Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   132
Оқылым. Айтылым 
 
9-тапсырма. 
Мәтінді түсініп оқып, айтылған ойлар төңірегінде 
пікірлесіңіздер. 
Қандай да бір мамандықтың шебері болу кездейсоқ нәрсе емес, ол жеке 
адамның мамандыққа деген әуестігін, жан-тәнімен сүйсінуін қажет етеді. 
Жас маманның тиісті өзіне тән сыпайы мәдениетінсіз білікті маман 
болуы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. 
Жас маман алғашқы еңбек жолын бастағанда, әрине, қиындықтарға 
кездеседі. Сол қиындықтарға мойымай, еңбек жолында табыстарға жетуге 
тырысуы қажет. Жас маман білікті, білімді болуы үшін төмендегілерді 
ескеруі қажет. Білікті маман болу үшін, ең алдымен, адам білімді болу керек. 
Білім –инемен құдық қазғандай, сондықтан сабырлылық пен төзімділікті 
талап етеді.
Білікті маман болу үшін адам еңбекқор болу қажет. Тырмысып істеген 
еңбектің әрқашан жемісі мол болады. 
Білікті маман үшін ғана емес, әрбір адам үшін әділетті болу – ең басты 
міндет. «Тура биде, туған жоқ» демекші, әр уақытта әділеттіліктен таймау 
қажет. Білімді, еңбекқор, әділетті маман үшін тағы бір ескеретін жайт- 
ұжыммен тіл табысушылық. Ұжым ішінде өзіңнің жақсы қабілеттеріңді 
көрсете отырып, барлығымен бірдей тіл табыса алуың қажет. Ұжымға 
алғашқы келгенде өз мамандығыңа сәйкес, өзіңнен өз образыңды жаса. 
Өзіңнің белгілі бір маман қызметін атқарып отырғаныңды ескере отырып, 
әрқашан, әр істі жауапкершілікпен атқаруға тырысу қажет. Білмегеніңді 
сұрауға ешқашан ұялмау керек. Барлық жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, 
білікті де, білімді жауапкершілікті маман төмендегідей қабілеттерді де 
бойына сіңіруі қажет: 
Академиялық қабілет – маманның қабілетінің өз мамандығына 
сәйкестігі. Сөйлеу қабілеті – тілдің көмегімен өз ойын нақты және түсінікті 
етіп жеткізу. Ұйымдастырушылық қабілет – өзіне берілген барлық 
тапсырмаларды орындауда ұйымдастырушылық қабілетін негізгі ықпал 
ететін құралға айналдыру. Қолданбалы қабілет – өз мамандығыңа тікелей 
қатысы жоқ түрлі шаралармен айналысу. 
Жас мамандардың бойынан қуат пен күшті, өзіне сенімді, нені қажет 
ететінін дәл білетін, жаңадан қорықпайтын, әр сағаты есептеулі, жинақы, 
сабырлы, байыптылықты көргім келеді. Олар міндетті түрде көшбасшы 
болуға лайықты.
(GalinchikKZ) 


41 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет