138
содан күш-қуат алсын, Ақсудың суын ішіп, бойына нәр алсын, ана тіліңнің
әдемі сөздері құлағыңа сіңсін, кейін алыстап, бөтен болып қалмасын деген
ниетте жібердім», – деп түсіндіріп берді. Бұл жерде де әкемнің ұлылығы
көрініп тұр.
Бір жолы әкеме: «Сіз неге осы үйге келген адамдарды қуып шыға
бересіз?» деп сұрақ қойдым. Сонда ол: «Мен адамдарды жек көрмеймін,
оның қылығын жек көремін» деді. Әкем адамды бір қылығы үшін мақтайды,
ал бір сөзі үшін ұрсуы мүмкін. Көрдіңіз бе, әкемді түсінудің, табиғатын
ұғынудың қиындығы осында жатыр. Ол кісі адамға кәдімгі пенде ретінде
қарайтын. Адам – пенде, бір Құдайда ғана мін жоқ, қалғанымыздың бәріміз
пендеміз деген осы.
(Бақытжан Момышұлымен сұхбаттасқан Жасұлан Мәуленұлы,
http://old.baq.kz/kk/news/aimaktik_bak_muragat)
Достарыңызбен бөлісу: