Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) салалар деңгейінде тауарлар жəне қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылады немесе мына фор- муланы қолданамыз:
ЖҚҚ = ЖШ - АТ,
мұнда, ЖШ- өнім, тауарлар шығарылымының көлемі.
«Жалпы» термині өндіріс процесінде тұтынылған негізгі капиталдың құны көрсеткішке қосылатындығын көрсетеді. ЖҚҚ
есептеу əрбір кəсіпорындар деңгейінде жүргізіледі жəне нақты- қатысты шамалар ретінде көрсетіледі.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндіріс сатысында жалпы қосыл- ған құнды салалар бойынша жиынтықтау жолымен алынады. Жалпы ішкі өнімді нарықтық баға бойынша есептеп шығарады, яғни өнімдерге жəне импортқа салынған таза салықтардың қосындысынан аралық тұтыну шығындарын шегергенге тең бо- лады немесе мына формула арқылы анықталады:
ЖІӨ = (ӨС + ИС) - АТ,
мұнда, ЖІӨ - жалпы ішкі өнім;
ӨС - өнімдерге салынған таза салықтар; ИС - импортқа салынған таза салықтар. АТ - аралық тұтыну шығындары.
«Таза» термині салықтың тиісті субсидияларының шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді. Бұл республикамыздың экономика- лық қызметінің түпкілікті нəтижесін сипаттайтын ұлттық шот- тар жүйесінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі болып санала- ды. ЖІӨ тұтастай эономика деңгейінде баланстайтын бап болып табылады жəне кең мағынада алғанда, экономиканың барлық секторлары мен салаларының жалпы қосылған құндарының қосындысына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |