Республикасы Білім және ғылым министрлігі


 Қазіргі кезде өзін мойындата алған орта буынның өкілдері деп кімдерді



Pdf көрінісі
бет25/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   132
 

Қазіргі кезде өзін мойындата алған орта буынның өкілдері деп кімдерді 
 
атар едіңіз?
 

Аға буынның жіберген қателігі бар ма? Қандай қателік жіберді деп 
 
ойлайсыз?
 

Әке тәрбиесі бала үшін әрқашан маңызды екені белгілі. Алайда кейде 
 
әке мен бала арасында проблемалар туындап жатады. Оның себебі неде деп 
ойлайсыз?
 
7-тапсырма. 
Ақпаратпен 
танысыңыз. 
Берілген 
пікірге 
сіздің 
көзқарасыңыз қандай? Өз ойыңызды білдіріңіз.
 
Сірә, қазақ халқы үшін әке мен баланың арасынан қайшылық іздеудің 
қажеті бола қоймас. Әке мен баланың арасы тым жақын. Мәселе ата ұрпақ 
пен немере ұрпақтың арасында. Себебі олардың арасы 40-50 жыл. Қазақ «Елу 
жылда – ел жаңа» дейді. Сонда ата ұрпақ ескінің соңында тұрса, немере ұр-
пақ жаңаның басында тұрмақ. Елу жылда қоғам өмірінде айтулы терең 
құбылыстар болмақ. Біздің тәжірибемізде ол ғасырлар тоғысына келді. Аға 
ұрпақтың тәжірибесі ХХ ғасырда қалды. Немере ұрпақ ХХІ ғасырда. 
Сондықтан ол – Жастар ғасыры. Мәселенің қиындығы да осында.
(Ғ.Есім)
egemen.kz: https://egemen.kz/article/16975-strategiya-filosofiyasy 
Грамматика
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске 
асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі 
және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына 
-
са, -се
жұрнағы жалғану арқылы жасалады. 
Мысалы: бар-са, жүр-се, оқыт-са, 
айтпа-са.
 
8-тапсырма. 
Сөйлемдерді көшіріп жазып, шартты райлы етістіктерді 
табыңыз. Айтылған ой төңірегінде пікірлесіңіздер. 
 
Адамға қажеттілігін берсеңіз, жайлылықты қалайтын болады. 
Жайлылықпен қамтамасыз етсеңіз, молшылыққа еліктейді. Молшылықты 


32 
жаудырсаңыз, талғампазданады. Талғампаздықты қолға ұстатсаңыз
ессіздікті іздейді. Осының барлығын беретін болсаңыз, ол қалаған затымды 
бермедіңдер деп шағымданатын болады.
(Эрнест Хемингуэй)
Бала достық ахуалында өмір сүріп, өзінің қажеттілігін сезінсе, ол бұл 
әлемде махаббатты табуды үйренеді.
(Мария Монтессори) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет