Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Ұстаз болу – жүректің ұлылығы



Pdf көрінісі
бет110/132
Дата20.10.2023
өлшемі3,06 Mb.
#119864
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

Ұстаз болу – жүректің ұлылығы 
 

Бауыржан аға, қазіргі мектептегі мұғалімдер жайы, білім 
алушылардың тәрбесіндегі олардың рөлі жиі сөз болып жүр. Ұстаздық 
қызметтің маңызы қаншалықты деп ойлайсыз? 


128 
- Алаштың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім. 
Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болады» деген. Алаш демекші, 
азаттық үшін алысқан сол арыстарымыздың дені мұғалімдер еді. Бәрі де 
ұстаздықты ұлы міндет деп санады. Елдің санасын ағартуды көздеп, 
қажымай-талмай бала оқытты. Ұлы ұстаздардың қолынан ұлағатты 
шәкірттер тәлім алып шықты. Қазақтың атақты ақын-жазушыларының 
көпшілігі еңбек жолын ұстаздықтан бастады.
Математика пәнінің мұғалімдері калькуляторы жоқ заманда есепшот 
пен санағышты пайдаланып-ақ ғаламат математиктерді тәрбиелеп шығарды. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері кез келген оқушыға шығарманы 
шырайын шығарып жазуға үйретті. Мектеп көрген баланың бәрінің тілі түзу 
шықты. Шетінен тыныс белгілеріне жетік болды. Жастайынан өлең- 
жырларды жаттап өсті. Қай салада жұмыс істесе де, рухани өресі биік екенін 
көрсетті. Ыбырай Алтынсариннің «Дүниедегі ең қымбатты адам – халық 
мұғалімі, оқытушы – мектептің шешуші күші» деген тұжырымы сол кездегі 
нағыз өмірлік өлшемге сай болды.
Қазір ел нағыз мұғалімді сағынады. Мектепте ер мұғалімдер азайып 
кетті. Әлемді жаулаған интернет иірімінен баланы нағыз мұғалім ғана 
құтқара алады. Ол беделді болса, бүкіл шәкірт оның сөзіне имандай сенеді. 
Атақты педагог Василий Сухомлинский «Мұғалім мамандығы дегеніміз, бұл 
– адамтану» депті. Шәкіртіне жаны жақын, тіпті онымен сырласа алатын 
ұстаздардың мәртебесін көтеру керек.

-
Ұл балалардың мұғалімдік мамандықты таңдай бермеуінің себебі неде? 
- Менің ойымша, мектептердің көбінде әйел адамдар сабақ 
беретіндіктен, ұл балалар өздері еліктейтін, ұқсауға тырысатын ер жігіттерді 
көре алмайды. Олардың ойынша, мұғалімдік әйел затына тән мамандық екен 
деген ой қалыптаса бастайды. Сабақ беретін ер-азаматтар көп болса дене 
шынықтыру, технология, ара-тұра математика пәндерін жүргізетіндер болып 
шығады. Балалар сондықтан да мұғалімдерге емес, өздері сүйіп тыңдайтын 
әншілерге, әртістерге еліктей бастады. Біздің қоғамда ұстаз еңбегі жоғары 
бағаланып жатса, одан біздің ұтарымыз анық, соны осы бастан қолға алуға 
тиіспіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет