Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы


-кесте. Тұрғын үй қорының қалалық жəне



бет137/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   184
-кесте. Тұрғын үй қорының қалалық жəне ауылдық жерлерге меншігіне қарай бөлінуі тұрғын үйдің жалпы алаңы, млн.м 1)



Көрсеткіштер


2006

2007

2008

2009

2010


2010 жылды

2006 жылмен салыстырғанда,

% есебімен


Тұрғын үй қоры – барлығы, оның ішінде меншігі бойынша:

252,7

254,6

256,1

260,6

267,8

106,0


жеке

244,9

247,3

248,9

253,7

261,4

106,7

мемлекеттік

7,8

7,3

7,2

6,9

6,4

87,8

Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, бір адамға шаққанда м2

17,3

17,5

17,6

17,9

18,1

104,6


Қалалық тұрғын үй қоры – барлығы, оның ішінде меншігі бойынша:

153,0

155,7

157,2

150,4

153,4

100,3


жеке

146,3

149,6

151,2

144,9

148,3

101,4

мемлекеттік

6,7

6,1

6,0

5,5

5,1

76,1

Қала халқының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, бір адамға шаққанда м2

18,4

18,7

18,9

19,4

19,7

107,1


Ауылдық тұрғын үй қоры – барлығы,

оның ішінде меншігі бойынша:


99,7

98,9

98,9



110,2


114,4


114,7

жеке

98,6

97,7

97,7

108,7

113,2

114,8

мемлекеттік

1,1

1,2

1,2

1,4

1,2

109,0

Ауыл халқының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, бір адамға шаққанда м2

15,9

15,9

15,9

16,2

16,4


103,1


1) Статист. жылнамалық «Қазақстан 2010 жылы». - Астана, 2011. -86 -б.

Халықтың тұрғын үй жағдайын зерттеу кезінде негізгі бір мəселеге жататыны оның сапасының көрсеткіштері болып та- былады, яғни тұтынушыларға көрсетілетін коммуналдық қыз- меттердің қазіргі заманғы талаптарға сəйкес болуы. Демек, тұрғын жайларды көркейтудің жекелеген түрлерімен жабдықтау (су құбырымен, кəрізбен, орталықтан жылытумен, газбен, ыстық сумен, ванна бөлмелерімен жəне т.б). Осыған орай, төменде тұрғын үй қорын көркейту деңгейінің көрсеткіштері 8.6-кестеде келтірілген:




    1. -кесте. Тұрғын үй қорын көркейту деңгейі, % есебімен1)




Көрсеткіштер

2006

2007

2008

2009

2010

Жабдықталған барлық тұрғын үй қоры жалпы ауданының үлесі:
















су құбырымен

53,5

53,5

53,5

53,5

53,5

кәрізбен (канализация)

43,7

44,6

45,0

45,6

47,4

жылытумен

38,1

38,6

38,8

38,9

40,5

ваннамен

37,7

39,5

40,1

40,6

42,4

газбен

87,9

87,6

87,3

88,4

87,6

ыстық сумен

33,7

33,9

34,0

34,0

35,4

жерге қойылатын электр плитасымен

7,0

7,3

7,6

7,6

8,5

1) Статист. жылнамалық «Қазақстан 2010 жылы». - Астана, 2011. – 86- б.


    1. Халықты əлеуметтік қамтамасыз ету

Егеменді ел болғанымыздан кейін республикамызда халық- ты əлеуметтік қорғау жүйесі бойынша түбегейлі реформалар жүзеге асырыла бастады жəне оның негізгі мақсаты халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту болып табылады. Бұл туралы көрсеткіштерді статистика органдары жергілікті еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау басқармаларының есептік көрсет- кіштері арқылы анықтайды жəне оған қорытынды жасайды.

Қазіргі кезде 2010 жылғы деректер бойынша республика көлемінде 3,8 млн. астам адамдар əлеуметтік қамтамасыз ету- мен қамтылған немесе жалпы халықтың 23,8%-ын құрайды. Республикалық жəне жергілікті деңгейлерде бюджеттік қаржы- лар есебінен əлеуметтік төлемдердің, жеңілдіктердің, жəрдема-



қылардың жəне халықтың əртүрлі топтары үшін берілетін жəрдем ақшалардың 30-дан астам түрлері белгіленген.

Халықты əлеуметтік қамтамасыздандыруда зейнетақы жүйесі ерекше орын алуда. Бұл туралы 1998 жылдан бастап, Қазақстанда жинақтаушы зинетақы жүйесі құрылды жəне əрбір еңбек етуші- лер өздерінің еңбекақыларынан тіркелген жинақтаушы зейнетақы қорына 10% мөлшерінде зейнеткерлік төлемдерін төлейді. Оны зейнеткерлікке шыққаннан кейін біртіндеп өзінің қажеттілігі үшін шетінен алып отырады. Қазіргі кезде Республикада зейнетақы- лық қызмет көрсетулер нарығында 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде.

Халықты зейнетақымен қамсыздандыру жəне əлеуметтік қор- ғаудың негізгі көрсеткіштері жəне қысқаша түсініктемелері ста- тистика бойынша төменде берілген:

Зейнетақы – заңнамалық тəртіпте белгіленген,төленетін зей- нетақы төлемдерінің жиынтығы.

Зейнетақы (жəрдемақы) төлемдерін алушы – жатады жата- ды зейнетақы (жəрдемақы) төлемдері төленетін жеке тұлға.

Зейнетақы алушылар саны – зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген жағдайларда ай сайынғы ақшалай со- масы тағайындалған адамдардың есепті кезең соңындағы (басын- дағы) саны. Зейнеткерлердің жалпы саны əлеуметтік қорғау ор- гандарында есепте тұрған зейнеткерлердің дербес шоттарындағы саны бойынша есептеледі.

Тағайындалған айлық зейнетақы сомасы – тағайындалған зейнетақылар туралы мəліметті толығымен қамтиды, соның ішін- де жұмыс істейтін зейнеткерлер жəне қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерінде тұратын зейнеткерлер жеке қарас- тырылады. Оның жалпы сомасы барлық зейнеткерлердің жеке шоттарының деректері бойынша анықталады.

Тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері – əлеуметтік қорғау органдарындағы есепте тұрған барлық зейнет- керлерге тағайындалған айлық зейнетақылардың жалпы сомасын бөлеміз зейнеткерлердің барлық санына бөлеміз.

Жасы бойынша зейнетақының ең төменгі мөлшері – зей- неткерлік заңнамасында көзделген жағдайларда халықтың алуы- на мемлекет кепілдік беретін ең төменгі ақшалай сомасы.

Жəрдемақы алушылар саны – «Мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көз- делген жағдайларда ай сайынғы ақшалай сома тағайындалған адамдардың есепті жылдың соңындағы (басындағы) саны. Мем- лекеттік əлеуметтік жəрдемақы алушылардың жалпы саны əлеу- меттік қорғау органдарында есепте тұрған алушылардың дербес шоттарының саны бойынша есептеледі.

Тағайындалған айлық мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақы сомасы – оны алушыларға тағайындалған əлеуметтік жəрдемақы- лар туралы мəліметті, қарттар мен мүгедектерге арналған интер- нат үйлерінде тұратын алушыларды қоса қамтиды. Бұл сомалар əлеуметтік жəрдемақының барлық алушыларының жеке шот- тарының деректері бойынша есептеледі.

Тағайындалған айлық мемлекеттік, əлеуметтік жəрдема- қының орташа мөлшері – еңбек жəне əлеуметтік қорғау ор- гандарында есепте, тұрған барлық алушыларға тағайындалған айлық жəрдемақының жалпы сомасын олардың санына бөлеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет