Тозу құны шегерілгеннен кейінгі қалпына келтіру құны (ТҚШКҚКҚ) деп негізгі капиталдардың қазіргі кездегі өндірілген өнімдерге ауыстырылмаған (өткізілмеген), ал іс жүзінде тозуы-
на қарай өзінде нақты сақтап қалған құндық көрсеткішін айта- ды. Оны есептеу үшін негізгі капиталдарға қайта бағалау əдісі жүргізілуі тиіс. Қайта бағалау кезінде объектілерді көзбен көру жəне соған байланысты əртүрлі құжаттардың көмегімен, оның іс жүзінде нақты тозуы ақша есебімен анықталады, яғни қалпына келтіру құнымен тозу сомасы арасындағы айырмашылыққа тең болады.
Баланстық құн – бұл аралас баға болып табылады, яғни кəсіпорындар мен мекемелердің балансына алынған негізгі капиталдардың құны. Егер негізгі капиталдар балансқа қайта бағалануға дейін алынған болса, онда оларды қайта бағалау жүр- гізілгеннен кейін қалпына келтіру құнымен, ал қайта бағаланудан кейін келіп түскендері болса, онда оларды бастапқы құны бойын- ша есепке алады.
Негізгі капиталдар өндіріс процесінің белгілі бір уақыты өткеннен кейін, яғни көп жылдар пайдалануы мен қызмет етуіне жəне əртүрл себептердің əсеріне байланысты барлық түрлері бір- тіндеп тоза бастайды. Тозудың үдемелілігі оның түріне, құры- лысына, жасалу сапасына, пайдаланылуына, ерекшелігіне, күті- луіне жəне басқадай себептерге байланысты табиғи (физикалық) жəне рухани (моральдық) тозу болып екі түрге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |