«Сейфуллин оқулары – 12: Ғылым жолындағы жастар-болашақтың инновациялық әлеуеті» атты
Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары = Материалы Республиканской
научно-теоретической конференции «Сейфуллинские чтения-12: Молодежь в науке -
инновационный потенциал будущего" . – 2016. – Т.1, ч.3 – Б.191-193
ЖОБА ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҚТЫ
ДАМЫТУДАҒЫ РОЛІ
Абеуов М.А., Байқоңыров Ө.А.
Қазіргі таңда білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді
Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы
әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған
болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру
айтарлықтай рөл атқарады [1].
Бүгінгі күні білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды
меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін,
тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке
тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл жеке тұлғаның функционалдық
сауаттылығына байланысты.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына
сәйкес оқу жетістіктерін сырттай бағалау аясында оқушылардың
функционалдық сауаттылығы бағаланады. [2].
Функционалдық
сауаттылықты
«адами
іс-әрекеттің
әртүрлі
жағдайларында өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін мектепте
алған білім, білік және дағдыны пайдалана білу қабілеті» деп түсіну қажет.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-
қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен
қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Функционалдық
сауаттылық тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол –
ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік
дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда
функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде
қолданылады. Ендеше, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
бағытында жоба технологиясын қолданудың да маңызы зор. Жобалық
әдістемесі нақты оқу-тәрбие процесімен ықпалдасқан кезде мемлекеттік білім
беру стандарты алға қойған мақсаттарға нәтижелі түрде қол жеткізуге
болады. Жобалық практикалық оқыту баланың мектеп берген білімді есте
сақтап қана қоймай оны тәжірибеде қолдана білу үшін белсенді түрде
өздігінен ойлай білуге үйретудің тәсілдерін, жолдарын табуға бағытталады.
Жобалық практикалық әдісте таным мен зерттеу процесі жүреді. Оның басты
мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық шығармашылық потенциалын және
сыртқы ортамен қарым-қатынас қабілетін дамыту, зерттеушілік қабілеттерін
іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісіне үздіксіз жағдай жасау. Шығармашылық
- адам іс-әрекетінің түрі. Шығармашылық қабілеттердің дамуы, бүгінгі таңда
негізгі нысана болып, ал оқушыда шығармашылық белгілердің болмауы –
үлкен мәселеге айналып отыр.Өйткені, өмірдегі, қоғамдағы сан алуан
қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан
келеді. Шығармашылыққа жаңа тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі
нәрсені қайталау шығармашылыққа жатпайды, бірақ одан да қандай да бір
ерекшелік табу, жаңаша ерекше қасиеттерін жасау шығармашылыққа тән
құбылыс.Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық,
сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды
түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу
керек.
Шығармашылық – бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен
айтқанда тіршіліктің көзі. Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай
туғызу дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Ендеше
мұғалімнің өзі де жаңашыл тұлға болу керек, жаңалыққа жаны құмарлығы,
үздіксіз ойлауы, идея тудыруы, жасап көруі – оның күнделікті кәсіби
жағдайы. Жаңалық ашу өздігінен келе салмайды, оған алдын – ала жасаған
қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп
сипаттауға болады. Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі,
шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына
бастайды.
Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
үшін оқытуды жаңа технологиялармен өткізу қажет
Практикалық жоба бойынша жұмыс жүргізе отырып біз өзіміздің де,
оқушылардың да іс-әрекет нәтижелерін көреміз. Жоба – оқушылардың өз
білімдерін практика жүзінде қолдануға, қабілеттерін дамытуға мүмкіндік
беретін өз бетімен атқаратын қорытынды жұмысы. Жоба негізінен
төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
1.
Жобаның тақырыбын таңдау және проблеманы іздеу;
2.
Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау. Идеялар және орындалуы;
3.
Таңдалған идеяны оқып үйрену:
-
экономикалық бағалау;
-
экологиялық бағалау;
-
модельдеу;
-
эскиз жасау.
4.
Жоба идеясы мен тақырыбы туралы талқылау;
5.
Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту.
Қазіргі таңда, заманауи педагог ретінде алдымызда тұрған міндет:
оқушыларымызды нағыз білікті тұлға қылып үлкен өмірге дайындау. Соған
байланысты РВL (project based learning) жоба қорғау жүйесін дәстүрлі
үрдіске айналдырудамыз. РВL (ағылшын тілінен) – «жоба негізінде білім
беру» деген мағынаны білдіреді. Бұл жүйе - зерттеу, іздену негізінде оқыту,
мәселе шешуді үйрету тәсілдерін қамтиды. Оқушылардың күрделі
мәселелерді белгілі бір кезең ішінде шешуі мен зерттеуін көздейтін
білімділік пен біліктілікті арттыратын оқыту әдісі болып табылады [3].
РВL ерте кездерде пайда болған. Өз бастауын «тәжірибе негізінде
оқыту» (ағл.learning- by- doing) әдісінен алады. Бұл «жоба негізінде оқыту» -
оқушылардың түрлі зерттеу жасау арқылы оқу процесіне белсенді
қатысуды үйренуді дағдыға айналдыратын іс-шара. Ол үшін ең бірінші қадам
- жақсы бір тақырып табу. Әрине, ол тақырып айналамыздағы көптен бері
мазалап жүрген мәселе, немесе алдағы уақытта қиындық тудыруы мүмкін
жағдай болуы керек. Қоғамдағы өзекті мәселелерді тақырып қылып алуға
болады.Таңдалған тақырып әр пәннің оқу бағдарламасына сәйкес болуы
керек [4].
Оқушылар сыртқы ортада адамдармен, отбасымен, құрбыларымен
қарым-қатынас жасағанда оқу дағдысын қолданады, яғни ақпарат алмасу
үшін, ақпарат беру үшін мәтінмен жұмыс жасайды.
Тиімді РВL жобасын дайындау үшін, тақырыпты меңгерген маманмен
бірігіп жасаудың маңызы зор. Оқушылар, мүмкіндік болса, жоба дайындауға
ата-аналарынан да көмек сұрауына болады. Ең соңында дайын жоба
көрерменге көрсетілуі тиіс. Көрермен ретінде ата-аналарды, басқа мектеп
мұғалімдері мен оқушыларын, басқа да қонақтарды шақыруға болады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай сабақтан тыс кездері жоба технологиясын
қолдану оқушылардың мынадай дағдыларын қалыптастырады:
-
оқу мен жазу сауаттылығын арттыру;
-
жаратылыстану ғылымдары мен математикалық сауаттылықты
дамыту;
-
компьютерлік сауаттылықты арттыру.
Функционалдық сауаттылықты дамыту - заман талабы. Соған орай, жоба
қорғау технологиясы - сыртқы ортамен тығыз байланысты орнату және
оқушылардың тез әлеуметтенуіне бейімдейді.
Әдебиет тізімі
1. « Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы.
2. «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары».
3. John W. Thomas, Ph. D. A review of research on project-based learning.
Supported by The Autodesk Foundation 111 McInnis Parkway San Rafael,
California 94903. March, 2000.
4. «ZANA» журналы, 2014 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |