Республикасы



жүктеу 0.82 Mb.

бет9/12
Дата23.02.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3.2 
Тәуелсіз  мемлекеттер  арасындағы  әкімшілік 
шекараның  мемлекеттік  шекарага  айналуы  жэне  оның 
шешілу  барысы
Кеңес  Одағының  күйреуі,  сөз  жоқ,  XX  ғасырдағы 
ірі  геосаяси  оқиға  болды.  КСРО  ыдыраған  соң,  тэуелсіздік 
алған  республикалар  1991  жылы  Алматыда  бас  қосты. 
Осы  басқосуда  Тэуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  (ТМД) 
үйымы  құрылып,  арнайы  Декларация  қабылданды  [115]. 
ТМД елдері күні бүгінге дейін саяси-экономикалық, мэдени 
жэне  т.б.  салаларда  осы  Декларация  негізінде  қарым- 
қатынас  жасап  келеді.  Бүрынғы  одақтас  республикалар 
арасындагы әкімшілік  шекаралардың мемлекеттік шекараға 
айналып,  осы  мемлекеттік  шекараны  делимитациялау  мен 
демаркациялау  да  осы  Декларация  талаптарына  сай  КСРО- 
ның  ресми  органдары  қабылдаған  заң  актілері  негізінде 
жүргізілуде.  Одақ  құрамынан  шыққан  республикалар 
шама-шарқынша 
өздерінің 
мемлекеттік 
шекараларын 
оған  қатысты  барлық  белгілерімен,  ягни,  тексеріп-өткізу 
пункттері,  шекара  эскері,  кеден,  карантин  қызметімен 
жабдықтауда.
Бастапқы 
кезеңде 
республикалардың 
арасында 
бұрын-сонды 
мемлекеттік 
шекарага 
қатысты 
ешбір 
заңнамалық  құжаттың  болмауынан,  олардың  жаңа  заңдары 
қабылданғанша,  бүрынгы  Кеңес  Одағының  шекара  туралы 
Заңы  күшін  жоймайды  деп  жария  етілді.  Кеңес  дэуірінде 
басқа  одақ  республикалары  сияқты  шекараны  басқаруға, 
оны  басқа  бір  мемлекетпен  анықтауға  Қазақ  КСР-інің 
ешбір  құқығы  болмады.  Яғни,  Қазақстанның  өзінің  жеке 
мемлекеттік шекарасы болмады. Біз ешбір құжаттардан осы 
мәселеге қатысты тұжырымдама таба алмаймыз.  Ол туралы 
1937  жэне  1978  жылғы  Қазақ  КСР-і  Конституциясында, 
не  1936  және  1977  жылғы  КСРО  Конституциясында 
айтылмаған.  Шекара  туралы  бір  ғана  заң  болды,  ол  — 1982 
жылғы  24  қарашадағы  КСРО-ның  «КСРО  Мемлекеттік 
шекарасы  туралы»  Заңы  еді  [116,  99  б.].  Оның  1  бабында 
КСРО  шекаралары  сызыгы  КСРО  территориясының  шебін 
анықтайтын  белгі,  ал  екінші  бабында  «КСРО  мемлекеттік 
шекарасы  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің,  КСРО  Жоғаргы 
Кеңесі  Төралқасының  шешімдерімен,  сондай-ақ  КСРО 
халықаралық  шарттарымен  анықталады»  деп  белгіленген.
111

ҚАЗАКСТАН РЕСІГУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМ.ЧЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
1993  жылғы  13  қаңтардағы  Қазақстан  Республикасының 
«Мемлекеттік  шекара  туралы»  Заңы  қабылданғанша  бұл 
заң  өз  құзырын  тоқтатпаған  болатын  [117].  Сол  себептен, 
КСРО  ыдырағаннан  кейін  оның  әкімшілік  шекарасы 
көрші  республикалармен  қандай  күйде  болса,  сол  күйінде
өзгеріссіз  қалдырылды.
1991  жылы  Орталық  Азия  республикаларының
тэуелсіздік  алуы,  олардың  геосаяси  жағдайының  өзгеруіне 
әкелді.  Орталық  Азия  республикалары  КСРО  қүрамында 
болған 
кезде 
біріншіден, 
Орталыққа 
бағынышты 
республикалар  болды,  екіншіден,  олардың  ішкі  және 
сыртқы 
эскери 
шекаралық 
істерге 
араласуға 
ешбір 
қүзыреті  болмады,  үшіншіден,  шекаралас  Қытай,  Иран, 
Ауғанстан,  Түркия  елдерімен  қандай  да  бір  байланыстан 
мақүрым  болды.  Жаңа  тәуелсіз  республикалардың  сыртқы 
шекарасындағы  ахуалдың  бастапқы  кезеңде  қаншалықты 
қиын  болганын  Қазақстан  жағдайынан  көруге  болады. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстанның  14  облысы  12  шекаралы 
облыстар  санатына  жатады,  оның  10-ы  алғаш  рет  басқа 
мемлекетпен 
шекаралы 
болды. 
Қазақстанның 
ТМД 
мемлекеттерімен ортақ шекарасы толык делимитацияланып 
жэне  демаркацияланып  болғанша,  заң  жүзінде  экімшілік-
территориялық  сипатта  болады  деп  келісілді.
Қазақстан 
Республикасы 
тэуелсіздік 
алғаннан 
кейін  өз  территориясын,  мемлекеттік  шекарасын  анықтай 
бастады.  Еліміздің  солтүстік-батыс  шекарасымен  шектесіп 
жатқан  Ресей  Федерациясымен  алғашқы  күннен  бастап 
мемлекеттік  шекараны  анықтау  үшін  келіссөздер  жүргізіле 
бастаған  болатын.  Екі  ел  арасындагы  созылып  жатқан 
шекара  сызыгының  үзындығы  шамамен  7400  шақырымды 
қүрайды.  Қазақстанның  шығыс,  солтүстік  жэне  батыс 
аймақтарындағы 

облысының 
шекарасы 
Ресеймен,
ал 
Қазакстанмен 
Ресейдің  22 
субъектісі 
шектеседі. 
Тэуелсіздіктің  алғашқы  күнінен  бастап-ақ  Қазақстанның 
жоғарғы  басшылығы  Ресеймен  тату  көршілік  қатынастар 
орнату қажет деген қорытындыға келді. Әңгіме шын мэнінде 
жаңа тарихи жағдайда екі мемл екет арасындағы өзара қарым- 
қатынастың  үлгісін  жасау  туралы  еді.  Яғни,  Қазақстан 
сыртқы  саяси  стратегиясында  Ресеймен  ынтымақтастыққа 
бірінші дәрежелі назар аударды. Бүл мэселеде Қазақстанның 
үстанған негізгі бағыты екі мемлекеттіңхалықтары арасында
112

қалыптасқан  байланыстардың  сақталуына,  экономикалық, 
ғылыми-техникалық  жэне  гуманитарлық  ынтымақтастық 
элеуетінің 
ныгаюына, 
қазіргі 
қарым-қатынасты 
кең 
ауқымды 
ынтымақтастыққа, 
үдемелі 
мемлекетаралық 
коопераңияға  аиналдыруға  баиланысты  болды.  Қазақстан 
мен  Ресейдің  ынтымақтастығын  дамытуға  жол  ашатын 
көптеген факторлар бар. Бүл ортақ тарих, екі елді бір-біріне. 
жалғап  жатқан  әлемдегі  ең  үзын  шекара,  халықтардың 
ғасырлар  бойғы  рұхани-мәдени  байланыстары.  Сондықтан, 
тату  көршілік  пен  тең  қүқықты  ынтымақтастықтан  басқа 
қандай  да  бір  өзге  саясат  екі  мемлекеттің  мүдделеріне
қайшы  кел ед іЛ
1992 
жылы 
25 
мамырда 
екі 
ел 
басшылары 
Н.Назарбаев  пен  Б.Ельцин  Қазақстан  Республикасы  мен 
Ресей 
Федерациясы 
арасында  мемлекеттік  шекараны 
қорғау,  бір-бірінің  территориялық  түтастығын  сақтау,  оған 
қол  сүқпау  жөнінде  жэне  өзара  көмек  көрсету,  достық 
қарым-қатынас  туралы  келісім-шартқа  қол  қойды  [118]. 
Бүл  құжатта  КСРО  ыдырағаннан  кейін  болған  іргелі 
өзгерістер  жэне  екі  мемлекеттің  қарым-қатынасы  жаңа 
сапалы  геосаяси  деңгейге  көтерілгені  көрініс  тапты. 
Шарт  екі  жақты  ынтымақтастықтың  құқықтық  негізін 
қалап,  Қазақстан  мен  Ресейдің  ресми  мемлекетаралық 
қарым-қатынасының  жаңа  бетін  ашты.  Ресей  Қазақстанға 
өзара  қатынастары  күннен-күнге  жанданып  келе  жатқан 
мемлекет  ретінде,  оның  Орталық  Азиядағы  түрақты 
стратегиялық  одақтасы  деп  карайды.  Сол  себептен  олар 
шекара  мәселесінің  шүгыл  реттелуіне  мүдделі.  ҚР  мен 
РФ^  арасында  ынтымақтастықтың  әр  түрлі  салалары 
бойынша  300-ден  астам  мемлекетаралық,  үкіметаралық 
жэне  ведомствоаралық  келісім-шарттар  бекітілген.  Ал  ҚР 
мен  РФ  субъектілері  арасында  ынтымақтастық  жөнінде 
200-ден  астам  келісімдерге  қол  қойылған.  Бірақ  ҚР  СІМ- 
нің  пайымдауынша,  қабылданған  қүжаттардың  барлығы 
дерлік  өз  мақсатында  толық  жүмыс  атқарып  жатқан  жоқ. 
Сол  себептен,  екі  жақты  комиссияның  жүмысына  сэттілік 
тілеген екі мемлекет басшылары, олардың жүмысы халыққа 
түсінікті  болады  деген  сенім  артқан  еді.
Сонымен  қатар,  1993  жылы  24  желтоқсанда  екі  ел 
арасындагы мемлекеттік шекараны  қоргау жөнінде және екі 
елдің  сыртқы  шекараларын  қоргауда  өзара  көмек  көрсету
113

меморандумына  қол  қойылды  [119].  Бұл  меморандумда  екі 
елдің  бір-біріне  әскери,  техникалық  көмек  көрсетуі,  екі 
мемлекет  әскерлерінің  ортақ  жаттығуларын  өткізу  жэне 
тағы  басқа  мэселелер  бойынша  келісілген  болатын.
1994 
жылы наурызда Қазақстан Президентінің Ресей 
Федерациясына жасаған  алғашқы  ресми  сапары  барысында 
екі  мемлекет  арасындағы  өмірлік  маңызы  бар  мэселелерге 
қатысты  22  құжатқа  қол  қойылды.  Соның  ішінде  біздің 
қарастырып  отырған  мэселеге  қатысты  эскери-қорғаныс, 
шекара  күзеті,  эскери-техникалық  көмек,  республика 
аумағында  уақытша  орналасқан  стратегиялық  ядролық 
күштер  туралы,  Байқоңыр  ғарыш  айлағының  мэртебесіне 
байланысты  құжаттарды  ерекше  атап  кетуге  болады.
1998 
жылы  22-23  желтоқсанда  Ресей  Үкіметінің 
басшысы 
Е.Примаковтың 
Астанаға 
жасаған 
ресми 
сапарының  барысында  қол  қойылған  құжаттар  жоғары 
саяси  деңгейдегі  Қазақстан-Ресей  диалогының  қисынды 
жалғасы 
іспетті. 
Жоғарғы 
мемлекет 
басшыларының 
бұл 
жолғы 
кездесуінде 
Қазақстан-Ресей 
мемлекеттік 
шекарасы  арқылы  өткізу  пункттері  туралы  келісімдер жэне 
екі  мемлекет  арасындағы  созылып  жатқан  мемлекеттік 
шекараны  делимитациялаү  мэселелері  қарастырылды  [120,
208  6.]. 

^  ^ 
^
Қазақстан  мен  Ресей  екі  ел  арасындағы  шекараның
өту  сызығын  анықтауға асығыстық таныта  қоймады.  Бұның 
өз  себептері  болды.  Өтпелі  кезеңдегі  екі  мемлекеттегі 
экономикалық  дағдарыс  олардың  жаңа  заман  талабына 
сай  қатынастар  орнатуын  талап  етті.  Жаңа  тәуелсіз 
мемлекеттер  елде  болған  экономикалық  дағдарыстан  есін 
жинауға  тырысты,  яғни  алғашқы  кездегі  мемлекеттер 
арасындағы  келісімдер  көбіне-көп  саяси-экономикалық,
соның  ішінде  әлеуметтік  салаға  көп  көңіл  бөлді.  Тек  1998 
жылы  Қазақстан  мен  Ресей  мемлекеттерінің  басшылары 
мемлекеттік 
шекараны 
делимитациялау 
жөнінде 
топ 
құруға келісті^1999  жылы  екі  елдің үкіметтері  мемлекеттік 
шекараны  делимитациялауға  өкілдер  тағайындады  [96, 
78  б.].  Ал  шекараны  бөлу  жөніндегі  алғашқы  келіссөздер
1999  жылы  тамызда  басталды.  Бірақ,  екі  елдің  арасындағы 
байланыстың  бір-бірімен  бітісіп  кеткені  соншалық,  оны 
бөлуде бір денені екіге бөлген сияқты қиындықтар туғызды. 
Сонымен  қатар,  арадағы  шекараны  анықтап,  оған  шекара
ҚАЗАҚСТЛН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТ1К ШЕКАРАСЫ
1 1 4

бекеттерін қою белгілі бір топтың мүдделеріне қайшы келді, 
сол  себептен  оны  жылдамдатуға  қолдан  ұйымдастырылған 
кедергілер  жасалынып  отырды.  Шекараны  анықтауды 
жылдамдатудың  негізгі  себептерінің  бірі  үлттық  мүддеге 
Қауіп  төндіріп  отырған  контрабандалық  топтардың  екі 
мемлекеттің  үлттық  байлықтарын,  яғни,  стратегиялық 
маңызы  бар  ресурстар  мен  тауарларды  заңсыз  тасып, 
талан-тараж  жасап  отырғандығы.  Сонымен  қатар,  екі  ел 
оасшыларын  соңғы  кезде  қатты  аландатып  отырған  мәселе, 
екі  ел  арасындағы  заңсыз  көші-қонның  қарқынды  өсуі  мен 
Ауғанстаннан  мемлекеттер  территориясы  арқылы  Еуропа 
мен  батыс  әлеміне  тасымалданатын  есірткі  санының 
жылдан-жылға  артуы  болып  отыр.  Қазақстан  мен  Ресей 
шекарасының  тек  оңтүстік-шығыс  учаскесінен  1997-2000
жылдар  аралығында  2  тоннаға  жуық  есірткі  тәркіленген 
[121,  13  б.].
Қазақстан  мен  Ресейдің арасындағы дипломатиялық 
байланыстар  орнаған  алғашқы  күннен  бастап  екі  тарап 
бір-біріне 
ешбір 
территориялық 
дауларының 
жоқ 
екенін,  әрқайсысы  бір-бірінің  егемендігін  мойындап, 
территориялық 
түтастығына 
қол 
сүқпайтындықтарын 
мәлімдеген  болатын.  Сонымен  қатар,  екі  жақ  та  КСРО-дан
мүраға  қалған  шекараны  өзгеріссіз  қалдыратындықтарын 
растадыА
Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы  әскери-саяси 
саладағы  қарым-қатынас  екі  жақты  келісімдерге  ғана  емес, 
сондай-ақ  ТМД  елдерінің  үжымдық  қауіпсіздік  туралы 
шартына  (¥ Қ Ш ) да негізделеді.  Қазақстан аталған  шарттың 
қатысушы  мемлекеттердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 
үшін елеулі әлеуметтік мүмкіндіктері бар деп санайды.  1996 
жылы  қазан  айының  басында  тэжік-ауған  шекарасындағы 
жағдайдың 
шиеленісуіне 
байланысты 
¥ ж ы м д ы қ  
қауіпсіздік  туралы  шарт  шеңберінде  мемлекет  пен  үкімет 
басшыларының мәжілісі  өткізілді.  Экстремистік күштердің 
аймақтағы 
жағдайды 
түрақсыздандыруға 
бағытталған 
іс-эрекетінің  жолын  кесу  туралы  ¥ Қ Ш -н а   қатысушы
мемлекеттердің  үзілді-кесілді  ескертуі,  сөз  жоқ,  шешуші 
ықпал  етті.
Қазақстан  мен  Ресейдің  қарым-қатынастарында  іс 
жүзінде  шешілмеген  проблемалар  қалмаған  секілді.  Екі 
ел  арасындағы  тауар  айналымы  жылдан-жылға  өсуде,  ол
115

2003  жылы  30%-ға  өсіп,  оның  көлемі  5  миллиард  доллар 
құрады,  оның  шамамен  70%-ы  шекаралық  аймақтар 
арасындағы  тауар  айналымына  келіп  отыр  [122].  Бүгінде 
екі  көрші  мемлекетті  бір-бірімен  жалғап  жатқан  шекара 
басқа  мемлекеттермен  ортақ  шекараларының  ішіндегі  ең 
үзыны  болып  отыр.  Қазақстанның  Ресей  Федерациясының 
аймақтарымен 
ортақ 
шектесетін 
шекарасы 
Орынбор 
облысымен  -   1880  шақырым;  Омбы  облысымен  -   1020 
шақырым;  Түмен  облысымен  —  167,9  шақырым;  Қорган 
облысымен  -   573,6  шақырым;  Челябі  облысымен  -   869
шақырым; А л т а й ө л к е с і м е н - 843,6 шақырым; Новосибирьск
облысымен  —  317  шақырым;  Саратов  облысымен  —  551,5 
шақырым;  Волгоград облысымен -  239,6 шақырым қүрайды 
[123].  Тараптар  саяси-экономикалық,  мэдени  салаларды 
қамтитын  екі  жақты  жэне  халықаралық  жобаларда  өзара 
белсенді  іс-қимылдар  жасауда.  Екі  ел  арасындағы  қарым- 
қатынастың  жай-күйі  стратегиялық  эріптестік  рухына, 
XXI  ғасырға  бағдарланған  мэңгілік достық  пен  одақтастық 
туралы  Қазақстан-Ресей  декларациясында  белгіленген 
принциптерге  сэйкес  келеді.  Сонымен  қатар,  екі  тарап
2003  жылы  қыркүйек  айында  Атырау  -   Астрахань  тас 
жолындағы  Қиғаш  өзенінен  өтетін  шекара  бекетін  салу 
үшін  өзара  іс-қимылдар  жасау  жөніндегі  үкіметаралық 
келісімге  қол  қойган  болатын.  Екі  жақты  үкіметаралық 
келісімге сэйкес халықаралық автокөлік қатынасын дамыту 
мақсатында  Е-40  багыты  бойынша  Қытай  шекарасына 
(Украина  шекарасынан  -   Волгоград  -   Астрахань  -   Атырау
-   Бейнеу  -   Ташкент  -   Бішкек  -   Алматы)  дейін  тас  жолын 
салу  жұмыстары  басталып  кетті.  Қол  қойылган  келісім 
«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дэлізі мен Каспий 
аймағы  көлік инфрақүрылымын дамытуға бағытталған.  Бүл 
жоба Ресейдің Қазақстанға деген  саясатының стратеғиялық
маңызын  көрсетеді.
Екі 
мемлекет 
тарапынан 
арадағы 
шекарадағы 
қатынастарды 
реттеу 
мақсатында 
біраз 
шаралар 
қабылданды. 
Қазақстан 
Ресеймен 
шекарасындағы 
өткелдерге  шекара  бекеттерін  ұйымдастырып,  мемлекеттік 
шекарада  тэртіп  сақтау  жолында  шекара  заставалары 
қүрылды. 
РФ 
Үкіметінің 
«Ресей 
Федерациясының 
Қазақстан 
Республикасымен 
шектесетін 
мемлекеттік 
шекарасын 
материалдық-техникалық 
қамтамасыз 
ету
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ М ЕМ ЛЕКЕТПК ШЕКАРАСЫ
116

және  ұиымдастыру»  деген  қаулысына  сәйкес  шекараның
Ресей  жағындағы  біраз  бөлігінде  шекарашылардың  әскери
бөлімдері  құрылды.  2000  жылы  Самарада,  Новосибирьск
пен  Орынборда  үш  территориялық  бөлімдер  жүмыс  жасай
бастады.  Ресей  жағы  шекарашыларының  саны  бүгінде  9
мыңға  өсті.  Ьүгінде  шекара  бойында  74  өткізу  пункттері 
қызмет  етуде  [124,  82  б.].
Бүгінгі таңда мемлекеттік шекараны делимитациялау 
және 
демаркациялау 
мәселелері 
бойынша 
тараптар 
арасында  бірнеше  үкіметаралық  кездесулер  өтіп,  тиісті 
қүжаттар  негізінде  жүмыс  аяқталуға  жақын  қалды.
2004 ж ы л д ы ң 9 -10 қаңтардағы Ресей Федерациясының 
Президенті  В.Путиннің  Қазақстандағы  Ресей  жылының 
ашылу  салтанатына орай жасаған  ресми  сапары  барысында 
Астанада  мемлекет  басшылары  екі  елді  жаңа  қарқынға 
шығаратын  бірнеше  келісімдерге  қол  қойды  [125].  Олар, 
негізінен,  Байқоңыр  ғарыш  айлағын  пайдалану  туралы 
келісімнің  мерзімін  үзарту,  отын-энергетика  салалсындағы 
өзара 
байланысты 
одан 
әрі 
жетілдіру, 
мемлекеттік 
шекараны  делимитациялау,  екі  елдің  сауда-экономикалық 
ынтымақтастығының  болашағы  мен  әскери  жэне  әскери
техника саласындағы ынтымақтастықмэселелерінеарналды.
Сонымен  қатар,  ҚР  мен  РФ  арасындағы  интеграциялық
мүмкіндіктер  ТМД,  ЕурАзЭҚ,  Ү Қ Ш ¥ ,  ШЫҮ  және жаңадан
қүрылып  жатқан  Ортақ  экономикалық  кеңістік  шеңберінде 
қарастырылды.
Екі  ел  басшылары  XXI  ғасырға  бағдарланған 
«Мэңгілік достық  пен  одақтастық туралы»  Декларацияның 
қағидаларына  сүйене  отырып,  Қазақстан-Ресей  қарым-
қатынастары ндамы туғадегенөзараұмты лыстары нрастады.
Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы  мемлекеттік  шекараны
делимитациялау  жөніндегі  бірлескен  жұмыстар  да  осы
рухта  жүргізілуде.  Қазіргі  уақытта  жалпы  қашықтықтың
шамамен  7356  шақырымын,  яғни  98%-ын  бедерлеп,
бейнелеу  жұмыстары  аяқталды 
[125]. 
Осыған 
орай,
мемлекет  басшылары  2004  жылдың  бірінші  жартысында
мемлекеттік  шекараны  заңды  тұрғыда  құжаттауды  аяқтау
жөніндегі  тиісті  келісім-шартқа  қол  қою  қажеттігі  туралы 
келісті.
В.Путин  Қазақстандағы  Ресей жылының салтанатты 
ашылуы  жиынында  жасаған  баяндамасында  екі  арадағы
1 7

ҚЛЗАҚСТАН РЕСПУЕЛИКАСЫНЫЦ МЕМЛЕКСТТІК ШЕКАРАСЫ
шекараға 
қатысты: 
«Қазақстан-Ресей 
шекараларын 
делимитациялауда  ешқандай  саяси  астар  жоқ,  мәселе  тек 
қосымша қарастыруды талап ететін техникалық сұрақтарда, 
яғни,  шекараның  2-3  пайызын  құрайтын  қиын  учаскелерде 
болып отыр», — деді. Бұл негізінен Қазақстан жерінен отетін 
300  шақырымды  құрайтын  ресейлік  темір  жол  мен  Ресей 
территориясынан  өтетін  100-150  шақырым  қашықтықтагы 
Қазақстан  жағының  темір  жолы.  Ресей  Президенті:  «темір 
жол  стансаларын  ортасынан  қақ бөлетін  шекара учаскелері 
де  кездеседі,  бұлар  Қазақстаннан  Ресейге,  Ресейден 
Қазақстанға  жүріп  жатқан  үлкен  ауқымдағы  жүктермен 
байланысты,  сондықтан  бұл  мамандар  аса  үлкен  көңіл 
бөліп,  жан-жақты  қарайтын  жэне  екі  жақтың  мүдделері 
ескерілген  мэмілеге  келетінімізге  сенімдімін,  мен  оның 
солай  болатынына  күмэн  келтірмеймін»,  — деп  мэлімдеді 
[ 126]. Екі мемлекет шекарасын киып өтетін 21 темір жол бар, 
оның  6-ы -  транзитті;  9-ы -   ірі  мұнай  жэне  газ  құбырлары, 
оның 3-і транзитті;  8-і -  автомобиль магистральдары,  басқа
14-і  автожолды  құрайды.
Бұл келісім бой ы н ш аекіарадағы ш екара2004ж ы лды ң  
бірінші 
жартысында 
толыгымен 
делимитацияланып, 
одан 
эрі 
демаркациялау 
жұмыстары 
жүргізілмек. 
Анықталган  шекара  сызығы  бойына  шекара  бағандарын 
қою,  ягни,  демаркациялау  мәселесі  күрделі  жэне  өте  ауыр 
болғандықтан,  сондай-ақ,  басқа  мемлекеттермен  жасалған 
жұмыстардың  қорытындысын,  соның  ішінде  негізінен 
Қытаймен 
салыстырмалы 
түрде 
арадағы 
шекараның 
ұзы ндңғы н  ескерсек,  шамамен  4-5  жыл  уақытты  қамтуы 
мүмкін^>
\ Қ азаКСтан-Ресей  қарым-қатынасы  мэселесінде  екі 
елдің  мүдделерінің толық сэйкес  келуі  «Қазақстан  Ресейсіз 
ілгерілей 
алмайды, 
бірақ  Ресейдің  де  Қазақстансыз 
ілгерілеуі  қиын»  деген  қарапайым  тұжырымнан  көрінеді. 
Жоғары  деңгейдегі  басшылардың  кездесулерінен  серпін
алғанж ан-ж ақты дипломатиялы қж ұмы старды ңнэтиж есінде
Қазақстан мен Ресей өзаратиімді ынтымақтастықтыңбұрын- 
соңды  болмаған  әлеуетін  қалыптастырды  жэне  мэңгілік 
достық  негізіндегі  стратегиялық  эріптестер  ретінде  XXI 
ғасырға  қадам  басты.  Мұның  екі  мемлекет  халықтарының 
болашақта  қатар  өмір  сүруі  үшін  жоғары  дәрежелі  маңызы 
бар.  Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы  тұрақты  тату
1 1 8

көршілік  қатынас  Еуразияның  ұлан-ғайыр  кеңістігіндегі 
ұзақ  мерзімді  жэне  берік  қауіпсіздіктің  салмақты  факторы 
болып  табылады.  Екі  ел  арасындағы  жақында  заңды  түрде 
бекітілетін  шекара  болашақта  достық,  ынтымақтастық 
және  бейбітшілік  шекарасы  болуы  тиіс.
Қазақстанның  Орталық  Азия  республикаларымен 
шектесетін 
шекарасына 
келетін 
болсақ, 
бүл 
жерде 
шекараны  анықтау  мен  күзету  оңай  болып  көрінгенімен, 
ол  өзіндік  себептері  бар  күрделі  мәселеге  айналып  отыр. 
Бүған  соңғы  кездегі  аймақтағы  геосаяси жағдайдың өзгеруі 
мен  Кеңес  Одағының  республикалар  арасындағы  әкімшілік 
шекараларды  өшіру  жолында  жасаған  «жетістіктері»  себеп 
болып отыр. Қазақстан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігін 
алып,  дербес  мемлекет  болып,  көрші  мемлекеттермен 
шектесетін  мемлекеттік  шекарасын  анықтай  бастағанда 
жоғарыда аталған  күрделі  мәселелерге  келіп тірелді.  Қалай 
болғанда  да,  мемлекет  тәуелсіздігінің  айғағы,  тірегі  және 
негізі  болып  табылатын  жер  мәселесі  қай  кезде  болмасын 
дипломатиялық, екі жақты достық келісім жолымен шешілуі 
қажет.
Орталық 
Азия 
республикалары 
Қазакстанның 
көпбағытты  сыртқы  саясатында  маңызды  рөл  атқарады. 
Өйткені,  Қазақстан  бүл  республикалармен  тікелей  көрші 
ғана  емес,  ел  өміріндегі  маңызды  мәселелер  осы  елдермен 
байланысты. 
Соңғы 
жылдары 
аймақтық 
интеграция, 
жаһандану  үрдісімен  қатар  республикалар  арасындағы 
сауда-экономикалық қатынастар да үлкен қарқынмен дамып 
келеді. Орталық Азияда аймақтандыру үрдісін дамыту үшін 
қалыптасқан  қолайлы  алғышарттар  бар.  Бүл,  ең  алдымен, 
аймақта  мекендейтін  халықтардың  тарихи,  географиялық, 
мэдени  және  тілдік  бірлігі.  Сондықтан,  Орталық  Азиядағы 
мемлекеттермен  ынтымақтастықты  үлғайту  Қазақстанның 
сыртқы  саясатының  негізгі  міндеттерінің  бірі  болып 
қала  бермек.  Орталық  Азия  мемлекеттерімен  өзара  тату
көршілік, түрақты  қарым-қатынас — оіздің еліміздің үлттық 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің  маңызды  факторы.
ҚазақстанРеспубликасыныңПрезиденті Н.Назарбаев 
Қазақстан халқынажолдаган «Қазақстан-2030»жолдауында: 
«Үлттық  мүдделерді  қорғауды,  сондай-ақ  таяудагы  және 
алыс  болашактагы  күштердің  тепе-теңдігін  қамтамасыз 
етудегі  біздің  озық  қаруымыз  интеграция  саясаты,  бірінші
119



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал