Республикасы



жүктеу 0.82 Mb.

бет7/12
Дата23.02.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

б.].
Кеңес үкіметінің осындай саясатынан оның Шыңжаң
80

аймағына  деген  қызығушылығын  және  оны  өз  құрамына 
қосуға деген  құлшынысын  байқаймыз.  КСРО  өз  аймағында 
шұғыл  түрде  Үйғыр  автономиялық  облысын  қүрып, 
Қытайдың  Шыңжаң  өңірінде  ұлт-азаттық  көгеріліске 
шыққан  мұсылмандар,  негізінен  ұйғырлар  КСРО-ның 
саяси-экономикалық  және  әскери-техникалық  көмегінің
арқасында  жеңіске  жеткен  күнде  жоспарланған  саяси 
партияны  құрып,  өзінің  құрамына  қосып  алуды  көксегенін
аңғарамыз.
1947 
жылы 
мамырда 
коалициялық 
үкіметтің 
төрағасы  қызметіне  Масуд  Сабридің  тағайындалуынан 
кейін  Кеңес  Одағы  мен  Шыңжаң  арасындағы  қатынастар 
Қайта  нашарлай  бастайды.  Оның  толық  үзілуі  1947  жылы 
Байташан деген жердегі Қытай және Монғолия әскерлерінің 
қатысуымен  орын  алған  оқиғадан  соң  болды.  Сол  жылы 
тамызда  азат  етілген  округтар  мен  гоминдан  үкіметі 
арасындағы  бейбіт  келісім  өз  қызметін  тоқтатты.  Монғол 
Халық  Республикасы  үкіметінің  1947  жылы  2  маусымда 
жасаған  ресми  мэлімдемесі  бойынша Оспан  батыр бастаған 
бірнеше  жүз  қазақ  жасақтары  жэне  оларды  тұрақты 
қолдап  отырған  гоминдан  әскері  кеңес-қытай-монғол 
шекараларындағы  монғол  шекара  заставасына  шабуыл 
жасап,  оны  талқандап,  Монғолияның  ішкі  территориясына 
кірді.  1947  жылы  5  маусымда  шекара  шебі  бұзылған 
жерге  тартылған  монғол  әскері  шекараны  бүзушыларға 
күшті  соққы  беріп,  мемлекеттік  шекарадан  қуып  шыққан 
болатын.  Соғыс  қимылдары  кезінде  монғол  әскерлеріне 
қосымша  эуе  күштері  арқылы  көмек  келіп  отырды.  Бірақ 
9  маусымда  Қытай  үкіметінің  орталық  телеграф  агенттігі 
таратқан  ақпарат  бойынша  бұл  оқиға  мүлде  қарама-қайшы 
еді.  Агенттіктің  таратқан  мәліметтері  бойынша  Монғол 
Халық  Республикасы  5  маусымда  Байташан  деген  жерде 
мемлекеттік  шекараны  бұзып,  қытай  эскеріне  шабуыл 
жасаған жэне қытай территориясының ішіне қарай 200 миль 
кіріп  кеткен.  Сонымен  қатар,  монғол  әскерлеріне  эуеден 
көмек  берген  КСРО-ның  айырма  белгілері  бар  үшақтар 
бірнеше күн қатарынан қытай әскерлерін соққылап отырған
[72,  66  б.].
11  маусымда  Қытайдың Мэскеудегі  елшісі  Фу  Бичан
В.М.  Молотовқа  сыртқы  істер  министрі  Ван  Шицзенің 
Кеңес  Одағын  5  маусымда  Шыңжанда  болған  жағдайға
81

ҚАЗАКСТЛН РЕСІІУБЛИКАСЫНЫН М ЕМ ЛЕКЕТПК ШЕКАРАСЫ
байланысты  айыптап,  кінэлілерді  жазалау  туралы  Қытаи 
үкіметінің  талабы 
жазылған 
жеделхатты 
тапсырады. 
Қытайлықтардың  айыптауларына  қарсы  жауап  ретінде  14 
маусымда  ТАСС  тағылған  айыптардың  еш  бір  шындыққа 
жанаспайтындығын жэне оның тек арандатушылық екендігі 
жайлы  мәлімдеме  таратады.  Байташандағы  болған  оқиға 
Кеңес  Одағы  мен  Шыңжандағы  Қытай  қатынастарының 
онсыз  да  мэз  емес  жагдайын  одан  эрі  қиындата  түсті. 
Шекарадағы 
жагдай 
күннен-күнге 
түнеріп, 
ушығуға 
дайын  түрды.  Қытайдағы  орталық  үкімет  пен  үш  округ 
көтерілісшілері  арасындағы  бейбіт  келісімнің  бүзылуы 
ондағы  жағдайды  қайта  қыздыра  түсті.
Кеңес  үкіметі  Қытайдағы  гоминдан  үкіметіне  қарсы 
жүріп  жатқан  азамат  соғысында  коммунистердің  жеңіске 
жететіндігіне  сенімді  болды.  Ал  Қытайда  коммунистік 
режимнің  билікке  келуі  КСРО-ның  Шыңжаңдағы  бүрынғы 
ықпалына  қайта  келуін  қамтамасыз  етуі  тиіс  болатын.  Сол 
себептен  Кеңес  мемлекетінің  басшылары  провинңиямен 
экономикалық  байланыстарды  қайта  жандандыруға  деген 
үмтылыстың  олардың  жоспары  мен  мақсаттарында  жоқ 
екендігін  білдіреді.  Кеңес  Одағы  көрсеткен  көмектің 
арқасында  ҚКП  бастаған  гоминдан  үкіметіне  карсы  топ 
азамат  соғысында  жеңіске  жетіп,  Қытайда  коммунистік
қоғам  орнатуға  бет  бүрады.
Кеңес-Қытай  қатынастарының  жаңа  кезеңі  Қытай
Халық 
Республикасы 
күрылғанының 
екінші 
күні-ақ 
басталды,  яғни  1949  жылдың  2  қазанында  Кеңес  үкіметі 
Гоминдан  үкіметімен  дипломатиялық  қарым-қатынасын 
үзетінін 
жэне 
ҚХР-мен 
дипломатиялық 
қатынас
орнататынын  мәлімдеді  [73,  164  б.].
1950 
жылы  14  ақпанда  Мәскеуде  «КСРО  мен  ҚХР 
арасындағы  достық,  одақ  жэне  өзара  көмек  жөніндегі
келісімге»  қол  қойылды  [74]. 
ь 
'
Кеңес  Одағы  мен  ҚХР  арасындағы  достық  пен  тату 
көршілік  қатынастардың  орнауына  екі  ел  арасындағы 
территориялық  талаптар  мен  шекаралық  таластардың 
болмауы  септігін  тигізді.  1950  жылы  14  ақпанда  Мәскеуде 
қол  қойылған  «Достық,  одақ  жэне  өзара  көмек  туралы» 
келісімде  екі  ел  өз  қатынастарын  «мемлекеттік  тәуелсіздік 
пен территориялы қтұтасты қты  екі жақты сыйлау» негізінде 
құратындықтарын  мәлімдеген  болатын.  Ал  болашақта
8 2

шсшуді  қажет  ететін  қандай  да  бір  территориялық  талас 
туралы  бір  де  бір  сөз  болмады.
XX  ғасырдың  екінші  жартысындагы  кеңес-қытай
қатынастарын  бір  қалыпты  болды  деп  айту  қиын.  Екі
мемлекетте  жоғарғы  басшылардың  ауысуымен  олардың
бір-біріне  деген  қатынастары  мен  көзқарастары  өзгеріп 
отырды. 
*
Қытай 
Халық 
Республикасының 
өмір 
сүрген 
алғашқы он жылдығында кеңес-қытай  шекарасы достық пен 
тату  көршіліктің  шекарасы  болды.  Шекаралық  аймақтың 
тұрғындары  арысында  кең  байланыс  болды,  қызу  сауда 
қатынастары,  мәдени  шаралар  жүргізіліп,  екі  жақ  бірігіп, 
шаруашылық  мәселелерін  шешті,  табиғи  апаттармен  бірге 
күресті.  Екі^  мемлекет  арасындағы  саяси,  экономикалық, 
мәдени 
байланыстарды  дамытуды 
жэне  тараптардың
атқаратын  міндеттері  қарастырылған  бірнеше  келісімдерге 
қол  қойылды.
ҚХР  басшылары  осы  кезеңде  Қытай  мен  Кеңес 
Одағының  арасында  таласты  территория  барын  бір  де 
бір  мәлімдемеді,  қытай-кеңес  шекарасының  заңды  және 
әділ  екеніне  еш  күмән  келтірмеді.  Олар,  керісінше,  Кеңес 
Одағының  Қытаймен  қарым-қатынасын  теңдік  және  қытай 
халқының  қүқықтарын  сыйлау  негізінде  қүрғанын  талай 
рет атап  өткен.  1945  жылы ҚКП-ның VII  еъезінде,  кейіннен 
Мәскеуге  келген  кезінде  Мао  Цзедун:  «Кеңес  Одагы 
бірінші  болып  патша  үкіметі  түсында  жасалган  теңсіз 
келісімдерден  бас  тартып,  Қытаймен  жаңа  тең  дәрежелі 
келісімдер  жасады»,  — деген  болатын  [75,  76  б.].
1951 
жылы  2  қаңтарда  шекаралық  мэселелерді 
қамтитын  келісімдерге  қол  қойылды.  Олар  негізінен 
шекаралық өзендерде кеме қатынасын реттеуге байланысты 
болды.  Келісім  бүгінгі  Ресей  территориясында  орналасқан 
Амур,  Уссури,  Аргунь,  Сунгача  өзендері  мен  Ханка  көлі 
бойында  кеменің жүру  ережелерін  сақтауга  қатысты  болды
[74,  115-118  б.].
50-шы  жылдардың  ортасында  Кеңес  Одагы  қытай 
жагының  сүрауымен  Қытайга  шекара  сызыгы  белгіленген 
барлық 
топографиялық 
карталарды 
берді. 
Картамен 
танысқан  Қытай  үкіметі  белгіленген  шекара  сызыгы 
бойынша  таластың  барын  мэлімдемеді.  Өйткені,  бүл  кезде 
ҚХР  КСРО-дан  үлкен  көмек  алып  отырган  еді.
83

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
Қытай  мен  Кеңес  Одағы  арасында  шешілмеген 
таласты мәселе алғаш р етҚ ы тай д а  1957 жылы көтерілді. Екі
ел  арасындағы  саяси  жағдайдың  нашарлауын  пайдаланган 
Қытай  жағы  КСРО-ға  территориялық  талаптар  қойып, 
кеңес-қытай 
шекарасында 
жағдайды 
шиеленістіруге 
тырысты.  Бірақ  Қытай  өзінің  ішкі  саяси  жағдайының 
шиеленісіп  тұрғанын  жэне  әлемдегі  жағдайды  ескере  келе, 
бұл  наразылығын  уақытша  тоқтата  тұрды.  1958  жылы 
шілденің  аяғына  қарай  Пекинде  Кеңес-Қытай  келіссөздері 
жүреді.  Бұл  келіссөздердің  нэтижесінде  тамыз  айының 
басында  Қытайдың  Чан  Кайши  үкіметін  талқандауға 
бағытталған  Тайвань  аралына  әскери  шабуылы  басталады. 
Ал  бұл  эскери  жорыққа  КСРО  тарапынан  қару-жарақ, 
ұшақтар  берілді.  Қытайдың  ұстанған  негізгі  мақсаты 
Гоминдан 
үкіметін 
талқандап, 
Тайвань 
және 
оның 
маңындағы аралдарды өз қарамағына қосу болды.  Бірақ бұл 
кезде  аймақтағы  геосаяси  ойынның  белсенді  мүшесі  АҚ1П 
болғандықтан,  Гоминдан  үкіметін  талқандау  мүмкін  емес- 
тін. Ал Қытайдыңмұндай эрекетінен Н.Хрущев айтарлықтай 
сескенді.  Осы  мәселенің  анық-қанығын  анықтау  үшін  1958 
жылы  6  қыркүйекте  КСРО  сыртқы  істер  министрі  Қытайға 
құпия  сапар  жасап,  Мао  Цзэдунның  пікірін  біліп  қайтты. 
АҚШ  Қытайға  соққы  жасауы  мүмкін  деген  күдікпен  1958 
жылдың  7  қыркүйегінде  Н.Хрущев  АҚШ  Президенті 
Эйзенхауэрге  ашық  жолдау  жібереді.  Жолдауда:  «біздің 
ұлы  досымыз,  одақтасымыз  жэне  көршіміз  Қытай  Халық 
Республикасына  шабуыл  жасау  Кеңес  Одағына  шабуыл 
жасаумен  тең,  сондықтан  біз  өз  қауіпсіздігімізді  сақтау 
үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз», — деп көрсетті
[ 7 6 ,6 5   6.]. 
Ш
 

*
Кеңес  Одагы  мен  Қытайдың  арасында  50  жылдары 
болған  келіспеушіліктерге,  сонымен  қатар  екі  елдің 
басшылары  Н.Хрущев  пен  Мао  Цзэдунның  арасындағы 
қарым-қатынас  өз  әсерін  тигізді.  Сондай-ақ,  Кеңес  үкіметі 
жаңа құрылған Қытайға інілік көзқараспен, яғни жоғарыдан 
қарауы екі елдің арасын алшақтата түсті және Н.Хрущевтың 
XX  съезде  Сталиннің  жеке  басына  табынушылықты 
айыптауымен  Қытай  басшылығы  келісе  қоймады.
1960  жылы  Кеңес  Одағының  шекаралас  бірнеше 
аудандарында, соның ішінде Қазақстан жеріндегі Боз-Айгыр 
ауданында  шекаралық  дау  туды,  қытай  малшылары  Кеңес
84

шекарасынан  өтіп кетті.  Келесі жылдан бастап  кеңес-қытай 
шекарасының  бүзылуы  жүйелі  түрде  орын  ала  бастады. 
1961-1962  жылдары  осындай бірнеше  мың жағдай тіркелді. 
Кеңес-қытай  шекарасындагы  шекара  бүзу  жағдайларын 
Қытай жағы арадағы байланысты шиеленістіру үшін қолдан 
жасап  отырды.  Келесі  жылы  қытаи  малшылары  кеңес-
қытай  шекарасын  бүзып,  Қазақстан  территориясындағы 
Боз-Айғыр  және  Берте  аудандарына  қарай  өтті.  Қытай 
жағы  бүл  жағдайды  Боз-Айғыр  асуынан  солтүстікке  қарай 
Қытай  жері  деп,  оны  қытай  малшыларының  осы  аймақта 
туылғаны  мен  олардың  ата-бабалары  қабірлерінің  осы 
маңда  екендігімен  дәлелдеуге  тырысты.  Осы  түста  ҚХР 
Сыртқы  істер  министрлігі  даулы  деген  мәселелерді  шешу 
үшін  кездесулер  өткізудің  қажеттігін  мәлімдеді.  1960 
жылы  29  қазанда ҚХР-дағы  КСРО  елшілігінің ҚХР Сыртқы 
істер  министрлігіне  берген  нотасында Кеңес үкіметі  Қытай 
жағының  дипломатиялық  жолмен  достық  кеңесулер  өткізу 
жөніндегі  үсынысына  қарсы  емес  екендігін,  бірақ  Боз- 
Аитыр  асуынан  солтүстікке  қараи  жерлерді  Кеңес  үкіметі 
таласты  деп  таппайтынын  айтқан  болатын.
1962 
жылы 
Пекинде 
шығатын 
«Миньңзу 
туаньцзе» 
журналы 
«Шыңжаңның 
Қытаймен 
тарихи 
байланыстары  жөнінде» атты  мақаласын  жариялады.  Онда: 
«бүрын  Қытайдың  «батыс  өлкесі»  қазіргі  Шыңжаңның 
территориясынан  ары  шығып  жатқан,  сенімді  қүжаттарға 
.  қарағанда  Батыс  өлке  ол  кезде  алғашында  36,  кейінірек 
50-ден  астам  Шынжаң,  Кашмир,  Ауғанстанның  солтүстік 
шекаралық  ауданы,  Кеңес  Одағының  қүрамындағы  Қоқан, 
Қазақ Республ икасы, Солтүстік-Батыс Хорезм, Қара теңіздің
солтүстік  бөлігін,  сондай-ақ  қазірғі  Иран  аудандарын  алып 
жатқан  хандықтарға  бөлінген», — деп  жазды.
^  Осылайша, 
60 
жылдардың 
басынан 
бастап 
Қытайда  Кеңес  Одағына  деген  наразылық  өрши  түсті. 
Бүрынырақта  келісілген  екі  жақты  келісім-шарттардың 
өзіне  тиісті  бабтарын  орындаудан  бас  тартып,  ондағы 
кеңес  азаматтарының  қызметіне  әр  түрлі  кедергілер 
келтіре  бастады.  Кеңес  Одағының  Қытаймен  шекаралас 
территориясындағы қалаларға қытайша ат қойып, өздерінде 
шығаратын  карталарда  оларды  өз  жерлері  деп  санау  орын 
алды.  Оның  ішінде  Балқаш  көліне  дейінгі  Қазақстанның 
Қытаймен шекаралас аймақтарын Қытай жері деп көрсеткен
85

КЛЗЛКСТЛЦ РЕСПУБЛИКАСЫНЫЦ М ЕМ ЛЕКЕТПК ШЕКАРАСЫ
болатын.
ҚХР  құрылған  уақыттан  кейінгі  аралықта  қытай 
өкіметінің  Шыңжандағы  кеңес  азаматтарына  көзқарасы 
жақсы  болатын.  Бірақ  ҚХР  саясаты  Кеңес  Одағына  қарсы 
ағымдардың  өсуімен  бірге  күрт  өзгерді. 
Шыңжаңда 
түрақты  түрып  жатқан  кеңес  азаматтарының  мүліктік, 
құқықтық 
мәселелері 
шектеліп, 
олар 
мемлекеттік 
мекемелер  мен  кэсіпорындардағы  жүмыстан  босатылып, 
қуғындау  басталды.  Нэтижесінде  1962  жылдың  сәуір- 
маусым  айларында  КСРО-ға  67  мың  адам  көшті.  Бұдан 
кейін шекара жабылды.  Бірақ,  қытай  азаматтары тарапынан 
шекара  бүзушылық  жылдан  жылға  көбейді.  1963  жылы  6 
тамызда  Қазақстан  территориясындағы  Бақты  ауданында 
қытай  азаматтары  шекарадан  өтіп,  өз  еркімен  шөп  шабуға 
кірісті.  Тергеу  барысында  анықталғандай,  олардың  бүл 
әрекеті  қытай  жағының  әскери  күштерінің  қоқан-лоқкы 
көрсетуінің 
нэтижесінде 
болды. 
1963-1964 
жылдары 
ҚХР  жағының  кеңес-қытай  шекарасын  бүзуы  одан  эрі 
көбейе  түсті.  Мүндай  оқиғалар  жылына  4-5  мыңнан  асса, 
осы  оқиғаларға  қатысқан  азаматтар  мен  әскерилердің 
саны  100  мыңнан  асып  жығылды.  Екі  ел  арасындағы 
шекараның темір  тормен  жабылуы  Қазақстан  мен  Шыңжаң 
арасындағы  бүрыннан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  саяси- 
экономикалық,  мәдени  байланыстардың  үзілуіне  әкелді. 
Арадағы  сауда  жолдары  жабылып,  екі  жақта  түратын 
қазақтар  мен  үйгырлар  арасындағы  қатынастар  толық 
тоқтады.  Шекараның  арғы  бетінде  гасырлар  бойы  көшіп- 
қонып  өмір  сүріп  жүрген  қандастарымыз  Қазақстанды 
отарлаған  патша  үкіметі  мен  оның  өмірін  жалғастырушы 
Кеңес Одағының жүргізген солақай саясатының салдарынан 
елден,  өз  мемлекетінен  мүлде  шеттеліп  қалды.  Дүниежүзі 
қазақтары қауымдастығының мәліметтері бойынша, кезінде 
шекараны  анықтаған  түста  Қазақстан  территориясының 
шекарасынан  тысқары  қалып  қойған  Шыңжаң  аймағының 
қазақтар  мекендейтін  жерлерінде  2  млн-ға  жуық  қазақтар
түрады  [77,  67  б.].
1963 жыл ы 29 қарашада КОКП Орталық комитеті ҚКП
Орталық комитетіне хат жолдады. Онда басқа мэселелермен 
қатар  кеңес-қытай  шекарасындағы  мазасыздық  туғызып 
отырған  кейбір  жеке  учаскелердегі  шекара  сызыгын 
анықтау  жөнінде  өзара  кеңесуді  откізу  үсынылды.  Бірақ
86

19л 4  жылғы  29  ақпандағы  ҚКП  Орталық комитетінің жауап 
хаты  олардың  ымыраласудан  бас  тартатынын  білдірді.
Кеңес  үкіметі  КСРО  мен  Қытай  арасында  ешқандай 
территориялық  талас  тудыратын  мәселе  жоқ,  кеңес-қытай
жэне  қайта  қару
мүлде  мүмкін  емес  деген  пікірді  үстанды.  Сонымен  қатар,
КСРО  үкіметі  кеибір  жерлердегі  шекара  сызыгын  анықтау 
үшін  кеңес  өткізуді  үсынды.
1963  жылы  екі  елдің  шекара  мәселесіне  байланысты 
хат  алмасулары  барысында  қытай  жағы  27  қыркүйектегі 
хатында  «теңсіз»  келісімдер  туралы  мәселе  көтереді.  Бірақ 
Кеңес  үкіметі  1963  жылғы  21  қарашадағы  жауап  ретінде 
жазған  нотасында  қазан  төңкерісінен  кейін  Кеңестер 
елі  теңсіз  келісімдердің  барлығын  жойған  болатын.  Екі 
мемлекет  арасындағы  барлық  келісімдер  теңдік  жэне
мемлекеттердіңегемендігінөзаратолықтайсыйлайтындығы
негізінде жасалды  деп  көрсетті.
1963 
жылы  карашада  ҚХР  басшылары  шекара 
мәселесі  жөнінде  кездесу  өткізуге  келісті.  Қытай  жағы 
кеңес-қытай  шекарасы  бойынша  талқылауды  қажет  ететін 
көптеген сүрақтар бар деген болатын. Кездесу  1964 жылы 25 
ақпанда  Пекинде  екі  елдің  сыртқы  істер  вице-министрлері 
деңгейінде  П.И.  Зырянов  пен  Цзэн  Юн-цюань  арасында 
басталды  [78,  109  б.].  Кеңес  жағы  кездесудің  нэтижесінде 
шекдра  мэселесіне  байланысты  достық  келісім  жобасын 
дайындауга  үсыныс  жасап,  шекараны  редемаркациялау 
мен  демаркациялау  және  шекарадан  өту  мен  шекаралық 
талас  мэселелерін  шешу  жөніндегі  келісімнің  жобасын 
дайындаған.  Ал  қытай жагы,  керісінше, қарсылық көрсетіп, 
Кеңес  Одағының  Қиыр  Шығыс,  Қазақ КСР-і,  Қырғыз  КСР-і 
мен Тэжік КСР-інің шекараларындағы ауқымды учаскелерге 
дауласып, наразылықтар білдірді. Екі ел арасындағы шекара 
мәселесіне  байланысты  жүргізілген  кеңесулер  ешқандай 
шешім  таппастан  22  тамызда  жүмысын  тоқтатты.  Оны  15 
қазанда  Мэскеуде  жалғастыру  келісілгенімен,  ҚХР  үкіметі 
оған өкіл жібермеді. ҚХР жагының мәл імдеу інде жүргізіл ген 
шекара сызығы дүрыс жасалмаган деп  көрсетілді.  Екі  елдің 
карталарында  көптеген  айырмашалықтар  болды.  Қытай 
тарихшыларының  есептеуінше  орыс-қытай  келісімдері 
теңсіз  жасалған,  Қытайдың  1,5  млн  шаршы  шақырым 
территориясын  Ресей  тартып  алған,  Айгунь  келісімі
87

бойынша  -   600  мын  шаршы  шақырым;  Пекин  келісімі
бойынша — 400  мың шаршы  шақырым;  Шәуешек  хаттамасы
бойынша  -   440  мың  шаршы  шақырым;  Іле  (Петербург)'
келісімі  бойынша — 70  мың шаршы  шақырым территорияны
Ресей  империалистері  пайдаланып  кеткен.
Екі  ел  арасындағы  саяси  жагдайдың  шиеленісуі
күннен  күнге  өрши  түсті.  1967  жылы  ақпанда  ҚХР  сыртқы 
істер 
министірі 
ЧеньИ 
кеңес-қытай 
қатынастарының 
болашағы жөнінде:  «Мүмкін карым  катынас үзіледі,  мүмкін 
соғыс  болады»,  — десе,  26  наурызда  Чжоу  Эньлай:  «үлкен 
соғыстан  басқа  шекаралық  соғыстар  бар»,  «Қытай  мен 
КСРО  арасындағы  шекаралық  соғыс  АҚШ-пен  соғыстан
бұрын  басталады»,  — деп  мәлімдеді  [79,  396  б.].
Бұл  кезеңде  Қытайда  «мәдени  төңкеріс»  дэуірлеп 
тұрған  еді.  Кеңес  дипломаттарына  Қытайда  жүмыс  |стеу 
қиынға  түсті.  1967  жылы  17  тамызда  Хун  вейбиндер 
Кеңес  елшілігінің  территориясына  басып  кірді.  Елшілік 
қызметкерлерінің 
дүрыс 
іс-қимылдарының 
арқасында
қақтығыс  үлкен  дауға  әкеп  соқтырмады.
1969  жылғы  2  наурызда  Уссури  өзеніндегі  Дамаск
аралығындағы 
қарулы 
қактығыс 
пен 
13 
тамыздагы 
Жалаңаш  көліндегі  оқиға  шекара  дауларынын  ішінде  үлкен 
орын  алды.  Кеңес  территориясында  қару  қолданған  қытай
әскерлері  қарулы  күшпен  кейін  қайтарылды.  1969  жылы  13
тамыздағы  Жалаңаш  көліндегі  оқиғаға  байланысты  КСРО
сыртқы  істер  министрі  Қытай  басшыларына  наразылық
нотасын  жіберді.  Бұл  жолдауда  Кеңес  Одағы  шекарадағы
шабуылдар  мен  арандатушылық  әрекеттерді  тоқтатуды
талап  етті.  Кеңес Одағына жасаған  екі  шабуыл  мен арадағы
байланыстардың  нашарлауы  Кеңестердің  екі  ел  шекарасы
бойында  эскер  санын  көбейтуіне  алып  келді.  Соның  ішінде
Орталық Азияның Қытаймен шекараласатын аймақтарында
қорғанысты  күшейту  үшін  қосымша  әскери-техникалык
күштер  тартылып,  Қазақстан  аумағында  Орталық  Азия
әскери  округі  құрылған  болатын  [80,  122  б.].
1969  жылы  11  қыркүйекте  Қытай  Мемлекеттік
кеңесінің  төрағасы  Чжоу  Эньлай  мен  КСРО  Министрлер
кеңесінің  төрағасы  А.Н.  Косыгиннің  Пекин  әуежайындағы
кездесуінде  шекара  мэселесін  бейбіт  жолмен  шешу  жэне
ондағы  жағдайды  қалпына  келтіру  келісіліп,  келісім
нэтижесі бойынша Қытай жағы наразылық білдіріп отырған
ҚЛЗАҚСТАН 
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТ1К ШЕКАРАСЫ
88

шехара  учаскелерінің  карталарын  беретін  болды  [  72,  104 
б.];  Осыдан  кейін  шекарадағы  қақтығыстар  тоқтатылды.
.  жақ  статус  кво  сақтауды  және  шекара  жөнінде 
келіссөздерді  жандандыруға  міндеттенді.  Сонымен  қатар, 
келісімде дипломатиялық және сауда алмасуды жандандыру
уағдаласылды,  бірақ  ол  1950  жылдардағыдан  әлдеқайда 
томен  болды.
Бұл  келісімдер, былайша айтқанда,  Ресей  мен  Қытай 
арасындағы  өткен  ғасырда  болған  территориялық  бөлуді 
келісімді  құқықтық  бекітудің  соңғы  кезеңі  болуға  тиіс  еді. 
Қытай  мен  Ресей^  империясының  бекіткен  құжаттарында 
эр  түрлі  баға  берілсе  де,  олардың  белғіленген  шекаралық 
қүкықтық  күші  мойындалды.
Шындығында,  кейбір  учаскелердегі  нақты  шекара 
сызығының өтуін қазіргі  халықаралық қүқық нормаларына, 
қазіргі  заманғы  топографиялық  карталарға,  орын  алған 
табиги  өзгерістерге  сэйкес  нақтылау  керек  болды.  Сосын 
барып  шекараны  демаркациялау  және  шекара  багандарын 
орнату  жүмыстары  жүргізілуі  тиіс  еді.
Келіссөздер  1969  жылы  20  наурызда  Пекиндегі  ҚХР 
Сыртқы  істер  министрлігінің  сарайында  басталды  [81,  132
б.].  Кеңес  делегациясын  сыртқы  істер  министрінің  бірінші 
орынбасары  В.В.  Кузнецов  бастап  келді.  Келіссөздер 
басынан-ақ  ауыр,  созылмалы  түрде  болды,  бүған  кеңес- 
қытай  қатынастарындагы  жалпы  күрделілік,  Қытайдағы 
ішкі  саяси  жағдайдың  қиындығы,  сондай-ақ  екі  жақтың 
бір-біріне  деген  сенімсіздігі  эсер  етті.
Цзяо  Гуаньхуа  бастаған  Қытай  делегациясы  Кеңес 
жағының  шекара  сызығының  өтуіне  қарап,  қай  учаскі 
КСРО-ға,  қай  учаскі  Қытайға  өтетінін  шешу  жөніндегі 
ұсынысын  бірден  қабылдады.  Олар  шекара  сызығы  өтетін 
барлық  айырма  бар  учаскелер  «таласты»  деп  танылып, 
ол  жерлерден  әскерді  шығарып,  оларға  ерекше  бақылау 
орнатуды талап етті. Бірақ Кеңес үкіметі ешбір қүжаттармен
дэлелдемегендіктен  бүны  қабылдамады.  Өйткені,  екі 
жақтың қүжаттары  мен дэлелдерін талдамас  бүрын,  қандай 
да  болмасын  шекаралық учаскені  «таласты» деп  мойындау, 
қарсы жаққа кез келген учаскені күмэнді қылуға жол береді. 
Әрі  мойындатып алғаннан  кейін  қандай да бір  себеп тауып, 
келіссөздерді  тоқтатып,  өздерінің  қалағанынша  шекараны 
анықталмаған  жағдайда  қалдырып  қоюлары  мүмкін.  Басқа
89

жагдайда  Қытай  жағының  ұсынысын  қабылдауға  да  болар 
еді,  бірақ  мынадай  сенімсіздік  жағдайында  Кеңес  жағы
ҚЛЗЛҚСТАН РЕСПУБДИКАСЫНЫЦ МЕМ.1ЕКЕТТ1ІС ШЕКЛРАСЫ
оган  келісе  қоймады.
Нәтижесінде  келіссөздер  шекаралық  мэселелерді 
толық  шеше  алмаганымен,  шекарадағы  жағдайды  қалыпка 
келтіруге  арналган  бірқатар  шаралар  қабылдады.  Кеңес 
Одагының  шекарашылары  мынадай  нұсқаулар  алды:
• Қытай шекара әскерлерімен және үкіметімен алдағы
уақытта  да  қалыпты  жағдайды  ұстану  жэне  шекарадағы
жағдайды  (статус-кво)  сақтау;
I  шекарадағы  тату  көршілікті  сақтау  үшін  жэне  қару 
мен  күш  қолданылмас  үшін  барлық  шекаралық  мәселелер 
бейбіт түрде  шешілуге,  тэртіпті  одан  эрі  ұстануға  тиіс;
•  шекарада  қарсы  жаққа  дауыс  күшейткіш  құралдар
арқылы  үгіт-насихат жүргізбеу  [82].
Бұл  шаралар  жөнінде  Кеңес  үкіметі  ресми  түрде 
ҚХР үкіметіне хабарлады.  Қытай жағы да осындай  шаралар
қолданылганын  мәлімдеді. 
|  
| |
1970-шы 
жылдардағы 
Қытайдағы 
ішкі 
саяси
өзгерістер  кеңес-қытай  қатынастарына  жаңа  кезең  экелді.
Екі  ел  арадағы  мемлекеттік  қатынастарды  реттеуге  бет
бұрды.  Қытай  өз  елшілерін  олардың  аккредитацияланған
елдеріне қайта жіберіп, бір жылдың ішінде оны  қосымша  14
мемлекеттіңмойындайтындықтарыжөніндедипломатиялык
сенім  хаттарын  алды.  1971  жылы  қазанда  Б Ү ¥   Бас 
ассамблеясы  Пекин  өкілдеріне  орын  бөлді.  Осыдан  бастап 
Қытай  өзін  қоршаған  үш  державамен:  КСРО,  АҚШ  жэне 
Жапониямен  бейбіт  байланыстар  орнататынын  жариялады.
Бірақ 
байланыстар 
бұрынғыға 
қараганда 
жақсарганымен,  Қытай  өзінің  дегенінен  қайтатындай  рай 
танытпады.  Қытай  басшылары  КСРО-ға  шекара  туралы 
келісімдерге  қол  қоюдан  қашып,  оны  созып  жүр  деген 
айып  тақты.  Мерзімді  басылымдары  кеңестерге  қарсы 
мақалаларын  тоқтатпады.  1974  жылы  қарашада  ¥ л а н -  
Батырда  сөйлеген  сөзінде  Л.Брежнев:  «Пекин  біздің  біраз 
эскер  орналасқан  жерлерді  босатуды  жэне  оны  «таласты 
аудан»  деп  тануымызды  талап  етеді  жэне  осыдан  кейін 
ғана  келіссөздерге  баратындығын  мэлімдейді,  біз  мұндай 
тиімсіз  ұсыныстардан  бас  тартамыз»,  деп  мәлімдеді  [83,
243  б.]. 
.  
'
1979 
жылдың 
қыркүйек-қазан 
айларында
90

Л^әскеуде 
қытай-кеңес 
мемлекетаралық 
қатынастар 
женінде  келіссөздер  басталды.  Келіссөздердің  бір  бөлігі 
мемлекетаралық  қатынастар  жөнінде  болса,  екінші  бір 
бөлігі  шекара  мәселесі  болды  [84].
Шекара  мэселесі  таласты  аудандар  бар  шекара 
сызыгының  өтуі  жэне  территориялық  талаптар  мэселесі 
деп  екіге  бөлініп  қаралды.  Екі  жақ  та  ең  алдымен 
мемлекетаралық қатынастарды шешуге ұмтылды.  Тек содан 
кейін  барып  таласты  аудандар  мен  шекара  сызыгының  өтуі 
жайлы  мәселе  тұрды,  Үшінші  мәселе  Қытай  жагы  атап 
откендей,  теңсіз  шекара  жөніндегі  орыс-қытай  келісімдері 
болды.  Соңгы  екі  мәселе  бұрынгыдай  мемлекетаралық 
қатынастарды  қалыпқа  түсіруге  кедергі  келтірмеді.  Бірақ 
Кеңес  эскерлерінің  Ауганстанга  кіруіне  байланысты  бұл 
келіссөздер  аяқталмай  қалды.
1981  жылы  наурызда КОКП-ның XXVI  съезінде Л.И. 
Брежнев қытай-кеңес қатынастарын реттеу жөнінде ұсыныс 
жасады  [85].  Ал  келесі  жылдың  қазанынан  бастап  екі  арада 
кеңестер  жүргізіле  бастады.  1985  жылдың  сәуіріне  дейін  6 
кеңес болып өтті. Қытай жагы Кеңес үкіметінің Вьетнамның 
Кампучияга  жасап  отырган  басқыншылыгын  қолдауы, 
Кеңес  эскерлерінің  Ауганстан  территориясында  болуы 
жэне  Қытай  шекарасында  көп  әскер  үстауы  екі  арадагы 
қатынастардың  реттелуіне  кедергі  келтіріп  отырганын 
атап  өтті.  Екі  жақ  нақты  бір  шешімге  келмегенмен, 
жагдай  бұрынгыдан  жүмсара  түсті.  Сауда,  экономикалық 
техникалық  ынтымақтастық  өркендей  түсті.
1985-1986 жылдардан  бастап екі жақ қатынастардың 
қалыпқа  түсуіне  қадам  жасай  бастады.  Бүган  екі  ел  ішінде 
болып  жатқан  экономикалық,  әлеуметтік  жэне  саяси 
жагдайлар  эсер  етті.
КСРО  мен  ҚХР  арасындагы  шиеленісті  бәсеңдетуге 
Н.Назарбаевтың  қосқан  үлесін  атап  өту  керек.  Ол  1985 
жылгы  қыркүйекте  Қытайдың  жогаргы  басшыларымен 
келіссөздер 
жүргізу 
үшін 
Пекинге 
келген 
кеңестік 
парламенттік  делегацияны  басқарды.  Бұл  ұзақ  жылдарга 
созылган  екі  жақты  қарым-қатынастардагы  шиеленістен 
кейінгі  жэне  партиялық,  сондай-ақ  үкіметтік  багыттар 
бойынша қандай да бір байланыс үзілгеннен кейінгі жогары 
деңгейдегі  тұңгыш  ресми  делегация  болды.
1986 жылы 28 шілдеде М.С. Горбачев Владивостокта
91

КАЗАКСТЛН 
РЕСПУНЛИКЛСЫНЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКЛРАСЫ
сөйлеген сөзінде:  «ҚХР-га қол созым жердегі қал ад атұ р ы п , 
онымен  қарым-қатынасымыздагы  басты  нэрсеге тоқталғым 
келеді. Біз көршіміз, біздің шекарамыз әлемдегі құрлықтағы 
ең  ұзын  шекара,  сондықтан  бізге,  біздің  балаларымызға 
жэне  немерелерімізге  «қазір  жэне  мэңгі»  қатар  өмір  сүру 
бүйырған.  Соңгы  жылдары  біздің  қарым-қатынасымызда 
елеулі  жақсарулар  болды.  Кеңес  Одағы  кез-келген  уақытта, 
қандай  түрғыда  болсын  Қытаймен  тату  көршілік  жагдайын 
жасау жөнінде  қосымша  шаралар туралы  талқылауға дайын 
екенін  тағы  да  атап  кеткім  келеді.  Біз  жарқын  болашақта 
бізді  бөліп  түрған  шекара  бейбітшілік  пен  достық  сызығы 
болады  деп  үміттенеміз»,  -  деді  [86].
1988  жылы  2  желтоқсанда  М.С.  Горбачев  ҚХР 
сыртқы  істер  министрі  Цянь  Цичэнді  қабылдады.  Көптеген 
мәселелердің ішінде мемлекет басшылары арасында жогары 
деңгейдегі  кездесулер  өткізу  жөнінде  де  эңгіме  болды.
1989 
жылдың 
2-4 
ақпанында 
кеңес-қытай 
қатынастарының  тарихында  бірінші  рет  КСРО  сыртқы 
істер  министрінің  ҚХР-га  ресми  сапары  болды.  Қытай 
баспасөзінің  хабарлауынша,  КСРО  сыртқы  істер  министрі
Э.А.  Шеварнадзе  М.С.  Горбачевтың  Дэн  Сяопинге  ресми 
хатымен  кеңес-қытай  кездесуінің  нақты  уақытын  келісу 
үшін  Пекинге  келді.
1989  жылы  15  мамырда  көптеген  қиындықтар  мен 
мемлекеттер  арасында  болған  қақтығыстарға  қарамастан 
М.С.  Горбачевтың  Қытайға  ресми  сапары  басталды. 
Ол  сол  күні  ҚХР  басшысы  Ян  Шаннунмен  кездесті,  16 
мамыр  күні  М.С.  Горбачев  Дэн  Сяопиннің  қабылдауында 
болды.  Көптеген  тілшілердің  алдында  түрып  Дэн  Сяопин: 
«Мен  ҚХР  мен  КСРО  арасындағы  қатынастар  түзелді  деп 
мэлімдеймін», — деді. М.С. Горбачев:  «Мен бүл мәлімдемеге
қосыламын», — деді  [87].
Бүл  жөнінде  «Хэньминь  жибао»  газеті  былай  деп 
жазды: «Өткенді аяқтап, болашақты ашу басталды. Кеше Дэн 
Сяопин  Горбачевпен  кездесті.  Екі  жақ та  Қытай  мен  КСРО 
қатынастарында  қалыпқа түсу  орнады деп жариялады»  [88,
171  б.].
М.С. ГорбачевтыңҚХР-ғажасаган сапары нэтижесін- 
де  «Біріккен  кеңес-қытай  коммюникесі»  қабылданды 
[89,  296  б.].  Коммюникенің  3-ші  бабында  екі  жақ  та  өз 
қатынастарын бейбіт қатар өмір сүрудің 5 принципі бойынша
92

құратындықтарын  білдірді.  Ал 6-шы бапта:  «Екі жақ кеңес- 
қытай шекарасы ауданында екі ел арасындагы тату көршілік 
қатынастарына  сәйкес  қарулы  күштерді  барынша  қысқарту 
үшін  шаралар  қолдануға,  сондай-ақ  шекаралық аймақтарда 
тыныштық  сақтау  мен  сенімді  нығайту  мақсатында  күш- 
жігер  жұмсауға»  келісті.  Жалпы,  қысқартылған  жарты 
миллион  Кеңес  әскерінің  екі  жүз  мыңнан  астамы  кеңес- 
кытай  шекарасындағы  әскердің  үлесіне  келді.  Ал  1980 
жылдардағы  кеңес-кытай  саудасының  ауқымы  І2  есе  өсті.
Екі  ел  арасындағы  шекаралық  тартыстар  да  еске 
алынды.  7-ші  бапта:  «Екі  жақ  та  Кеңес  Одағы  мен  Қытай 
арасындагы  шекаралық  мәселелерді  қазіргі  кеңес-қытай 
шекарасы  туралы  келісім  негізінде,  жалпыга  бірдей 
халықаралық  құқықтық  нормаларына  сэйкес,  тең  дәрежелі 
кеңесулер,  өзара  түсінушілік  пен  өзара  жол  берушілік 
негізінде  эділ  эрі  тиімді  шешуді  қолдайды»  делінген  [89,
302  б.].
Мемлекеттер 
арасындагы 
қатынастардың 
жандануына  1991  жылы  мамырда  қол  қойылған  «шекара 
туралы»  маңызды  келісім  жаңа  серпіліс  берді  [90].  Бұл 
келісімнің  күшіне  енуі  ұзақ  жылдар  бойы  өз  шешімін 
таппай  келген  екі  ел  арасындағы  шекара  дауына  нүкте 
қоюга  тиіс  еді.  Келісімге  кол  қойылған  кезден  бастап  екі 
тарап келісімнің шарттарын орындау барысында шекаралык 
сызықты  демаркациялау  жөнінде  Қиыр  Шыгыста  екі 
жақты 
қанағаттандыратындай 
келісілген 
практикалық 
жұмыстарды  бастап  кеткен  еді.
Бірақ  1991  жылы  Кеңес  Одағының  ыдырауы  кеңес- 
қытай  қатынастарының  аяқталуына  алып  келді.  Кеңес- 
қытай  қатынастарындагы  ұзақ  жылдар  бойы  шешімін 
таппай  келген  шекара  мәселесі  аягына  дейін  шешілмеді.
Сайып 
келгенде, 
Кеңес 
Одағы 
мен 
Қытай 
қатынастарындағы 
шекара 
мәселесі 
арадагы 
үздіксіз 
көтерілген,  шешілуі  қиын  күрделі  мәселелердің бірі  болды.
Е к іж ақ тақ ай у ақы ттаб о л сы н м эсел ен і өзпайдасынаш еш уге
тырысты.  Көп  жағдайда  даулы  учаскелер  державалардың 
геосаяси  мүдделерінің  түйісіп  қалуынан  туындап  отырды. 
Мұны  өз  кезегінде  үшінші  бір  жақ  өз  пайдасына  шешуге 
тырысты.  Яғни,  арадағы  болган  қақтығыстарға  сыртқы 
күштердің  ықпалы  зор  болды.  Тараптардың территориялық 
таласты 
ымыраға 
келіп, 
шешуге 
талпынгандарына
93

кммгм» ркгяиьааигыни 
шмттпт шяятеы
___________________

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал