Республикасы


Кроманьондықтардың дамуындағы шешуші кезеңдер



бет32/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

8 Кроманьондықтардың дамуындағы шешуші кезеңдер


Кроманьондықтардың кеңінен таралуы 45-50 мың жыл бұрын басталған. Осы кезеңде А.Г.Маленков пен И.Е.Ковалевтің пікірінше, адамның даму тізбегінде елеулі өзгерістер болған: қолдың босауы - еңбек ету қабілеті - мидың дамуы - терінің жүнді жабыннан босауы.
Бұл кезеңде кезекті геомагниттік өріс инверсиясы жүрген. Осы уақыттан бастап адамның гомосапиенттік белгілері көбейіп, оның әрі қарай дамуында елеулі оқиғалар болған: бұған дәлел бола алатын Батыс, Орта және Шығыс Европада, Сібірде, Орта Азияда, Қиыр Шығыста, Африкада, Микронезияда. Табылған сол кездегі адамдардың қолынан шыққан өнер туындылары. Ең ертедегі бейнелеу өнерінің туындылары 40 мың жыл бұрын жасалған (Танзания т.б.)
Адамдардың дамуының бұдан кейінгі кезеңдерінде геомагниттік өрістің 4 инверсиясы байқалған: 24 мың, 13 мың, 9500 жыл және 5000 жыл бұрын. Оның ең алғашқысы 20-24 мың не 19-31мың жыл аралығында болған болуы мүмкін. К.Л.Сонетт және т.б. мұздықтағы Ве-10 концентрациясының күрт көтерілуі 31 мың жыл бұрын байқалған дейді. Б.М. Владимирский және Л.Д.Кисловский, бұл кезеңде 80 жарық жылы қашықтығында жаңа жұлдыз жарқылы байқалған деп көрсетеді.
Осы жарқылдың әсерінен геомагниттік өрістің инверсиясы орын алған болуы керек. Биосфера мен адамға геомагниттік өрістің инверсиясы туғызған планетаның магниттік экранын уақытша жойған жұлдыз жарқылы әсер еткен. Дәл осы кезеңде Жер биосферасына магнитосферадан кедергісіз өткен космостық сәулелер де әсер еткен. Осының барлығы неоантроптардың ары қарай жетіліп, палеоантроптардың толық жоғалып кетуіне әкеліп соққан. Антропологиялық мәліметтер бойынша палеоантроптар ми орталықтарының нашар дамуына байланысты әлеуметтік өмірге нашар бейімделген еді. Ал неоантроптар бұларға қарағанда әлдеқайда жоғары дамыған болатын.
Осы кезеңде өнер саласында үлкен жетістіктер болды. Мысалы, Франциядан табылған “Леспук Венерасы”, Сібірден - адамдар мен жануарлардың мүсіндері, Забайкальеде, және т.б. жерлерде аюдың скульптурасы Европада “сурет галереясы” және т.б. осының дәлелі болып табылады. Олардың жасы 30 мың жыл. Адамдар бұл кезеңде күнтізбек, сүйектен флейта сияқты музыкалық аспаптар жасады, желкен арқылы Күнге, жұлдыздар мен ағыстарға қарап теңіздерді жүзіп өтті, кремнийді шахталар арқылы өндірді және т.б. Дәл осы кезеңде Жердің ең қатты мұздануалдыңғы Азия мен Шри - Ланкада адамдар астық, Перуде - картоп, т.б. өсірумен айналысты. Осы кезде садақ атып, балық аулады, неше түрлі ілгектермен торлар жасады. Алғашқы қалалар пайда болды. Марокконың Эр-Риф таулы аймақтарында 1986 жылы бұдан 10 мың жыл бұрын салынған жер астындағы қала табылды. Ондағы галереялар мен залдардың ұзындығы 35 километрге жеткен.
Геомагниттік өрістің келесі инверсиясы (7-8 мың жыл бұрын) полярлық мұздықтардағы бериллиуым - 10 концентрациясының жоғарылауымен сәйкес
келеді; бұл кезде екінші бір жаңа жұлдыздың жарқылы байқалған. Дәл осы жұлдыз шумерлердің жазбаларындағы “екінші Күн” болуы мүмкін. Бұл жазбаларда оңтүстіктегі екі шоқжұлдыздар Парус пен Корма аралығында алып жұлдыз болған. Австралиялық астрономдар аспанның осы бөлігін зерттей отырып, РР- 6835-45 пульсарын анықтады.
Қарастырылып отырған кезеңде Жердің беткі қабаты мен гидросферада уранның концентрациясы жоғарылаған. Барлық осы факторлардың бірлескен әсерінен мезолит неолит пен энеолитке ауысып, алғашқы өркениеттің бастамалары – Кіші Азияда, Таяу Шығыста, Египетте қалалар пайда болуы мүмкін. Адамдар егін, мал шаруашылығымен түбегейлі айналысып, математиканың алғашқы түсініктерін игеріп, медицинада белгілі жетістіктерге жетті. Осы оқиғалардан кейін басталған планетаның сейсмикалық белсенділігі органикалық заттарға бай балдыр құрамында уранның мөлшерінің 4,5 . 10-3 % дейін жоғарылауына себеп болды.
Бұл б.э.д. 5,6-5,1 мың жыл бұрын басталды. Бұл кезең планетаның тарихында голоценнің климаттық оптимумына сәйкес келеді. Климат жұмсарып жылу, ылғал мол болып, адамзат қоғамының материалдық байлықтарының дамуына мүмкіндік жасалды. Алайда осы региондарда тайпалардың варварлық басқыншылықтарының әсерінен халықтардың қоныс аударулары да байқалған. Мысалы, б.э.д. 6-4,5 мың жылдары Палестина мен Египетте, 5-3,5 жылдарда Кипр мен Солтүстік Месопатамияда, т.с.с. нәтижесінде толып жатқан қоныс орындары, бірнеше мың халқы бар қалалар жойылып кеткен. (Чатал - Гююк, Хаджиар, т.б.). Осы сияқты жағдай Ресейдің европалық бөлігіндегі солтүстік батыс жерлерінде қалыптасты. С.Г.Неручев батпақты топырақтарды зерттей отырып, б.э.д. 5-4,5 мың жыл бұрынғы топырақтардың құрамында уранның концентрациясының 2,5. 10-4% дейін көтерілгенін көрсеткен. Бұл оның ойынша осы аймақтардағы халық санының күрт азаюына себеп болған.
Геомагниттік өрістің соңғы инверсиясы (б.э.д. 3,2-2,9 мың жыл) халықтардың кең көлемде қоныс аударуына әкелді. Тур Хейердал, осы кезеңде Африканың батыс жағалауында тұрақтын ежелгі халықтар кемелермен Оңтүстік Америкаға- қазіргі Бразилия жерінде қоныс аударған деп есептейді. Тур Хейердал Майя халқында 3113 жыл 12 тамызда “жаңа” күнтізбектің негізі болып алынғанына назар аударады. Ол, дәл осы кезеңде бүкіләлемдік катастрофа болған, соның нәтижесінде адамзаттың дамуының жаңа тарихы басталған деп түсіндіреді. Шамамен осы кезеңде Египет, Месопатамия, ертедегі Индия мен Қытайда өркениет пайда болып, қалалар мен пирамидалар салынды, жазу мен әдебиет пайда болды, тас обсерваториялар құрылып мыс дәуірі қола дәуірге алмасқан, т.б. Бұл Мексиканың ертедегі халықтарына да тән болды. Тур Хейердал бұл катастрофаға дейін барлық халықтарға ортақ өркениеттік орталық болған болуы керек дейді.
Б.э.д. 3113 жылғы катастрофадан кейін сақталып қалған халықтар жаңа жерлерге, атап айтқанда Египет, Месапатамия, Индия, Қытай, Мексика және т.б. қоныстануға мәжбүр болған. Т. Хейердал б.э.д. 3113 жылы 12 тамызды біздің тарихымыздың жыл санағының басы деп қарастыруды ұсынады, себебі, ертедегі
грек және рим өркениеттері шумер, египет және крит өркениеттерінен бастау алған.
Жерорта теңізі халықтарына едәуір зиян келтірген б.э.д. 1500 жылғы Санторин вулканының атқылауы болды, соның нәтижесінде атмосфераға 13-18 км3 күл таралып, бүкіл крит – миной өркениеті жойылып кетті. Жердің тектоникалық тіршілігінің белсенділігі (б.э.д.1200 ж.) және рифтогенездің жандануы гидросфера мен жердің беткі қабатында уранның біршама концентрациясының жиналуына байланысты болды. Бұл халықтар миграциясының жаңа толқынын және финикийліктердің Оңтүстік Америкаға қоныс аударуын туғызды. Осы кезеңде тек биосфераның ғана емес, сол сияқты Жерорта теңізі, Қара теңіз жағалаулары мен Ресейдің европалық бөлігінің солтүстік батысында адамзат қоғамының қайта шоғырлануы жүрді. Дәл осы кезеңде Трояны гректер жаулап алды, Таяу шығыста хеттар елі, Үндістанда – Хараппи және Мохенджо - Даро мәдениеттері құлады. Орталық Европада халықтардың қоныс аударуы қайта жанданды.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарға қарап отырсақ, геомагниттік өрістің инверсиялары мен уранның концентрацияларының жоғарылау кезеңдерінде биосферада да, адамзат қоғамында да елеулі өзгерістер болған. Бұл, С.Г.Неручевтің пікірінше, адамдардың дене құрылысының түрінің, өзгеруіне де әсерін тигізген. Бұған дәлел Украинада б.э.д. 8-1,5 мыңыншы жылдары өмір сүрген адамдар қалдықтарын зерттеген Т.С.Кондукторованың осы мәліметтері . Б.э.д. 7 мыңыншы жылдан бері қарай адам сүйегінің қаңқасы кішірейе бергені осы зерттеулер барысында анықталды.
Геомагниттік өрістің келесі жаңа инверсиясы шамамен 4000 жылдан соң байқалуы мүмкін. Бірақ бұл жорамал, егер өрістің сипаты сол күйде сақталған жағдайда ғана шындыққа ұласуы мүмкін. Осы бағытта ғалымдар бірталай зерттеу жұмыстар жүргізумен қатар басқа планеталардың магнитөрістерін де зерттеу үстінде. Магнитологтар әртүрлі планетадағы бұндай өзгерістер дамудың әртүрлі стадиясында екенін дәлелдеді. Бірақ басқа планетада тірі организмдер жоқ, сондықтан адамдар мен жануарлар организмдерінде бұл өзгерістер қай бағытта жүретінін басқа планеталар арқылы анықтау мүмкінділігі жоқ деуге де болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет