтіп,  соғыс  майданына 
жетелеп әкетті. Қорықпай өжеттілікпен  қан майданға аттанған жас баланың 
көкірегінде бір-ақ жігер Отанын, жерін қорғап елге аман-есен оралу еді. Талай 
таңды ұйқысыз атқарып, ыстық пен суыққа төзіп, кеудесін оққа тосқан біздің 
ержүрек ата-апаларымыз бүгінгі бейбіт күннің ақсақалдары. Солар сыйлаған 
бұл күн – бейбіт күн. 
Соғыс.  Қандай  қорқынышты.  Әйтсе  де,  бүгінгі  ұрпақты  бейбіт  күнге 
жеткізген осы соғыс. Міне, бұл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 70 жыл 
толмақ.  
9  мамыр  1945  жыл.  Ол  Отан  үшін  отқа  түскен  ата  –  әжелеріміздің 
ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін яғни, тарихта мәңгі қалатын күн. 
Жеңіс  күнін  соғыс  ардагерлері,  тылда  еңбек  еткендер,    соғыс  кезінде 
тынымсыз  жұмыс  істеген  жұмысшылар,  ауыл  адамдары  тойлайды.Сол 
батырларымыздың әңгімелерінен бүгінгі күн ұрпақтары осы бейбіт күн үшін 
қалай  қанша  қан  төгіліп,  қаншама  мың  адамның  опат  болғанын  біліп,  еске 
түсіреді.  Бұл  күнді  біздің  бұрынғы  одақтас  республика  халқы  тойлайды. 
Өйкені Ұлы Отан соғысы еліміздің басына төнген ең ауыр күн болды. Төрт 
жыл бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақтың бейбіт күні үшін жан 
қилы соғыс жүрді. Орыс пен тәжік, грузин мен болгар, қазақ пен украин бәрі 
бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып фашистерге табандылықпен қарсы 
тұрды.  Біздің  кинодан  көріп,  тарихтан  түсінгеніміздей,  ержүрек 
жауынгерлермен қатар еңбек ерлері, иығына ауыр жүк түскен еңбек даласында 
жұмыс істеген миллиондаған әйелдерсіз жасөспірімдер мен қарттарсыз жеңіс 
күнін елестету мүмкін емес екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ 
пен  қарша  бораған  бомбаның  арасында  олардың  нәзік  жүректері  тасқа 
айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті. Осы бір зұлматтың 
салдарынан елі мен жері үшін жан қиып, туған жері мен отбасына оралмаған 
қаншама  қаһармандарды  айтсаңшы.  Олардың  ішінде  белгісіз  кеткендері  де 
жетерлік.  Олар  сол  сұрапыл  соғыста  өздерінің  Отанына,  жеріне  деген 
сүйіспеншіліктерін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Тіпті Мәншүк Мәметова, 
Әлия  Молдағұлова  сынды  аналарымыз  да  жауға  қарсы  алдыңғы  шепте 
соғысқан.Оның бәрін бізге көрсеткен тарих беттері куә. Осынау жүрегіміздің 
төрінен орын алған қос анамыздың бірі қаламыздағы педагогикалық колледж 
атымен  аталса,  Әлия  анамыздың    құрметіне  біз  білім  алатын  Қызылорда 
қаласындағы  №112  мектеп  алдына  Әлия  Молдағұлованың  ескерткіші 
қойылған.  
Бұл  қос  қарлығаштың  есімдері  аталған  сайын  әр  қазақ  баласын  
патриоттыққа, өжеттілікке шақырғандай болады. Ал, бізге танымал жазушы 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
176 
БауыржанМомышұлы атамыз Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшысы емес 
пе?  Әйтсе  де,  ол  қолбасшылықпен  бірге  қаламын  да  тастамаған.  Оның 
қаламынан  туған  «Артымызда  Москва»,  «Офицер  жазбалары»  т.б 
туындыларынан соғыс шындықтарын оқып, Москваны қорғау үшін аянбай тер 
төгіп, ажалға қарсы тұрғанын байқауға болады. Ел басына күн туған заманда 
қу жанын шүберекке түйіп, Ұлан байтақ даласының біртұтам жері үшін  қорқу 
деген сезімді жүрегінен алып тастаған ол батырларымыз бізге бейбіт жолды 
ашып  берген  еді.  Тіпті  бейбіт  күннің  қуанышын  тамашалаған  Бауыржан 
атамыз Кеңестер Одағының батыры болған. Ал соғыста шейіт болған қаншама 
ержүректер  батыр  атанғанын  білмей  де  кеткен  еді.  Дегенмен,  тарих  беттері 
сарғайса  да,  жаужүрек  батырларымыз  ұмытылмайды.  Себебі,  тарихқа  үңіле 
отырып,  соғыс  алаңына  еніп  кеткендей  болып,  сол  кезгі  ашаршылық  пен 
қиыншылықты  түсінесің.  Олардың  Отанына  деген  патриоттық  сезімін, 
отансүйгіштігін дәлелдегенін білесің. Біз үшін олардың ісі мақтан тұтарлық 
өнеге болып қалмақ.  
Оған  себеп,  көзі  тірі  соғыс,  тыл  ардагерлеріне  деген  құрмет.  Бүгінгі 
таңда Елбасымыздың өзі бас болып  құрметтеп жатқан ардагерлеріміз бүгінгі 
күнге  үлкен  сеніммен  қарайды.  Ешқандай  қиыншылыққа  мұқтаж  емес, 
жағдайлары жақсы жасалған. Тіпті ұрпақтарына дейін аталарының, әжелерінің 
құрметін  бірге  көруде.  Менің  де  үлкен  атам  Сатлабаев  Әбдірәуік  соғыс 
ардагері.  Бір  баладан  екі  немере,  екі  шөбере  сүйіп  отырған  атамыз  бала-
шағаларының  ортасында  әжемізбен  бірге  Елбасы  сыйлаған  қала 
орталығындағы  3  бөлмелі  үйде  аман-есен  тұрып  жатыр.  Бірнеше  жыл 
статистика мекемесін басқарған, елге танымал атамыз 90 жаста. Әйтсе де әлі 
тың.  Көзі  дұрыс  көрмейтін  атамыз  өткен  соғыс  зұлматтарын  қинала  еске 
алады. Мемлекет көрсетіп жатқан көмектің бәрін пайдаланып, бүгінгі күнге 
шүкіршілік етуде. Сірә, ол кісі балаларының басына қонған бақ па, дерсің. Ол 
кісінің  небір  әңгімелерін,  өсиеттерін  ести  отыра,  өз-өзімен  соғысып  жатқан 
бүгінгі  күннің  кейбір  ұрпақтарының  өмірге  деген  құштарлықтарының 
жоқтығын түсінуге болады.  
Күнделікті жаңалықтардан жер-жерлерде, әсіресе шет мемлекеттерде өз-
өзімен қақтығысып жатқан соғысты көріп жанымыз түршігеді. Тіпті қырылған 
халық  санында  шек  жоқ.  Әсіресе,  аяусыз  тағдырдың    жазықсыз  құрбаны 
болған балалар. Олардың не үшін соғысып жатқаны белгісіз. Оларға қарағанда 
Қазақстанның  жағдайы  шүкіршілік.  Әйткенмен,  сол  соғыстарға  алдап-
арбаумен  кетіп  жатқан  Қазақстан  азаматтары  да  баршылық  екен.  Соған 
қарағанда  бүгінгі  заман  адамдарының  сана-сезімін  түсініксіз  деуге 
болады.Әйтпесе  кешегі  ауған  соғысында  да  қаншама  азаматтарымыз  опат 
болды емес пе? Олардың ешқайсысы ұмытылмақ емес. 
Қазіргі  таңда  ел  арасына  іріткі  салып  әртүрлі  бағыттағы  діндерге 
шақырушылар көп. Олар өздерінің адасып жүргендерін сезбей басқаларды да 
адастырып болмашы нәрселерге әр жерлерде қақтығыстар жасауда.Солардын 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
177 
кесірінен  жастарымыз  аяушылық  сезімнен  жұрдай  болып,өз  жандарын 
қиналмай қия салуда. Ұлы Отан соғысы фашизмге қарсы соғыс болса, бүгінгі 
күн соғысы еріккеннің ермегі десе де болады. Әйтпесе өз алдымызға мемлекет 
болғалы  Елбасы  барлық  жағдайды  жасап  қойды.  Ешкімге  тәуелді  емеспіз. 
Кешегі  желтоқсан  жеңісі  егемендікке  жеткізді.  Сол  көтерілісте  ел  үшін 
еңіреген  ерлер  қаза  болды.  Біз  олардың  есімдерін  тебірене  отырып  еске 
аламыз. Тіпті дәріптеп тарих беттеріне де енгізіп қойдық. Ал бүгінгі күннің 
соғыс құрбандары халық қарғысын арқалап ардан безгендер. 
Аллаға  шүкір,  тәуелсіз  ел  болдық.  Өткен-кеткен  тарихымызды 
таразылап, жоғалтқан, ұмытқан қазынамызды түгендеудеміз. 70 жыл деп жар 
салып,  елдің  абыройын,  даңқын  аспандатуға  себепші  болған  Ұлы  Жеңіс 
тарландарын  дәріптеп,  ардақтаудамыз.  Тоқсаннан  асып,  жүзге  жол  тартқан 
көзі тірі ардагерлеріміздің сау – саламат болып, ортамызда әлі де жүре беруін 
тілейміз.  Олар  өмір  бойы  Отанының,  туған  халқының  ыстық  ықыласына 
бөленері сөзсіз. Сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ жеңіс мерекесі әр жыл сайын 
елімізге қуаныш, несібе алып келуде. Біз бәріміз бұл күнді бірге тойлаймыз. 
Өйткені бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасайтынын, 
ерен еңбектердің өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет