- оқушылардың туған өлкесін зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға арналған
«Туған өлкем» Фестивалі
- бұл мәдени және табиғи әртүрлілікті сақтау қағидатына сәйкес балалардың бірыңғай жалпыадамзаттық құндылықтарға ұқыпты қарауына тәрбиелеуге бағытталған өлкетану жобаларының байқауы
- бұл туған өлкенің тарихы мен мәдениетімен танысу
- бұл туристік маршруттар кластеріне енгізілуі мүмкін туған өлкенің әдемі және жасырын жерлерін насихаттау
оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту, отансүйгіштік пен азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, туған өлкені зерделеу арқылы туристік-өлкетану қызметін жандандыру.
Фестиваль
мақсаты:
балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасымен таныстыру, Кіші Отанды зерттеу;
республиканың үздік балалар экспедициялық жасақтарын анықтау;
дәстүрлі сақтау және жетілдіру, туристік-өлкетану жұмысының инновациялық нысандары мен әдістерін танымал ету;
өз өлкесінде туризм мен өлкетануды дамыту идеяларын іске асыру бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеуге және өз бастамасын көрсетуге ынталандыру;
туған өлкенің тарихын, оның көрікті жерлерін насихаттау бойынша идеялармен алмасу үшін орта құру.
Фестиваль
міндеттері:
«Туған өлкем» фестивалін өткізу орны: республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
«Туған өлкем» фестивалін ақпараттық жариялау бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде оң жариялауды көздейді