Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата31.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#11023
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

59 


Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова. Бұл аталған азамат пен азаматшалар 

Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алған  қазақ  жауынгерлері.  Әрине,  соғысқа 

қатысқан          2  млн  қазақтардың  барлығы  батыр,  барлығы  қаһарман.  Бірақ, 

жоғарыда  айтылған  батырлар  ерекше  ерлігімен,  нағыз  ержүректілігімен, 

намысшылдығымен,  ұлтшылдығымен,  еліне  адалдығымен  танылған,  атақ 

үшін емес, туған жерінің амандығы үшін жауға кеудесімен қарсы тұрып, бір 

қасық қаны қалғанша, жауды көзімен де, ойымен де, оғымен де атқан нағыз 

батыр,  шын  мәнінде  Отан  үшін  отқа  түскен  жауынгерлер.  Осындай 

ардагерлеріміз болмағанда, қазір біз осы тәуелсіз мемлекетте, жарқыраған күн 

мен көк аспанның астында тату-тәтті, бейбіт өмір сүрмес те едік. Сол себепті, 

осындай  ерліктерімен  ел  есінде  мәңгі  қалған  батырларымызбен  мақтанып, 

оларды әрдайым үлгі тұту, аттарын асқақта беру, осындай еліне, жеріне адал, 

өнегелі ұрпақ  тәрбиелеу біздің міндетіміз деп білемін. Бізге осындай тыныш 

та,  бейбіт  өмір  сыйлаған  қазақ  батырларына  деген  шексіз  алғысымды  өлең 

жолдары арқылы білдіргім келеді: 

Көздері оттай жайнаған, 

Көздегеннен таймаған, 

Батырлары қазақтың 

Елді жаудан қорғаған. 

Жауыз жауға берілмей, 

Қиын да болса, жеңілмей, 

Жуынгері Отанның 

Алға басты шегінбей. 

Аталарым ардагер, 

Еліне адал жауынгер. 

Бейбіт күнде азат боп, 

Құрметтейді оларды ел. 

Мен олардың ұрпағы, 

Мақтанамын сол үшін. 

Еңбек етем өскенде, 

Тәуелсіз туған жер үшін! 

Біздің Солтүстік Қазақстан облысымыздан 120 мыңдай адам майданға 

шақырылды.  Оның  ішінде  біздің  Тауағаш  ауылынан  200-ге  жуық  адам 

аттанды. Олардың қатарында менің аталарым да бар. Олар: Сиванбаев Серғали 

Кәкімжанұлы,  Дүйсенов  Сапар  Дүйсенұлы,  Сиванбаев  Қазез  Рақымжанұлы, 

Сиванбаев Әмен Кәкімжанұлы, Кәкімжанов Мәжен Кәкімжанұлы. 

Сиванбаев  Серғали  Кәкімжанұлы  –  1926  жылы  6  тамызда  Солтүстік 

Қазақстан  облысы,  Есіл  ауданы,  Тауағаш  ауылында  дүниеге  келген.  Менің 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

60 


әкемнің  әкесі,  туған  атам.  Әкемдер  оны  «Әку»  –  деп  атайтын.  Ол  1943-45 

жылдары ІІІ-ші Беларусь майданына қатысқан. Кейбір деректерде, кітаптарда 

оны 250-ші атқыштар дивизиясында, 33-Армияда, 89АП-мерген деген. Үйде 

оның «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кенсбергті алғаны үшін», 

«І-ші  дәрежелі»,  «ІІ-дәрежелі  Отан  соғысы»  үшін  және  көптеген  мерекелік 

медальдары  бар.  Ол  ауылға  оралғаннан  кейін  педагогикалық  жоғары  білім 

алып, 35 жыл ұстаздық еткен. 4 мектепте директор болған. Олар: Железное 

селосындағы мектеп, Тройцкое селосындағы мектеп, Мурмское селосындағы 

мектеп және өзінің туған ауылындағы Тауағаш орта мектебі, әрі тарих пәнінен 

сабақ берген. Ол қоғамдық жұмыстарды көп орындайтын, еңбексүйгіш адам 

болған.  Облыстық  үздік  насихаттаушы  атанып,  Құрмет  тақтасында  суреті  4 

жыл тұрған. Кейіннен қатты ауырып, 1998 жылы 21-ші ақпанда қайтыс болды. 

Егер  Серғали  атам  тірі  болса,  қазір  90  жасқа  келуші  еді.  Мен  оны  тірідей 

көрмесем  де,  ол  кісі  туралы  оқығанда,  естігенде  көз  алдыма  бейнесін 

елестетемін. Атамның өмірлік серігі – Шәмәр әжем 2 жылдай бұрын өмірден 

өтті.  Бірақ,  атамыз  жайында  ол  кісінің  айтуынша:  атамыз  аласа  бойлы, 

жұқалтаң жылы жүзді, ақ көңіл жан болыпты. Ерекше қасиеттері: еңбекқор, 

өте адал, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, мұнтаздай таза жүретін, 

ұқыпты, қарапайым кісі болған екен. Мен атам жайында көп біле бермесем де, 

оны қатты жақсы көріп, әрдайым жүрегімде сақтаймын. 

2014 жылдың 8 мамыр күні Жеңіс күні қарсаңына мектеп қабырғасына 

мемориалды  тақта орнатылды. Ол майданнан оралып, ауылымызда ұстаздық 

еткен ардагерлерімізге арналған тақта. Бұл тақтада Рахметов Зейнулғабиден 

Рахметұлы,  Қазбеков  Кенжебай  Қазбекұлы  және  менің  Сиванбаев  Серғали 

Кәкімжанұлы  атамның  суреттері  мен  есімдері,  өмір  сүрген  жылдары 

жазылған. Елі үшін адал қызмет етіп, осындай құрметті лауазым исі атанып, 

есімі  ешқашан  ұмытылмайтын,  халқы  үшін  нағыз  ерлік  көрсеткен  батыр 

атамның туған немересі болғаным үшін мақтана аламын, осындай өміріме өте 

ризамын. 

Дүйсенов Сапар Дүйсенұлы – құжат бойынша 1924 жылы туған. Ал шын 

мәнінде, 1926 жылы 10-шы шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, 

Тауағаш  ауылында  дүниеге  келген.  Сапар  атам  Серғали  атамның  немере 

ағасы.  Туған  жерін  қорғау  үшін  ол  өзін  2  жыл  үлкенмін  деп  16  жасында 

соғысқа  аттанған.  Майданда  оң  қолынан  қатты  жарақаттанып,  19  жасында 

еліне  мүгедек  болып  оралған.  50  жыл  Заң  орнында  қызмет  істеп,  үлкен 

абыройға  қол  жеткізген.  Қазір  оның  ізін  балалары,  немерелері  қуып, 

жетілдіріп келе жатыр. Ол қазір үлкен ұлының қолында, Алматы қаласында 

тұрып  жатыр.  Қазір  атам  90  жаста.  Ол  ауылға  келген  сайын  туыстарының 

үйіне  кіріп,  зират  басына  барады.  Атамыз  келген  сайын  базарлығын  алып 

келеді. Ауыл қарттарын көріп, көңілі бір тынышталады.  

Осылайша аталарымыз соғыста үлкен ерлік көрсетіп, сол үшін ордендер 

мен медальдар алған. Көбі қайтып оралмаса да, олардың есімдері мәңгі халық 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

61 


аузында.  Олардың  ерліктері,  жеңіске  жетер  жолдағы  қиыншылықтары 

кітаптарда  жазылып,  мақалаларда  басылып,  теледидарда  айтылып  жатады. 

Соғыста біз үшін ерлік көрсетіп, қаза тапқан адамдардың арқасында біз аман 

қалып,  соғыстың  қиындықтарын  сезбей  жүрміз.  Осы  үшін  біз  оларға  үлкен 

алғыс  білдіру  керекпіз.  Олар  қорғаған  елдерді,  халықтарды  біз  қорғауымыз 

керек. Отан алдындағы парызымыз қаншалықты қымбат болса, бізді қорғаған 

аталарымыздың  алдындағы  парызымыз  да  сондай  болуы  тиіс.  Әрине,  бұл 

соғыстың  зардабын  тек  біздің  қазақтар  ғана  емес,  көршілес  елдер  де  көріп, 

ауыртпашылығын тартты. Кезінде бізге қандай қамқорлық көрсетілген болса, 

соғыстан аман келіп, өмірде қиыншылықтар көріп келе жатқан ардагерлерге 

біз  көмек  қолын  созып,  қамқорлық  танытуымыз  керек.  Жоғарыда 

айтылғандай, ауылдан 200-дей адам аттанды, солардың 36-сы қайтып келді. 

Соғыста жарақат алып, бірақ, қайтып келгендер де бар. Кейіннен ауырып қаза 

тапты.  Қазір  ауылда  соғыстан  аман  қалған  екі  ардагер  бар.  Олар:  менің 

аталарымның бірі Дүйсенов Сапар және Некібаев Қожатай. Олар қазір ауылда 

емес. Бірақ, 9-мамыр күні ауылға, митингілерге келіп, көріп, сөз сөйлеп кетеді. 

Біз олармен мақтанамыз! 

Міне,  сол  ағаларым  көрген  қиыншылықтардың  аяқталуына  70  жыл 

толды.  Олар  көп  қиындық  көрсе  де,  жеңіспен  оралды.  Олар  Жеңіс 

жауынгерлері!   

Мен де аталарым сияқты еліме адал еңбек етуді мақсат етемін: 

Арманым бар менің де – 

Еңбек етем еліме. 

Адал қызмет етемін 

Сүйікті туған жеріме. 

Туған жерім өркенде, 

Сенсің менің тірегім. 

Өзіңнен алыс кеткенде, 

Сағынып сені жүремін. 

Қазақстаным, Отаным 

Соғады сен деп жүрегім. 

Өркендету өзіңді – 

Саған деген тілегім. 

Шегінбей тек алға бас, 

Көрін биік шыңдардан. 

Тәуелсіз туған елімді 

Мақтан етем әрқашан! 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

62 


Смағұл Балжан 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Уәлиханов ауданы 

Бидайық орта мектебінің 

10-сынып оқушысы 

Жетекшісі: Әсемгүл Тукеева 

 

Азаттықты ту еткен қанды соғыс 

Уақыт көші жылжиды алға тоқтамай, 

Жылжиды алға жауыздықты жақтамай. 

Қан майданда қаза тапқан ерлерін, 

Тұра алмайды уақыт еске сақтамай. 

Жерлес ақын Қамон Шахметов 

Ата - бабамыздың ерен ерлігі, батырлығы ешқашанда ұмытылмақ емес! 

Олардың  елі,  жері  үшін  қан  төгіп  аянбай  күрескендігін  мәңгі  жадымызда 

сақтап,  өзімізден  кейінгі  ұрпаққа  жеткізу-  біздің  парызымыз,  азаматтық 

борышымыз деп ойлаймын. 

Ұлы Жеңіс! Сол кезеңдегі ата- бабамыздың қайсарлығы мен төзімділігін 

жырлайтын,  тарихта өшпес із қалдыратын Ұлы күн! Осы бір қасиетті күнді 

майданға  қатысып,    қан  төккен  аталарымыздың  құрметіне  тойлаймыз.  Бір 

өкініштісі, Ұлы Отан соғысынан аман-есен оралған ардагерлердің жыл санап 

азаюы. Бірақ олар өмірден өткенімен, ерен ерліктері біздің жадымызда мәңгі 

сақтаулы.  

Мен    соғысқа  қатысқан    өзімнің  нағашы  атам  Тайжанов  Жамалбекті 

мақтанышпен  еске  аламын,  оның  маған  айтқан  шежіресі  мәңгі  жүрегімде 

өшпес таңба болып қалды. Ол сол қан майданның  басы - қасында болған, сұм 

жылдардың айқын көріністерін өз көзімен көрген ардақты ардагер еді. Қазір 

өмірден өтсе де, бізге құнды естелік қалдырып үлгерді. 

Атам  1939    жылы  әскери  фельдшерлік  дайындық  курсын  бітіріп, 

майданға  аттаныпты.  1941  жылдан  бастап  аға  фельдшер  қызметін  атқарған 

екен. 1942-1943 жылдары немістерде 9 ай тұтқында болыпты. Және де 1943-

1945  жылдары  Украинада  санитар  взводында  командир  болған.  Соғыстан 

кейін  Целининградқа  қайта  келіп,  өзінің  медициналық  қызметін  әрі  қарай 

жалғастырды.  Соғыста  қаншама  батырды  ажалдан  құтқарған.  Қаза  болған 

батырлардың дене мүшелерін өміріне қауіп төніп тұрған адамға салып, солай 

талай жанды құтқарғанын айтады. Оның ерлігін мақтанышпен еске алып өз 

достарыма  айта  жүремін.  Атамның  соғыстан  кейін  алған  медальдары  да  әлі 

күнге  дейін  сақтаулы.  Атап  өтетін  болсам:  «За  победу  над  Германий», 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

63 


«Будапешті,  Венаны  алғаны  үшін»,  «Тридцать  лет  победе  в  Великой 

Отечественной войне» медальдары.  

Менің туған жерім Бидайықта да Ұлы Отан соғысының ардагерлері бар. 

Осы жылы соғыстың соңғы ардагері, өкінішке орай,  жуырда өмірден озды. 

Бірақ  мектеп  оқушыларына  сұм  жылдардың  көріністерін  баяндап  беруге 

үлгерген  болатын.  Осы  аталарымның  жатқан  жерлері  жарық,  топырақтары 

торқалы болсын деп тілеймін. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңіске ғажап 

күшпен жеттік. Ол әрине де, мызғымыс достық, татулық, бірлік деп ойлаймын. 

Қанша халық бір шатырдың астында бірігіп, бар күштерін, қайсарлықтарын 

бір арнаға тоғыстырды. Сол сұм жылдарда Кеңес үкіметінің жауды талқандап, 

жеңіске жетуіне Қазақ батырларыда өз үлестерін қосты. Бүгінде Жеңіс күні 

мерекесі  адамдардың  ұлтына,  дініне,тіліне  қарамастан  бәрімізге  ортақ 

қуаныш. Өйткені барлығымыз бір шатырдың астында бірліктің, татулықтың 

арқасында Отанымызды қорғап қалдық. Ұлы мерекенің мән- мағынасы уақыт 

өткен  сайын  еш  өшпек  емес,  өйткені  оның  құндылығы  ғасырлар  бойы  жас 

ұрпаққа өсиет болып қалмақ! 

Өзімнің жүрек жарды ойларымды өлең өрнегімен де беріп отырайын. 

Азаттықты ту етіп арыстарым соғысқан, 

Отан үшін жан аямай залым жаумен алысқан. 

Фашистерді ойран етіп, азаттықты әкелді, 

Өшпес ерен ерліктері бір арнада тоғысқан 

Шынында да, біздің қайсар мінезді ардагер қарияларымыз үлкен ерлік 

жасады. Елі, жері үшін соңғы демі, қасық қаны қалғанша жан аямай күресті. 

Олардың  жасаған  ерлігін  ешқашан  да  ұмытпаймыз.  Өйткені  де  олар  өз 

заманының нағыз ержүрек патриоттары деп білемін. 

Өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар да аз емес. 

Олар барлығы зор мәртебеге, арнаулы марапатқа лайықты. Осы батырлардың 

ерліктерін әрқашан мақтан тұтуымыз қажет деп ойлаймын. Ұлы Отан соғысын 

жырлаған ақындарда бар.  

Қазақ  ақыны  Жамбыл  Жабаев  «Ленинградтық  өренім!»  атты  өлең 

жазды. Бұл өлең радиодан оқылып, батырларға рух пен жігерлілік сыйлады.    

Жеңіс күні - бұл адамзат аңсап өткен күн, 1945 жылдың 9 мамырдағы 

азаттық күрестің айбынды күні. 9 мамыр-қасиетті дата, өйткені миллиондаған 

өмір  адами  өркениетті  құтқару  үшін  беріледі.  Жеңіс  күнін  тойлау-үлкен 

ұрпақтың ерліктерін еске алу құрметі, шексіз ерлік пен отансүйгіштік рухында 

жастарды тәрбиелеудің мысалы.  

Бұдан былай елімізде бейбіт өмір болсыншы, 

Әр қазақтың отбасына бақ-береке қонсыншы. 

Еліне адал қызмет етіп, жас-жеткіншек өрендер, 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

64 


Барлығы да аман болып бақытты өмір сүрсінші 

Соғыс заңы қатал және әр қырлы. Мұнда аяушылық білдіру болған емес. 

Майданда  қарсылас  жақтың  адамдарын  ғана  емес,  өз  елінің  азаматтарын  да 

жазалау  жиі  кездесті.  Сондықтан  да  әр  қазақ  баласы  Ұлы  Отан  соғысының 

қандай күшпен бізге келіп жеткенін, батырларымыздың азаттық жолындағы 

күресін ешқашанда ұмытпасын.   

Жеңіс туы желбіреді қазағымның көгінде, 

Бақ-береке, шаттық орнап әр қазақтың төрінде. 

Аталардың ерліктерін мақтанышпен еске алып, 

Ешқашанда ұмытпаймыз, өтсе -дағы өмірден 

Осы қайсар мінезді батырларымыздың арқасында бейбіт,тыныш өмір 

сүрудеміз.  Жеңістің көк туы мәңгі желбіресін! 



Сухлова Юлия 

10сынып, КММ «Мирный орта мектебі» 

Жамбыл ауданы 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Жетекші: Тұрлыбаева Айжарқын Тілеужанқызы 

Ерліктеріңіз ұмытылмас 

Биыл - Ұлы  Отан соғысының  Жеңісіне 70 жыл.  22 маусым – барлық 

посткеңестің,  елдердің  тарихындағы  ең  қайғылы  күндердің  бірі.  Осыдан  70 

жыл  бұрын,  дәл  осы  күні  таң  ата  бере  фашистік  Германия,    Кеңестік 

Социалистік   Республикалар  Одағына  шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы 

осыдан 69 жыл бұрын аяқталғанымен, оның салған жарасы талай жүректе әлі 

де бар. Балғын балалық шақтары осынау зұлмат жылдармен тұспа-тұс келген 

жандар  қаншама?!  Бірі  қару  көтеріп,  соғысқа  аттанса,  енді  бірі  тылдағы 

еңбекті үлкендермен бірге бөлісті. Ел басына түскен қиын-қыстау шақта тылда 

қара жұмысқа жегілген кешегі балалар – бүгінде бір әулеттің ақ сақалды атасы, 

шежірелі  қазынасы.  Отанын  қорғауға  көтерілген  біздің  халықтарымыз 

Баренцев теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта шарпыған соғыс даласында 

зұлым  жаумен  шайқасып,  әлемге  майдан  даласында  ғана  емес,  тылда  да 

батылдықтың, табандылық мен патриотизмнің ұлы үлгілерін паш етті. Барлық 

тауқымет  пен  қиыншылықты  тең  бөліскен  олар,  өз  жеңістеріне  сенді  және 

қатар шайқасып, жауды жеңді. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

65 


Соғысты  бірінші  болып  қарсы  алғандардың    қатарында  Кеңес 

Одағының  батыс шебін күзеткен  ондаған мың  қазақстандық-шекарашылар 

болды.  Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде   біздің 

мыңдай 



жерлесіміз 

қызмет 


еткен, 

шілде 


айында 

олардың      көпшілігі    әскерден  елге    қайтулары 

керек  болған.  Бірақ  жаудың  шабуылы  олардың бұл   жоспарларын  күл-

талқан    етті.  Соғыс      өрті    ішке    қарай    тез  еніп,    Брест  қамалының 

тірі    қалған    қорғаушылары  партизандар  қозғалысына    қосылды. 

Олардың  қатарында 190 қазақстандық болған  және олардың көбісінің сүйегі 

беларусь  жерінде  қалған.  Соғыс  кенеттен  басталғанымен,  Қазақстан, 

бүкіл  Кеңес Одағы сияқты,  алғашқы   күннен бастап  жұдырықтай жұмылды. 

Республиканың 

түкпір-түкпірінде 

 

әскери 


 

комиссариаттарға 

еріктілер  ағылды. Кеше  ғана мектеп  партасында  отырған  бозбалалар  мен 

бойжеткендер  де,  қала  мен  ауыл  тұрғындары  да  соғысқа    сұранды.1939 

жылдың    дерегі    бойынша,    біздің    республикамызда    6,2  миллион  адам 

тұрып  жатқан.  Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына  1 миллион  200 

мың 

 

қазақстандық 



шақырылған, 

20-дан 


астам    атқыштар    дивизиясы    мен    басқа  да          құрылымдар  жасақталған. 

Қазақстан армия мен флот үшін   офицерлік кадрлар  және  резервтік  күштер 

дайындауға  да    лайықты  үлес    қосты.    1941-1945  жылдары    әскери    оқу 

орындарына    42  мыңнан    астам      жас  қазақстандық      жолданды,        ал 

Қазақстанның аумағында  сол жылдары жұмыс істеген  27   әскери оқу орны 

толық  емес      мәлімет  бойынша  16  мыңдай  офицер  дайындап  шығарған. 

Біздің  жерлестеріміз  майдан даласында  ерлікпен шайқасқан.  Жауынгерлік 

ерліктері    үшін  жүздеген    мың    қазақстандық    медаль-ордендермен 

марапатталса,  500-дей  адам  Кеңес Одағының Батыры, 100-ден  астам адам – 

Даңқ орденінің  толық иегері атанған.  Төрт қазақстандық  екі  мәрте  Кеңес 

Одағының  Батыры  атанды,  олар  – Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, 

Иван 


Павлов 

 

және 



Леонид 

Беда. 


Кеңес 

Одағы 


Батырларының  қатарында  қазақтың екі   қызы -  мерген  Әлия Молдағұлова 

мен      пулеметші    Мәншүк  Мәметова    бар.  Рейхстагқа 

Жеңіс 

туын 


 

тіккендердің

бірі 

-  қазақ  жігіті  Рахымжан  Қошқарбаев.  Жаудың   тылында  партизандардың  



қатарында да   қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі  – Қасым Қайсенов. 

Ал 


танымал 

 

қолбасшы. 



 

Әскери 


 

жазушы 


Бауыржан  Момышұлын,  28  панфиловшылардың ерлігін   білмейтін  қазақ 

жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес,  тылда  жүргені мәлім.  

Республикада  танк және ұшақ   жасауға ақша  жинау қозғалысы  жүрді. 

1941    жылдың  күзіне  Бүкілодақтық  лениндік  коммунистік  жастар  одағы 

(ВЛКСМ)    атындағы    танк  дивизиясын      құруға    қаржы    жинала 

бастады 


 

да, 


 

бір 


жылға 

жетер-жетпес 

уақыттың 

ішінде    армия    қазақстандық    комсомолдардан  45  жаңа    танк  алды. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

66 


Кейінірек 

 

халық 



қаражатына 

 

тағы 



10 

танк      колоннасы,    бірнеше    авиациялық    эскадрилия,    торпедо    катерлер 

мен 

 

атаулы 



ұшақтар 

 

жасалды. 



Соғыс  

жылдары  Қазақстан  халқы  жауынгерлік  техникалар  жасауға  480,3 миллион 

рубль    жинап  берді.  Жеңіске    Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы 

да  өз  үлесін   қосты.  Атап айтқанда, еліміз  30,8   миллион пұт астық, 14,4 

миллион  пұт картоп және көкөніс,   15,8  миллион  пұт   ет,  3 194 мың   центнер 

сүт,  17,6  мың    центнер      жүн      берді.    Бұл    соғысқа  дейінгі  бес    жылдағы 

көрсеткіштен 

бірнеше 


есе 

 

 



көп.

Республиканың  

барлық    экономикасы   

әскери  «рельске» 

қойылды:     

бейбіт 


мақсаттағы 

шығыстар 

барынша 

қысқартылды, 

көптеген 

кәсіпорындар    қорғаныс    өнімдерін      шығаруға    кірісті.    Ер  азаматтардың 

бәрі  армия  қатарында  болғандықтан,  зауыттарда  әйелдер,  қариялар,  жасө

спірімдер  еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды,   жұмыс уақыты  ұзартылды.  

Алты апталық,  23 сағаттық   жұмыс күні  бекітілді,    демалыстар  тоқтатылды.  

Бірақ    ешкім      қынжылған  жоқ.    Бүкіл  ел    «Бәрі  де    майдан  үшін,    бәрі 

де    Жеңіс    үшін!»  деген  ұранмен    еңбек  етті.  КСРО-ның  батыс 

өңірлерінен  көшірілген  халықпен  қоса, 1941 жылдың күзінде  Қазақстанға 

Полвольжеден жүздеген  мың    немістер мен   поляктар  жер   аударылды. 

1942-1944  жылдары   507 мың  балқар,  қарашай,   ингуш,  шешен  халқы,  110 

мың    түрік-месхетиндер,  180  мың    қырым  татарлары        күшпен      жер 

аударылды. Оған  қоса, күн  сайын  Қазақстанға   жаралы жауынгерлер мен 

офицерлер тиелген  пойыздар ағылып жатты.  Әскери госпитальдердің  көбісі 

Алматыда  құрылды.  Ұлы    Отан    соғысы    4  жылға    созылды.  Майдан 

даласында    600  мыңнан      астам  қазақстандық      қаза    тапты.  Соғыста    қаза 

тапқандардың 

саны 

 

туралы 



мәлімет  бүкіл әлемді  дүр сілкіндірді.  Жекелеген  мәліметтер  бойынша,  ада

мзат  тарихындағы  бұл  ең          зұлмат 

соғыс 

20  миллионнан 



астам    кеңес  азаматтарының  өмірін   

қиды.  1  710  қала 

және 

70 


мыңнан  астам  село-деревнялар, 31 850   өнеркәсіптік   кәсіпорын,  65 мың 

шақырым  темір    жол,  4  100  теміржол    стансасы,  36  мың    пошта-

телеграф 

 

 



мекемесі, 

 

телефон 



стансасы 

және 


басқа 

да 


байланыс   бекеттері  жермен-жексен   болған  немесе  жартылай  қираған. 40 

мыңдай    аурухана    немесе  басқа  да  емдеу  мекемелері,    74  мың 

мектеп, техникум,  жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары,  42 мың 

кітапхана      және  басқа  да  көптеген    нысандар  жойып  жіберілген,  тоналған. 

Бүгін    Қазақстанның  барлық  қалалары  мен  ауылдарында  Даңқ 

монументтеріне,    Ұлы  Отан    соғысында    қаза    тапқан  жауынгерлердің 

ескерткіштеріне    гүл  шоқтарын  қою  рәсімдері  өтуде.      Бұл 

соғысты  ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе  де ұмытылмауы керек. 

Ауылдық  округте  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығына  арналған  дайындық 

жұмыстары басталып та кеткен. Оның басты дәлелі - Жеңіс саябағының бой 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет