Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
66 
көмір шахтасы,    3 разрез,   4   жаңа  мұнай кеніші мен  Гурьевтегі   мұнай 
өңдеу зауыты  іске қосылды. Темір    жол құрылысы   жалғасты. 1942-1943 
жылдары  Мақат-Орск,  Ақмола-Магнитогорск          желілерінің  құрылысы 
аяқталды.  Соғыс жылдары  Қазақстан  жалпыодақтың мыс  құймасының  30 
пайызын,  марганец кенінің  60  пайызын,   мыс кенінің 50 пайызын, металл 
висмуттың 65 пайызын, полиметалл кендерінің 70 пайызын, мырыш өнімінің 
85  пайызын  берді.  Қорғаныс  өнеркәсібіне  қажетті  мыстың    үштен  бірі  
Қазақстанда  өндірілді, сондықтан да соғыс жылдары  әрбір 10 оқтың тоғызы 
Қазақстанда құйылды. Республикада танк және ұшақ      жасауға ақша жинау 
қозғалысы жүрді. 1941 жылдың күзінде Бүкілодақтық лениндік коммунистік 
жастар одағы (ВЛКСМ)  атындағы  танк дивизиясын    құруға қаржы  жинала 
бастады  да, бір жылға  жетер-жетпес уақыттың ішінде  армия қазақстандық 
комсомолдардан 45 жаңа танк алды. Кейінірек халық қаражатына тағы 10 танк  
колоннасы,   бірнеше  авиациялық  эскадрилия,   торпедо катерлер мен атаулы 
ұшақтар жасалды. Соғыс жылдары  Қазақстан  халқы жауынгерлік техникалар 
жасауға  480,3  миллион  рубль  жинап  берді.    Жеңіске  Қазақстанның  ауыл 
шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз    30,8   миллион пұт 
астық, 14,4 миллион  пұт картоп және көкөніс, 15,8  миллион  пұт   ет,  3 194 
мың   центнер сүт,  17,6 мың  центнер   жүн берді. Бұл  соғысқа дейінгі бес  
жылдағы  көрсеткіштен  бірнеше  есе 
көп. 
Республиканың  барлық  
экономикасы   әскери «рельске»  қойылды:   бейбіт мақсаттағы  шығыстар 
барынша  қысқартылды, 
көптеген  кәсіпорындар    қорғаныс    өнімдерін  
шығаруға    кірісті.   Ер  азаматтардың бәрі      армия  қатарында  болғандықтан,  
зауыттарда     әйелдер,  қариялар,  жасөспірімдер  еңбек етті.  Еңбек тәртібі 
қатайтылды,   жұмыс уақыты  ұзартылды.   Алты апталық,  23 сағаттық   жұмыс 
күні  бекітілді,    демалыстар  тоқтатылды.   Бірақ  ешкім   қынжылған жоқ.  
Бүкіл ел    «Бәрі де  майдан үшін,  бәрі де  Жеңіс  үшін!» деген ұранмен  еңбек 
етті.  
КСРО-ның  батыс  өңірлерінен        көшірілген    халықпен          қоса,  1941 
жылдың күзінде  Қазақстанға  Полвольжеден жүздеген  мың    немістер мен  
поляктар   жер   аударылды.  1942-1944  жылдары   507 мың  балқар,  қарашай,  
ингуш,    шешен        халқы,    110  мың    түрік-месхетиндер,    180  мың    қырым 
татарлары    күшпен   жер аударылды.   Оған қоса, күн  сайын  Қазақстанға  
жаралы  жауынгерлер  мен  офицерлер  тиелген        пойыздар  ағылып  жатты.  
Әскери госпитальдердің  көбісі Алматыда    құрылды.   
Ұлы Отан  соғысы 4 жылға  созылды.  Майдан даласында  600 мыңнан  
астам  қазақстандық  қаза    тапты.  Соғыста  қаза  тапқандардың  саны    туралы 
мәлімет  бүкіл  әлемді  дүр  сілкіндірді.  Жекелеген    мәліметтер    бойынша, 
адамзат  тарихындағы  бұл  ең  зұлмат  соғыс  20  миллионнан  астам    кеңес  
азаматтарының  өмірін  қиды.  1  710  қала    және    70  мыңнан    астам      село-
деревнялар,  31 850  өнеркәсіптік  кәсіпорын,  65 мың шақырым темір  жол,  4 
100 теміржол стансасы, 36 мың  пошта-телеграф  мекемесі, телефон стансасы 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
67 
және басқа да байланыс бекеттері  жермен-жексен   болған  немесе  жартылай  
қираған. 40 мыңдай    аурухана  немесе басқа да емдеу мекемелері,  74 мың 
мектеп, техникум, жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары,  42 мың 
кітапхана  және басқа да көптеген  нысандар жойып  жіберілген, тоналған.    
Бүгін  Қазақстанның  барлық  қалалары  мен  ауылдарында  Даңқ  
монументтеріне,  Ұлы  Отан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің 
ескерткіштеріне  гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. Бұл соғысты  ешкім  де  
ұмытпауы, ешнәрсе  де ұмытылмауы керек 
Демжанова Альмира 
8 сынып, №44 орта мектебі 
Қоғалыкөл ауылы, Сырдария ауданы 
Иә, міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен  аяқталғанына 70 жыл болды. 
Бұл   сол  кездегі  қазақ халқының ержүректілігі  мен төзімділіктерін паш еткен, 
тарихта  қалатын күн. Сұм Гитлер қазақтарға  1941 жылдың  22 маусымында 
соғыс  ашты.  1941  жылы  Брест  қамалын  қорғау  қолға  алынды.  1941-1944 
жылдары Ленинградты қорғау, 1941 жылдың 30 қыркүйек - 1942 жылдың 20 
сәуірде Москва үшін шайқас болды. 1942 жылы 17 шілде, 
 1943 
жылы 2 ақпанында Сталинград үшін соғыс болды. 1943 жылы 
 23 
тамызында  Курск  шайқасы  болды.  1943  жылы  тамыз  бен  желтоқсан 
айларында  Днепр  үшін  шайқас  болды.  1945  жылы  8  мамырда  Берлин 
операциясы болды. 1945 жылы 9 мамырды Жеңіс күні болды. 
Соғыс – адам баласы үшін ең  үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені соғыс 
атаулы  адамзатты  қырып-жоюға    бағышталған.  Арыға  бармай-ақ  
50  миллионнан  астам  өмірді  жалмаған  соңғы  соғысты  алайық.  Бұл  соғыста 
көптеген  жастар  мен  қарттар  қыршыннан  кетті.  Сол  бір  сұрапыл  жылдары 
қазақ  халқы,  өзінің  Отанына,жеріне  деген  патриоттық  сезімін,  ұлттық 
мақтанышын      дәлелдеді.    500-ден  аса  жерлестеріміз,  оның  ішінде  96  қазақ 
Кеңес  Одағының  батыры  атағын  алды.  Жауға  қарсы  алдыңғы  шептегі 
ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен  кең байтақ далада да жүріп жатты. 
Сол  жылдары    Қазақстан  миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына  аналық 
мейірімімен  тартушы,  эвакуацмяланған  завод  пен  фабрикаларға,  майданға 
керекті  оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. 
Ұлы  Отан  соғысы  халқымызға  төнген  ең  ауыр  күндер  болды. 
Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін 
жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен  
белорус,  қазақ  пен  украин  қарсы    алдындағы  жауға    алмас  қамал  болып 
жұмылды.  
Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап, 
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық 
жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
68 
түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған 
ұрыстарда  ерең  ерлік  көрсетті.  Украинаны,  Кавказды,  Белорусияны, 
Қырымды,  Прибалтиканы  азат  етті.  Польша,  Румыния,  Венгрия, 
Чехославакия,  Болгария.  Германия  жердеріндегі  майдан  жолдарында  жеңіс 
туын  көтеріп  өтті.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  біздің  қандастарымыз 
қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. 
Қазақ  ел  басына    күн  туғанда    жалғыз  жанын  қу  шүберекке  түйген 
жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу  
деген  сезімді  жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі 
Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп 
қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз 
жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында  өшпес ерлік  жасаған 100 қазақтың 
Кеңестер Одағының батыры атағын алған (ең  соңғысын  арада 50 жыл өткен 
соң  Бауыржан  Момышұлы  алды).  Бұны  сол  кездегі    2,5-3  млн.қазаққа 
шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын 
жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік 
жүректері тасқа айналып, гүл  ғұмырлы ажалдың қанды тырнағына ілікті. 
Екінші  дүние  жүзілік  соғыстағы  әйелдердің  ерлігі  ерекше.  Олардың 
ішінде  қазақ  әйелдерінің  ерлігі  туралы  «Арулар    отты    жылдарда», 
«Соғыстың  қатігез  бейнесі»  деген  атпен  батыр  қыздардың  ерліктерін 
мойындаймыз.  Мың  жыда  бір-ақ  көрінетін  кометалардай  сыры  да,  сезімі  де 
терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып 
жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан  батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, 
Қаныш  пен  Әлкей  білімі,  Мұхтар  мен  Ғабит,  Ғабидендердің  үні, 
Дінмұхаммедтің парасаты бүгінгі ұрпаққа өнеге, Олардың өнегелі өмірлерін 
жас  ұрпаққа  жан-жақты  насихаттау  таныстыру  біздің  парызымыз.  Соғыс 
кезінде астық апару өте қиын болған.      
Біздің отбасымыздан  да адамдар кеткен. Менің атам Әмірхан Демжанов 
1942  жылдың  наурыз  айынды  Отанымыздың  өмірне  қиын-қыстау  кезең 
туғанда Армия қатарына шақырылған екен. Қасымхан атам ол кезде небәрі 5-
ақ  жаста  екен.  Әмірхан  атамның  қайтыс  болғанын  соғыс  біткеннен  кейін 
Смоленск  облысының  Демидовск  ауданына  қарасты  Пржевальск  селосында 
Нина Цветкова хабарлады. 1972  жылдың тамыз  айында  Демидовск  ауданына 
қарасты  Пржевалск    ауылына  1943  жылдың  28  наурыз  күні  қаза  тапқан 
Әмірхан  атамның    басына    ата-әжемдер  барып  қайтыпты.  Ұлы  Отан  соғыс 
шайқастарының сұрапыл екендігін осы бір шағын ауыл үшін  соғыс кезінде  
5885 жауынгердің қаза тапқанын көруге болады. Бұлардың әрқайсысы менің 
атам сияқты біреудің етбауыр жақыны, туысы, бауыры                не баласы, не 
жетім  қалған  балалардың  әкесі  екендігінде  сөз  жоқ.  Қазір  осы  елдің  қаза 
тапқан  жерінде  оларға  құрмат  көрсетеді.  Қасымхан  атам  Пржебальск  орта 
мектебіндегі    қызыл  ізшілердің  ұйымдастырған    музей  үйін  көріп 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
69 
тамашалаған. Қазір Әмірхан атамның бізде не суреті, не болмаса документтері 
жоқ. Қасымхан атамның Әмірхан атама  жазған өз өнер  туындысы:      
Әмірханға 
Күнің бүгін қыршыннан қиылған, 
Дәм мен тұзың бұл дүниеде тиылған. 
Содан бері 63 жыл өтіпті, 
Шемен болып жүрегімді қинаған. 
Есіме алсам жиырмадағы жастайсың
Сол тұлғаңмен болашаққа бастайсың. 
Ел алдында борышыңды өтеп ап
Шырылдатып мені қайда тастайсың. 
Сырымов  Әрміз  –  қатардағы  жауынгер.  Қызылжарма  ауылдық  кеңесі 
бұрынғы 18-ауылы, « Колос » жерінде туылған  1921 жылы. Сырдария АӘК 
арқылы 1941 жылы әскерге алынып, атқыш ретінде соғысқа қатысқан. 1942 
жылы 7 қыркүйекте Халхута ауылында. Отанын қорғап ерлікпен қаза тапқан. 
Ұлы отан соғысында  ақыры біз жеңіске жеттік. Бұл мейрамды өздерінің 
тылдағы  қажырлы  еңбегімен  жеңісті  шыңдаған,  станоктың  қасынан,  егін 
далсында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл 
адамдары  тойлады.  Бұл  мейрамды  біздің  аяулы  да  даңқты  әйелдеріміз  – 
өздерінің  әкелерін,  ерлерін,  ұлдарын  көзінен  жасы  сорғалай  жүріп 
төзімділікпен  күткен,  олардың  орнын  жоқтатпаған  аналар  мен  жұбайлар, 
қалыңдықтар  мен  қыздар  тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің  әкелері  мен 
ағалары  қанын  төгіп,  жанын  қиып  бақытты  өмірін  қамтамасыз  еткен  Ұлы 
жеңістің құрдастары тойлайды.Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида 
еткен,  туған-туысқандарына,  жақын-жандарына,  туған  жеріне,  ауылына 
оралмай қалған қаһарман  ерлерді бүкіл елі болып  еске түсіреді. 
Ұлы  Отан  соғысы  1945  жылдың  9  мамырында  жеңіспен
аяқталды.     
Демжанова Гүлбану 
10 сынып, №44 орта мектебі 
Қоғалыкөл ауылы, Сырдария ауданы 
Ер мен елдің жеңісі 
Тарих бетіне үңілсек сонау 1939 жылы Германия мен КСРО арасында 
бейбіт  келісім  шарт  жасалыпты.  Келісім  шартта  екі  ел  бір-бірімен 
соғыспайтын,  бейбіт  ел  болу  керек  болатын.  Алайда  Адольф  Гитлер  бұл 
келісім шартты бұзып, 1941 жылы 22 маусымда өзінің «Барборосса» жоспары 
бойынша  КСРО-ға  тұтқиылдан  басып  кіреді.  Фашистер  өздерінің  қимыл-

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
70 
әрекеті, мінсіз жоспары арқылы КСРО-ны бар-жоғы 2 айдың  көлемінде басып 
аламыз деп жоспарлап келген.Таң сәріде фашисттер КСРО-ның Каунас, Киев, 
Минск, Одесса, Севастополь қалаларына әуеден соққы береді. Соғысқа дайын 
емес  КСРО  басшысы  И.В.Сталин  маусым  айының  жиырмасыншы  жұлдызы 
күні жедел түрде Мемлекеттік Қорғаныс комитетін құрып, мемлекеттік бүкіл 
билікті өз қолына алады. И.В.Сталин  өз сөзінде бұл соғысты Отан соғысы, 
кейінірек Ұлы Отан соғысы деп жариялады. Кеңес Одағының құрамындағы 15 
одақтас  республика  жұмыла  күш  білдіріп  әскерлерін  майданға  аттандырды. 
Соғыс қазақстандықтарды да айналып өтпеді. Қызу майданға 1 млн 200 мың 
өрімдей  жас  қыздарымыз,   жігерлі  ер жігіттеріміз  аттанды.  Елде  қалған ана 
баладан,  әке  бауырдан  айырылды.  Сайын  қырда  төрт  түлік  малын  бағып 
жүрген  қазақтар  қолындағы  таяғын  тастап,  ойда  дән  егіп  жүрген 
диханшыларымыз  тракторларынан  түсіп,  елі  жері  деп  соққан  жүректер 
майданға  аттанып  кетті.  Жау  әскерінің  екпінді  шабуылына  кеңес 
жауынгерлері,  қоршауға  түскен  жауынгерлер  сонымен  қатар  тұрғындар  да 
айтарлықтар  қарсылық  көрсетті.  Фашистердің  жоспарлауы  бойынша  Брест 
қамалын  1941  жылдың  22  маусымы  күні  басып  аламыз  деп    жоспарлаған. 
Алайда  кескілескен  қанды  шайқас  30  маусымға  дейін  жалғасын  тапты. 
Қамалды сақтап қалу үшін жауынгерлер  жеті күні бойы қорғады. Бұл қамалды 
қорғап  қалу  үшін  көпұлтты  неміс  халықтарының  қаһармандығы  аңызға 
айналды. Себебі қамалды 30-дан астам ұлт өкілдері қасық қандары қалғанша 
бекініс есіктерін жауып, өлгендерінще жау әскеріне берілмеген.  
Кеңес Одағының әскерін тым әлсіз деп ойлаған фашистер қуатты қарсы 
соққыларға  тап  болды.  Әскерлермен  қатар  тұрғындар  да    Отан  үшін  аянып 
қалмады.Неміс әскерінің қажырлы қайсарлығына қарамастан Берлин қаласы 
қоршауға алынды.  Рейхстагқа алғаш қазақ жауынгері Рақымжан Қошқарбаев 
ту  тікті.  Адольф  Гитлердің  ойлағаны  болмады.  Қулық,  сұмдықтың  жүзеге 
аспайтынына  тағы да  көзіміз  жетті.Соғысты  бастаушы  Адольф  Гитлер 1945 
жылы 30 сәуірде өзін өлтірді. Соғыс КСРО-ның жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс 
КСРО-ның әлемдегі орнын айшықтай түсті. Міне, осы күннен бастап 9-мамыр 
жеңіс күні болып белгіленді.                          9-мамыр мерекесі елімізде жыл 
сайын кең көлемде аталып  өтіледі. Қаза тапқан ерлерімізге құран бағыштап, 
жеңіс тойын тойлаймыз.   
Жеңіс!  Осынау  жалғыз  ауыз  сөзде  қанша  терең  мағына  жатыр.  Кез 
келген  істі,  қандай  күрестің  де  басты  мақсаты  жеңіске  жету  болғанымен, 
кешегі  Ұлы  Отан  соғысындағы  үлкен  жеңістің  орны  айрықша  бөлек.  Оған 
жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та 
ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол жеңісті жақындата 
түсуге  майданның  алдыңғы  шебінеде  от  пен  оқтың  ортасында  болған 
майдангерлермен  бірге  тыл  еңбеккерлері  де,  майдан  даласынан  шалғайдағы 
қарттар  мен  әйелдер  де  жас  өрімдей  жеткіншектер  де  үлес  қосқан.  Ол 
сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады.  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
71 
Ел басына күн туған кешегі соғыс кезінде ер-азаматтар қолдарына қару 
алып,  ел  қорғауға  аттанған.  Талай  қанды  қырғынды  бастарынан  кешіріп, 
жеңісті жақындатқан майдангер батыр аталарымыз  «Елдің көркі ермен, Отан 
көркі жермен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын 
жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз аз емес. Олар ең 
алдымен  ұлты  үшін,  халқы  үшін  жанын  құрбан  еткен  жандар.  Жыл  өткен 
сайын  қатары  азайып  бара  жатқан  майдангер  аталарымыздың  есімдері 
ұмытылмай келем ұрпақтың есінде жатталып қалуы керек. Отан үшін жанын 
пида еткен батырлардың арасында біздің ауылымыздың жігерлі жауынгерлері  
де  майданға  аттанды.  Елін  қорғауда  күрескен  аталарымыз   Күдебаев  Назар, 
Әбенов Жұман, Әбласанов Шахаббадин аталарымыздың еңбегі шексіз. Отан 
қорғаушы  ата-әжелеріміздің  табандылығының арқасында  осы күнге жетіп 
отырмыз.  Отан  қорғауға  аттанғандардың  арасында  біздің  отбасымыздан  да 
жауынгерлер бар. Атам Әмірхан Демжанов Отанымызға қиын-қыстау шақта 
1942 жылы наурыз айында әскер қатарына шақырылған. Соғыста аға сержант 
қызметін атқарған. Алайда атамыз елге оралмаған екен. Отанымызды қорғауда 
ерлікпен қаза тапқан. Соғыста қатардағы жауынгер болған атам – Сырымов 
Әрміз.  Соғыста  хабарсыз  кеткен.  Менің  осындай  Отанын  қорғаған 
аталарымның  ұрпағы    болғаныма  мақтанамын!    Аталарымды  шексіз 
құрметтеймін!  
Алматыда  жасақталған  Генерал  И.В.Панфилов  қолбасшылық  еткен  
316-атқыштар дивизисының 28 әскері – 5 неміс танкісі мен жаяу әскерлеріне 
табандылықпен  қарсы  тұрды.    Отанды  қорғауда  Кеңес  Одағының  ержүрек 
батырлары  Баубек  Бұлқышев,  Талғат  Бигелдинов,  Рақымжан  Қошқарбаев  
Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова,  Бауыржан  Момышұлы,  Мәлік 
Ғабдуллин,  Төлеген  Тоқтаров,Нүркен  Әбдіров,  Ғани  Сафиуллин,  Сағадат 
Нұрмағанбетов,  Қасым  Қайсенов    аталарымыздың  еңбегі  шексіз.  Бұл 
кісілердің  есімдері  дүниежүзіне  мәлім  болды.    Еліміз  батырларымызды 
құрметтейді. Елін қорғаған батырларға Халық Қаһарманы деген атақ берілді. 
500-ден  астам  жерлестеріміз  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алды.  Соғыс 
кезінде  жауынгерлерге  азық-түлік  тасу  да  қиынға  түсті.    Көне  көз 
қарияларымыздан  соғыс  жайлы  сұрасақ  «Қазір  еліміз  тыныш.  Ешқашан  да 
соғыс қаупі төнбесін»,- деп айтып отырады. Расында да елімізде  соғыс  қаупі 
ешқашан  да  тумасын.  Теледидардан  көріп  отырғанымыздай  Сириядағы  қан 
төгісті көріп, тағдырымызға шүкіршілік етеміз.  
Елбасымыздың  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»    бағдарламасы 
қабылданды.  Бағдарлама  барысында  еліміздің  тыныштығы  да    қаралды. 
Елбасымыздың көрегелі саясатының басшылығымен керегесі кең, терезесі тең 
елге  айналдық.  Соғыс  қаупі  төніп  тұрған  жоқ.  Бейбіт  елде  өмір  сүріп 
жатырмыз. Бұл да елбасымыздың сүбелі  саясатының бірден-бір көрінісі.  
Алда  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы  келе  жатыр.  Кеңес  Одағын 
фашистерден азат еткеніне 70 жыл. Аталарымыздың, әжелеріміздің елді азат 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
72 
етудегі ерең еңбегі ешқашан да ұмытылмақ емес. Сұрапыл соғыстың қиямет-
қайым ауыртпалықтары оқ пен оттың ортасында жүргенмайдангерлердің ғана 
емес, алыс тылдағы барша халықтың қабырғсына батқан сол жылдар санадан 
әлі ұмытылған жоқ. Елде қалған қарттар мен әйелдер де, тіпті буыны қатып, 
бұғанасы  бекіменген  жас  балаларда  көп  бейнет  көрді.  Еңіреген  етегі  жасқа 
толған  елді,  әсіресе  ойын  балаларын  нағыз  қызық  шағында  бәрінен  жұрдай 
болып, жұмысқа жегілді. Ел тілегі ақталып,ақ түйенің қарны жарылды.  Жеңіс 
күні  бәріміз  үшін  айрықша  қымбат  қасиетті  мереке.  Бұл  тек,  сол  соғысты 
жеңіске  жеткенімізді  атап  өтетін  күн  ғана  емес.  Ол  –  сол  соғысты  жеңісті 
жатындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан ораймай еліміздің берік 
қорғанынадай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. 
Ерғали  Ақерке 
10 сынып, № 131орта мектебі Сырдария ауданы 
Мәңгі өшпейтін ерлік 
Ұлы  Отан  соғысы...  Бұл  –  1941  мен  1945  жылдардың  арасындағы  ... 
мемлекетті жалмалап, 40 миллионнан астам адамды өмірінен, 40 миллионнан 
астам  отбасына  жақынынан  айырған,  «Барды  жоқ  еткен,  тауды  жер  еткен» 
күйретуші күш. 
Ұлы Отан соғысы... Бұл – сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен 
төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Бұл  күнді  қанды 
қырғында қайсарлықпен шайқасып, аман оралған ата-бабаларымыз тойлайды. 
Бұл күнді отан үшін от кешіп, дүниеден өткендер мен әлі де есімдерін 
қалың жұртшылық біле бермейтін, ел қорғаған жауангерлерімізді еске алып 
біз тойлаймыз.  
Бұл күн – бейбіт өмірдің, бақытты балғын күндердің, жасампаздықтың, 
азаттықтың  салтанатты  мерекесі.  Бұл  мереке  біздің  халқымыз  үшін  де  өте 
маңызды.  
Қазақ  елі  –  басына  күн  туғанда,  толарсақтан  саз  кешетін  жауынгер, 
қайтпас  қайсар  халық.  Себебі,  әлемді  дүр  сілкіндірген  осы  алапат  қасіретке 
дейін де біздің қандастарымыз талай шапқыншылықты, қан кешкен шайқасты 
басынан өткізді. Соның бәрінде де намысты қолдан бермей, туған топырағы 
үшін  жан  берісіп,  жан  алысты.  Жеңіске  жетті,  қасиетті  жерін  жауға 
таптатпады.  Сондай  ерліктің,  қайсарлықтың  үлгісін  біздің  аға-апаларымыз 
осы соғыста көрсетті. Фашистер аштықтан, суықтан қалжыраған қала халқы 
өздігінен беріледі деп қараулық ойлады. Алайда қазақстандық мергендерден 
жасақталған  дивизия  соғыс  өртіне  орана  жүріп,  елжандылықтың, 
патриоттықтың көрінісін дәлелдеді. 
 «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің ерлігіне әлем 
халқы  ізетпен,  құрметпен  бас иеді.  Ленинград  маңындағы  елді  мекенді  азат 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
73 
етуде  алдыңғы  шепте  жүрген  Әлия  «Отан  үшін  алға!»  деп,  барлық 
жауынгерлерді  соңынан  ертіп,  шабуылға  шығады.  Жаудың  бораған  оғына 
қарамай,  қыстаққа  бәрінен  бұрын  алдымен  өзі  кіріп,  бірнеше  жаудың  көзін 
жояды. 
Ал  Невель  қаласы  үшін  болған  шайқаста  қасындағы  жолдастарынан 
айырылған  Мәншүк,  үш  бірдей  пулеметті  қатарынан  қойып,  үш  сағат  бойы 
жауды  жалғыз  бөгеп,  асқан  қайсарлықпен  беріспеді.  Қала  халқының 
бостандығы үшін жанын пида етті. Өздері өмірімен қоштасса да, артында аңыз 
болып ерлігі қалды. Отанға деген махаббатының белгісіндей өр кеудесіндегі 
жарқыраған «Алтын жұлдызы» қалды.  
Дегенмен, ерлер мен тізе қосып жүріп, елін, жерін жаудан қорғаған талай 
ата-апаларымыздың  есімі  елге  танылмай  да  қалғаны  кейінгі  ұрпақ  үшін 
өкінішті!  Соғыстың  салған  жүз  жылдық  жарасынан әлі де  талай отбасының 
көкірегі  қарс  айырылып,  көздерін  жас  шылайтыны  айдан  –  анық,  бірақ,  біз 
жеңістің  жарты  ғасырдан  астам  уақыт  тәтті  дәмін  татып,  бейбіт  өмір  сүріп 
жатқанымызға өте қуанамыз. Сонда егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің өмірі 
ұзағынан болғай деп тілейміз. 
Бұл соғыс кеңестік армияның сапында болған бірнеше ұлт өкілдерінің 
ерлігін паш етті. 
Сондай  ерлігі  аңызға  айналған,  қазаққа  тән  өршіл  мінезімен  тағдыр 
дауылдарында  сыналған  Бауыржан  атамыз  жайлы  айтпасам,  менің 
қазақтығыма, сондай жандардың ұрпағы болғандығыма сын деп есептеймін. 
Біз  үшін  найзағайдай  жарқылдаған  отты  ойы  бар,  қаһарлы  сөйлесе  де 
қайырымы мол, өз мүддесінен халық мүддесін жоғары қойған, қара қылды қақ 
жарған,  әділдіктен  жаралған  атамыздың  ерлігі  –  мәңгі  есте  қалатын  өнеге. 
«Тәртіпке  бағынған  құл  болмайды»  деген  даналық  сөзін  әркез  өзіне  серік 
қылған атамыз майдан шебінде үнемі жеңіске жетіп отырды. 
Тәртіп пен батылдықты қатар ала жүріп, талай ерліктердің куәсі болды. 
Жанына он ғана жігіт ертіп, бір пулемет, бір миномет, бір кішкене зеңбіректі 
шанаға  тиеп  алып,  немістер  жатқан  қыстаққа  шабуыл  жасайды.  Немістерді 
шошытып, опыр-топырын шығарып, он-ақ жігіт жүз жиырма немістің өлігін 
санап,  әкеп  береді.  Бұл  атамыздың  батылдық,  қайсарлық  ісінің  бір  ғана 
мысалы. Ал атамыздың ұлтжандылығынан, елжандылығынан алар тәрбиеміз, 
тағылымымыз шексіз деп ойлаймын. 
Бауыржанның  ержүрек,  тапқыр,  ұлтшыл  болғандығы  туралы  халық 
арасында көптеген әңгімелер тараған. Солардың бірі – ұлтшыл болғаны үшін 
Кеңес  Одағы  Батыры  атағын  кеш  алған  батыр-жазушының  жауынгерлік  ісі. 
Бірде  Отан  қорғаудағы  ерліктері  мен  батырлығы  үшін  жауынгерлерді 
марапаттау рәсімі өтеді. Кезек Бауыржан Момышұлына да келеді. «Бауыржан 
Момышович»  деп  дауыстап  шақырады.  Ешкім  шықпайды.  «Бауыржан 
Момышович»  дейді  қайталап.  Тағы  да  ешкім  үндемейді.  Осылай  үш  рет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет